Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет65/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77

136 
 
жеткізеді, оқытуды ұйымдастырады, үйренуге жағдай жасайды. Алайда, қазіргі 
оқытуда  оқушы  өзі  оқиды,  білімді  ізденеді,  үйренеді,  қолданады.  Сондықтан 
интербелсенді оқуда оқушының өзіндік әрекеттері бірінші кезекте тұрады.  
Мұны  оқулықта  берілген  Міржақып  Дулатов  шығармашылығын 
құзыреттіліктер  тұрғысынан    талдау  арқылы  көрсетуге  болады.    Жазушының  
жалпышығармашылығымен қатар «Бақытсыз Жамал» романынан төмендегідей 
ретте  да сұрақ-тапсырмалар ұсынылады.  
 
Проблемаларды  шешу  құзыреттілігі  мен  өзіндік  менеджмент 
бойынша оның аспектілеріне сәйкес романды тұтас талдауға мүмкіндік туады. 
Ол  үшін  мұғалім  берілетін  тапсырмалар  мен  сұрақтарды  әр  аспекті  бойынша 
нақты  дайындайды.  Бұл  құзыреттіліктердің  «Проблеманы  сәйкестендіру 
(айқындау)»  атты  бірінші  аспектісінде  оқушы  жауабында:  қалаған 
жағдаятын негіздеп айтады; болған жағдаятты талдайды және оның өзі қалаған 
жағдаятпен  сәйкессіздігін  көрсетеді;  әр  түрлі  жағдайдағы  проблемалардың 
түпкі себептерін анықтайды. Ол үшін мына сұрақтар беріледі:  
  
1.  Міржақып  Дулатовтың  1910  жылы  Қазанда  басылып  шыққан 
"Бақытсыз  Жамал"  романында    қандай  саяси-әлеуметтік,  тарихи  жағдайлар  
туралы жазылған?  
2. "Бақытсыз Жамал"қазақ даласындағы жер дауы, жесір дауы, мал дауы 
туралы роман» деген пікірге қалай қарайсың? Сол кездегі тарихқа көз жібертіп, 
өз пайымдауыңды айт.  
3.  Қазіргі  заман  тұрғысынан  қарағанда  романның    ақиқаттық  сипатын 
қалай дәйектер едің?  
Әрекетті  жоспарлау  және  мақсат  қою  аспектісінде    проблемаға 
сәйкес  мақсат  қояды;    өз  мақсатын  жүзеге  асыруға    қажетті    міндеттерді 
анықтайды;  бағалау  критерийлері  негізінде  өз  әрекеті  нәтижесінің  сипатын 
өздігінен анықтайды.  Бұл жерде қойылатын сұрақтар:  
1.Романдағы  тарихи  жағдайларды  оқып-білу  үшін  сол  кезде  жазылған 
ұқсас шығармаларды салыстырып көр. 
2.  "Бақытсыз  Жамал"  романына  дейін  қазақ  даласында  жер  дауы,  жесір 
дауы, мал дауы туралымәселе көтерілген бе? 
3. Ол ауыз және жазба әдебиетте қалай көрініс тапқан? 
Технологияларды  қолдану  аспектісінде  оқушы  әрекет  үстінде  шешім 
қабылдаудың  технологияларын  нақты  қолданады  және  өз  әрекетін 
жоспарлайды.  Бұл  жерде  айтып  отырған  технология  оқыту  емес,  оқушының 
ұтымды зерттеу әдістерін таба білуіне қажет әдістер. Берілген  мына екі сұраққа 
жауапты  оқушыосы  аспект  бойынша  іздену  жұмысын  жалғастыру  үшін 
пайдаланады.  
1. М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал"  шығармасында романға тән белгілер  
бар ма? Болса, ол шығарманың қандай маңызын көрсетеді? 
2. Жазушының стилі туралы өз пікіріңіз қандай? Ойыңызды мысалмен 
дәйектеп айтып берсеңіз.  
Ресурстарды  жоспарлау  аспектісі  бойынша  оқушы  қойылған 
міндеттерді  шешуге  қажетті  ресурстарды,  яғни  қажет  материалдарды  


137 
 
жоспарлайды.  Ол  үшін  «Бақытсыз  Жамал»  романына  берілген  бағаларды 
сараптап,  өз  тарапыңнан  баға  беріп  көр»,  -  деген  тапсырма  ұсынылады. 
Тапсырманы  орындауда  оқушылар  қазақ  әдебиетін  зерттеуші  Сергей  Лазарев 
атындағы  шығыс  тілдері  институтының  профессоры  А.Крымскийдің    тұңғыш 
қазақ романының жарық көруін қуана құптап, оны  «Қайғылы  әйел тағдыры" 
деп  айтқан  пікірін  басшылыққа  алуы  мүмкін.  1914  жылы  роман  орыс  тіліне 
аударылған  кезде  мәскеулік  профессор  В.Гордлевский:  «...  роман  жүгі  оған 
ауыр  тиген,  әңгіме  өзегіне  ол  шындықты  негіз  еткен,  халық  тұрмысының 
жанды суреті бар», - деп жазған. Осы пікірді де пайдалануға болады. Болмаса, 
оқушы  өзі  іздеп  басқа    пікірді    табады  және  солардың  негізінде  өз  бағасын 
береді.  
Әрекетті бағалау  аспектісінде оқушы өз әрекетіне бақылау жоспарлап, 
оны жүзеге асыру үшін мына сұрақтар беріледі.  
1. Жамалдың бақытсыздығына кім кінәлі? 
2.  Жамалдың бақытсыздығына  әке-шешесінің қатысы  бар  ма?  Бар  болса, 
олардың қай істерін жазғыру қажет? 
3.  Сәрсенбай  Жамалдың  бақыты  туралы  ойланды  ма?  Оның  бай  жермен 
құда болуының Жамалдың болашағы үшін қажеті бар ма? 
 4. Сәрсенбай мен Шолпан бала тәрбиесіне қалай көңіл бөледі? Қыздары 
Жамалды қалай өсіреді? 
5.  Сәрсенбай  қызы  Жамал  арқылы  неге  қол  жеткізуді  армандады?  Бұл 
Сәрсенбайдың қандай қасиетін танытады? 
Нәтижелерді  /әрекет  өнімін/  бағалау    аспектісінде    оқушы    өз 
әрекетінің  нәтижесін  өзі  айқындаған  критерийлер  бойынша  бағалайды.  
Ұжымда,  топта  «Бақытсыз  Жамал"    романына    берілген  пікірлерге  өз  пікірін 
қосып, оқушы  шығарманы  бағалайды. 
 Өзінің өсу деңгейін бағалау аспектісі 
1. «Бақытсыз Жамал»  романының сізге қандай пайдасы болды?  
2. Одан не үйрендіңіз? Сол  дәуірде өмір сүрсеңіз, өзіңіз не істер едіңіз?   
3. Бас бостандығы дегенді қалай түсінесіз?  Ол тек әйел адамға ғана керек 
пе?  
4.  Романды  оқымаған  досыңызға,  жақындарыңызға  қандай  кеңес  берер   
едіңіз?  
5.  Сөзіңіздің  мәтінін  жазбаша  дайындаңыз.  Өзіңіздің  өсу  деңгейіңізді 
бағалаңыз.  
Бұл  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  оқушы  өз  әрекетіндегі  жетістіктер 
мен  кемшіліктердің  себебін  анықтайды;  қойылған  міндетті  шешуде  кездескен 
қиындықтарды атап көрсетеді және оларды болдырмаудың жолдарын ұсынады; 
шешім қабылдауда ішкі мотивтер мен жағдаяттарды талдайды. Проблемаларды 
шешу құзыреттілігі мен  өзіндік менеджмент бойынша оның барлық аспектілері 
қамтылған сұрақтарды мұғалім ауыстырып, өзгертіп, толықтырып бере алады.   
Романды 
интербелсенді 
әдіс 
арқылы 
талдауда 
ақпараттық 
құзыреттіліктердің  орны  ерекше.  Бұл  құзыреттіліктердің  ақпараттық 
ізденісті  жоспарлауда  оқушыларалдына  қойылған  міндетті  шешуге  қажетті 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау