111
талдауда мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, олардың
қызығушылығын жетелеу арқылы өз беттерімен іздендіру негізінде,
оқырмандық қабілеттерін жетілдіре отырып жүргізеді. Орта мектепте эпикалық
шығармаларды оқыта отырып әдеби білім беру ісінде бірден-бір назарда
ұстайтын жайттардың бірі – мұғалімнің өзінің шығармаға көзқарасы, көркемдік
қабылдау деңгейінің сыр-сипатына байланысты болмақ. Өнер туындысын
көркемдік қабылдау ісі жеке-дара үдеріс болғандықтан оның өзіне тән
күрделілігі
болады.
Бұл
ретте
бағдарламалық
материалдардың
/шығармалардың/ әрқайсысы өзінше бір әлем, шығармашылық құбылыс болуы
себепті олардың мұғалімге де түрліше әсер ететіндігі сөзсіз. Сондықтан көркем
шығарма белгілі бір дәрежеде мұғалімнің де қызығушылығына негіз болғаны
жөн. Өйткені, мұғалім қызығушылығының оқушы қызығушылығынан елеулі
айырмашылығы болуы заңды. Олай дейтініміз, мұғалімнің өмірлік,
оқырмандық тәжірибесі оқушыға қарағанда мол болғандықтан оның
қызығушылық мақсаты да жоғары болады. Мұғалім – шығармашылық тұлға,
әрі тәжірибелі оқырман ретінде сабақ тиімділігін арттыру мақсатында
шығарманың стильдік ерекшеліктеріне тереңдей түсуге, оның көркемдік құнын
тани түсуге ынталы болады. Ұстаз сол мақсатын орындау арқылы шәкіртінің
оқырмандық қабілетін дамыту үшін ойластырған барлық іс-әрекеттерін оқушы-
оқырманның қабылдау ерекшеліктеріне тікелей әсер етуге жұмыстанады.
Мектепте жоғарғы сынып оқушысының көркем шығарманы қабылдау
қабілетіне бастауыш және орта буындағы жас шәкірттерге қарағанда күрделірек
міндет жүктеледі. Ғалым Т.Қ.Ақшолақов: «Жоғарғы сынып оқушыларының
шығарманың формасын, тілін, стильдік ерекшеліктерін дұрыс оқып үйренуі
олардың көркем туындының эстетикалық мәнін түсінуге, яғни әдебиеттің өнер
ретіндегі қадір-қасиетін түсінуге де негіз болады», – деуі әрбір қалыптасқан
оқырманның негізгі міндеті – көркем шығарманы эстетикалық тұрғыда
қабылдау мәселесіне оқушылардың жоғарғы сыныптарда аяқ басатындығын
айрықша атағаны болып табылады [42, 194 б]. Жоғарғы сыныптарда эпикалық
шығармаларды талдау сабақтарында көркем туындыны оқып-үйренудің әдеби-
әдістемелік жоспарын жасау, осы жоспарды басшылыққа ала отырып,
шығарманы оқушылармен бірлесе талдап шығуда мұғалім оқушының көркем
дүниенің эстетикалық мән-маңызын түсіне білуіне ерекше назар аударады.
Профессор З.Я.Рез эпикалық шығармаларды талдау алдындағы
оқушылармен жүргізілетін қосымша жұмыс түрлерін орындау туралы:
«Сегізінші сыныптықтар осы сұрақтар бойынша берілген жұмыстарды орындай
отырып, романды зерделілікпен қабылдау деңгейіне көтеріле алмайды, бірақ
олар ойындағысын еске түсіру арқылы оның жекелеген көріністерін, сәттерін
қайта көз алдына келтіреді, бұл олардың байқағандары мен сезінгендерін
елестетуіне, оны қайта бастан кешуіне мәжбүр етеді», – деген ой айтады [107,
223 б].
Эпикалық шығармаларды талдау сабақтарындағы тапсырмалар жүйесі –
оқушылардың есінде қалған осы үзік көріністердің арасын жалғау, сол арқылы
бөлшектен бүтін құрау бағытында жүргізілетіндей деңгейде болғаны жөн.
112
Әдеби мәтінді ой арқылы ғана емес, оқу арқылы көріп отыру мәтінді түсінуді
оңайлатады, әрі оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастырады, сабақтың
эмоционалдық деңгейін жоғарылатады. Бұл – оқушылардың көркемдік
қабылдауын, оқырмандық қабілетін тәрбиелеудегі ең шешуші факторлардың
бірі болып есептеледі.
Мәселен, мұғалім оқушы-оқырмандардың жазушының шығарма
кейіпкерлерін зерттеу ерекшелігінен алған әсерлерін байыту мақсатын көздеген
жағдайда, сабақта жүзеге асырылатын жұмыс түрлері біріншіден,
кейіпкерлердің адамгершілік-сезім әлеміне, екінші жағынан, суреттеліп
отырған мәселеге (кейіпкерлерге т.б.) автордың адамгершілік-сезімдік бағасын
таныта, оны ажырата білу бағытында жүргізілуі тиіс.
Сабақ барысында жазушы шығармасы арқылы оқушыларға адам мінез-
құлқының қалыптасуының күрделі құбылыс екендігін, әрі адамның өз мұрат-
мақсатын айқындай білуі, өз бойындағы кемшіліктермен күресе білуі, сол
арқылы өмірден өз орнын табуының қандай әрекеттер арқылы жүзеге
асырылатындығын ескертеді. Алайда, бұл ойлар шығарма кейіпкерлерінің
әрекеті өз мақсаты жолындағы күрес-қимылы, қоғаммен арақатынасы,
қаламгердің астарлы ойлары арқылы берілетіндіктен кейіпкер аузынан
шығатын әр сөзге, оның өзгелермен қарым-қатынасы барысындағы әрбір
әрекетіне көңіл аударып, оның себеп-салдарларына жете мән беріп отыруға
көңіл бөлгізеді. Ол үшін оқушылардың бойында жазушының әрқилы типтерге
беретін өзіндік баға беру жүйесін игере білу қабілетін қалыптастыру қажет.
Оқушылардың бойында шығарма кейіпкерлерінің сезімдік әлемін қабылдау
және осы мәселеге автордың көзқарасын, қатынасын көре білу қабілеттерін
дамыту оқырмандық қабілетті тәрбиелеудегі негізгі әрекеттердің бірі. Мұндай
қабілеттерді дамыту, оған дағдыландыру өте баяу жүзеге асатын үдеріс.
Сондықтан талданып отырған шығарма бойынша арнаулы жаттығулар жүйесін
жасап, оны сабақта пайдаланған абзал.
Қаламгер кейіпкер мінезін ашу үшін оны әртүрлі әрекеттерге
араластырады, оның алдына сан қилы қоғамдық, өмірлік проблемаларды шешу
міндетін қояды, осы міндеттерді орындау үстіндегі кейіпкерлердің
психологиялықбейнесін қатар суреттейді. Сол үшін оқырмандық қабілетті
дамыту бағытындағы жаттығу ретінде оқушыларды кейіпкерлердің әрқилы
әрекет үстіндегі күйініш-сүйінішіндегі, мінез-құлқындағы өзгерістерді аңғара
білуге үйретеді. Бұған мұғалімнің алдын ала әзірлеген сұрау-тапсырмалар
жүйесі көмектеседі. Мұғалім тарапынан қойылатын сұрақтар кейіпкерлердің
нақты әрекеті үстіндегі көңіл күйінен дәл жауап алатындай, оқушының
жалпылама жауап беруіне (қуанды, қайғырды деген сияқты) мүмкіндік
бермейтіндей талаппен ойластырылғаны жөн. Осы сұрақтар арқылы оқушы
кейіпкер көңіл-күйінің әрбір сәтіне жіті назар аударып отыру қажеттігін
түйсінеді, байқампаздыққа дағдыланады, өмірде де әр адамның қуаныш-
қайғысына немқұрайды қарауға болмайтындығын байқайды.
Оқырмандық қабілетті дамытуға байланысты жаттығулардың қатарына
оқушылардың
жазушының
адам
жөніндегі
қаламгерлік
ұстаным-
Достарыңызбен бөлісу: |