Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет66/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77

138 
 
ақпаратты 
атайды; 
мерзімді 
басылым 
материалдарының 
тізімін, 
библиографиялық  жинақтарды  қолданады;  интернет  жүйесінің  электрондық 
және  карточкалық  каталогтарын  пайдаланады;  берілген  ақпаратты  қайнар 
көздің  қай  түрлерінен  іздеу  жолын  көрсетеді;  ақпараттық  ізденіс  міндетіне 
сәйкес  деректерді  сипаттайды.  Бұл  арнаның  атқаратын  қызметінің  ауқымы 
кең,әрі таңдау мүмкіндігі де жоғары. Сол себепті бұл құзыреттіліктер бойынша 
тапсырма  орындауда  оқытудың  интербелсенді,  ақпараттық,  дамыта  оқыту, 
жобалау  технологияларын  қолдану  ұтымдылық  танытады.  «М.Дулатовтың  
шығармашылығы  туралы  кімдердің  зерттеу  еңбектері  бар  екен?  Ақпарат 
көздерінен  іздестіріңіз»  деген  бір  ғана  сұрақпен  орасан  жұмыс  түрлерін 
жүргізуге  блады.  Ол  әрине,  мұғалімнің  дұрыс  бағыт  бере  алуына  да 
байланысты.  
Алғашқы  ақпараттарды  бөліп  алу  аспектісінде  мынадай  сұрақтар 
қойылады:  
1.  М.Дулатовтың  білімді  азамат  болып  қалыптасуына  Ыбырай  мектебі 
қалай әсер етті? 
2.  Міржақып  Дулатовтың    білімді,  саяси  қайраткер  дәрежесіне  
көтерілуіне  қандай жағдайлар   себеп болды?   
3. М.Дулатовтың әлеуметтік-саяси жұмыстармен айналысуына әсер еткен 
сыртқы жағдайлар қандай еді?  
4. Ел санасын ояту бағытында М.Дулатов қандай жұмыстар жасады?  
5.  М.Дулатовтың  өз  шығармаларын  бүркеншік  атпен  беру  себебі  неде? 
Бұның қандай пайдасы болды деп ойлайсыздар?  
Сұрақ-тапсырмаларды орындауда оқушылар ақпараттық ізденіс міндетіне 
сәйкес өз бетімен бақылау-эксперимент  жүргізеді; сауалнама арқылы ақпарат 
жинауды  өз  бетімен  жоспарлайды  және  жүргізеді;белгіленген  міндетке  сәйкес 
жоспар  бойынша  БАҚ-на    мониторинг  жүргізеді;берілген  тапсырма  бойынша 
статистикалық,  тарихи  және  көркем  образ    мазмұнындағы  дерек  көздерден  
ақпаратты бөліп алады. 
Қайта  алынған  ақпаратты  бөліп  алу  аспектісінде  М.Дулатовтың  
жазған еңбектерін жинақтап, тақырып бойынша бөлу тапсырылады. Тапсырма 
біреу  болғанымен  жұмысты    аспектінің  атына  сәйкес  бірнешетүрге  бөліп 
орындауға болады. Оқушылар белгіленген міндеттің сипатына орай өз бетімен 
негіздеме    құрайды,  оларды  үйлестіріп,  бастапқы  ақпаратты  бөліп  алады; 
айқындалған қайшылықтарды көрсетеді.  
Ақпараттарды  бастапқы  өңдеу  бойынша  "Бақытсыз  Жамал" 
романының  композициялық  құрылымын  жасау  тапсырылады.  Оқушылар 
берілген  күрделі  құрылымның  аясында  іріктелген  ақпараттарды  жүйелейді;бір 
тақырып  бойынша  өздігінен  ақпараттарды  жүйелеуге  қажетті  қарапайым 
құрылым  жасайды.  М.Дулатов  шығармашылығы  туралы  жинақталған 
ақпараттардан рефератқа қажетті материалдарды топтастырады.  
Ақпараттарды  өңдеу  аспектісінде  шешуге  тиіс  міндеттер  аясына  
алынған  ақпараттарды  енгізеді;  ақпараттардың  дәлдігін,  сенімділігін  тексеру 
үшін  ұсынылған  тәсілді  қолданады;  алынған  ақпарат  негізінде  өзі  қорытынды 


139 
 
жасай  алады  немесе  өзгелердің  қорытындысымен  келіседі  және  оны  бекіту 
мақсатында бірнеше дәйектер келтіреді. Жауапты  эпизодтарға бөліп, оларға ат 
қояды,  эпизодтар  бойынша  жоспар-тезис  жасайды.  Берілетін  сұрақтар  мен  
тапсырмалар:  
1.  Қалай  ойлайсыз,  «Бақытсыз  Жамал»  романындағы    кейіпкерлердің 
прототипі  бар  ма?  Іздестіріп көріңіздер.  
2. Екі жас қандай шешімге келді? Оларға кімдер көмектесті? 
3. Қол ұстасып бақыт жолына түскен екі жастың паналағаны кім болды? 
4. Жамал мен Ғалидың қашып кетуі елге қандай әбігер әкелді? 
5. Екі жастың бақыт сапары қалай аяқталды? 
Ақпараттарды  өңдеуде  логикалық  операцияларды  қолдану  міндетке 
сәйкес  саралауды  негіздеудің  жолдарын  ұсынады  және  оларды  саралайды;    
жалпы категория тұрғысына сай ұғымдарды анықтайды,  өз бетімен  сол ұғымға 
анықтама береді; берілген критерийлер бойынша белгілерді саралап көрсетеді; 
болжамды  тексереді;  нысандар  мен  құбылыстарды  берілген  критерийлер 
бойынша  салыстырады  жәнеолардың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары 
туралы  қорытынды  жасайды;  «бұған  дейінгі»  және  «бұдан  кейінгі»  жағдайды 
толық  сипаттап,  олардың  себеп-салдарлы  байланыстарын  айқындайды. 
Берілген  мына  екі  сұрақ  төңірегінде  ойланып,  толғану  нәтижесінде  оқушы 
М.Дулатов шығармашылығына жүйелі талдау жасап, өзіндік баға бере алады.   
1.  М.Дулатовтың  жан-жақты  шығармашылық,  ғылыми  еңбектері  және  
қоғамда атқарған жұмыстары оны толық таныта алды ма?  
2. Жазушы өмірінен өзіңізге өнеге алатын тұстары бар ма?   
Құзыреттіліктер 
түріндегі 
тапсырмалардың 
үшінші 
түріне  
коммуникативтік    құзыреттіліктер  жатады.  Мұнда  оқушылар  көбінесе 
өзара әрекеттесіп интербелсенді жұмыс жасайды. 
Жазбаша  қатынас  аспектісінде  оқушылар  өз  ойларын    жазылымдық 
коммуникацияның  күрделі  құрылымына  сай  жазады;  құрылымы  күрделі  
тақырыптың  мазмұнын  қосалқы  құралдарды  сауатты  қолдана  отырып  ашады;  
жазбаша  құжаттардың  жанры мен  құрылымын  алдына қойған  мақсатына орай 
анықтайды.  «М.Дулатов  шығармашылығы»  тақырыбына  реферат  жазу 
тапсырылады.   
Көпшілік  алдындағы  сөз  аспектісінде  оқушылар  ауызша  қарым-
қатынасқа  түседі.  Олар  өз  сөзінің    мағыналық  бөліктерін  айқындаудың  тілдік 
құралдарын  (логикалық  байланыс  құралдары)  пайдаланады;  бет-жүз 
құбылыстары  мен  қол-дене  қимылдарын,  сондай-ақ  көрнекі  материалдарды 
қолданады;тақырыпты  дамыту  бағытында  берілген  сұрақтарға  жауап  береді; 
аудитория    мен  қарым-қатынас  мақсатына  сәйкес  өз  сөзінің  мазмұны  мен 
жанрын  анықтайды.  Орындауға  М.Дулатовтың  «Оян,  қазақ»  өлеңінің 
эпиграфын жатқа оқып, мағынасын сол кездегі жағдайға сәйкес түсіндіріп  айту 
тапсырылады.  
Диалог  –  оқушылардың  өз  пікірін  білдіруге    және  серіктесінің  ойына 
қозғау салуға көмектесетін аспектінің бірі. Мұнда оқушы нақты жағдаятқа сай 
келетін  сөз  мазмұнын  қабылдайды,монологтағы,  диалогтағы,  полилогтағы 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау