25
(1933), С.Сейфуллин, Ө.Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» (1934) атты
оқулық
хрестоматиясы,
Е.Ысмайлов,
Т.Ақшолақовтың
«Әдебиет
хрестоматиясы» (1939) т.б. сол кездегі әдебиет оқулықтарында теориялық
әдебиеттанушылық білім басым болды, оқыту әдістемесі үстірт қарастырылды.
Алайда, сол кездегі әдебиетші мұғалімдердің жекелеген мақалаларында
әдебиетті оқыту әдістемесіне көбірек көңіл бөлінді. Атап айтқанда,
Ә.Үсеновтің «Ауыл мұғалімі» журналдарында жарияланып отырған
мақалаларында әдебиетті оқыту, соның ішінде ішінара болсын оқушылардың
қызығушылығын, белсенділігін дамыту бойынша айтқан ой-пікірлері белең
алды. Ә.Мәметованың «Балаларға көркем әдебиеттің ең жақсы нұсқаларын
беретін уақыт жетті» деген мақаласында баланың жан-дүниесін тебірентетін
кітаптардың қажеттігі алғаш рет айтылды. Сол сияқты С.Қожахметовтің
«Кітапты қалай пайдалану керек?» деген мақаласы кітаппен жұмыс істеу
жолдарын балаларға үйрету туралы сөз қозғайды. Оқудағы мақсаттылық,
ойлардың дербестігі ұдайы жетіліп отыруы қажеттігі туралы дидактикалық
мәні бар сөз айтылады [61].
Мұнан біз оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру
мәселесінің қазақ әдебиетші ғалымдарының еңбектерінде сонау отызыншы
жылдардан басталғанын аңғарамыз. Оқушылардың әдеби қызығушылығын,
оқырмандық қабілетін зерттеу жұмысымен М.М.Рубинштейн, В.Е.Смирнов,
И.Арямов, Н.О.Познанский тағы басқа ғалымдардың тиянақты шұғылдануы сол
кезеңге дейін белгісіз болып келген бірқатар жайттарға көз жеткізді. Мектеп
оқушыларына білім беру, олардың оқырмандық қабілетін тәрбиелеу баланың
қызығушылық әрекетінсіз мүмкін болмайтынына көпшілік көңілін бөлгізді [62].
Сондай-ақ, қалыптасқан жағдай бұл мәселені әрі қарай тереңірек зерттеуге
мүмкіндік жасады. Осыған дейінгі әлеуметтік бағыттағы зерттеулер жалпыға
тән ортақ ерекшеліктерді айқындауға, қоғамдық-әлеуметтік ортаның мәдени-
эстетикалық даму дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді.
Жеке адамды қалыптастыру тәрбие үдерісінің мақсатымен сабақтас
болады, өйткені адамның дамуын әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне ғана
сүйене отырып пайымдау мүмкін емес. Сол себепті оқушылардың
оқырмандық қабілеттерін қалыдамытудыпсихологиялық тұрғыда зерттеу
қажеттілігі байқалды.
Жас жеткіншектің ақыл-ойының дамуын, ойлау үдерісінің механизмдерін
анықтау мәселелерін Н.А.Рыбников /1880-1961/, К.Н.Корнилов /1879-1959/,
П.П.Блонский /1884-1941/, Л.С.Выготский /1896-1934/ сияқты көрнекті
психолог ғалымдар зерттеді. Бұл ғалымдардың жас өспірімнің ақыл-ойы
дамуын, көркемдік қызығушылығын олардың жеке психологиялық қабілеттерін
есепке ала отырып дамыту қажет деген пікірлерін 1920 жылдардың екінші
жартысына дейін бірқатар ғалымдар қолдамады. Олардың ұсынған пікірлеріне
қарсылар педагогикалық психология ғылымын мойындағысы келмеді, олар
бала психологиясын зерттеу – жалпы психологияның міндеті, оқыту үдерісінде
де педагогикалық психологияның емес, сол жалпы психология ғылымының
жетістіктерін пайдалану қажет деген қате пікірде болды.
26
Ал, көрнекті психолог ғалым Л.С.Выготский бұл пікірге қарсы шығып,
баланың өнер шығармаларын тұтынушылығы олардың бейімділік қабілетіне
тікелей байланыстылығына ғалымдар назарын аударды. «Баланың мәдени
дамуындағы, – деп жазды ол өзінің 1931 жылы жарық көрген «Жоғары
психологиялық бөлшектердің даму тарихы» атты еңбегінде, – әр түрлі
қызметтер екі көріністе, ең алдымен – әлеуметтік, одан соң психологиялық
тұрғыда яғни, әуелі адамдар ара қатынасындағы интерпсихикалық, одан соң
баланың жан дүниесінде интрапсихикалық категория ретінде пайда болады»
[63]. Әйгілі ғалым ұсынған бұл идеяпедагогикалық психология ғылымындағы
жаңа бағытты көрсетіп бергенмен, оның бұл пікіріне, идеясының жүзеге
асуында көптеген кедергілер мен қарсылықтар болды.
XX-ғасырдың 1950 жылдары алғашқы (20-30) жылдардағы оқушылардың
көркемдік қабылдауын зерттеудегі қол жеткізген оң нәтижелер дами түсті.
Сондай-ақ, ол тұстағы ғылыми зерттеулерде алғашқы кездегі жалпыламалық
сипаттан біршама арыла түсу бағыты байқалды да, ол нақтылы әлеуметтік
зерттеулердің қолданылу шегін анықтауға, ең алдымен зерттеліп отырған
мәселенің негізгі ұстанымдарын айқындауға ықпал жасады.
Ол кезеңде бұл шығармаларды мектепте оқыту арқылы жас ұрпақты
коммунистік рухта тәрбиелеудегі оқытудың негізгі ұстанымдарын айқындау,
оны сол заман талабына сай жаңарту міндеті қойылды. Осыдан кейінгі
атқарылар жұмыстар әдеби туындыны оқытудың ғылыми негізін күшейту
тұрғысында жүргізілді. Сондай-ақ, шәкірттің көркемдік қабілетін дамыту,
білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, әдеби туындыны оқытудың басқа да
әдістемелік
ұстанымдарын,
амал-тәсілдерін
өркендету
педагогикалық
психологияғылымының жетістіктеріне сүйенгенде ғана нәтижелі болатынына
айрықша назар аударылды.
Бұл 1950 жылдары 30-жылдардағы психолог – ғалым Л.С.Выготский
ұсынған баланың мәдени дамуын қалыптастыру, оның ішкі психикалық
әрекеттерінің құрылымдық бөлшектерін анықтау және осы бөлшектердің нақты
өнер туындысын меңгеруі барысындағы қызметтік мүмкіндіктерін ескеру, оның
қолдану аясын анықтау мәселелерін іске асыруға жағдай туды.
Осылайша 1956 жылы Л.С.Выготскийдің таңдамалы психологиялық
зерттеулері (алғашқы басылымнан 20 жылдам астам уақыт өткен соң)
қайтажарық көрді. Педагогикалық психологияның кейінгі өркендеуі кезеңінде
ол туралы ой-пікірлердің құндылығы айқындала түсіп, ол өзінен соңғы
ізденістерде берік негізге алынды.
Осы тұста оқушылардың оқырмандық қабілеттерін зерттеу ісіне
психолог-ғалым М.М.Рубинштейннің де үлкен үлес қосқанын атап айтқан жөн.
Ғалым 1950 жылы «Мектеп оқушыларының оқырмандық қызығушылығын
тәрбиелеу» деген атпен көлемді монография шығарды. Бұл еңбегінде ол
оқырмандық қабілет пен кітап оқуға қызығушылықты психологиялық
тұрғыдағы адам ерік-жігерінің саналы әрекеті ретінде қарастырып, оған:
«Осыған байланысты бірқатар шарттылықпен қызығушылықты былай
анықтауға болар еді: бұл жеке адамның өзінше әсерлене, жаңалықты сезіне
Достарыңызбен бөлісу: |