100
оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі.
Оқыту әдістері білім мазмұнына, оқудың мақсатына, оқушылардың деңгейіне
қарай өзгеріп, жетіліп, толығып отырады. Дәстүрлі педагогикада оқушылардың
шығармашылық қабілетіне қарай И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдістерін
5 түрге бөледі.
1) Репродуктивті әдіс.
2) Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс.
3) Проблемалы түсіндіру әдісі.
4) Эвристикалық, ізденушілік әдіс,
5) Зерттеу әдісі.
Аталған әдіс түрлері әр пәннің жалпыпәндік және жеке пәндік
қызметтеріне орай қолданылады [126]. Оқыту әдістерінің бәрі дерлік пән
мазмұнын меңгертуге бағытталады. Олай болса, мұғалім қай әдісті таңдамасын,
оның басты мақсаты оқыту мен оқуды жүзеге асыру болып табылады.
Мектептік жүйедегі қазақ әдебиетін оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу,
дәріс кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және
демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық,
графикалық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады.
Педагогикалық әдебиеттерде әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Бүгіндері
oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
Заманауи
талаптарға
сай
бүгінгі
таңда
оқытудың
инновациялық
технологиялары кеңінен қоланылып келеді. Түптеп келгенде, қазіргі оқытуда
қолданылып жүрген жаңа әдістерді дәстүрлі әдіс-тәсілдердің уақыт талабына
сай түрленген түрі деп қабылдаған қажет. Дәстүрлі әдіс-тәсілдерді жаңа
технологиялармен ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл
мұғалімдер сабақты дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі өткізеді. Сабақ оқытудың
негізгі формасы. Ол мұғалімнің алуан түрлі әдістерді қолданылуы арқылы
жүзеге асады. Жалпы оқыту үрдісінде сабақтың мынандай түрлері аталады:
кіріспе сабақ; жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; бағдарлы әңгіме
сабақтары; синтетикалық сабақтар; оқу мәтінін талдау сабақтары;
қосымша материалдарды оқу сабағы; қорытынды сабақтар. Әр пәннің өзіндік
ерекшеліктеріне қарай сабақтың түрлері де өзгеріп отырады.
Мектептегі қазақ әдебиетін оқытуда сабақтың төмендегідей іріленген
үш түрі көрсетіледі.
1. Көркем шығарманы оқып – үйрену сабақтары:әдеби көркем
шығарманы сезіммен қабылдау, әдеби мәтінмен көркемдік терең талдау
жүргізу, көркем шығарманы оқып-үйренуді қорытындылау.
2. Әдебиет теориясы мен тарихын оқып-үйрену сабақтары:әдеби-
теориялық ұғымдарды қалыптастыру, ғылыми, әдеби сыни-зерттеу еңбектерді
оқып-үйрену, тарихи-әдеби материалдармен жұмыс жасай алу, қорытындылау,
қайталауға дағдылану.
3.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл дамыту сабақтары:
шығармашылық жұмыстарға үйрену, ауызша жауап беру, баяндауға үйрену,
шығарма жазуға үйрену, шығармаға талдау жасауға үйрену.
101
Аталған сабақ түрлерінде «үйрету» сөзі «үйрену» сөзімен алмасқанын
байқай аламыз. Мұның өзі оқытуда оқушы әрекеттерінің нәтижеге
бағдарланғанын айқындайды. Оқушылардың оқуға деген ынта-жігері мен
қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр
түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген
қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл сыныпта сабақ
жүргiзгенде мұғалiмдер әдебиеттi оқытудың жалпы әдiстерiн ұстанады.
Пән қызметiне, оқушы дайындығының деңгейлерiне қарай сабақ түрiне
сәйкес мұғалім төменде көрсетілген әдістерді өз қалауынша қолданады:
Баяндау әдiсi. Әдебиет сабақтарында баяндау әдiсi деп оқытушының
монологтi сөзi арқылы оқу материалдарының түсiндiрiлуiн айтады. Ақын,
жазушылардың өмiрбаяны, оқылатын шығарма жайындағы тарихи-әдебиеттiк
түсiнiктеме, түсiнiксiз сөздер мен ұғымдарды түсiндiру, көркем шығарманы
талдау және т.б. жағдайларда баяндау әдiсi қолданылады.
Көркемсөз мәтiнiн мәнерлеп оқу әдiсi – көлемi шағын шығармаларды
(қысқа өлең-жырлар, әңгiмелер, көлемдi шығарманың үзiндiлерi, мысал
өлеңдер, т.б.) мәнерлеп оқу, мақамдап алғашқы оқу, талдау барысындағы оқу,
қайталап оқуда ұтымдылық танытады.
Түсiнiктеме бере отырып оқу әдiсi. Бұл әдiс мәтiннiң мазмұн жiгiне
қарай көлемi шағын шығармаларды немесе қысқа үзiндiлердi бөлiп оқуда
оларға талдау жасау мақсатында қолданылады. Мұнда мәнерлi әуез екiншi
орынға шығады да, бiрiншi кезекте көзделген мақсатты ашу үшiн қажеттi
түсiндiру атқарылады.
Әңгiме әдiсi. Әңгiме әдiсiнде қойылатын сұрақтар үш жүйеге бөлiнедi.
Шығарманың тақырыбын, жоспарын, кейiпкерлерiнiң, образдарының құрамын,
сюжетiн айқындауға арналған сұрақтар – бiр жүйе. Бұларды бағдарлау
сұрақтары деп атайды. Шығарманың жалпы идеялық мағынасын, образ-
характерлерiн, олардың өзара байланысы мен қарым-қатысын, композициялық
құрылысын, тiл ерекшелiктерiн айқындауға, талдауға арналған сұрақтар –
екінші жүйе. Бұлар – шығарманы талдаудағы аса маңызды орын алатын сұрақ-
тар. Сондықтан олар талдау сипатындағы сұрақтар деп аталады. Ал үшінші
жүйе шығарманың қоғамдық, әдебиеттiк маңызын ақын, жазушының стилi мен
көркемдiк шеберлiгiнiң өзгешелiктерiн, жалпы шығарманы талдау жұмысын
жинақтап, қорытындылауға арналған сұрақтардан құралады. Сондықтан бұлар
жинақтау сұрақтары деп аталады. Әдебиет пәнiн оқытудың осы үш жүйесiне
арналған сұрақтар тарихи-әдебиеттiк курстың мақсат-мiндеттерi мен талап-
тарына сай болуы шарт.
Дәрістік әдiс. Тарихи-әдеби шолулар, ақын жазушының өмiрi мен
шығармашылық қызметiне сипаттама, әдебиеттiң тарихы мен теориясына
байланысты мәселелердi жинақтап қорыту, көркем шығарманы тұтастай
түсiндiру, т.б. түрлерде оқушылардың дайындық деңгейiне қарай таңдалынып
алынады. Дәрістік сабақтардың бiр түрiнде оқытушы дәрістік материалдың
күрделi жоспарын тiзедi, жоспар негiзгi бөлiктер мен тармақ-тармақшаларға
бөлiнедi. Жоспарда баяндалатын мәселелер айтылу рет тәртiбiне қарай жүйе-
Достарыңызбен бөлісу: |