Дәулетова Гауһар Шалхарбайқызы
«Астана қаласы әйелдерінің репродуктивті жүріс-тұрысының медициналық-әлеуметтік аспектілері» тақырыбына 6D110200- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің талап етуіне жазылған диссертациясының
АННОТАЦИЯСЫ
Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай бірқатар мәселелермен сипатталады. Отбасын кеш құру, жанұядағы балалар санының азаюы, «сәби немесе қызметтік өрлеу» таңдауын әйелдер көбінесе екіншісін таңдайды. Осылайша болашақта ұлттың экономикалық және саяси тәуелсіздігі өткір мәселеге айналуы мүмкін.
Жас әйелдердің репродуктивті жүріс-тұрысы халық санының көбеюінің ең негізгі бөлігі – тууға едәуір әсер етуі мүмкін.
Диссертациялық жұмыс Астана қаласының жас әйелдерінің репродуктивті жүріс-тұрысы мен туудың медициналық-әлеуметтік аспектілерін зерттеуге арналған.
Зерттеу мақсаты - Астана қаласының жас әйелдерінің репродуктивті жүріс-тұрысы мен туудың медициналық-әлеуметтік аспектілерін кешенді бағалау негізінде, әйелдердің бала тууға құлшынысын арттыру бойынша іс-шараларды жасау болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы арнайы дайындалған сұраунамалардың көмегіменжүргізілді. Сол арқылы, жас отбасыларындағы тууды реттестіру сұрақтары мен отбасындағы таңдаулы, қалаулы және жоспарланған балалар саны туралы әйелдердің пікірлері анықталды. Зерттеуге 39 жасқа дейінгі 1017 әйел қатысты.
Елордамыздағы медициналық-демографиялық көрсеткіштер 2001 жылдан 2009 жылдар арасында дейін едәуір жақсарған. Туу көрсеткіші 10,3‰-ден 24,4‰ –ге дейін, табиғи өсім 3,3‰–ден 19,4 ‰ –ге дейін өскен, бала туғыштық коэффициенті 2,5 есеге артқан.
Астана қаласындағы халықтың жас-жыныстық құрамы әйелдердің 25-29 жастағылардың көп екенін көрсетеді – 11,6%. Сонымен бірге, 10-14 жастағы қыздардың да көп екендігі анықталған (4,8%). Соған байланысты, жақын арадағы 7-8 жылдарда бала туу жиі кездесетін 20-29 жастағы әйелдер санының артуын күтуге болады.
Бақылауға алынған жылдар (2001-2009) бойы, Астана қаласында контрацепция дәрілерімен қамту жалпы Республикаға қарағанда жоғары болды. Соған қарамастан, осы кезең арасында, Астанада түсік жиілігі жалпы республикалық көрсеткішге қарағанда едәуір жоғары ( 2 есеге жуық) болды. Туу мен түсік арасында кері күшті корреляциялық байланыс анықталды (ρ=-0,93, m=0,14, t=6,70, яғни ол >99,9% қатесіз ықтималдық болжамына сәйкес).
Сұраунама жауабы бойынша, түсіктің жиі себебі некеге тіркелмеген жағдай (100 сұралған әйелдің 25,3 жауабы) мен нашар тұрмыстық жағдай (16,5) болды.
«Таңдаулы» деп аталатын балалар санын: «Жанұядағы таңдаулы бала саны қанша болу керек деп санайсыз?» деген сұраққа жауап беру арқылы анықталды. Әйелдердің ең көбі (41,3%) жанұядағы таңдаулы бала саны-үшеу, сәл азырағы (33,0%) екі бала болу керектігін атаған. Сондай-ақ төрт бала (13,0%), бес бала(4,6) және бір бала (6,2%) деп жауап бергендер бар. Ал әйелдердің небәрі 1,9% жанұяда мүлдем бала болмағаны дұрыс деп есептейді.
Сонымен, жанұядағы орташа таңдаулы бала саны 2,71±0,19 тең болып тұр. Осы шаманы түсіндіретін болсақ, ол математикалық абстракция болып табылады, өйткені осындай шамаға балалар саны тең келетін жанұяны елестету мүмкін емес (балалар саны – дискреттік шама болып табылады). Сондықтан осындай жағдайда, орта шамаларды сипаттау және сараптау үшін модальді варианта қолданған жөн. Бұл жағдайда мода 3 болады, өйткені әйелдердің 40% астамы үш баласы бар отбасын өте таңдаулы отбасы деп санайды. Сонымен, әйелдердің отбасындағы таңдаулы балалар саны туралы ой-пікірін сипаттау үшін екі шаманы: орташа шама мен моданықолданған жөн.
Жоғары білім деңгейі өмір салтына әсер етеді және балалардан бас тартуға әкеледі деген тұжырым теріске шықты. Әртүрлі білім деңгейімен әйелдердің балалардың таңдаулы орташа саны арасындағы айырмашылығы статистикалық тұрғыда маңызсыз (р>0,05). Әйелдердің әрбір жас тобында орташа арифметикалық келесі бағыт бойынша өсуі анық байқалады: жоспарланған орташа балалар саны,қалаулы орташа балалар саны және таңдаулы орташа балалар саны. Жоспарланған орташа балалар саны 1,91±0,03. Жоспарланған,қалаулы және таңдаулы балалар саны арасында жас ұлғайған сайын корреляциялық байланыстың бары анықталды. Спирмен рангілі корреляциялық коэффициентін есептеу осы коэффициенттің келесі маңызын анықтады: (реттілік бойынша): ρ=0,40, ρ=1,0, ρ=1,0.
Репродуктивті нұсқамалардың барлық индикаторлары (жоспарланған,қалаулы және таңдаулы балалар саны) көптеген жас топтарында некеге тіркелген әйелдерде статистикалық тұрғыда маңыздырақ болды (р<0,05).
Елордамыз Астананың еліміздің ерекше маңызды әлеуметтік және мәдени орталығы екенінескере отырып, біз фертильді жастағы әйелдерге репродуктивті денсаулығының сипатбелгілерін дайындадық. Астанада тууды жоғарылату мақсатымен іс-шараларды орындау үшін 2012-2014 жылдарға арналған «Қазақстан елдордасы Астанада жас отбасыларын медициналық-әлеуметтік қолдау» Бағдарламасының нұсқасы дайындалды. Бағдарламаны іске асыру отбасылық институт маңыздылығын арттыруға себебін тигізеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда және Астанамызда демографиялық саясаттың маңызды міндеттері:
Жастардың репродуктивті нұсқамаларын зерттеу;
Осы нұсқамалардың механизмдері мен олардың қалыптасуына әсерін тигізетін факторларды зерттеу;
Репродуктивті нұсқамаларды іске асыратын нақты іс-шараларды дайындау.
Осылайша, репродуктивті жүріс-тұрысты зерттеу Қазақстандағы
тууды болжамдауға, сонымен қатар тиімді демографиялық және отбасылық саясаттың ұзақ мерзімді концепциясын дайындауға әсерін тигізуі қажет.
АННОТАЦИЯ
диссертации Даулетовой Гаухар Шалхарбаевны на тему «Медико-социальные аспекты репродуктивного поведения женщин г. Астана» на соискание ученой степени доктора философии PhD 6D110200 – Общественное здравоохранение
Cовременная демографическая ситуация в Казахстане характеризуется рядом проблем. Создание семьи откладывается на более поздний возраст, уменьшается количество детей в семье, выбор «ребенок или карьера» все чаще решается женщинами в пользу карьеры. Данные тенденции могут поставить под угрозу экономическую и политическую независимость нации в будущем.
Репродуктивное поведение молодых женщин оказывает значительное влияние на основной компонент воспроизводства населения - рождаемость.
Диссертационная работа посвящена изучению медико-социальных аспектов рождаемости и репродуктивного поведения молодых женщин г.Астаны. Цель исследования состояла в том, чтобы на основе комплексной оценки медико-социальных аспектов рождаемости и репродуктивного поведения женского населения г.Астаны разработать мероприятия по повышению мотивации женщин к рождению детей.
Программой исследования явились разработанные анкеты. С помощью них были изучены как вопросы регулирования рождаемости в молодых семьях, так и мнения женщин об идеальном, желаемом и ожидаемом числе детей в семье. Всего социологическим исследование было охвачено 1017 респонденток в возрасте до 39 лет.
Отмечено, что медико-демографические показатели в г.Астане за период с 2001 по 2009 год значительно улучшились. Показатель рождаемости повысился с 10,3‰ до 24,4‰, естественный прирост вырос с 3,3‰ до 19,4 ‰, коэффициент фертильности повысился в 2,5 раза. Возрастно-половая пирамида населения г.Астаны показывает наибольший процент женщин в возрастной группе 25-29 лет – 11,6%. Вместе с тем, отмечена относительная многочисленность девочек в возрасте 10-14 лет (4,8%). Таким образом, в ближайшие 7-8 лет можно ожидать рост численности возрастной категории женщин 20-29 лет, на которую приходится значительная часть рождений.
Выявлено, что на протяжении всех лет наблюдения (2001-2009гг.) охват средствами контрацепции в г.Астане был выше, чем по Республике в целом. В то же время в течение этих лет частота абортов в столице была значительно (порой в 2 раза) выше, чем среднереспубликанский показатель. Обнаружена обратная сильная корреляционная связь между рождаемостью и частотой абортов (ρ=-0,93, m=0,14, t=6,70, что соответствует вероятности безошибочного прогноза >99,9%). Наиболее частыми причинами абортов, по ответам респонденток, были отсутствие зарегистрированного брака (25,3 ответа на 100 опрошенных женщин) и материальные затруднения (16,5).
Так называемое "идеальное" число детей выяснялось через ответ на вопрос: «Какое количество детей в семье Вы считаете идеальным?» Больше всего женщин отметили в качестве идеального числа детей в семье – три (41,3%), несколько меньше (33,0%) высказались за двух детей в качестве идеального варианта. Далее следовали женщины с идеальным числом в виде четырех (13,0%), пяти (4,6) и одного ребенка (6,2%). Лищь 1,9% респонденток посчитали, что в идеальном варианте вообще бы не предпочли иметь детей. Среднее идеальное число детей в семье оказалось равным 2,71±0,19. Давая интерпретацию этой величине, следует отметить, что она является математической абстракцией, ибо нельзя представить семью, где идеальное число детей, равнялось бы подобной цифре (число детей - величина дискретная). Поэтому в данном случае для характеристики и анализа такой средней применима модальная варианта. Модой в данном случае является 3, так как более 40% женщин считают идеальной семью такую, в которой трое детей. Таким образом, для характеристики мнений женщин об идеальном числе детей в семье целесообразно использовать две величины: среднюю арифметическую и моду.
Опровергнута гипотеза, согласно которой более высокий уровень образования влияет на образ жизни и ведет к отказу от детей. Разница между средними величинами идеального числа детей у женщин с различным уровнем образования оказалась статистически несущественной (р>0,05).Отмечено, что в каждой возрастной группе женщин четко проявляется тенденция увеличения средней арифметической по следующему направлению: среднее ожидаемое число детей, среднее желаемое число и, наконец, среднее идеальное число детей. Среднее ожидаемое число детей было 1,91±0,03. Определена корреляционная связь идеального, желаемого и ожидаемого числа детей с возрастом. Вычисленные коэффициенты ранговой корреляции Спирмена выявили следующие значения этого коэффициента (в порядке последовательности): ρ=0,40, ρ=1,0, ρ=1,0. Все индикаторы репродуктивных установок (ожидаемое, желаемое и идеальное число детей) в большинстве возрастных групп было статистически более значимыми у женщин, состоящих в зарегистрированном браке (р<0,05).
Учитывая особый статус г.Астаны как столицы и важнейшего социального и культурного центра страны, нами разработаны критерии репродуктивного здоровья для ее женщин фертильного возраста. Для выполнения мероприятий по стимулированию рождаемости в столице Республики разработан проект Программы «Медико-социальная поддержка молодой семьи столицы Казахстана» на 2012-2014гг. Реализация Программы должна способствовать повышению статуса института семьи.
В настоящее время наиболее важными задачами демографической политики в Казахстане, и в г.Астане в частности, являются:
Изучение репродуктивных установок молодых людей;
Изучение механизма этих установок и факторов, влияющих на их формирование;
Разработка конкретных мер, способствующих реализации репродуктивных установок.
Таким образом, изучение репродуктивного поведения должно способствовать пониманию и прогнозированию тенденций рождаемости в Казахстане, а также разработке долговременной концепции эффективной демографической и семейной политики.
ABSTRACT
dissertation Dauletova Gaukhar Shalkharbaevna
on the theme "M
edical and social aspects of reproductive behavior
of young married women in city Astana " on competition of a scientific degree of the doctor of philosophy PhD 6D110200 - Public health
Current demographic situation in Kazakhstan is characterized by a number of problems. Making a family is postponed to a later age, fewer children in the family; the choice of “a child or a career” is increasingly resolved in favor of women's careers. These trends could jeopardize the economic and political independence of the nation in the future.
Reproductive behavior of young women has a significant impact on the basic components of population reproduction - fertility.
The dissertation is devoted to studying health and social aspects of fertility and reproductive behavior of young women in Astana.
The aim of the study to develop measures to improve the motivation of women to birth children, which based on a comprehensive assessment of medical and social aspects of fertility and reproductive behavior of the female population in Astana.
Designed questionnaire were research program. With them were studied both the regulation of fertility in young families, and women's views about the ideal, desired and expected number of children per family. Total sociological survey covered 1,017 respondents aged less than 39 years.
Noted that the medical-demographic indicators in Astana for the period from 2001 to 2009 have improved significantly. The birth rate has increased from 10,3 ‰ to 24,4 ‰, the natural increase rose from 3,3 ‰ to 19,4 ‰, and fertility has increased in 2,5 times.
Age-sex pyramid of the population in Astana city shows the highest percentage of women in the age group 25-29 years - 11,6%. Also noted the relatively large number of girls aged 10-14 years (4.8%). Thus, in the next 7-8 years we can expect growth in the number of women age 20-29 years, which accounts for much of the births.
Revealed that in all the years of observation (2001 to 2009) coverage for contraception in Astana was higher than in the country as a whole. At the same time during these years, the frequency of abortions in the capital was significantly (sometimes 2 times) higher than the average figure. Found the inverse strong correlation between fertility and abortion rates (ρ=-0,93, m=0,14, t=6,70, which corresponds to the probability of error-free prediction of> 99.9%). The most common causes of abortion, the responses of the respondents were no registered marriage (25,3 response to 100 women interviewed) and financial difficulties (16,5).
The so-called "ideal" number of children became clear through the answer to the question: "How many children in the family you consider ideal?" The most women reported as the ideal number of children in the family - three (41,3%), slightly lower (33,0 %) supported the two children as the ideal option. Then were followed by women with the ideal number of four (13,0%), five (4.6) and one child (6.2%). Only 1,9% of respondents felt that ideally would not have preferred to have kids.
The average ideal number of children per family was 2,71 ± 0,19. Giving an interpretation of this magnitude, it should be noted that it’s a mathematical abstraction, since it’s impossible to present a family where the ideal number of children would be equal to this figure (number of children - the value of the discrete). Therefore, in this case for characterization and analysis of such average, modal option is applicable. Mode in this case is 3, since more than 40% of women believe the ideal family one in which three children. Thus, to describe women's views about the ideal number of children per family is advisable to use two quantities: the arithmetic average and mode.
Refuted the hypothesis that higher levels of education influences the lives and leads to the abandonment of children. The difference between the average values of the ideal number of women’s children with different levels of education was statistically insignificant (p> 0,05). It’s noted that in each age group of women clearly there is tendency of increasing the arithmetic average in the following direction: the average expected number of children, the average desired number and, finally, the average ideal number of children. The average expected number of children was 1,91 ± 0,03.
There is definite correlation between the ideal, desired and expected number of children with age. Calculated Spearman rank correlation revealed the following values of this coefficient (in order of sequence): ρ=0,40, ρ=1,0, ρ=1,0.
All indicators of reproductive units (expected, desired and ideal number of children) in most age groups was statistically more significant for women in registered marriages (p <0,05).
Considering the special status of Astana city as the capital and the most important social and cultural center of the country, we have developed criteria for reproductive health for women of fertile age. The draft Program “Medical and social support for young families of the capital of Kazakhstan” for 2012-2014 was developed to carry out activities to stimulate the birth rate in the capital of Republic. Implementation of the Program should contribute to improving the status of the family.
At present time, the most important tasks of demographic policy in Kazakhstan, and particularly in Astana, are:
• Study of reproductive attitudes of young people;
• Study of the mechanism of these attitudes and the factors, influencing to their formation;
• Develop specific measures to facilitate the implementation of reproductive plans.
Thus, the study of reproductive behavior should contribute to understanding and predicting trends in fertility in Kazakhstan, as well as the development of long-term concept of effective population and family policy.
Достарыңызбен бөлісу: |