Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет63/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77

131 
 
топтың  өз  бағыттарын  қалай  қорғағандарына  талдау  жасайды.  Жеңімпаз  топ 
айқындалады. 
Қазіргі  заман  талабынан  туындап  отырған  технология  ретінде      
этномәдени  технология  оқушыларға  қазақ  халқының  өзіне  тән  ұлттық 
ерекшелігін  терең  танып,  көре  білуге  мүмкіндік  береді.  Педагогтар  өмір 
ағымына  байланысты  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  өзгеріп 
жатқандығын,  ұлт пен ұлт  арасындағы  қақтығыстың,  әке мен  бала,  үлкен  мен 
кіші арасындағы сыйламаушылықтың туындап жатқандығын этнопедагогикаға 
жете  мән  бермеушілікпен  байланыстырады.  Әр  халықтың  тұрмыс-
тіршілігіндегі,  ұлттық  салт-дәстүріндегі  бала  тәрбиесі,  ұлт  болашағы,  т.б. 
мәселелерді  оқу  материалына  енгізіп,  болашақ  ұрпақты  ізгілікке  тәрбиелеуді 
қолға  алудың  қажеттігін  сөз  етеді.  Қазақ  этнопедагогикасындағы  білім 
оқушылардың  ішкі  дүниесін,  рухани-адамгершілік  келбетін  қалыптастыруға 
бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының оқушылардың танымын кеңейтіп, 
рухани  дүниесін  байытуда  ерекше  мүмкіндіктері  бар.  Өйткені  оның 
мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады [134,16б]. 
Әдебиетті  оқытуда  ақпараттық-компьютерлік  технологиялар:  бейне 
роликтерді,  интернет  материалдарын,  мультимедиялық  құралдарды,  оқыту 
бағдарламаларын қолдану ұсынылады. Сонымен қатар  қазақ әдебиетін оқытуда 
қазіргі  қолданыстағы  қарқынды  шоғырландырып  оқыту,  жеке  тұлғаның  жан-
жақты  дамуына  қажетті нәтижелі  білімге  бағыттау,  білімді ізгілендіру,  өзіндік 
зерттеут.б. технологияларды  қолдану әдебиеттен нәтижелі білім беруге ықпал 
етеді деп тұжырымдауға болады. 
«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясыәдебиетті 
оқытуда  аса  тиімді  деп  танылады.  Көркем  шығарма  негізінде    өз  алдына 
сұрақтар  қойып  және  үнемі  оларға  жауап  іздеу,  әр  мәселеге  байланысты  өз 
пікірін  айтып,  оны  дәлелдей  алуға  үйреттеін  бұл  оқыту  түрі  сонымен  қатар 
басқалардың  пікірлерін  дәлірек  қарастыруды  және  сол  дәлелдермен  қисынын 
зерттеу  дегенді  де  білдіреді.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  еңалдымен 
шығармашылық ойлау.  Шығармашылық сөзі «шығару», «іздену», «ойлап табу» 
деген  мағынаны    білдіреді.  Демек,  бұрын  тәжірибеде  болмаған  жаңа  нәрсе 
ойлап табу, жетістікке  қол жеткізу деген сөз.  «Шығармашылық» деп жаңалық 
ойлап  табатын  іс-әрекет  деп  тұжырымдалады.Шығармашылық  ойлау 
нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді (Л.С.Выготский). 
Оқушы  шығармашылығын  шыңдауға  «оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 
ойлау»  бағдарламасының  берер  көмегі  зор.  Бағдарлама  құрылымы  үш 
деңгейден тұрады: 
1.  Қызығушылықты  ояту.  Оқушы  тақырыпқа  байланысты  өз 
білімінанықтайды,  еске  түсіреді.  Тіпті  қағазға  жазып,  көршісімен  бөліседі, 
тобында  талқылайды.  Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа  білім  жайлы  ақпарат  жинап, 
оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, 
зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады. 
2.  Мағынаны  тану.  Бұл  кезеңде  оқушы  жаңа  ақпаратпен  танысады, 
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. 


132 
 
3.  Ой  толғаныс:  Оқушылар  өз  ойлары  мен  байқаған  ақпараттарды  өз 
сөздерімен  айта  біліп,  өзара  алмасады.  Өзгелердің  ой  кестесін  үйренеді. 
Үйренгендерін  саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда,  қалай  қолдану 
керектігін ой елегінен өткізеді. Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр 
түрлі шығармашылықпен көріне алады.  
Мұнда ең  бастысы  оқушылар  өз ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне 
сыни  көзбен  қарай  алады.  Бір-бірімен  дұрыс  қарым-қатынас  жасауды  және 
бірін-бірі  тыңдай  білуді  үйренеді.  Өздеріне  сенімсіздік  білдіріп,  бұйығып 
отыратын оқушылар да өз ойларын  аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. 
Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы 
артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары 
молаяды.Оқушы–ізденуші  тұлға.  Кез-келген  пәнге  оқушы  қызығушылығын 
арттыру  үшін  дәстүрлі  әдеттерге  қоса  хабарлама,  көрнекі  көрсету,безендіру 
әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді 
дұрыс  ұйымдастыра  білу  мұғалім  шеберлігінің  бір  көрінісі.  Адам  топ  ішінде 
ғана  толығады  десек,  оқушылардың  топтасып  жұмыс  істеуі  өз  әсерін  береді. 
Ойды  ой  жетелейді.  Сабақтың  байланысып,  бір-бірімен  сабақтасып  жатуына 
бағдарлама  әдістерін  пайдалану  септігін  тигізеді.  Сонымен  бірге  оқушыларды 
сабаққа  ынталандыру  сабақ  жоспарының  түрлеріне  де  байланысты.  Мәселен, 
жарыс  сабақ,  сахналау  сабақ  және  ойын  сабақтарын  қолдану  баланың 
дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.  
 
Оқыту  барысында  оқушылардың  өз  бетімен  білім  алу  құзыреттілігін 
қалыптастыру, олардың әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға 
мүмкіндік  беретін  жобалау  технологияларын  қолдану    да    әдебиетті  оқытуда 
тиімділік  көрсетеді.  Алуан  түрлі  іс-әрекет  барысында  шынайы  қарым-
қатынасқа  жақындайтын  жағдаяттар  туғызуға  мүмкіндік  беретін,  түрлі 
дидактикалық  материалдар  (сөзжұмбақтар,  ребустар,  карталар,  кестелер, 
диаграммалар)  кеңінен  қолданылатын  ойын  технологиялары:  имитациялық-
модельдік, жағдаяттық-рөлдік, «пайданы өз мүддесіне ыңғайлау» («глобальная 
симуляция»),  «дөңгелек  үстел»,  «брифинг»,  баспасөз-конференциялардың  да 
оқытудағы  орны  ерекше  екендігі  сөзсіз.Оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін  дамытуда  «ойталқы»,  «ойға  шабуыл»  («идеялар  көзі»,  «сыншылар» 
мен  «сарапшылардың»  қатысуымен  шешім  жасаудың  қалыпты  түрлеріне 
қарама-қарсы,  жаңа  дара  идеяларды  табуды  көздейтін)  сияқты  тәсілдерді 
қолдану  арқылы  оқушының  ойлау  және  сөйлесім  әрекетінің  белсенділігін 
арттыратын проблемалық оқыту әдістері  мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту 
тәсілдері  де қазақ әдебиетін оқытуда тиімді деп табылады. 
Қазіргі  оқыту  үдерісінде  «Әлеуметтік  тәжірибе  арқылы  үйрену  және 
үйрету»  басты  қағидалардың  бірі  ретінде  қолданылады.  Оқушы  алған  білімін 
өмірлік  жағдаяттарда  пайдалана  алуы  тиіс.  Жалаң  теориялық  білім  оқушыға 
қызмет  ете  алмайды,  сол  себепті  оқытуда  білім  алушының  әлеуметтік 
тәжірибесін  арттыруға  ерекше  назар  аудару  керек,  яғни  оқу  үдерісінде 
әлеуметтік  мазмұн  басым  болуы  қажет.  Сабақта  шәкірттер  мен  ұстаз 
коммуникативтік  қарым-қатынас  әрекетінің  белсенді  мүшесіне  айналады. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау