98
Қазақстандық мектептердің алғаш рет халықаралық мәтінді оқу және
түсіну сапасы емтиханына қатысуы қазақстандық балалардың оқу
сауаттылығын қалыптастырудың мақсатты бағытталған механизмдерінің бірі
болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық
«Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» зерттеуіне (PIRLS - Progress in
International Reading Literacy Study) қатысуы белгіленген. Оқу сауаттылығын
бағалайтын Халықаралық салыстырмалы PIRLS зерттеуі - оқушылардың білім
жетістіктерін бағалау IEA (International Association for the Evaluation of
Educational Achievement) қауымдастығымен жүзеге асырылады.
«Оқырман
сауаттылығы» - бұл адамның өмірде толыққанды
қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу
формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Оқырман сауаттылығының негізі -
мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушылар
шығармадан қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына,
негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге
және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.
Халықаралық зерттеулер шеңберінде білім сапасын бағалаудың тиімді
жаңа әдістері мен технологиялары құрастырылуда. Осыған байланысты PIRLS
зерттеуіне қатысушы елдер алдыңғы кезеңдердің нәтижесін қолдану арқылы
ұлттық білім беру жүйесіндегі білім үрдісін жетілдіру мен мазмұнын
жаңашалайды.
Сонымен қатар, әр елде өткізілген PIRLS зерттеуінен алынған нәтижелер
педагогикалық бірлестікпен кең көлемде талқыланады. Қазақстандық
оқушылардың оқырмандық сауаттылығын анықтау мақсатында жүргізілген
PISA тестілеуі білім алушылардың академиялық білімдерін емес, «Life Skills»
деп аталатын түрлі өмірлік жағдаяттарда оларды қолдана білуін
бағалайды. Осындай тексерудің бірі - оқырмандық сауаттылық бағытында 218
білім беру ұйымынан 15 жастағы 5808 қазақстандық білім алушы қатысып,
оның нәтижессі өте төмен көрсеткіштерді, яғни жалпы есепте елдің
қорытынды нәтижесі – 393 балл көрсетті. Бұл, әрине, өте төмен нәтиже.
Оқырмандық сауаттылық оқушылардың мәтіннің басты идеясын анықтау
қабілетін ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнын сын тұрғысынан талдауға,
ақпаратты интерпретациялауға және қойылған сұраққа толыққанды жауап беру
қабілетін айқындайтын тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады. Өкінішке
орай, біздің мектеп оқушыларымыз ішінде графиктер мен кесте кездесетін
«үзік-үзік» мәтінмен жұмыс жасау дағдысының төмен деңгейін көрсетті.
Қазақстандық оқушылардағы оқырмандық сауаттылық деңгейінің төмен болу
себебі отбасындағы оқу мәдениеті деңгейінің төмендігіне байланысты болуы
мүмкін. Мысалы, PISA-2012 жобасының қазақстандық қатысушылары үйде
орта есеппен 150-ден астам кітап бар деп көрсетті. Ал Қытай, Сингапур, Корея
сияқты көш бастаған елдердің аталмыш көрсеткіші 250-ден астам кітапты
құрады. Сондықтан оқуға деген жоғары қызығушылықты арттыру үшін тек оқу
99
үдерісінде ғана емес, отбасында да қажетті жағдай жасау өзекті болып
табылады [123].
Қазіргі мектеп жағдайында көркем шығарманың өзiн оқып одан ләззат
алу, оны өмiрлiк қажеттiлiкке айналдыру, тәрбие құралы ретiнде қабылдау
мәселесi бүгiндерi өз деңгейiнде емес. Оқушы көркем мәтiн, кiтап оқығаннан
гөрi, өзiне жеңiл тиетiн кино, компьютер, теледидармен шектелгендi ұнатады.
Қандай iс-әрекет арқылы кiтап оқуға деген қызығушылықты қайта жаңғыртуға
болады? Оқулықта берiлген әдеби бiлiм мазмұнымен шектелiп қалмаудың
қандай жолдары бар? Мiне, осы мәселелер оқушы бiлiмiнiң сапасына, күтiлетiн
нәтижеге тәуелдi екендiгiн дәлелдеу үшiн сөз өнерiнiң қадiр-қасиетiн барынша
оқушы бойына сiңiру қажеттiгi туындайды. В.Г.Маранцман «Цели и структура
курса литературы в школе» деген мақаласында «Мектепте әдебиеттi оқыту -
әдiстеме немесе пән оқулықтарының осалдығынан ғана емес, сол әдiстеме
ғылымы сүйенетiн оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiнiң дұрыс пайдаланбауында»
124
. - деп түйiндей отырып ғалым әдеби мәтiндердi меңгертудегi мынадай
кедергiлердi атап көрсеткен:
1. Адамзат өмiрiндегi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайдың тұтастай өзгеруi.
Бұлөзгерiс оқушы санасында бос кеңiстiк тудырады.
2. Гуманитарлық мәдениеттен алшақтану, яғни адамның iшкi дүниесiне
үңiлу емес, сыртқы бейнеге табынудың пайда болуы.
3. Көркемдiк мәдениеттiң алыстауы.
4. Мектептегi әдебиет сабақтарының сағат санының қысқартылуы.
Бұл ойды Н.Н.Сметанникованың «Мектеп оқушыларының оқырмандық
сауаттылығының төмендеп кетуі көптеген факторларға байланысты. Соның бірі
оқу жүктемесінің азаюы және оқу әдістерінің жаңа түрлерінің әлі де жоқтығы
десек қателеспейміз. Мұғалім жұмысында жаңа әдістер енгізілсе, онда
оқырмандық сауаттылық та жақсара түсер еді», - деп көрсетуі қазіргі
оқырманға жаңа талаптардың қажеттігін дәйектей түседі
125
.
Осындай жағдайларға қарамастан әдебиеттен берiлетiн әдеби бiлiм беру
мәселесiне қойылатын талаптар өз тұғырынан түскен жоқ. Жаңа ғасыр өркениет
пен қоса қатыгездiк, бәсекелестiктi дебiрге ала келiп отырған жағдайда бiлiм
сапасын жақсарту үшiн, оқушыға берiлiп отырған бiлiм нәтижелi болуы үшiн
көркемдiк әлемiндегi шындыққа бой ұруымыз керек. Бiздiң мiндетiмiз – жас
ұрпақты мейiрiмдiлiкке, қайырымдылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеу болса, ол
тәрбие алдымен көркем шығарма, әдебиет яғни сөз өнерi арқылы оқушы
бойына ұялауытиiс. Олай болса, 10-11 сыныптарда берілетін эпикалық
шығармаларды оқытуда ең ұтымды инновациялық технологияларын
пайдаланып, интербелсенді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану қажет. Бұл
ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу туралы педагог ғалымдар арасында
ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф.Харламов оқыту әдістемесіне «оқу
материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу
мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық
әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі», - деген анықтама береді.
Ю.К.Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған
Достарыңызбен бөлісу: |