133
Мұндай қарым-қатынаста әрбір шәкірттің өзіндік өмір тәжірибесінің алатын
орны ерекше. Сол себепті оқу мазмұны өмірлік тәжірибелерге негізделсе,
оқушыда қызығушылық пен ықылас арта түседі. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай
жолы» эпопеясын, тіпті көркем туындының қайсысын болмасын оқытуда
шығарманың мамзұнын, көркемдік ерекшеліктерін, образдар жүйесін талдау
жұмыстарын «неге?», «неліктен?», «олай болса, сен не істер едің?» және
т.б.сұрақтармен, мысалдармен нақтылай отырып ұйымдастыруға болады.
Сондықтан әдебиетті оқытуда «өмірді оқыту, үйрету, өмірден үйренуге
оқыту керек», - деген мәселеге сәйкес дәстүрлі репродуктивті білімді
құрастырылған (конструктивтік) білім берумен ұштастыру көзделеді.
Репродуктивтік білім дайын оқу материалын белсенді, ырықсыз түрде
қабылдау дегенді білдіреді. Оқушылар бұл білімді сіңіргенде ешқандай
ізденуші немесе зерттеу жұмысын атқармайды, оның қажеттілігі туралы
ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана
қабылдауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің
қажеттілігі шамалы ғана болады, өйткені, үйренушілер оны өз өмірінде қалай
қолданатынын білмейді. Репродуктивтік білім оқу жоспарларын жүзеге
асыратындықтан оны «бағдарлама центристік» оқыту деп те атайды. Ал
құрастырылған конструктивті білім аты айтып тұрғандай білімнің үйренушіге
дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр оқушының қоршаған әлем,
өмір туралы өзіндік түсінік құрастыруымен ерекшеленеді. Педагогикада
конструктивті білім білім үйренушінің өзіндік ойлары, идеялары, түсініктері,
көзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері,
ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсіндіріледі. Ал оның
бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады,
жасайды. Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді
өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды. Оқытудың нәтижелік
сипатының дамуының өлшенуі де осыған байланысты. Олай болса мұны кесте
арқылы байқап көрейік.
Кесте 6 – Оқытудың нәтижелік сипатының дамуының өлшенуі
Репродуктивтік (дәстүрлі) білім
Конструктивтік (құрастырылған) білім
1
2
Барлық оқушыға бірдей талап қойылады
Оқытуды оқушының тұлғалық дамуына,
өзін-өзі жетілдіруіне бағыттау
Дайын оқу материалдарын меңгеру
Ашық және еркін түрде әрекеттесу
Нақтылықты талап ететін оқу әрекеттері
Әлеуметтік тәжірибе арқылы үйрену
134
6 кестенің жалғасы
1
2
Берілген мазмұнды бағдарлама, оқулық,
кітаптар бойынша оқып үйрену
Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін
құзыреттіліктерді меңгеруге үйрету
Оқыту арқылы білім, біліктер мен
дағдыларды қалыптастыру
Инновациялық мүмкіншіліктерді кеңінен
пайдалану, технологияларды меңгеру
Оқушылардың өз мүдделерінің қызығушылығынан туындайтындықтан
бүгінгі оқыту үдерісінде конструктивті білім кең қолданыс тапқан.
Конструктивті білім беру үшін оған сай оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану қажет.
Бүгінгі мұғалім дәстүрлі оқытуды сақтай отырып, соны әдістемелер арқылы
білім беруді мақсат тұтады. Бұл ретте интербелсенді оқу және интербелсенді
оқыту әдістері алға шығады. Интербелсенді оқыту – өзара әрекеттесу, үйрену
мен үйрету арқылы білімді меңгертуге және нақты нәтиже алуға бағытталған
оқыту әдістемесі. Интербелсенді оқыту мұғалім мен оқушының оңтайлы, тиімді
қарым – қатынасына негізделіп, үйренуші мен үйренушілердің өзара
әрекеттесуіне құрылады [136].
Ал интербелсенді оқып үйренуде оқушылар төмендегідей білім, білік,
машықтарға үйреніп, дағдыланады:
- дүниетанымдық тұрғыдан терең ойлану, жеке қабілеттерді дамыту;
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
- ақпаратты өздігімен түсініп, ішінен қажеттісін таңдап алу;
- ақпаратты жан-жақты талдау;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
- оқу
барысында
жеке
басының
құндылықтары
мен
сенімдерін
қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарас ұстану;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
- басқа да балама пікірлерді ескеру;
- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
- ұжымдық ортақ жұмысқа жұмыла білу;
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу.
Бұл әдісте оқытудың нәтижелілігі ізденіс, шығармашылық түріндегі
оқушы әрекеттерін жүзеге асырады. Интербелсенді оқыту барысында
оқушылар белсенділік танытуға, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз
көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, өзге пікірді сыйлауға, онымен
санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені
басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше сол жауапқа әртүрлі
жолдар арқылы келу, үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену болып
табылады.
Интерактивті
оқыту
технологиясын
мұғалімдер
сыныптағы
оқушылардың білімі мен деңгейіне, қабілетіне байланысты түрлендіріп қолдана
алады. Оқушылар жұптасып та, топ болып та жұмыс істей алады. Ең бастысы,
мұғалім жақсы ұйымдастырушы бола білуі керек. Аталған технологияда оқушы
135
мен оқушы немесе оқушы мен мұғалім үнемі сұқбаттасып отырады. Бұл
оқушылардың тілін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, танымын
кеңейтуге септігін тигізеді. Оқушылардың тілдік дағдысын жетілдіруге
мүмкіндік береді.
Әдіскер-ғалымдар интерактивті оқыту технологиясын танымдық әрекетті
ұйымдастыруға ықпал етеді деп есептейді. Себебі, интерактивті оқыту
технологиясы оқушыны өздігінен ізденуге, өзінің жетіспей жатқан жақтарын
жетілдіруге, қатесін зерделеуге итермелейді. Оқушылардың барлығы өздері
білетін, ойлайтын нәрселері туралы ойлауға, оны қарай дамытуға мүмкіндік
алады. Интерактивті оқыту технологиясында оқушы жаңа білімді үздіксіз
жетілдіріп отырады.
Мысалы, ойбөліс оқушы ізденісіне жол ашады. Оқушы мұғалімнің
түсіндіргені мен айтқанын ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей
пікірталасқа түсіп үйренеді. Пікірталасты сауал, сұрақ, мәселені талдау,
талқылау, т.б. тәсілдер арқылы іске асыруға болады. Пікірталас тақырыптары
әр түрлі көзқарасты қамтып, бірыңғай пікірге келмеген мәселелерді қамтуы
тиіс. Оқушы белсенді рөл атқарушы емес, жетекші позицияға ие болады. Ол
әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға ұмтылады. Берілген проблеманың
жауабын іздеп, шешімін табуға тырысады. Әр мәселе туралы пікір,
көзқарастарды талдау арқылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге, сын айтуға,
көзқарасын білдіруге, пікірін нақтылап, өз сөзімен айта білуге дағдыланады.
Оқушы мен мұғалімнің арасында тығыз байланыс орнайды.Дебат оқушы өз
бетімен ізденуге, топ алдында еркін пікір айтуға, тілін дамытуға көмектеседі.
Интерактивті оқыту технологиясы бойынша орындалатын тапсырмалар
оқушылардың пікірін іркілмей айтуын, өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуін,
шығармашылық белсенділігінің жоғары болуын, өзіндік көзқарасын білдіруін,
сөйлеу мәдениетінің жоғары болуын, қажетті материалды ұтымды, дәлелді
қолдануын қажет етеді.
10-11сыныптарда қазақ әдебиетін интербелсенді оқыту төмендегідей
жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
- ұжымдық, топтық, жұптық бірлескен жұмыстар;
- дара, жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары;
- рөлдік және іскерлік ойындар;
- ой- талқы, пікірталас, пікірсайыстар, дебат;
- ақпарат көздерімен жұмыс жасау (интернет, құжаттар т.б.);
- ізденісті шығармашылық жұмыстар;
- тақырыптық тұсаукесерлер;
- семинар, тренингтер;
- интервью, сауалнама, кері байланыстар.
Интербелсенді
оқыту
бірлескен
жұмысқа
негізделетіндіктен
оқушылардың креативті ойлау, мобильді шешім қабылдау, өзінің де өзгенің де
жұмысын дұрыс бағалай алуына мүмкіндік беріліп, нәтижелі жұмысқа жағдай
жасалуы керек. Оны әлбетте мұғалім ұйымдастырады. Оқытуды ұйымдастыру
мен оқуға үйрету мұғалім қызметімен байланысты. Мұғалім үйретеді, білімді
Достарыңызбен бөлісу: |