Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


Еңбек заңнамасының  

негіздері

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Астана – 2014




УДК  349.2 (035)

ББК  67.405 я2

     Е  58

Е  58


Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы. 

– Астана: «Сарыарқа», 2014. – 80 б.

ISBN 978-601-277-181-7

ISBN 978-601-277-181-7

© «Сарыарқа», 2014

УДК  349.2 (035)

ББК  67.405 я2

Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  2012  жылғы  23  шілдедегі 

№ 961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан-

ды  әлеуметтiк  жаңғырту:  жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай 

жиырма қадам» атты мақаласында берiлген тапсырмаларын iске 

асыру жөнiндегi шаралар жоспарының 5-тапсырмасы 7-тармағына 

сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігі әзірлеген.




МАЗМҰНЫ

1. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің 

жалпы қағидалары ............................................................................. 4

2. Еңбек қатынастарының туындауы. Еңбек шарты ................... 7

3. Жұмыс беруші мен қызметкердің негізгі құқықтары мен 

міндеттері ......................................................................................... 26

4. Еңбек тәртiбі. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты .................. 30

5. Қызметкерлердің еңбек  заңнамасында көзделген 

кепілдіктері ....................................................................................... 46

6. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын және заңды  

мүдделерін қорғау ............................................................................ 54

7. Ұжымдық шарт  ....................................................................... 56

8. Еңбек даулары. ....................................................................... 58

9. Еңбек саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк. ........................... 67

10. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы 

қызметкерлердің негізгі құқықтары. ................................................ 69




4

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ 

ҚАҒИДАЛАРЫ

Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңнамасы  еңбек 

және  тікелей  онымен  байланысты  қатынастарды  реттейді.  Еңбек 

құқығы  қатынастары  –  бұл  қызметкер  мен  жұмыс  берушiнiң  ара-

сындағы  еңбек  шарты  негізінде  пайда  болатын  және  одан  туын-

дайтын, онымен тығыз байланысты заңдық қатынастар, бұдан әрі 

оларға осы Анықтамалықта қаралып, түсінік беріледі. 

Халықаралық практикаға сәйкес еңбек құқығы қатынастарының 

қатысушылары басым көпшілігінде «жұмыс беруші» мен «қызмет-

кер» («қызметкерлер») деген жалпы терминдермен аталады.

Еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті 

2007 жылы 15 мамырда қабылданған және өзінде 341 бапты құрай-

тын 6 бөлімнен тұратын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 

(бұдан әрі – ЕК, Кодекс, Еңбек кодексі) болып табылады.

Қызметкердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің жалпы қағи-

далары  Еңбек  кодексінің  4-бабында  бекітілген.  Қағидалар  –  бұл, 

латын тілінен аударғанда, нормативтік-басқарушылық сипатқа ие, 

құқықтық  реттеудің  барлық  саласында  қолданылатын  және  бар-

лық  қатысушыларға  таралатын  негізгі  бастаулар.  Еңбек  құқығын-

да  еңбек  заңнамасының  қағидалары,  жоғарыда  көрсетілгендей, 

Кодекстің өзінде бекітілген.

Еңбек  заңнамасы  қағидаларының  әрбірі  одан  әрі  Еңбек  ко-

дексінің  және  өзге  де  заңнамалық  және  заңға  тәуелді  актілердің 

нормаларында егжей-тегжейлі бекітілген.



1

Қызметкерлердің  жекелеген  санаттарының  еңбегін 

құқықтық  реттеу  ерекшеліктері  Еңбек  кодексімен  қатар  сон-

дай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіле-

неді.  Мысалы,  «Ішкі  істер  органдары  туралы»,  «Прокуратура 

туралы», «Атқарушылық ісі және сот орындаушыларының мәр-

тебесі туралы» заңдармен және т. б.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Бұл  ретте  өзге  заңдар  Еңбек  кодексімен  белгіленген 

құқықтардың, бостандықтар мен кепілдіктердің деңгейін төмен-

детпеуі қажет.


5

Еңбек  қатынастары,  сондай-ақ  еңбек  қатынастарына  тiкелей 

байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң 

актiлерінде, келiсiмде реттеледi.



Әлеуметтiк  әрiптестiк  тараптары  келiсiмдерiнiң,  ұжым-

дық, еңбек шарттарының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызмет-

керлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жарамсыз деп та-

нылады және қолданылмауға тиiс. 

Келiсiмдердiң, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары бiр-

жақты тәртiппен өзгертiлмейдi.

(ЕК-нің 10-бабы)

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АКТІЛЕРІ

бұй-


рықтар

өкімдіктер

нұсқау-

лықтар


ережелер

еңбек тәртiпте-

месiнiң ережелерi  

Жұмыс  берушiнiң  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңна-

масымен,  ұжымдық  шартпен,  келiсiмдермен  салыстырғанда 

қызметкерлердiң  жағдайын  нашарлататын  не  белгіленген 

рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi 

жарамсыз болып та-

былады және қолданылмауға тиiс.

Еңбек  қатынастарын  реттеуде  күнтiзбелiк  күнмен  есепте-

летiн, уақыт кезеңiнiң аяқталуымен не міндетті түрде басталуға 

тиiс белгілі оқиғаны көрсетумен есептелетін мерзім маңызды 

мәнге ие.



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау