102
ленiп тiзiледi, қажеттi даталар мен дәйексөздер, т.б. жоспардың тиiстi
жерлерiнде көрсетiледi. Ендi бiр түрiнде мұғалім дәрістік материалдың
қысқаша тезисiн жазады. Мұнда да, жоғарыдағы сияқты – айтылған ой мен
пiкiрдi дәлелдеуге, тұжырымдауға қажеттi фактiлер мен даталар, дәйексөздер
мен көркем шығармалардан келтiрiлетiн үзiндiлер, т.б. тезистiң тиiстi
жерлерiне енгiзiлiп отырады.
Кейбiр ақын, жазушылардың өмiрi мен әдебиеттiк қызметiн өтуде
олардың лирикалық өлең-жырлары айрықша орын алады. Өйткенi, бұл салаға
жататын лирикалық шығармалар суреткердiң дүниетану көзқарасын, стилiн,
шығармашылығының қоғамдық және тарихи-әдебиеттiк тұрғыдағы орнын
танытуға көмектеседi. Демек, оқу материалын баяндаудың барысында бұл
сияқты лирикалық өлең-жырларды немесе олардың үзiндiлерiн мәнерлеп оқып
беру өте орынды және қажеттi деп саналады. Кейде мұндай шығармаларды күнi
бұрын дайындап қойған оқушыларға да келiстiрiп оқытуға болады.
Қазақ әдебиетін оқытуда әдiс-тәсілдердің бұлардан басқа да түрлерi бар.
Мысалы, сөз жарысы, пiкiрталас баяндама жасау, терiп мазмұндау
проблемалы баяндау-әңгiмелеу жазба жұмыстар т.б. Көрнекiлiктiң,
дидактикалық және техникалық құралдардың әр алуан түрлерiн пайдалану,
қажеттi нәрселердi тақтаға жазып, сызып, суретiн салып көрсету, сөздiк, кино,
телесабақтар ұйымдастыру, әдебиеттiк сипаты бар түрлi серуен, экскурсиялар
жасау, сыныптан тыс оқу, әдеби-шығармашылық, драмалық туындыларды
мәнерлеп оқу сияқты үйiрмелер т.б. оқытудың әдiс-тәсiлдерiнiң кешенiн
құрайды. Бұлардың қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану әдебиет
мұғалiмiнiң еркiне берiледi. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске
асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, хрестоматия, анықтама,
мазмұндамалар жинағы, түрлі сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба,
сурет,альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа,
бейнетаспа, компьютер т.б. ақпараттық технологиялар) жатады. Әдебиет
сабақтары мектептегі жалпы дидактикалық тұрғыдан анықталған сабақ
түрлеріне сәйкес ұйымдастырылады. Сабақ мақсатына, оқу материалының
мазмұнына және оқушының қабылдау ерекшелігіне қарай төмендегіше
жіктеледі:
- Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы
- Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы
- Жинақтау және жүйелеу сабағы
- Бекіту сабағы
- Аралас сабақ
- Бақылау, білімге, дағдыға, қабілетке түзету енгізу сабағы
10-11сыныптарда эпикалық шығармаларды оқыта отырып, оқушылардың
оқырмандық қабілетін дамыту қазақ әдебиетінің сабақтарымен тікелей
байланысты. Сабақы дәстүрлі немесе дәстүрлі емес әдістермен өткізу
тақырыптың өзектілігімен ұштасып жататындықтан сабақта оқыту әдістерінің
технологиялық
тиімді
түрлері
басшылыққа
алынып,
оқу
әрекеті
шығармашылыққа құрылуы тиіс [127].
103
Қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын меңгертуде оқыту
технологияларының ұтымды қолданылуы пәнді нәтижелі оқытуға ықпал етеді.
Көркем шығармаларды ұлттық құндылық, мәдени мұра және тарихи көркем
шежіре ретінде танытуда, әдеби туындылардың эстетикалық әрі танымдық
мәнін ашуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін
пайдалану қарастырылады. Ол үшін алдымен технология ұғымының мәнін
ашып алу қажеттілігі туындайды.
«Технология» – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу
сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: «белгiлi бiр маңызды
әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс» деп
анықтама берiлсе, қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: «белгiлi әрекетте,
өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы» деп
көрсетiлген. Педагог-ғалым В.М.Шепель: «Технология – белгiлi заттың
бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер», - дейдi.
И.Г.Зайнышев: «белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм
мен әдiс-тәсiлдер жүйесi» деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса,
технологияны «белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн
қолданылатын әрекеттер жиынтығы» деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған
«адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды,
әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi» деп
қарауды ұсынады. Ресейлiк ғалымдардың iшiнде осы технологияның мәнiн
бiршама анығырақ айтқан М.М.Левина: «Педагогикалық технология – оқыту
тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы
бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық-педагогикалық жүйелерінің
бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық үдерістің құралы болып саналады»,
дейдi. В.П.Беспалько педагогикалық технологияны «оқу үдерісiн жүзеге
асырудың мазмұндық техникасы»деп санаса, И.П.Волков «жоспарланған оқыту
нәтижелерiнiң жетiстiктерi үдерісiнiң сипаттамасы», - деп бағалайды.
В.М.Монахов педтехнологияға «оқушы мен мұғалiмге қолайлы жағдай
туғызатын оқу үдерісiн жобалау, ұйымдастыру және өткiзу бойынша бiрлескен
педагогикалық әрекеттердiң жан-жақты ойластырылған моделi», [108] - деген
анықтама бередi.
Қазақстандық ғалымдардың пікірінше: «Технология – әдістемелік жүйе
мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын
жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер
оның құрамды бөлігі болып табылады [128]. Бүгінгі оқу үдерісінде қолданылып
жүрген педагогикалық технология бағыттары ізгілік, дамытушылық, жеке
қарым-қатынастарға негізделген. Ал, бұл технологиялардың дидактикалық
негіздеріне: белгілі бір мақсатқа байланысты проблемалық оқыту, оқушыларды
қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеру, оқу қызметін саралап басқару, оқу үдерісін
демократияалық жолмен ұйымдастыруды айтуға болады деп есептейміз [129].
Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі оқу үдерісінің қойылған
мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде
«педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылатындығын
Достарыңызбен бөлісу: |