4
№11 (3136) 12 ақпан 2019
zangazet@mail.ru
Қызылорда облыстық сотында «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілері-
не мемлекеттік сатып алу және квазимемле-
кеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәсе-
лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» ҚР заңын талқылаған «дөңгелек
үстел» өтті. Шараға облыстық соттың, эко-
номикалық, қалалық соттардың судьялары,
облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасы-
ның, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің,
Атамекен ҰК палатасының, мемлекеттік және
квазимемлекеттік органдардың және БАҚ өкіл-
дері қатысты.
Іс-шараны ашқан Ә.Шығамбаев мемлекеттік
сатып алу бойынша туындайтын даулар саны-
ның өсуі соттардың жүктемесін арттырып, жа-
уапкершілік жүктейтінін, ал осы заңға енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар сол жүктемелерді
азайтуға, судьялардың назарын шын мәнінде
күрделі дауларға аударуға мүмкіндік беретінін
айтты.
Б.Елшібеков баяндамасында «Мемлекеттік
сатып алу туралы» заңға енгізілген өзгерістерге
салыстырмалы талдау жасады. Ол өз сөзінде
Қызылорда облысының мамандандырылған ау-
данаралық экономикалық сотында 2018 жылы
ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІС СОТ ЖҮКТЕМЕСІН ЖЕҢІЛДЕТУГЕ СЕП
Дөңгелек үстел
ӘЛЕУМЕТ
4555 азаматтық іс қаралса, олардың 2013-і
мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар, оның
1433-і тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме-
лер мен кәсіпорындардың өнім беруші немесе
орындаушы, қызмет көрсетуші кәсіпкерлік субъ-
ектілерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз
қатысушысы деп тану туралы талап қою арызда-
ры негізінде қаралған істер екенін жеткізді.
Сонымен қатар, облыстық Мемлекеттік са-
тып алу басқармасы басшысының орынбасары
Т.Исмағұлов, мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға енгізілген
өзгерістер туралы баяндады.
Судья Н.Еламанов «Мемлекеттік сатып алу
туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес,
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өнім беруші
тұрақсыздық айыбын төлесе, шарттық міндет-
темелер толық орындалса, тапсырыс берушіге
келтірілген залал болмаса, тапсырыс беруші
өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосық-
сыз қатысушысы деп тану туралы талаппен сотқа
жүгінуге міндетті еместігін жеткізді. «Заңдағы
бұл өзгеріс тапсырыс беруші мен өнім берушіге
тиімді болумен қатар, осы санаттағы істер бо-
йынша соттар жүктемесінің азаюына да септігін
тигізеді», – деді ол.
Қызылорда облыстық сотының
баспасөз қызметі
Министрдің айлығы
1200 000,
ал көпбалалы анаға
16 000 теңге «көп»
көрінеді...
Елімізде министрлер бір миллионнан
астам жалақы алып, мәжілісмендердің ай-
лығы 900 мың теңгеден асып отырғанда,
көпбалалы аналарға берілетін 16 мың (!!!)
теңгенің өзін көпсіну халық пен биліктің
арасы қаншалықты алыстап кеткенін бай-
қататындай. Шыны керек, бізден басқа
талай ел демографиясын жақсарту үшін
жанын салып жатыр. Алысқа бармай-ақ,
Ресейдегі «Ана капиталын» мысалға
алсақ болады. Одан бөлек, көршіміз үш
және одан да көп баласы бар отбасыларға
кезектен тыс үй беру мәселесін қарасты-
рып жатыр. Ресейде үш және одан көп
баласы бар 1 миллионнан астам отбасы
өмір сүрсе, оның 129 мыңы тұрғын үйге
мұқтаж жандардың тізімінде екен. Ал,
бізде көпбалалы отбасылардың нақты
қаншасы тұрғын үйге мұқтаж екені тура-
лы ақпарат тиісті орындарда жоқ та.
Бұған қатысты шенеуніктердің уәжі
«олар өздері мұқтаж жан ретінде арыз-
данбаса, жергілікті жердегі басқарушы
орындарға өтініш тастамаса, біз қайдан
білемізге» саяды. Көпбалалы аналарға
арналған жеңілдікпен үй алу бағдарла-
масының қарастырылмағанын ескерсек,
мемлекеттің бұл мәселені жылы жауып
қойғанын байқаймыз. Рас, көпбалалы ана-
ларға жеңілдікпен үй алу қарас тырылған.
Бірақ, оның кезегі жылдап жылжымайды.
Өйткені, арнайы бағдарламасы, салынып
жатқан үйі жоқ, жеңілдігі ауыз толтырып
айта алатын деңгейде емес.
Соның кесірінен талай көпбалалы
отбасы баспанасыз, әркімнің табалды-
рығында өмір сүріп жатыр. Аналары
«осылар әйтеуір өсіп кетсе, жетпегеніме
осылар жеткізеді» деген үмітпен күн-
делікті ішіп-жемін тапқанына да шүкір
етіп күн кешіп келеді. Өйткені, тұрғын үй
кезегіне тұрғанымен, ол үйдің кезегі жет-
кенше балалардың өз қолы өз ауыздарына
жетіп қалады. Оның үстіне Ресей үш ба-
ласы барларды көпбалалы отбасы санап,
әлеуметтік жағдайына алаңдап жатса,
бізде жеті-сегіз, тіпті тоғыз баласымен
бір баспана түгілі, күнделікті ішіп-жемге
жарымай отырған отбасылар жетерлік.
Жергілікті басқару орындары үй ке-
зегіне тұрғызбақ түгілі, әлеуметтік көмек
көрсетуге құлықсыз. Себебі, «көпбалалы
отбасыларға жергілікті билік тарапынан
да көмек көрсету қарастырылған» деп
жалпылама айтылғанымен, нақты көмек
түрі көзге шұқып көрсетілмегеннен кейін,
көп жағдайда жергілікті билік өкілдері
ауылдық, аудандық бюджет қоржынының
түбі бос екенін айтып, жолатпайды.
«Алтын алқаны»
ломбард та алмайды
Шиеттей бала-шағасына тамақ тауып
бере алмаған күндері «ең болмаса «алтын
алқамды» ломбардқа өткізейін десем,
ломбард та алмайды» дейді сегіз бала-
сына күнделікті тамақ тауып беру мұңға
айналған Анар Жұмашева. «Алтын, күміс
тас екен» десек те, «Алтын алқаға» да таза
алтынды қимай отырғанымыз шындық.
Алайда, осы аты алтын, заты қарапайым
«сөлкебайдан» басқа аналарымызға не
істеп жатырмыз?! Бала туғанда берілетін
бір реттік жөргекпұл, бала күтіміне бай-
ланысты 1 жасқа дейін берілетін жәрдем-
ақы, жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік
төлем, аз қамтылған отбасылардың бала-
лары 18 жасқа толғанша төленетін көмек
ақша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған
отбасыға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі
жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс
алқа» иегерлеріне тиесілі арнайы жәр-
демақы алады аналарымыз. Бірақ, бұл
жәрдемақылардың мөлшері көпбалалы
отбасының шай-пұлынан да артылмайды.
Мәселен, жұмыс істемейтін ана ай сайын
баласы 1 жасқа толғанша 10 мың теңгенің
айналасында жәрдемақы алады. Азық-
түлік бағасы бір жылдың ішінде 70 пайыз-
ға дейін қымбаттап жатқанын ескерсек, 10
мың теңгеге не алуға болады өзі?!
Апаларымыз Кеңес заманында көп-
ген аналар жәрдемақының бірқатарына
қол жеткізе алмайды. Өйткені, кейбір
жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыру
қорынан төленеді. Ал, жұмыс істемеген
аналар ол қорға ай сайынғы жарнаны
аудара алмайды. Сондықтан, оларға
жәрдемақы төленбейді. Негізі, аналарға
жәрдемақы жүктілікке, бала тууға, бала
жоқ болса, «Алтын алқасын» өткізуге
ломбард жағаламас еді.
Төрт бала көп бала
емес!
Иә, өткен жылдан бері отбасында та-
быс табатын бір адам болса, ол отбасыға
әлеуметтік жеңілдіктер қарастырыл-
майды. Елімізде осы уақытқа дейін төрт
бала туған аналарға ай сайын 9500 теңге
көлемінде жәрдемақы беріліп келді. Ал,
2018 жылдан бастап төртінші баласын бо-
санған әйелдерге бұл таға йындалмайтын
болды. Бұл ретте «биыл төртінші баласын
туғандар «көпбалалы отбасы» санатына
жата ма?» деген сауалымызға Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әлеуметтік көмек департаментінің бас
сарапшысы Асқар Ниязов жауап берген.
Оның түсіндіруінше, көпбалалы отбасы
түсінігі қолданыстан алынған жоқ. Төрт
және одан да көп баласы барлар көп ба-
лалы отбасына жатады. Енгізілген өзгеріс
бойынша, 2018 жылдан бастап бұған дей-
ін ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді
тағайындалмайды.
(Соңы. Басы 1-бетте)
АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...
КӨПБАЛАЛЫ БОЛУ
КЕМШІЛІК ПЕ?!
Өйткені, осы санаттағы аз қамтылған
отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа
форматы шықты. Яғни, әлеуметтік
жәрдемақыны шартсыз және шартты
деп екіге бөліп қарастырады. Шартсыз
жәрдем ақыны отбасында табыс табатын
адамы жоқ отбасы алады. Шартты жәр-
демақыны отбасында табыс табатын бір
адам болса, онымен келісім жасалып,
еңбек етуге міндеттейді. Олай болмаған
жағдайда ақша берілмейді. Алматы қа-
ласындағы Жұмыспен қамту және әле-
уметтік бағдарламалар басқармасының
бас маманы Мақсат Көпеев «Көпбалалы,
аз қамтылған, кедей тұрмыстағы отба-
сыларға жәрдемақының орнына жұмыс
беріледі. Олар квалификациялық білік-
тілігін көтеріп, қоғамдық жұмыстарға
араласуы керек. Осылайша, белсенділі-
гін арттырып, отбасын асырау ға мүмкін-
дік береміз», – дейді.
Айтпақшы, жалақысы 13 мыңнан көп
болған жағдайда да жәрдемақыдан айыра-
ды. Сонымен қатар, «Бірге тұратын төрт
және одан көп кәмелетке толмаған баласы
бар отбасыларға ұсынылатын арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1
қаңтарына дейін тағайындалған отбасы-
лар үшін сақталады» дейді ол. Осылайша,
өткен жылдан бастап төрт баласы бар
аналардың өзін «ала қойды бөле қырқып»
алалап отырмыз. Мұндай алалаулар
еліміздегі қаншама ананың жәрдемақы
ала алмауына себеп болып отыр.
«Баспана бер,
баламызды өзіміз
бағып аламыз»!
Астанада мемлекетке нақты талап
қойып келген аналардың басты тала-
бы осы болды. Ешқайсысы тегін үй
сұрамады, Үкіметке алақан жаймады.
«Жалдап отырған үйдің қожайынына
бергенше, ипотекаға беріп отырайық,
үй кезегін реттеңдерші» деп сұрады. Бұл
мемлекеттің ана мен баласы қорғаусыз
қалғанын көрсетеді. Астана – мегапо-
лис қала, тұрғыны миллионнан асты
деп шуылдаймыз. Алайда, осы уақытқа
дейін бас қаладан аналарға арнап бір-
де-бір үй салынбаған, 30 жылда көпба-
лалы отбасыларды қаңғыртпау үшін бір
де бағдарлама ойлап шығарылмаған.
Тым болмағанда соларға арнап әрбір
салынған жаңа үйден 1-2 пәтерді жалға
(тегін емес) беру де қарастырылмаған.
Осындай демеу болса, олар «времянка-
ларды» жағаламас еді.
Қазіргі таңда елімізде 250 мыңнан
аса «Алтын алқа» және «Күміс алқа»
иегерлері болса, отбасында бала саны
4-тен асатын 240 мыңға жуық жанұя бар
екен. Бұлардың нешеуі баспанаға мұқтаж
екенін білуге қанша талпынсақ та, қол
жеткізе алмадық.
Н
ЕГІЗІ, АНАЛАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ЖҮКТІЛІККЕ, БАЛА
ТУУҒА, БАЛА КҮТУГЕ ТӨЛЕНЕДІ. ОЛАЙ БОЛСА, ОЛАР-
ДЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР, ІСТЕМЕЙТІНДЕР ДЕП БӨЛУ
ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?! АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ БАСЫМ
БӨЛІГІ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІНІН ЕСКЕРСЕК, ЖҰМЫССЫЗ-
ДЫҒЫ ҮШІН ЖӘРДЕМАҚЫДАН ҚАҒУ ОЛАРҒА ЖАСАЛҒАН
ҚИЯНАТТАЙ КӨРІНЕДІ. ТІПТІ, АУЫЛДАРДА ЖҰМЫС
ТАБУДЫҢ ӨЗІ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ. АЛ, ДЕМОГРАФИЯҒА
НЕГІЗГІ СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСАТЫНДАР – АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ АЛҒАНДА, ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН
ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ӘЙЕЛДЕРДІҢ БІР
ЖЫЛДА АЛАТЫН ЖӘРДЕМАҚЫСЫНЫҢ КӨЛЕМІНДЕГІ
АЙЫРМАШЫЛЫҚ ОН ЕСЕ ЕКЕН. СОНДЫҚТАН, АНАЛА-
РЫМЫЗҒА ЕҢ АЛДЫМЕН АНА РЕТІНДЕ ҚАРАП, ЖҰМЫС
ІСТЕГЕНІ ҮШІН ЕМЕС, ӨМІРГЕ СӘБИ ӘКЕЛІП, ЕЛ ДЕМО-
ГРАФИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН АҚША ТӨЛЕУІМІЗ
КЕРЕК.
балалы үйдің суы, жарығы, телефоны,
жолпұлы тегін болғанын айтады. Ең
болмаса барлық анаға ортақ сол жеңілдік-
терді неге қайтармасқа? Осы орайда айта
кетер жайт, бірқатар елдер әйелдің аналық
рөлін ескеріп, жеңілдіктер ұсынған. Мәсе-
лен, Ресейде ауылда жұмыссыз отырған
көпбалалы ана зейнеткерлікке 50 жастан
шығады және коммуналдық қызмет ақы-
сын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған.
Кейбір шет мемлекеттерде жұмыссыз ана-
ларға банктен несие алу кезінде жеңілдік-
тер ұсынылады, баласының санына қарай
ол жеңілдіктер барынша ана мүддесіне
сай бейімделген. Тіпті, несиенің белгілі
бір мөлшерін мемлекет төлеп беретін
елдер де бар. Бізде ше?! Аналарымыз
туғаны үшін жазықты болып, шенеунік-
терден «өзің үшін тудың» дегенді де естіп
қалып жатыр.
Жәрдемақының
өзін алалап төлеп
отырмыз!
Санамалап жәрдемақының сан түрін
айтқанымызбен, елімізде жұмыс істеме-
күтуге төленеді. Олай болса, оларды жұ-
мыс істейтіндер, істемейтіндер деп бөлу
қаншалықты дұрыс?! Ауыл әйелдерінің
басым бөлігі жұмыс істемейтінін ескер-
сек, жұмыссыздығы үшін жәрдемақыдан
қағу оларға жасалған қиянаттай көрінеді.
Тіпті, ауылдарда жұмыс табудың өзі үлкен
мәселе. Ал, демографияға негізгі сүбелі
үлес қосатындар – ауыл әйелдері. Салыс-
тырмалы түрде алғанда, жұмыс істейтін
әйелдер мен жұмыс істемейтін әйел-
дердің бір жылда алатын жәрдемақысы
көлеміндегі айырмашылық он есе екен.
Сондықтан, аналарымызға ең алдымен
ана ретінде қарап, жұмыс істегені үшін
емес, өмірге сәби әкеліп, ел демография-
сына үлес қосқаны үшін ақша төлеуіміз
керек. Ананы құрметтейтін, қадірлейтін
елде солай болуы тиіс еді ғой. Дені сау
ана ғана өмірге дені сау ұрпақ әкеледі.
Ал, олар ай сайынғы 10 мың теңге жәрде-
мақысына жөргек ала ма, әлде баласына
тамақ алып бере ме немесе дәрумен ішіп,
жеміс-жидегін жеп, өмірге ұрпақ әкелген
соңғы денсаулығын қалып қа келтіре ме,
әлде жалдамалы пәтерінің жалдық құнын
өтеп, коммуналдық қызмет ақысына жара-
та ма?! Аналарымыз қарны тоқ, уайымы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, журналист:
– Мен 4 баланың анасымын! Айтпағым, бізде 4 баласы бар анаға Үкіметтен
ай сайын 10 мың теңге жәрдемақы беріліп келген болатын. 2018 жылға дейін.
2019 жылдан бастап бұл Атаулы әлеуметтік көмек статусына ауыстырылып,
жұмыс істейтін аналарға кірістері бар деп, жәрдемақы берілмейтін болды.
Ал 2019 жылға дейін құжат өткізгендер бұл жәрдемақыны баласы 18 жасқа
толғанға дейін ай сайын ала береді.
Кезінде бұл жәрдемақы жұмыс істейтін аналарға да беріледі деген соң,
төртінші баламды туғаннан кейін кеудемді мақтаныш кернеп, өзімше Ха-
лыққа қызмет көрсету орталығына 4 баламның туу туралы куәлігін алып
бардым. Мәселе осы жерде басталды дерсің. Үкіметтен берілетін 10 мың
теңгені (абзалында тиын деген дұрыс-ау) алу үшін төрт баламмен және жол-
дасыммен бір үйде тұрақты тіркеуде болуым керек екен. Ал, бізде қайдағы бір
жерде тұрақты тіркеу?! Жолдасым Алматы облысы Қарасай ауданында, мен
Алматыда 3 баламен тіркеудемін. Жаңа туған баланы туа салып тұрақты
тіркеуге тіптен қоймағанмын. Міне, осылай Үкіметтің беретін тиынынан
қағылдым. Жәрдемақы тағайындайтын кезде тіркеудің осынша пәрмені бола-
ды деп ойламаппын.
Бұл жерде мен түсінбейтін бір дүние бар. Қаншама көпбалалы ана баспана-
сыз қаңғырып жүр?! Құрқылтайдың ұясындай времянкада тұрғандар бар. Біреуі
«мені төрт баламен тіркеуге тұрғызып берші, жәрдемақыға өтіп алайын» деп
танысына барып өтінер. Ал, танысы жоғы не істейді?! Министрлік кішкене
ақылға қонымды заңдарды ойластыруы керек қой!
Қ. ДҮЙСЕМБАЕВ
СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?