«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі есебі



жүктеу 293,13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата22.05.2018
өлшемі293,13 Kb.
#16287
  1   2   3   4   5   6   7   8


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның  

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі есебі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 

2013 

ж. 


 

 



Кіріспе  

 

Қазақстандағы  кәсіпкерлікті  қолдауға  бағытталған  мемлекеттік  шаралардың 

интеграторы және негізгі операторы бола тұра, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 

АҚ  (бұдан  әрі  «Даму»  қоры»/«Қор»  деп  аталады)  қоғамның  тұрақты  дамуының 

әлеуметтік  факторларына  ерекше  мән  береді  және  әлеуметтік  жауапкершілікті 

қызметінің негізгі принциптерінің бірі деп таниды.  

Жалғыз  акционерінің  құқықтары  мен  мүдделері  сақталуының  шартсыз 

міндетімен  бірге  «Даму»  қоры  өз  қызметі  әсерін  тигізетін  алуан  түрлі  мүдделі 

тараптар  тобының  (инвесторлар,  серіктестер,  қарыз  алушылар,  қызметкерлер, 

жеткізушілер,  бизнес-қауымдастықтар,  мемлекеттік  басқару  органдары  және 

жалпақ  жұрт)  алдында  әлеуметтік  тұрғыдан  жауаптылықпен  қызмет  ету 

міндеттемелерін ерікті түрде өзіне жүктейді.  

Мүдделі  тараптармен  өзара  әрекет  еткен  кезде  «Даму»  қоры  корпоративтік 

әлеуметтік жауапкершіліктің келесі негізгі принциптерін басшылыққа алады:  

1. 

Ашықтық  принципі.  «Даму»  қоры  компания,  оның  кәсіпкерлікті  қолдауға 



арналған  бағдарламалары,  өз  қызметінің  жетістіктері  және  нәтижелері  жөніндегі 

ақпараттың  барынша  ашық  және  сенімді  болуын  қамтамасыз  етуге  ұмтылады. 

Сонымен  қатар  «Даму»  қоры  коммерциялық  құпияны  және  заңның  негізінде 

қорғалатын  басқа  да  құпияны  құрайтын  мәліметтердің  жария  етілмеуін 

қадағалайды.  

2. 


Серіктестік  принципі.  «Даму»  қорының  басшылары  мен  қызметкерлері 

өздері  өзара  қызметтесетін  мүдделі  тараптардың  мүдделерін,  үміттерін  және 

күмәндарын  зерттейді  әрі  бағалайды,  сондай-ақ  жаңа  серіктестік  қатынастар 

орнатуға және бұрыннан бар қатынастарды нығайтуға ұмтылады.  

3. 

Бейімделушілік принципі. «Даму» қоры мүдделі тараптардың ниеттері мен 



сұратуларына, сондай-ақ нарықтағы жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет етеді және 

өз  қызметіне  қажетті  түзетулер  енгізеді  әрі  кәсіпкерлікті  қолдау  құралдарын 

қолданады.  

4. 


Кешенді  тәсілдеме  принципі.  «Даму»  қоры  кәсіпкерлікке  және  мүдделі 

тараптарға  барынша  пайдасын  тигізетін  жобаларға  бағдарланады,  яғни  олардың 

қызметінің экономика мен қоғамның дамуына қандай әсер тигізетінін ескереді.  

5. 


Қызметкерлердің  алдындағы  жауапкершілік  принципі.  «Даму»  қоры  еңбек 

ақысының деңгейі бәсекеге қабілетті болатын жұмыс орындарын және әлеуметтік 

кепілдіктерді  беруге,  сондай-ақ  еңбек  етудің  қауіпсіз  және  жайлы  жағдайларын 

қамтамасыз  етуге  ұмтылады.  Өз  қызметінде  «Даму»  қоры  әлеуметтік-еңбек 

қатынастары  саласындағы  нормалардың  шартсыз  сақталуын  қамтамасыз  етеді, 

сондай-ақ  қызметкерлердің  кәсіби  тұрғыдан  жан-жақты  дамуына  және  оқуына 

жәрдемдеседі.  

Осы  есепте  «Даму»  қорының  корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік 

саласында  жүргізетін  жұмысы  туралы  ақпарат  келтірілген.  Есепте  Қор  туралы 

жалпы ақпарат, «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламаларды 

іске  асыру  нәтижелері,  әлеуметтік  бағдарламалардың  көрсеткіштері,  адам 

ресурстарын  басқару  саласындағы  жұмысы  және  мүдделі  тараптармен  өзара 

әрекет етуі жөніндегі ақпарат беріледі.  

 

 

 

 

 



 

 



1-

бөлім. Жалпы ақпарат  

 

1.1. 



Қызметтің жалпы сипаттамасы  

«Даму» қоры ҚР Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» 

26.04.1997 жылғы №665 қаулысына сай құрылды

1

.  



2001  жылға  дейін  Қор  Отандық  тауар  өндірушілерді  қолдауға  бағытталған 

шаралар  бағдарламасының  аясында  мемлекеттік  бюджет  қаражатының 

пайдаланылуы  бойынша,  сондай-ақ  Еуропалық  қайта  құру  және  даму  банкі  мен 

Азиялық даму банкінің несие желілері бойынша есепке алу және бақылау агентінің 

функцияларын атқарды.  

2002  жылдан  бастап  Қор  шағын  бизнесті  меншікті  қаражатынан  тікелей 

несиелеуді бастады. «Даму» қоры «Республикалық бюджеттің қаражатынан шағын 

кәсіпкерлік субъектісін несиелеу бағдарламасын және «2004-2006 жылдары шағын 

қалаларды дамыту бағдарламасын» іске асырды.  

2005  жылдың  мамыр  айында  ҚР  Үкіметі  «ҚР-дағы  шағын  және  орта 

кәсіпкерлікті  дамытуға  бағытталған  жылдамдатылған  шаралардың  2005-2007 

жылдарға арналған бағдарламасын» қабылдады. Бұл бағдарламаға сәйкес 2005-

2007 жылдар ішінде  Қор жобалық қаржыландыру және  лизинг  бағдарламаларын, 

Қазақстанда  шағын  несиелеу  жүйесін  дамыту  бағдарламасын,  шағын  кәсіпкерлік 

субъектісіне  берілетін,  екінші  деңгейдегі  банктерде  алынатын  несиелерді 

кепілдендіру  бағдарламасын  іске  асыру  арқылы  шағын  кәсіпкерлікті  қолдауды 

жүзеге асырды.  

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап «Даму» қоры «Қазына» тұрақты даму 

қоры» АҚ акционерлік холдингінің құрамында, 2008 жылдың қазан айынан бастап 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» 

АҚ»  деп  аталады)  ұлттық  басқарушы  холдінгінің  құрамында  жұмыс  істеді,  2013 

жылдың  28  тамызынан  бастап  «Бәйтерек»  ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ-ның 

(бұдан әрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ» деп аталады) құрамында.  

2007  жылдың  соңынан  бастап  Қор  ҚР  Үкіметінің  Тұрақтандыру 

бағдарламасының  қаражатын  шарттасылған  түрде  орналастыру  операторының 

функцияларын атқарып келеді.  

2010  жылдан  бастап  Қор  «Бизнес  жол  картасы  2020»  бағдарламасының 

қаржылық агенті және операторы болып табылады.  

«Даму»  қорының  филиалдары  Қазақстанның  барлық  аймақтарында  жұмыс 

істейді,  олардың жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті 

атқарушы билік органдарымен жұмыс істеудегі тәжірибелері мол.  

Қазақстан Республикасындағы бизнестің сапалы түрде дамуына жәрдемдесу 

«Даму» қоры қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Қор кәсіпкерлікті қолдау, 

соның  ішінде  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің,  сондай-ақ  шағын  көлемде 

қажыландыруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы ресурстарына қолжетімділік 

алуын қамтамасыз ету шараларының негізгі операторы мен интеграторының ролін 

атқарады.  

«Даму» қорының қызметі төменде аталғандардан тұрады: 

 

1) 


шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  бағдарламаларды  (соның  ішінде 

мемлекеттік  бағдарламаларды)  әзірлеуге,  іске  асыруға  және  қаржыландыруға 

қатысу;  

2) 


шағын  көлемде  қаржыландыруды  жүзеге  асыратын  ұйымдарға  ресурстық 

қолдау көрсету;  

                                                           

1

 



Қордың бұрынғы атауы: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.  


жүктеу 293,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау