Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет50/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77

104 
 
байқадық:  
1) жалпы педагогикалық денгей – белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы 
білім беру үдерісін сипаттайды;  
2)  жеке  пәндік-әдістемелік  деңгей  –  жеке  пән  әдістемесі  ретінде 
қолданылады; 
3)  элементтік  (бөлімді)  модельді  деңгей  –  оқу-тәрбие  үдерісінің 
жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған. 
Педагогикалық  технологияны білім беру  саласында  пайдаланудың әдіс  -
тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері туралы Қазақстандық 
ғалымдар  Ш.Т.Таубаева,  С.Лактионова,  Ж.А.Қараев,  С.Б.Нұрмағамбетова,  
Н.А.Оразахынова,  Е.Жұматаева, С.А.Муликова,  Ж.Ы.Сардарова,  Н.А.Асанов, 
С.А.Нурпеисова, А.Саипов, С.А.Көшімбетова, Д.М. Джусубалиева, Ә.Е.Әбеуов, 
Б.К.Тульбасова,  Қ.Қабдықайырұлы,  А.К.Мыңбаева,  К.З.Халықова,  т.б. 
ғалымдардың зерттеу жұмыстарында педагогикалық технологиялардың жалпы 
ерекшеліктері, ғылыми дәйектілігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар 
айтқан.  Сөйтiп,  педагогикалық  технологиялар  бiлiм  сапасын  арттырудың 
маңызды  шарты  ретiнде  бүгiнгi  қоғамдық-әлеуметтiк  сұранымға  сай 
жетiлдiрiлiп  отырылуы  тиiс.  Бұл  орайда  оқытуда  қоғам  мен  оқушы  мүддесiн 
қатар  қамтитын,  мұғалiм  шеберлiгiн  шыңдайтын,  оның  нәтижелi  жұмыс 
жүргiзуiне  оң  әсерiн  тигiзетiн  технологиялардың  көбеюi  мұғалiмнiң  таңдау 
мүмкiндiгiн кеңейтiп отыр. Ол оқу үдерісіндегі кездейсоқтық пен жүйесiздiктен 
арылуға, оқу материалын тиiстi деңгейде меңгеруге, оқушы бiлiмiн  объективтi 
бағалауға  жол  ашады.Мектептегі  оқытудың  негізгі  формасы  сабақ  болса, 
жоғары  мектепте  оқытуды  ұйымдастырудың  формасына  дәріс,  семинар, 
лабораториялық  сабақтар  жатады.  Сонымен  қатар,  оқытуды  ұйымдастыру 
ойын,  дебат,  дөңгелек  үстел,  конференция  т.б.  түрінде    жүзеге  асырылады. 
Мысалы, дәріс: мәселелік, бағдарламалық, екеуара, кеңес беру дәрісі т.б. түрде 
болады [130]. 
Қазіргі оқыту мен оқу ойындары оқу үдерісінде компьютердің қолданылу 
аясын  кеңейтетін  мультипликацияны,  видео,  графиктер  мен  мәтіндерді 
қолдануға  мүмкіндік  беретін  мультимедиялық  технологияларсыз  мүмкін  емес. 
Алайда  бағдарламалық  өнімдермен  жұмыс  сапасы  компьютер  жадысының 
көлеміне  және  жылдамдығына,  дыбыстық  сипатына,  қосымша  жабдықтардың, 
соның  ішінде  CD-ROM-ның  болуына  байланысты.  Оқыту  үдерісінде 
электронды оқулықтар да кеңінен қолданылуда. Электрондық оқыту  – бұл, ең 
алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін электрондық бизнес сервистерін және 
технологияларды пайдалану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін 
кеңейту  үшін  ұжымдық  жұмыс  құралдарын  және  электрондық  контентті 
қолдану қарастырылған. 
Мұғалім 
инновациялық 
технологияларды 
қолдануда 
мынадай 
педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:  
1.  Білім  беру  үдерісінің  жариялылығы.  Сыныптағы  оқушылардың  
көпшілігі  оқылатын  материалдың    мазмұнын  емес,  мәнін  түсінбеуі  себепті 
оқуға  деген  қызығушылығын  жоғалтады,  өз  мүмкіндігінен  төмен  деңгей 


105 
 
көрсетеді.  Бұл  ретте  оқушылардың  білімге  деген  оң  көзқарасын  туғызу  үшін 
өздері  орындай  алатын  оқу  қызметін,  әрекет  түрлерін  оқушының  өзіне 
тапсырған    дұрыс.  Бұл    ұстанымның    негізі  Ш.А.Амонашвили,  В.К.Дьяченко, 
И.П.Иванова,  В.Ю.Кричевский,  А.С.Макаренко,  С.Т.Шацкий  еңбектерінде 
көрініс тапқан.  
2.  Педагогикалық    үдерісті    ізгілендіру    ұстанымы.  Білім  беруді  
ізгілендіру дегеніміз – оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті, 
ынтымақтастық 
қарым-қатынас 
қалыптастыру. 
Гуманитарлық 
пәндер 
мазмұнында,  әсіресе  әдебиетті  оқытуда  оқушылардың  басқа  адамдармен 
ынтымақтаса  еңбек  ету  қабілеті,  өзіндік  «Менін»  қалыптастыру,  оқушының 
жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік мол.  
3.  Оқушының  әлеуметтік  құзыреттілігін  дамыту    ұстанымы.    Білім 
беру  мен  оқытудың  жаңа  талаптарына  саймұғалім    оқушының    кез  келген 
әлеуметтік  ортада,  жағдаяттарда  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  жасай  білу 
қабілеті мен білігін қалыптастыруға ықпал етуі керек.  
4.  Дамыта  оқыту    ұстанымы.  Оқыту  мен  тәрбиелеуді  қатар  алып 
жүретін  бұл  ұстаным  оқушының  интеллектуалдық,  эмоционалдық,  ерік-
жігерлілік  пен  ынталану  бағыттарын  қамти  отырып,  тұлғаның  үйлесімді 
дамуына қызмет етеді.   
5.  Педагогикалық  технологиялар  тиімділігін  арттыру  ұстанымы  
берілген  оқу  материалының  жүзеге  асырылуын  және  күтілетін  нәтижені 
анықтауға көмектеседі.  
6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Бұл теорияның негізі – оқушының 
білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру (А.Н.Леонтьев). 
7. Жүйелілік  ұстанымы [131]. 
Бұл ұстанымдардың барлығы оқу іс-әрекеті нәтижесіне оқушының өзіндік 
“Менін”  қалыптастыру  арқылы  өзіне  деген  сенімділігін  туғызуға  көмектеседі. 
Егер оқушының бойында  өзіне деген сенімсіздік болып, ол  өз мүмкіндіктерін 
дұрыс  бағалай  алмаса,  оның  сабақты  түсінуі,  меңгеруі  қиындық  тудырады.  
Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, 
қиындықтарды  жою  және    мақсат  қоя  білуге  бағыттау  мәселесіне  көп  көңіл 
бөлуі  тиіс.  Оқушының  интеллектуалдық  қабілеті,  оқу  біліктері,  «Мен  – 
тұжырымдамасы»,  ынталандыру  мен  ерік-жігері  өзара  тығыз  байланыста  өз 
нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-бірі өзара толықтыра отырып,  кері 
байланыс орнатуға және оқушы білімін бағалауға  септігін тигізеді.  
Кері 
байланыс 
мәселесі 
жаңашыл 
педагогтар 
В.Ф.Шаталов, 
С.Д.Шевченко еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті 
жағдай  жасалғанда  ғана  қол  жеткізуге  болады.  Үй  тапсырмасының  мазмұны 
оқушы мүмкіндігіне сай, ал көлемі басқа пәндер бойынша тапсырма орындауға 
кедергі тигізбейтіндей болуы шарт. Кері байланысқа негізделген тест жұмысы, 
өзара  тексеру,  тірек  сызбаларды  жүйелеу  секілді  әдістер  негізінде 
оқушылардың  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  анықтауға  болады.  Дәстүрлі 
сабақ  барысында  мұғалім  ақпарат  беруші  ретінде  көп  жағдайда  өзі  сөйлейді. 
С.Д.Шевченко  оқушылардың  сабаққа  қатысуын  ұйымдастырудың  бірнеше 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау