5-параграф. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарын қорғау
72. Ауыл шаруышылығы кәсіпорындарын қоршауды оларды қолдану, қорғау шарттары талаптарын есепке ала отырып және технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жобалаған жөн.
73. Алаңдарды қоршау кезінде индустриалды дайындалған, қолданыстағы және әсемдік талаптарына сай конструкциялар қолданылады.
74. Қоршаудың жер асты бөліктерін су ықпалынан оқшаулау қажет. Қоршау үшін қолданылатын тор, сым тот басуға қарсы жабынға ие болуы тиіс.
75. Қоршаудың түрі мен ұзындығын ҚР ережелер жиынтығына сәйкес қабылдау қажет.
6-параграф. Инженерлік желілерді орналастыру
76. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдары мен өндірістік аймақтарында инженерлік желілерді олардың біріккен төсемшесін есепке ала отырып, инженерлік байланыстың бірыңғай жүйесі ретінде жобалау қажет.
77. Инженерлік желілер мен ғимараттарды жобалау кезінде жобаланып жатқан инженерлік желілерге қатысты құрылыс нормаларының талаптарын орындау қажет.
6-тарау. Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
78. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы қашықтықты өртке төзімділіктің дәрежесіне, ғимараттың конструктивтік өрт қауіптілігінің класына және өндіріс санатына байланысты ҚР ережелер жинағында көрсетілген жұмыс сипаттарының мәндерінен кем емес етіп қабылдау керек.
79. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы өртке қарсы қашықтықты, ашық жер бетіндегі қоймалардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықты, сонымен қатар көрсетілген қоймаларға дейінгі қашықтықты, жанатын газдарға арналған газгольдерден ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықты ҚР ережелер жинағынан алынған кестелер бойынша қабылдау қажет.
80. Өрт бөлімшесі «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ТР талаптарына сәйкес қарастырылады және ортақ желі жолына шығатын жеке телімдерде орналастырылады, бұл жерде өрт бөлімшелерінен шыққан шығатын жолдар мал айдайтын орындармен қиыспауы тиіс.
81. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстары «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» ТР және белгілі тәртіпте бекітілген басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
82. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың аумақтары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР 17-қосымшасының талаптарына сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы тиіс.
7-тарау. Жазатайым оқиғалардың қауіпсіздігі мен пайдалану кезіндегі қолжетімділікке қойылатын талаптар
1-параграф. Нормативтік талаптар
83. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен іргелес жатқан аумақтары эксплуатациялауға қойылатын талаптарды орындау кезінде жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалар мен егде жастағы адамдардың, жүріп-тұруы, көлемді заттарды, жүктерді тасымалдау, көлік құралдарының қозғалысы, рұқсат етілмеген ену, электр аспаптары мен құрылғыларын, лифттерді немесе басқа да инженерлік қондырғыларды пайдалану нәтижесінде қайғылы жағдайлардың, адамға жарақат келтіру және оның өміріне қауіп төндірудің мүмкiндiгiн минимумға келтіре отырып жобаланады және салынады.
84. Кәсiпорынның аумағы бойынша жүріп-тұрудың қауiпсiздiктерi үшiн жүк ағымын ұйымдастыру, артық орын ауыстырулардың болмауы, аталған өндірістің талаптарына ең жақсы жолымен сай келетін жүк тасымалдау тәсілі маңызды болады.
85. Ауыл шаруашылығының кәсіпорындары мен іргелес жатқан аумақтары жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс атқару орындарына дейiн кедергiсiз кіріп-шығуы қамтамасыз етiлетіндей жобаланады және салынады.
2-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың арасындағы кіру жолдары, өту жолдары мен арақашықтықтары
86. Өндіріс аймағының сыртқы жүк және жолаушылардың көлік байланыстарын аудандық жоспарлау жобасы мен тұрғын орнының бас жоспарына сәйкес қарастыру қажет.
Автомобиль жолдарының желісі жалпы желілік автомобиль жолдары мен өзара қоныс аймақтары бар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлік байланыстарын қамтамасыз етуі тиіс.
87. Көлік түрлерін таңдауды рельссіз көлік етіп, техникалық-экономикалық негіз бойынша жүргізу қажет.
88. Кәсіпорындардың теміржол кіреберіс жолдарын ауыл қоныстары қоныстанған аймақтар шекарасында орналастыруға рұқсат етілмейді.
89. Көлік ағымдарындағы дайын өнімдер мен азықтардың көлік ағымдарындағы органикалық қалдықтармен (қи, тезек, калмен) қиылысуына рұқсат етілмейді.
90. Көлемі 5 гектардан артық болатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарында қоршау периметрі бойынша аралығы артық болмайтын екіден кем емес шығу жолдары болуы тиіс.
91. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарындағы ғимараттар арасындағы арақашықтықты көлік және жаяу жүретін жолдар, инженерлік желілер, жасылдандыру алқаптарын ең жинақы орналастыру шарттары бойынша қабылдау қажет, бірақ ол қарсы тұрған ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы, санитарлық және зооветеринарлық алшақтықтарынан кем болмауы тиіс.
92. Ғимараттар арасында бір автомобиль жолын (өту жолын) қарастыру қажет.
93. Борт тасынан немесе автомобиль жолдарының бекітілген шетінің жиегінен ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтықты ережелер жинағы бойынша қабылдау керек.
94. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңындағы көліктердің жүру енін көліктік және жаяу адамның жүру орындарын, инженерлік торларды, жас көшеттерді ескере отырып, мүмкіндігінше кішірейту қажет, алайда жолдардың ені бір-біріне қарама-карсы ғимараттардың өртке қарсы қашықтығындай болуға тиісті.
Ескертпе* - Өтетін жолдың ені болып ғимараттардың сыртқы қабырғаларының арасындағы қашықтық табылады.
95. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлік жолдарын, өту жолдарын, кіре берістері мен жаяу жолдарын, соның ішінде автомобиль және темір жолдарын нормативтердің талаптарына және технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жобалау қажет.
96. Ғимараттар мен құрылыстардың алаң ішіндегі темір жолдық осьтен ара қашықтықты ережелер жиынтығы бойынша анықтауға болады.
97. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы теміржолдық ену жолдары тұйыққа тірелген болуы тиіс.
98. Арқан аспалы жолдарды қолданған кезде арқан жолының жылжымалы құрамының габаритінен ғимаратқа, құрылысқа, аумақтың жоспарлық белгілеріне дейінгі қашықтықты өнеркәсіптік көлікті жобалау ережелеріне сәйкес қабылдау қажет.
3-параграф. Аумақтың мүгедектер мен халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі
99. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жобалау кезінде аумақтардың мүгедектер мен халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділікке қатысты нақты іс-шараларды жергілікті жағдайдың есебімен орындау керек.
100. Халықтың қимылы шектеулі топтары мен физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғаларын вестибюль тобына, лифттілерге, қоғамдық мақсаттағы үй-жайларға және еңбек ету орындарына кедергісіз кірумен қамтамасыз ету қажет.
Ғимараттың кіре берісіндегі деңгей айырмасында, лифт алдында, кіреберістерде пандустарды (немесе арбадағы физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың орын ауысуына арналған көтергіштерді), сонымен қатар физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық тобына арналған қажетті жабдықтар мен құралдарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай қарастыру керек. Мұндай көтергіштердің конструкциялары пайдалануға беру жолдарының есептік (минималдық) енін кішірейтеуі тиіс.
101. Арбадағы физикалық жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жеңіл көліктеріне арналған тұрақты орналастыруды гараж-тұрақтарда және автотұрақтарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай қарастыру қажет.
ӘОЖ 658.562 МСЖ 91.020
Негізгі сөздер: ауылдық елді мекендер, өндірістік аймақтар, қоғамдық орталықтар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарларының схемалары, ғимараттар мен имараттар арасындағы қашықтық, инженерлік желілер, алаңдардың құрылысын салудың минималдық тығыздығының көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының
2019 жылғы __________
№ ______-нқ бұйрығына
5-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЫЛЫЖАЙ МЕН КӨШЕТХАНАЛАР
ТЕПЛИЦЫ И ПАРНИКИ
ҚР ҚН 3.02-33-2019
СН РК 3.02-33-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2. ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
1. РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
2. ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
3. УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Достарыңызбен бөлісу: |