Оқушыларға қауіпсіздік ережесі



жүктеу 37,5 Kb.
бет1/4
Дата21.02.2022
өлшемі37,5 Kb.
#37580
  1   2   3   4
Оқушыларға қауіпсіздік ережесі


Оқушыларға қауіпсіздік ережесі

Сіздер барлықтарыныз білесіздер өрт қандай жаман қасірет келтіретінін. От  үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, қоғамдық құрылыстар, адамдар зардап шегеді, дене күйдіруге үшырайды, жарақат алады, кейбіреуі қаза табады.

Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады. Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.)

Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері керек. Өрт шыққан кезде және сол кезде өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек. Өрт  болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек.


Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаныз, сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті. 
Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады.
Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз.
Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге жатағалып домалау керек.
Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе жер төгіп сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге, бірақ ешқашан жанғыш сұйықты сумен сөндіруге болмайды.
Егер де электр сымдары жана бастаса, тез арада оны тоқ көзінен айыру керек. Электр сымын улықышқылы бар өрт сөндіргіштермен сөндіру керек, УӨ-5 немесе УӨ-10 (улықышқылы бар өрт сөндіргіші).
Егер де теледидар жанса, оны тез арада жүйеден алып тастау керек, содан кейін артқы қабырғаларынан су құйып сөндіру керек. Егер де теледидар жанында перде немесе басқа да тез тұтанатын заттар тұрса теледидар үстіне шүберек жабу керек, содан кейін ғана су әкелуге немесе үй ішіндегі өрт сөндіргішті алып келу керек. 
Егер кинескопы жарылса, оның улы түтіні өте қауіпті, сол себепті тез арада отты бағындыру керек және басқаларға хабар беру керек, балаларды тез арада сыртқа шығарған абзал.
Егер өрт пәтерде орын алса:
-101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру;
- қарттар мен балаларды сыртқа шығару;
- содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет.

Өрттердің көбі тәжірибе көрсеткендей «адами фактор» себебі бойынша болады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері мыналар болып табылады: от жаққанда сақтық жасамау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеу және қадағаламау, тұрмыстағы электрлік және бөлмені жылытатын приборлары дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау қайғылы оқиғаларға - өртке, газбалондардың жарылуына және басқа да төтенше жағдайларға әкеп соғады, оның салдарынан адамдар қаза болып жатады. Адам өлімінің негізгі себептері: жанғыш заттардың тұтануы, газдан улану, жоғарғы температура (әр түрлі деңгейдегі күйікке шалдығулар) болып табылады. 
Тұрғын үй секторында азаматтармен өртке жол бермеу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаған жөн:
- тек қана отқа төзімдігі күшті кірпіші бар пешті жағу керек, пеш алдындағы еденге темір қағылуы тиіс;
- жағып жылыту кезеңінде мұржаның күлін тазарту, әрбір 3 ай сайын тексеріп отыру керек;
- шатырдағы барлық түтін жолдары мен трубаны тексеріп отыру қажет, бұл жұмыс мұржа жарықтарын, өрт алуын жедел табуға көмектеседі; 
- жағып жылыту пештері мен мұржаларды бақылап, қажеттілік туғанда жөндеу жүргізген абзал;
- пешті лапылдап жанатын сұйықтармен тұтатудан аулақ болған жөн (бензинмен, керосинмен);
- пешті қараусыз қалдырып, оны қадағалауды жас балаларға тапсырған дұрыс емес. 
    Егер үйіңізде электр арқылы бөлмені жылытатын құралды пайдалансаңыз, онда оны орнату мен пайдалану ережелерін білгеніңіз жөн:
- электр арқылы бөлмені жылытатын құралдың корпусы ақаусыз және қыздыру элементінің қоршаланған конструкциясымен болуы тиіс;
- үйді жылытатын құралдардың ток көзін көп айналдыратынын, және үйдің электр желісіне күш түсіретінін есте сақтаған жөн. Изоляцияның жанған иісінің пайда болуы, электр сымдары мен розеткаларының қатты қызуы, электр шотындағы сақтандырғыштың жиі-жиі сөніп қалуы немесе күйіп кетуі – үйдегі электр желісіне ауыртпалықтың көп түскендігінің бірінші сипаты және бөлмені электрмен жылыту құбырын пайдалану өте қауіпті болады;
- бөлмені электрмен жылыту құбыры құлап қалатын жерде болмауы керек және шығарған зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс;   
- бөлмені электрмен жылыту құбырын жанғыш материалдармен жабуға, оның үстінде киім-кешек кептіруге, оны жанғыш заттарға жақын орналастыруға болмайды;
- үйде балалар мен үй жануарлары болғанда бөлмені электрмен жылыту құбырын қараусыз қалдырмау керек, оны электр розеткасынан ағытуды ұмытпаңыздар. 
Тек қана осы ережелерді қатаң қадағалау Сізге және Сіздің жақындарыңызға өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға, дүние-мүлікті, үй жануарларын аман алып қалуға септігін тигізеді.


жүктеу 37,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау