Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет59/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77

123 
 
жол ашады.   
Мұғалім    оқушының  білім  деңгейін,  болжамын,  проблема  бойынша 
саралап,  т.б.  түсінігін  ескере  отырып,  құрастырылып  отырған  мәселеге  сай 
әдебиеттер  ұсынады.Мұғалім    проблемалық  сұрақтар  дайындап,  тапсырмалар 
бере  отырып,  алынған  жағдаятқа  байланысты  ұжымдық  талқылаулар 
ұйымдастырады.  Оқушылар  бұрынғы  жинақтаған  білімінің  негізінде 
проблемалық  ситуациядан  шығудың  жолдарын  іздестіреді,  тапсырманы 
орындау барысында оқушылардың ой-өрісінің шығармашылық сипатта болуын 
зерттеушілік  қабілетін,  т.б.  оқытушы  қадағалайды.  Олар  өз  бетімен  ізденеді, 
ойланады,  өзіне-өзі  сұрақ  қояды,  кітаптан  қарайды,  салыстырады,  ажыратады, 
ой түйін жасайды.   
Қазақ  әдебиеті  пәнін  оқытуда  оқушының  танымдық  белсенділігінің 
артуына,  әдеби  білімін  тереңдетуге,  өздік  әрекетін  дамытуға  оқу  мотивтерінің 
мәні  ерекше,  мұның  өзі  сапалы  білім  берудің,  оқырмандық  білім  мен 
біліктілікті  дамытудың  бірден-бір  жолы.  Ж.Аймауытов  «Мотивтерді,  пәнді 
оқытудың  ең  маңызды  тетігі»  деп  бағалаған.  Демек,  мәтінге  сәйкес  дұрыс 
түзіліп,  нақты  берілген  проблемалық  сұрақ-тапсырмаларды  орындауда  оқушы 
мәтіндегі белгісіз, жаңа проблемаға көңіл бөліп, көркем туындыны әр қырынан 
алып  талдауға,  шығарма  сырына  терең  үңіліп,  ой-тұжырымдар  жасауға 
тырысады.  Әрекетке  түрткі  болған  мотивтер  бала  бойына  қызығушылықты 
оятып,  дербес  шешім  қабылдауға,  өзіндік  қорытынды  жасауға  ықпал  тигізеді. 
әсіресе,  шынайы  мен  нақты  жағдаяттар  арасындағы  қайшылықтарға  талдау 
жасайды.  Мұғаліммен  бірге  анықтаған  проблеманың  негізінде  зерттеу 
мақсаттарын  құрады.  Проблеманың  себептерін  ашуға  тырысады.  Мұндай 
проблемалық  сұрақ-тапсырмалардың  қай-қайсысы  болмасын  қарастырылған 
мәселені  зерттеушілік  әрекетпен  шешуге,  жаңа  болжамдар  жасауға,  ізденіске, 
ой-толғанысқа  түсінуге,  мәліметтерді  қорытындылап,  соның  негізінде  өз 
ойларын  тұжырымдап  беруге  көмектеседі.  Сондай-ақ,  оқушының  танымдық 
қажеттіліктері артып, проблеманы көреді, анықтайды, өздерінше шешеді.            
Оқытудың  проблемалық  сипатта  болуы,  оқушының  ойлау  дербестігін, 
зерттеушілік  қабілетін  арттырудың  бірден-бір  жолы  болып  табылады.  Ойлау 
үдерісі  әр  түрлі  жаңа  жағдайларға  байланысты  өзгеріп  отырады.  Оқушыларға 
берілетін  проблемалық  тапсырмалар,  әр  түрлі  сұрақтар  т.б.  оларда  ой 
керенаулығын  тудырмайтындай,  ықыласы  мен  ынтасын  бәсеңдетпей  таным 
белсенділігін қалыптастыруға пәрменді ықпал ететіндей болуы қарастырылады. 
Демек, мұндай проблемалық жағдаят қойылып, нұсқау беріледі. Қарама-қайшы, 
ұғым-тісініктер  ұсынылады.  Оқушы  өз  болжамына  идеясына  берік  сеніммен 
қарап,  өз  ұсынысының  авторы  болып,  пікірін  қадағалайды,  мысалдар  арқылы 
дәлелдейді.  Сынып  тапсырмаларын  пікірлерін  сынайды,  шындыққа  жетуге 
ізденеді,  кейбір  жағдайда  автор  оқытушы  пікірлермен  де  келіспейді,  жоққа 
шығарады. Бұл жұмыстар мәтінді талдау, жинақтау, бағалауда жүзеге асыруда, 
білім  деңгейін  шығармашылық  сатыға  жеткізуге  ұтымды  екенін  көрсетеді.  
Ойландыру әдісі проблемалық әдіспен бірлікте жүзеге асады.  
Сапалы  білім  берудің  бір  шеті  оқушының  өздігінен  ойлау  қабілетін 


124 
 
дамытумен  тікелей  байланысты,  оқушыны  проблемалық  тапсырмаларды 
орындауда  ойланып,  жауап  беруге,  өзінше  шешім  қабылдап,  қорытынды 
жасауға үйретудің маңызы ерекше.  Бұл әдіс оқушының материалды меңгерту 
барысында  проблемалық  сұрақтарға  нақты  жауап  алудан  басталып,  әдеби 
тапсырмалар,  жаттығулар  орындату,  мазмұндама,  сыр  толғау,  шағын  эссе, 
шығарма  жаздырту,  әдеби  диагностикалық  картаны  толтыру,  көркем  мәтіннің 
мағынасын  түсіну,  әдеби,  тілдік  талдау,  көркемдік  ерекшеліктерін  ашу  т.б. 
сияқты  оқушымен  жүргізілетін  жұмыс  түрлерінің  бәріне  де  қатысады.  Демек, 
проблемалық  оқыту  технологиясы  оқушыны  шығармашылыққа  бағыттап, 
оқыту үдерісінің әрбір сатысында әртүрлі ситуацияны шешуді ойұшқырлығын 
дамытып,  қарама-қайшылықты  түсіне  білуге  талпындырады,  дұрыс  нәтижеге 
жетудің,  берілген  тапсырмаларды  орындаудың  жаңа  жолдарын  іздестіреді, 
қазақ  әдебиетін  оқытуда  оқушының  әртүрлі  мәселелер  төңірегінде  өзіндік 
көзқарасын  қалыптастыруды іске асырады.  
Проблемалық  оқыту  технологиясы  қазақ  әдебиетіндегі  эпикалық 
шығармаларды    оқытуда  оқушының  әртүрлі  мәселелер  төңірегінде  өзіндік 
көзқарасын  қалыптастыруды көздейді. Проблемалап  оқыту ғылыми танымды   
кеңейтеді,  оған  жетудің  жолын,  нәтижесін  көрсете  отырып,  оқушының 
ізденімпаздығын, 
белсенділігін, 
өзбетімен 
жұмыс 
істеу 
қабілетін, 
шығармашылық  ойлауын  қалыптастырады.  Проблемалық  оқытуда  әдеби 
білімдерін  жетілдіру  үшін  іздену    ұстанымы  басым  болады.  Әдеби  көркем 
шығармада көтерілген проблемалық жағдаяттарды талдауда оқушылар  әртүрлі 
болжамдар жасайды, оларды шешу жолдарын қарастырады. Проблемалы оқыту 
нәтижесі  әдебиетші  мұғалімнің  жағдаят  туғыза  алу  шеберлігіне  байланысты. 
Оқушы  әдебиеттен  алған  білімдерін  толықтыру  мақсатында  шығармашылық 
ізденіске түсіп, көркем мәтіндерді талдауды,  қорыту мен жинақтауды үйренеді. 
Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ғасырлық туынды екендігін 
қалай    дәлелдеуге  болады?  Егер  сен  бұл  туындыға  ұқсас  көркем  шығарма 
жазсаң,  Құнанбай  мен  Абай  арасындағы  қарым-қатынасты  қалай  үйлестірер 
едің? Қазіргі заман тұрғысынан қарағанда романның  көркемдік ерекшелігі мен 
ақиқаттық  сипатын  қалай  дәйектер  едің?  деген  проблемалық  сұрақтар 
оқушыларды  ойландыруға,  жетелейді.Демек,  проблемалық  оқыту  барысында  
жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  мүмкіндік  жасалып,  ең  бастысы  олардың 
көркем  шығарма  оқуға  деген  ынтасы  артады.  Аталған  оқыту  технологиясы 
төмендегідей  ортақ  ұстанымдарды  басшылыққа  алады:  оқушының  танымдық 
белсенділігін  арттырады,  пәнге  қызығушылығын  оятады,  өзіндік  көзқарасын 
білдіруге  мүмкіндік  береді,  зерттеуге  икемділігін  дамытады,  сөйлесім  әрекеті  
белсенділігін арттырады. 
Әдебиетті  оқытуда  оқушыны  жан-жақты  ізденуге,  өзіндік  ой-
тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар,  әдеби шығармаға тұтас көркемдік 
талдау  жасауды  үйрететін  дамыта  оқыту  технологиясының  әдістемелік 
мүмкіндігі  зор.  Дамыта  оқыту  –  бұл  оқу  үрдісінде  оқушының  барлық 
мүмкіндігінің  толық  іске  асуына  негіз  болатын  бағдарлы  оқыту  болып 
табылады. 
Дамыта 
оқыту 
теориясы 
Г.Песталоций, 
А.Дистервег, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау