118
қабылдауын жетілдіруге зор үлес қосады. Өйткені әдеби шығарма тілімен
жұмыс барысында оқушыға жеке бір ғана сөздің мағынасы түсініксіз
болғанның өзінде ол орны толмас олқылық болуы мүмкін.
Сондықтан жеке сөздің оқушы үшін «жабық», түсініксіз болып қалуы,
оның тұтас бір сөйлемді, ондағы астарлы ойды толық қабылдауына кедергі
келтіреді де оқушының оқырмандық қабілеті мен сезіміне нұқсаны тиеді.
Оқушы-оқырманның мәтінді қабылдауындағы әр сөзбен жұмыс жүргізудің
ерекше маңызы жөнінде ғалым-зерттеушілер Г.Г.Граник, Л.А.Концевая,
С.М.Бондаренко: «Демек, мәтінді сенімді түрде қабылдаудың алғашқы шарты
оның әр сөзін түсіну. Егер, балаларды бейтаныс сөзге, сөз тіркестеріне және сөз
астарларына деген сұраулы, қырағылық қатынасқа баулымасақ, олардың тұтас
сөйлемдерге немқұрайдылығы өріс ала бастайды. Осының нәтижесінде олар
ойды бетінен қалқуға қанағаттана отырып, мәтіннің мазмұнын толық қамти
алмаушылыққа ұрынады», – дейді [120].
Сол себепті де оқушылардың мәтінмен танысуы барысында олардың әр
сөзге жете мән беріп, оны көре білуге дағдыландырған абзал. Соның негізінде,
оларға жаттығу ретінде дайын мәтіндер ұсына отырып, одан түсініксіз сөздер
мен сөз тіркестерін тапқызуға, ауыспалы мағынада тұрған сөздерді таба білуге
үйреткен жөн. Бұл айтылған ойларды жинақтай келе, жоғары сынып
оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытуда эпикалық шығармалар
мәтінімен жұмыс жасаудың төмендегідей стратегияларын ұсынамыз
Оқырманның эпикалық шығармалар мәтінімен жұмыс істеу
стратегиясы
– Эпикалық шығармалармен жұмыс: мазмұндық желіні, ақпараттарды
іздеу және көркем туындыны оқуды түсіну
– ақпаратты табу – оқырмандық сауаттылықтың бірінші мүмкіндігі
– мәтіннің мазмұнын бағдарлау, оның біртұтас мәнін түсінуі
– мәтіннің тақырыптық мазмұнын болжай алуы;
– мәтіндегі бөліктердің / нұсқаулардың тәртібін түсіндіре алуы;
– негізгі мәтінді және мәтіндік емес
компоненттерді салыстыра алуы;
– мәтіннің бір бөлігі мен оның жалпы идеясы арасындағы сәйкестікті
көрсетуі;
– мәтіннен қажетті ақпаратты табу (мәтінді көзбен шолып шығу, оның
негізгі элементтерін анықтау, сұрауда және мәтіннің өзінде ақпаратты өрнектің
формаларын салыстыру, олардың бірдей немесе синонимдік екендігін анықтап,
мәтіннің қажетті бөлігін табу);
– мәтінді толық және сыни түсінуді талап ететін оқу-танымдық және
білім беру мәселелерін шешу:
– эпикалық шығарманы оқуға мақсат қойып, қазіргі уақытта пайдалы
ақпаратқа
назар аудару;
– әртүрлі көзқарастарды және берілген тақырып бойынша әр түрлі
ақпарат
көздерін салыстыру;
– мәтін негізінде белгілі бір позицияны негіздеу үшін аргументтер
(дәлелдер) жүйесін қалыптастыру.