140
ақпаратты бағалайды. Оқушы өзі белсенділік танытып, М.Дулатовтың
шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізу туралы мектеп басшылығымен
іскерлік келіссөз жүргізуіне болады. Ол үшін жұмыстың мақсатын, жоба-
жоспарын, тезисін алдын ала дайындап алады.
Өнімді топтық қатынас (полилог) аспектісі бойынша оқушылар
топтың алдына қойылған мәселелерді талқылаудың жолдары туралы өзара
келіседі;талқылау барысын бақылайды және ондағы пікірлерді жинақтайды
(жұмыс соңында шешім жасайды); топтық жұмысты орындау барысында
оқушылар өз міндеттерін анықтап, бөліседі; оқушылар бір-бірінің идеяларын
нақтылап түсіну үшін бір-біріне сұрақ қояды, өз ойын өзгелердің ойымен
салыстырады, бір-бірінің идеяларын нақтылайды және дамытады. Бұл аспекті
бойынша «Бақытсыз Жамал» романын бірнеше эпизодтарын сахнаға дайындау
тапсырылады.
2.3 Эксперимент жұмыстарының барысы мен нәтижелері
Қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасына ең алдымен классикалық
шығармалар,
халыққа
танымал
қаламгерлердің
үздік
туындылары
енгізілгендіктен
бұл
ақын-жазушылардың
әрқайсысы
жұртшылыққа
шығармашылық тұлға, шығармалары – шығармашылық құбылыс ретінде
қабылданды. Нақты шығарманы оқытудың әдеби-әдістемелік жоспарын
жасаудың бір тірегі – мұғалімнің ғылыми, көркемдік танымының кеңдігі,
шығармашылық қабілет-дарыны болса, екінші тірегі – жоғарғы сынып
оқушыларының әдеби білімі мен ғылыми ойлау дәрежесі арқылы көрінетін
шығармашылық белсенділігі. Өйткені, кез келген шығарманы оқытудың
тиімділігін арттыру жолындағы әрбір әрекет оқушының білім, білік, түсінік
дәрежесіне сәйкес жүргізілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында 10-11 сыныптарда жазба
жұмыстарын жүргізуге 8 сағат бөлінген. Оқушылардың жазбаша тiл дамыту
жұмыстарында шығарма, эссе, реферат, баяндама үлгiлерi, түйіндеме,
хабарлама, жазбаша монолог, жазбаша диалог, хат, репортаж,
ремаркаларды, т.б. үнемi жүргiзiп отыру көзделедi. Жазбаша жұмыстар
оқушылардың сауаттылығы үшiн де, алған бiлiмдерiн тексеруде де қолайлы
болып келедi. Жазбаша жұмыстар ойлау еңбегiне дағдыландырады, қосымша
материалдарды пайдалану машықтарын жетiлдiредi. Тұтастай алғанда, жазба
жұмыстары оқушыларды ойлай бiлуге, iзденiске, шығармашылыққа
жетелейдi.
Мектептік жүйедегі қазақ әдебиетiн оқытудың қазiргi озық әдiстерiн жеке
өзiнiң ұстаздық тәжiрибесiмен де, ғылыми зерттеу жолымен де зерделеп,
жүйелеп ұсынған ұстаз-ғалым Қ.Бiтiбаеваның оқушыларды шығарма жазуға
үйрету жолдарын анықтауында шығарма жұмысының тұлға дамытушылық мәнi
де, тiл дамытушылық қызметi де үлкен.
Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттарын әдіскер-ұстаз былайша
сараптайды:
1. Оқушы бiлiмiн бақылау, бiлiм деңгейiн тексеру.
141
2. Жазбаша көркем тiлiн дамыту, теориялық бiлiмдерiн практикалық
жұмыстарда пайдалана бiлу.
3. Өз беттерiмен iздену, өз пiкiрлерiн салыстыру, қорытынды жасай бiлу
арқылы ойлау еңбегiне дағдыландыру.
4. Оқушылардың қабiлетi, дарынына әсер ету, шығармашылық
жұмыстарға баулу.
Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып бiреу болса да, әр оқушы оны
өзiнше жеткiзедi, яғни тiлдiк көрсеткiшi сол көркем туындыны не кейiпкердi
қабылдау дәрежесiне байланысты.
Ғалым-әдiскерлер, iзденімпаз мұғалiмдер iс-тәжiрибесi бойынша
шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1) Публицистикалық шығармалар. Оған: очерк, фельетон, мақалалар,
пiкiрлер жаздыру жатады.
2)
Шығармашылық
бағыттағы
шығармалар:
Бұған
әңгiме,
инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады (әдеби жанрларды басшылыққа
алады).
3) Ғылыми-зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған: реферат, ғылыми
сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пiкiрлер жатады.
4) Әдеби тақырыптарды қамтыған, бiлiм дәрежесiн, тiл байлығын
тексеруге арналған шығармалар.
Тақырыптың ауырлығына, жеңiлдiлiгiне, оқушылардың жас ерекшелiгiне,
сыныбына, дайындығына байланысты шығарма жазудың уақыты белгiленедi.
Мысалы, сыныпта 1-2 сағат, үйде бiр аптадан он күнге дейiнгi мерзiмде.
Мұғалiм
оқушыларды
шығарма
жазуға
даярлауда
жекелеген
оқушылармен жұмыс жүргiзедi, қосымша материалдар iрiктеуге, эпиграф
таңдауға көмектеседi. Оқушы шығарманы үйде жазса, оның алғашқы үлгiсiн
оқып, ақыл-кеңес бередi. Басында үлгiсi берiлген нұсқау-көмектi естерiне
түсiрiп, шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса,
сыныпта немесе қосымша сабақта кең жоспар құруға көмек жасайды. Шығарма
жаза алу факторларын оқушы бiлуi керек. Мысалы, оқушының сол тақырыпты
бiлуiмен бiрге бiлгенiн көркем, тиянақты тiлмен жеткiзу қабiлетi, тiл байлығы,
сауаттылығы, әдеби талдауы, негiзгi мәселелердi дөп тауып, соны тұжырымды
бере бiлуi, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды
пайдалана бiлу өте алғырлық, зеректiлiктi қажет етедi. Сондықтан мұғалiм
балаларды шығарма жаздыруға баулуда көп еңбектенуi қажет.
Мектеп тәжiрибесiнде оқушы шығармасының екi түрi қалыптасқан: әдеби
тақырыптар бойынша (әдебиет курсына байланысты), еркiн тақырыптар
бойынша (әсерлерiне, байқағандарына, тәжiрибесiне негiзделген).
Әдеби тақырып бойынша жазылатын шығарма мәтiнмен жасалған
жұмыстың қорытынды сатысы болып табылады. Эпикалық туындылар
бойынша жазылған шығармада оқушының көркем шығармаға өзiнiң жеке
көзқарасы бiлiнедi, оны қаншалықты оқып меңгергенi айқындалады, өз пiкiрiн
дәйектеуде көркем шығарма детальдарын қолдану дағдылары көрiнедi.
Шығарма — көркем туындыны қабылдауына қарай оқушының оны қайта
Достарыңызбен бөлісу: |