142
жаңғырту жұмысы. Әдебиетші ғалым С.Мақпырұлы «Шығарма жұмысы
бағдарламалық материалды мазмұны тұрғысынан меңгерту, оқыған-білгенін
тексеру-қадағалау десек, қателесеміз. Шығарма жұмысы әдебиет атты әсемдік
әлемінің ішкі сырын терең түсініп, сол арқылы өмір-болмыс сырын пайымдауға
баулудың, әдеби эстетикалық талғамды қалыптастырудың тиімді бір тәсілі.
Сондықтан да шығарма жұмысына тән ерекшеліктің бірі - оның оқушының
өнер туындысы жайлы өзіндік толғанысына құрылуы», - деп шығарма жазудың
эпикалық көркем туындыларды оқытудағы орнын дәйектейді. Бұдан біз
шығарманы жазуда оқушының талғамы, қызығушылығы және оқырмандық
қабілетінің де дамитынын байқаймыз [137].
Шығармалардың бiрнеше түрлерi қалыптасқан:
1. Әдеби кейiпкерлер туралы шығармалар.
2. Шығарманы тұтас талдау шығармалары. Бұлар өз кезегiнде бiрнеше
түрге бөлiнедi:
а) шығарманы тұтас бағалау (М.Әуезовтiң “Абай жолы” романы неге ХIХ
ғасырдағы қазақ қоғамының энциклопедиясы деп танылады?);
ә) шығармада көтерiлген адамгершiлiк, әлеуметтiк, философиялық
мәселелер;
б) шығарманың көркемдiгiн талдау.
3. Көркем шығарманың жеке үзiндiлерi бойынша шығарма.
4. Әдеби шолу шығармалары, т.б.
Оқушы шығармаларын бағалап, рецензия жазғанда мынадай талаптардың
орындалуы ескерiледi:
1. Шығарма мазмұнының берiлген тақырыпқа сәйкестiгi.
2. Тақырыпты қамтудағы мазмұн толықтығы, оның аяқталынғандығы.
3. Айтылған ойдың дәлелденгендiгi, қаралып отырған пiкiрлердiң
мысалдармен дәйектелiнуi.
4. Шығарманың баяндалуының логикалық мәнiнiң болуы, жүйелiлiгi,
желiлiгi.
5. Тақырыпты ашуға өз жолымен келуi.
6. Баяндалу стилiнiң бiрiздiлiгi, бiрыңғайлылығы, айқындылығы, дәлдiгi,
нақтылығы, түсiнiктiлiгi, тiлiнiң бейнелiлiгi.
7. Эпиграф пен дәйек сөздердiң дәлдiгi, нақтылығы, дұрыстығы.
8. Шығарма авторының пiкiрлерiмен көркем шығарманың, әдеби
сынының үйлесiмi.
9. Шығармадағы әдеби қателер, дәлсiздiктер.
10. Сөздердi дұрыс қолдануы, грамматикалық, стильдiк сауаттылығы,
әдеби тiл нормаларын сақтауы.
Оқушылардың жазбаша тiлiн дамыту сабақтарында оқушыларды мынадай
жұмыстарды өз бетiнше атқаруға дағдыландыру қажет:
- тақырыпты таңдау;
- бiр-бiрiне мағыналары ұқсас тақырыптарды айыру;
- керектi кiлт сөздердi iрiктеп алу;
- көтерiлетiн мәселенi айқын түсiнiп меңгеру, оны басқа мәселелермен
143
шатастырмау;
- өзiнiң ой-пiкiрiн көркем шығарманың идеяларымен, оқулықтың
көзқарасымен шатастырмау.
Мұндай шығарма жазуға үйрету сабақтарында жоспар құру немесе дайын
жоспарды талқылау, жазу жұмысының жанрлық түрiн анықтау, эпиграфтарды
талқылау, мәтiндiк материалдарды таңдау, шығармада көтерiлетiн мәселенiң
атауын анықтау, т.б. жұмыстар жүргiзiледi. Біздің зерттеу жұмысымызда
тәжірибелік топтарда шығарма жаздыруға екі сағаттан уақыт бөлінді. 10-
сыныпта «Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшеліктері», 11-сыныпта
«Мұқағали өлеңдеріндегі сүйіспеншілік пен достық» тақырыбында шығармалар
жаздырылды. Нәтижелері эксперимент жұмысында көрсетілген.
Әдебиет сабақтарында жоғарғы сынып оқушыларының көркем
шығармаға деген қызығушылығын дамыта отырып, көркемдік қабылдауын
жан-жақты тереңдету ісін жолға қою үшін тіл дамыту жұмыстары оңайдан-
қиынға қарай күрделендіріле, оқушының оқырмандық іс-әрекетінің, қабілетінің
негізгі ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілгені орынды.
Орта мектепте эпикалық шығармаларды оқытуда шәкірттердің
оқырмандық қабілетін дамытудың келесі бір ең өнімді де пәрменді жолы –
сыныптан тыс оқу жұмыстары. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында
мұғалімдердің: «...Көркем әдебиетті оқығанды былай қойғанның өзінде
оқулықтың бетін ашпайтындардың күннен-күнге көбейіп келе жатқанын көріп
отырмыз», – деп ашына айтып, жазып жүргенін көріп жүрміз. Шындығында да,
қазіргі кезде бұл мәселе бүкіл мұғалімдер қауымын алаңдатып отырған күрделі
жағдай. Бүгінгі таңда оқушыларымыздың кітап оқуға ықыласы мүлде жоқ десек
артық емес. Осыдан 40 жыл бұрын айтылған ҚР ҰҒА академигі С.Қирабаевтың:
«Әдебиет оқытудың жай-күйі әлі уақыт дәрежесінен көп төмен жатыр. Орта
мектепті бітірген балалардың әдеби ұғымының төмендігін, оқыған
кітаптарының аздығын, көркем әдебиеттің сыр-сипатын ұғынудағы
көпшілігінің мәдениеті төмендігін, ал орыс және дүниежүзі халықтарының
әдебиетінен хабары аздығын біз жыл сайын көріп жүрміз. Мектептен және
сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру бүгінгі таңдағы әдебиет мұғалімдерінің
алдындағы қасиетті борышы», [138] – деген пікірінің құндылығы қазір де өз
құнын жойған жоқ. Қайта керісінше, барша ұстаздар қауымына үлкен
жауапкершіліктер жүктейтіні анық. Оқулықпен шектелген білім жас оқушының
теориялық білім негіздерін күнделікті өмірмен, тәжірибемен ұштастыру, өз
бетімен ойлану, өздігінен іздену мүмкіндігін шектейді. Себебі, жалпы білім
күнделікті өмірде болып жатқан жаңалықтармен, өзгерістермен, адамзат
баласының ақыл-ой жетістіктерімен тығыз байланыста, сабақтастықта
қарастырылып, нақтылы мысалдармен, көркем детальдармен, өмірлік мәні бар
штрихтармен беріліп, байыта түскенде ғана ол диалектикалық күш-қуатқа ие
болады. Мұның өзі жас шәкірттің бойында жаңалыққа құштарлық сезімін
ұялатып, білген үстіне біле түсуге, білімін жетілдіре, оқырмандық қабілетін
дамыта түсуге әсер ететіні даусыз.
Мектеп қабырғасындағы білімнің осындай күш-қуатының қайнар бұлағы,
Достарыңызбен бөлісу: |