23
көбелектерінің өзгерулері сияқты, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты
әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен, мүмкін болғанынша, қазақ
өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға
қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарихи және
теориялық ғылыми әңгімелер келтірмекпін»,- дейді ол сол хатында [58].
Мектеп жасындағы жас жеткіншектердің оқу-білімге деген талабы
олардың қызығушылығын оятып, оқырмандық қабілетін тиісті дәрежеде
тәрбиелеген жағдайда ғана белгілі бір нәтиже беретіндігіне халқымыздың
ағартушылары кезіндебаса көңіл бөліп, ағартушылық бағыт-бағдар берген еді.
Кітап оқуға құмарлық, оқырмандық қабілет пен оған қызығушылықтың оқу-
білімді меңгеруде маңызды рөл атқаратындығы әсіресе, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінде арнайы қарастырылады.
Эпикалық шығармаларды оқыту арқылы жоғары сынып оқушыларының
оқырмандық қабілетін дамытудың әдістемесі қарастырылатындықтан мұғалім
мен оқушының өзара субъектілік іс-әрекеттері басшылыққа алынады.
Оқырмандық қабілетті шыңдай түсу және шәкірттердің кітап оқуға деген
қызығушылығын
арттыру
мақсатында
қазіргі
қазақ
әдебиеті
бағдарламаларындағы туған әдебиетіміздің дәуір тынысын бейнелеген ең
таңдаулы шығармаларды оқу бағдарламасында сұрыптап енгізген дұрыс деп
есептеймін. Ол сұрыптауда оқып-үйренуге қажетті шығармалардың екі түрі
ұсынылуы тиіс. Біріншісі – хрестоматиялық /эталондық/ мәнге ие болған
шығармалар. Екінші түрі – сыныптан тыс оқу тізімі ретінде берілетін
шығармалар.
Бірақ, оқушыларды онымен ғана шектеп қоймай, тәрбиелік, білімдік мәні
зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына оқытушының еркі бар. Демек, пән
мұғалімі – мектеп оқушыларының көркемдік талғамы мен оқырмандық
қабілетін дамыту үшін күнделікті сабақ барысында да сыныптан тыс оқуға
бағыт беруі, үздіксіз басшылық жасауы, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін
қарастыруы, оған кең өрісті жоспар жасауы тиіс. Мұнда оқушылардың кітап
оқуын бірте-бірте ұлғайта беру, жүйелі дамыта оқу, қарапайымнан күрделіге
қарай сатылап көшу ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың
бағдарлама бойынша алатын әдеби-мәдени білімдерін бір жүйеге түсіріп, әрі
қарай тереңдетуді, оқырмандық қабілетті қалыптастыру негізге алынады.
Сондықтан ғылыми мақаламызда әдебиет пәнінің мұғалімінің әдістемелік,
зерттеушілік, кәсіптік адамгершілік сапаларына, диагностикалық болжау және
қарым-қатынас мәдениетінің педагогикалық деңгейіне де назар аударуға
тырыстық және қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқыту
барысында шәкірттердің оқырмандық қабілетін қалыптастыру мәселесін
зерделеуге тырыстық.
Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін тәрбиелей
отырып, әдеби білім беру ісі, тұтастай алғанда, олардың адамгершілік сапалары
мен эстетикалық таным-талғамын, қоршаған ортаға, өмірге шығармашылық
көзқарасын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ерекше әсер ететін аса
қажетті де маңызды жұмыс болып табылады [59].
24
Кез келген әдеби шығарма сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың
талап-тілектерін, мақсат-мүдделерін, рухани деңгейін, мәдени қажеттіліктерін
ескере отырып жазылады. Кеңестік дәуірдің басында осы аталған жайттарды
ескере отырып, А.М.Горькийдің, А.В.Луначарскийдің ұйымдастыруымен 1920
жылдары мектеп оқушыларының оқырмандық қабілеттілігін ғылыми тұрғыда
зерттеу ісіне назар аударылды. Мұнда 1920-30 жылдары педагогика
ғылымында,оқыту әдістемесінде жас шәкірттердің оқырмандық қабілетін
қалыптастыру мәселесін зерделеуде нақтылы әлеуметтік зерттеулер, тың
ізденістер кеңінен жүргізілді. Әлеуметтік зертеулер – жас оқырмандарды
неғұрлым көбірек қамту арқылы олардың оқу-тәрбиелік үдерістердің бағыт-
бағдарын анықтауға, рухани қажеттіліктерінің шамасын белгілеуге жағдай
жасайтыны белгілі еді. Сондықтан мұндай көлемдегі жұмысқа кеңестік кезеңде
Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) сынды басқа да үлкен қалаларда
орналасқанзерттеу орталықтары, ғылыми-педагогикалық институттар іске
қосылды. Мұндай кең көлемдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
1920 жылы Тифлис қаласында З.Архангельскийдің «Балалардың арман-
мұраты», 1923 жылы Смоленск қаласында А.Серебрянниковтың «Қазіргі
балалардың мақсат-мүдделері», 1924 жылы Чита қаласында И.Киселевтің
«Революция және мектеп оқушыларының арман-мұраттары», 1924 жылы
Саратовта Н.Познанскийдің «Балалардың мақсат-мүддесі жөніндегі анкеталар»,
1928
жылы
Ленинградта
Е.Ельмановтың
«Ленинградтық
мектеп
оқушыларының қызығушылықтары мен мамандық таңдауы», 1930 жылы
Ижевск қаласында Я.Сафроновтың «Оқушылардың қызығушылығын анықтау»
деген секілді тағы да басқа еңбектер жарияланды.
Сол жылдары жарыққа шыққанбұл еңбектердің әрқайсысында жас
ұрпақты коммунистік арман-мұраттар жолында тәрбиелеу ниетіндегі қоғамдық
талаптардың әсері, тоталитарлық жүйенің ықпалы мол болды. Бұл еңбектерде
сондай-ақ,
«оқырмандық
қабілет»
және
«арман-мұраттар»
(идеал)
ұғымдарының адам психологиясынан алатын орнын, арақатынасын,
психикалық құбылыс ретіндегі мән-маңызын, оны дамытудың қандай жолдары
бар екендігін айқындау маңызды болатын. Аталған педагогикалық мәселелерді
қоғамның мүддесіне сай, жаңа тұрпаттағы кеңес азаматын тәрбиелеу
сұранысын
қанағаттандыру
бағытына
жарайтын
зерттеу
нысан
ретіндеұсталғандығы сол заман еңбектеріне тән ортақ құбылыс болды.
Орыс педагогы А.А.Никольский осы кезеңде дүниеге келген еңбектерге
тән ерекшеліктердің бірі ретінде: «20-30 жылдары мектеп оқушыларының өнер
түрлеріне деген қызығушылығы олардың өзге қызығушылықтарынан тыс, жеке
адамның жалпы дамуы бағытында қарастырылды. Әрине, мәселеге бұлайша
келу жеке адамның өмірінде өнердің қандай рөлі атқаратынын түсінуге
мүмкіндік бермеді», – деп атап көрсетті [60].
30-жылдары кеңестік педагогиканың ықпалы мол болғанымен қазақ
әдебиетін, төл әдебиетті қазақ мектептерінде оқытудың өзіндік ізденістері
жасалды. Мәселен, бұл жылдары жарық көрген М.Жолдыбаев, М.Әуезов,
Ә.Қоңыратбаевтардың «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті»
Достарыңызбен бөлісу: |