Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – б±л адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалыќ ж‰йе



жүктеу 139,96 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі139,96 Kb.
#18250

УДК 372.851.02

УДК 372.800.4.02



АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ PROLOG ТІЛІН ПАЙДАЛАНУ


әл-Фараби атындағы КазҰУ

Механика-математика факультеті


доцент Хәкімова Т.Х.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.

Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді жаңа инновацияларды пайдалануды кажет етеді. Әл-Фараби атындағы ҚҰҮ-нің факультеттерінде «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» пәнін типтік бағдарламаға сәйкес, үш кредит бөлінген.
Курстың бағдарламасы


Апталар

Тақырыптың аты

Сағ.

1

Дәріс (Д). Пәнге кіріспе. Ақпараттың ұғымы, ақпараттық процесстер және ақпараттық технология. Ақпараттың құрылымы. Ақпараттың түрлері. Ақпаратты ресурстар. Қоғамды ақпаратандыру. Ақпаратты технологияларды қолданудың аумағы.

1

Зертханалық сабақ (ЗС). Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен танысу.

1

Тәжірибелік сабақ (ТС). Оқытушы программалармен жұмыс.

1

2

(Д). Ақпаратты өлшеу бірліктері. Санау жүйелері. Позициялық санау жүйесі. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу.

1

(ЗС). Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

1

(ТС). Дербес компьютерде сандық және символдық ақпараттарды көрсету. Екілік жүйедегі сандарды басқа санау жүйелеріне аудару. Санау жүйелерінде арифметикалық амалдарды орындау.

1

3

(Д). Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру. Жүйелік блоктың элементтерінің функцоиналды қызметі. Дербес компьютерде ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау, баспаға жіберу. Дербес компьютердің құрылымы. Ақпаратты енгізу, шығару және сақтау құрылғылары. Микропроцессордың қызметі және классификациясы.

1

(ЗС). Windows-ты баптау. Файлдық жүйелердің құрылымы. Обьектілермен жұмыстың түрлері. Программаны іске қосу.

1

(ТС). Операциялық жүйе Windows. Бас мәзір. Жұмыс үстелі және оның құрылымы. Бумалар және файлдар. Сілтеуіш.

1

4

(Д). Дербес компьютердің цифрлық-логикалық деңгейі. Ақпараттық технологияларлдың математикалық негіздері. Буль алгебрасы. Жасанды интеллект жүйесі. Программалық жабдықтау және жадтың құрылымы.

1

(ЗС). Логикалық есептерді Prolog программалық ортада жұмыс жасау.

1

(ТС). Логикалық тұжырымдау принциптері. Логикалық амалдармен жұмыс істеу.

1

5

(Д). Жадтың құрылымы. Компьютердің ішкі және сыртқы жады. Жедел және тұрақты жады. Кэш жады. BIOS модулі. Жадты өлшеу бірлігі.

1

(ЗС). Қолданбалы программалар пакетіндегі мәтіндік редактор. Мәтіндік құжатты өңдеуді автоматтандырудың түрлері.

1

(ТС). Мәтінге графикалық объектілерді қою. Мәтіндік құжатында иллюстраиялар құру.

1

6

(Д). Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің сыныпталуы. Қолданбалы программалар пакетіндегі қосымшалармен жұмыс. Мәтіндік редактар, кестелік процессор, мәліметтер қорының басқару жүйесі. Файлдық жүйенің мінездемесі және ОЖ ішкі құрылғылардың драйверлері. ОЖ графикалық интерфейсі. Программалық қамтамасы. Программалау жүйесі. Архивтеу және вирусқа қарсы программалар. Жүйелік, құралдық программалық жабдықтау. Дербес компьютердің құралдық жабдықтауы.

1


(ЗС). Құжаттарды біріктіру. Өріс формалардың түрімен үлгілерді құру. Мәтіндік редакторде гиперсілтеме және макростарды құру.

1

(ТС). Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.

1

7

(Д). Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары. МҚ функциялары. MS ACCESS МҚБЖ қолдану және оның негізгі түсініктері.

1

(ЗС). Кестелік процестерде мәліметтер қорын құру. Енгізу, редактрлеу және форматтау.

1

(ТС). Кестелік процессор туралы жалпы түсінік. Электронды кестені қолданып, мәліметтерді өңдеу. Есептеу. Формулалар. Функциялар. Тізім құру. Microsoft Office қосымшаларының өзара байланысы.

1

8

(Д). Мәліметтер қорын құру. Офистің басқа қосымшаларынан мәліметтерді жобалау және импорттау. Кестеледі құру. Мәліметердің түрі және қасиеттері.

1

(ЗС). Кітапті құру. Беттермен жұмыс. Функцияларды және формулаларды қолдану. Кестелерді бірітіру.

1

(ТС). Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.

1

9

(Д). Сұраныс, Қалып және Есеп беру. Сұраныс, Қалып және Есеп беру түрлері.

1

(ЗС). Базалық кестені құру. Кестеаралық байланыс. Айқастырылған және параметрлік сұранысты құру.Таңдамалы сұраныс.

1

(ТС). Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.

1

10

(Д). Компьютерлік желілер архитектурасы, түсінігі, сыныпталуы, программалық жабдықтауы. желілік және телекоммуникациялық технологиялар Жергілікті (LAN) желілер классификациясы. Аймақтық-таратылған (WAN) желілер. Интернет технологияның элементері. WWW жүйенің негізігі жұмысы. Электрондық пошта. Жаңа іздеу технологиялар.

1

(ЗС). Жобалаушы. Есеп беру шебері. Автоесеп беру.

1

(ТС). Есеп берумен жұмыс және есептеулер.

1

11

(Д). WEB-қосымшаларын өңдеудің технологиясы. Бүкіл дүниежүзілік өрмек. Web құжат. HTML элементтері. HTML тектері.

1

(ЗС). Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу. Internet Explorer броузерді баптау және танысу.Кілттік сөздер бойынша ақпаратты іздеу. Іздеу технологиясын қолдану.

1

(ТС). Мекемелік есептеу желісі және оның орны, мінездемесі. Желінің құрылымы және негізгі компонентері. Жергілікті желідегі IP –адресінің анықтамасы. Жергілікті желіде мәліметтермен алмасу. Желілік баспаға беру. Желідегі барлық ресурстарға қатынасу. Internet Explorer браузер-программасымен және Outlook Express электрондыұ пошта программалармен жұмыс істеу.

1.

12

(Д). Программалау тілдері және оның сыныпталуы. Жасанды интеллект. Алгоритмнің түрі, қасиеттері, құрылымы. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерді бейнелеу. Программалау тілдерінің қолданылуы. Алгоритм және оны талдау. Есептеулерді блок-схема арқылы бейнелеп көрсету.

1

(ЗС). HTML гипермәтіндік тілінің анықтамасы. Форматтар түрлері. Гиперсілтеме және фреймдерді құру. Кестелерді және формаларды құру. Браузер өрістерін баптау.

1

(ТС). Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.

1

13

(Д). Ақпаратты қорғаудың негізі және әдістері. Компьютерлік ақпаратты қорғаудың бүтінділігі. Ақпаратты қорғауда компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы программалардың атқаратын ролі. Ақпаратты вирустан қорғаудың түрлері. Ақпаратты архивтеу. Ақпаратты қорғаудың криптографикалық түрлері. Компьютерлік жүйе құралдарын қорғау критерилері.

1

(ЗС). ПРОЛОГ программалау тілі. Тілдің қысқаша анықтамаасы. Логикалық есептерді шешу.

1

(ТС). Есептерді шешу техноглогиясы. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры.Біралфавитті әдіс. Цезарь шифры. Көпалфавитті шифр. Плейфейра шифры.

1

14

(Д). Мультимедиялық қосымшаларды құрудың технологиясы. Мультимедиялық құрылғылар және олардың қызметі. Қазіргі заманғы мултимедиалық программалардың түрлері.


1

(ЗС). Қазіргі заманғы мултимедиалық технология түрлері арқылы құжаттарды құру.

1

(ТС). Желідегі вирустардың түрлері. Вирусқа қарсы программалар.

1

15

(Д). Ақпараттық технологияларды мамандықтарға сәйкес үйрету. Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология. Электрондық үкіметтің даму кезеңдері. Электрондық үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру

1

(ЗС). Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.

1

(ТС). Ведомствоаралық және үлгiлiк ведомстволық ақпарат жүйелерiн құру және дамыту.

1

Студенттерді оқыту барысында, қолданбалы программалар пакеті және электрондық оқулықтар пайдаланылады. Пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары беріледі (дәріс), оқу-әдістемелік комплексі(ОӘК), СИЛЛАБУС, өзіндік жұмыстар тақырыптары, тест және емтихан сұрақтары ИНТЕРНЕТтегі бетке жазылып қойылады. Студенттер өзінше даярлану үшін компьютерге оқытушы программалар және білімін тексеруге арналған тест сұрақтарынан тұратын программа орнатылған.



Пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасында көрсетілген «Жасанды интеллект» тақырыбын қарастыру үшін келесі ұғымдар қарастырылған.

Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.



Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.

1-Мысал:


1-ші факт.Жанып тұрған плита-ыстық.

1-ші ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады.

2-Мысал:


2-ші факт.Час пик кезінде көшеде машина көп.

2-ші ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады.

3-Мысал:


3а-шы факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты.

3б-шы факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды.

3в-шы факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды.
3а-шы ереже.Егер тыныш , қараңғы көшеде кәрі адам кездессе , онда онша қорықпауға болады.

3б-шы ереже.Егер тыныш,қараңғы көшеде полицияны көрсеңіз ,онда өзінізді қорғанған адам ретінде сезінуіңізге болады.

Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.

  1. Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.

  2. Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.


Жасанды интеллект




Интеллектуальды іс- әрекет нәтижелерін модельдеу . Машиналық интеллект

Биологиялық жүйелерді модельдеу. Жасанды ой жүйесі(разум)


Механизмдерді модельдеу.Нейрон тәрізді желілер



Комплекстік көз-қарас (подход) эвристикалық моделдеу

Ақпараттық процес -терді модельдеу эвристикалық прог-раммалау



Жасанды интеллектті зерттеудің бағыттары

Нейрон тәрізді желілер – робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы.




Шығару ережелері және ме-ханизмі көмегімен мақсатқа жету


Жасанды интеллект–бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе.Сондықтан осы жүйе ретінде Пролог программалау тілін студеттерге таныстырып және мысалдар арқылы дебес компьютерде үйрету қарастырылған.

Пролог тілінде программалағанда шешімді сипаттау біраз жеңілдетіледі, және студент есеп шешімдерін алгоритмдік тілдерде программалағандағыдай шағын қадамдарға бөліп программалау әдістерін іздестірмейді,керісінше тікелей есеппен айналысу мүмкіндігіне ие болады.

Прологтың теоретикалық негізін предикаттарды есептеу деп аталатын символдық логика бөлімі құрайды.Пролог дәстүрлі программалау тілдерінде жоқ біраз қасиеттерге ие.Бұл қасиеттер оны логикалық программалау облысында қуатты етіп көрсетеді.Мұндай қасиеттерге іздестіретін және кері қайтаратын мүмкіндігі бар шығару механизмі, үлгімен сәйкестендіретін механизмі , және мәліметтердің қарапайым бірақ оны өзгерте алатындай мүмкіндігі бар құрылымы жатады.Мәліметтер мен программалар – Пролог объектілеріне тек екі түрлі көзқараста болады.Мәліметтердің біріккен (единая) қоймасында жеке элементтерді еркін түрде жасауға және жоюға болады.Програмалар мен мәліметтер арасында айырмашылық болмайтындықтан, программаны оның жұмысы барысында да өзгертуге болады.Прологта көрсеткіштер , GO_TO және меншіктеу операторлары жоқ.Программалаудың негізгі әдісі рекурсия болып табылады.

Прологта программа жұмысы аяқталғанда (мақсат дәлелденгенде) екі жағдай ғана туындауы мүмкін: «дәлелденді» және «дәлелденген жоқ».Кейде олар сәйкесінше «ақиқат» және «жалған» деп аталады.Бірақ «ақиқат» және «жалған» терминдерін қолданбаймыз,себебі олар нәтиже мағынасын анықтайды. Дәлелденген тұжырым әдетте ақиқат болып табылады, бірақ міндетті емес , себебі дәлелдеу белгілі деректер мен олардың негізінде жасалған қорытындыларға тәуелді болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Клоксик У., Меллши . “Программирование на языке Пролог”.

  2. Хоггер К. “Введение в логическое программирование”.

  3. Т.Хакимова. Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда инновациялық технологияларды пайдалану.:Оқу құралы.-Алматы:Заң әдебиеті,2007-100б.



жүктеу 139,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау