115
Оқушылардың көркем шығарманы талдау жұмысына деген сұранымдарын
ашу, олардың көкірек көзін, өзіндік «менін» ояту – мұғалімнің шәкірттердің
оқырмандық қабылдау қабілетіне сергек қарауын талап етеді. Әдебиетті
оқытудың психологиясы мен әдістемесі оқушылардың жалпы қабылдау
қабілеті олардың әрқайсысының жас ерекшеліктеріне байланысты екені
баяғыда анықталған. Дегенмен, оқушылардың жеке-дара өзіндік ерекшеліктері
бұл жағдайда жалпы ережелерді автоматты түрде пайдалануға мүмкіндік бере
бермейді. Сондықтан ұстазға шығарманың мазмұнын анықтауда және талдау
әдістерінде сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктерін білуі ерекше
қажет. Оқырмандық қабылдауды оқушылар бірден түсіне бермеуі мүмкін және
оны әдебиет пәні мұғалімі ашық білдіре бермейді.
Көркем мәтіндерді түсініп оқу үрдісіндегі күрделі түрде жүргізілетін
талдау жұмысы кезінде – сезім, қиял, зерде, ой толыққанды түрде бола
бермейді. Сонымен бірге оқушылар өздері оқыған, қызыққан кітаптың әсерімен
сол жақсы сезім мен ордалы ойлардың құрсауында жүреді. Алайда, бұл
алғашқы әсер пән мұғаліміне оқушылардың қалай сенуіне байланысты.
Оқырман қабылдауы ұстаздан төзім, әдеп, оқушылар ойына деген құрмет
деңгейінде, сұрақтың ойланып қойылуын, шәкіртті әсерлендіруді ұтымды
ұйымдастыруын талап етеді.
Мектептегі әдебиет сабақтарының аса күрделі бөлігі – өтілген
материалды қорытындылау немесе жинақтау кезеңі. Мұнда мұғалім мен
оқушылардың бірлескен жұмысының нәтижесі байқалады. Шығарма талдау
жұмыстарын аяқтай бере, өтілген материалды жинақтау оңай емес. Осы ретте
мұғалім: «Оқушылармен жүргізілген жұмыс қаншалықты нәтижелі болды?»,
«Сабаққа бөлінген материал көлемін оқушылар толық игерді ме?»,
«Оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытуға байланысты жүргізілген
жаттығу жұмыстарының сапасы қандай дәрежеде болды?» деген сауалдарға
жауап іздеуіне, сондай-ақ, осы мәселелерді анықтау мақсатында ауызша сұрау-
жауап арқылы ойлаған мақсатына жеткен-жетпегенін біле алады.
Оқушылардың сұрау-жауап нәтижесі шығарманың кейбір бөлшектеріне
жеткілікті назар аудармағанын аңғартса, соған орай шәкірттің оқырмандық
қабілетін тәрбиелеуге орай жүргізілген жаттығу жұмыстарын игеруде
кемшіліктер болып жатса, ұстаз келесі сабақтарда қандай мәселелерге баса
көңіл бөлу керектігін алдын-ала ойластырады. Әдебиет сабағында эпикалық
шығармаларды талдаудағы ең басты мақсат – оқушылардың бойында
оқырмандық қабілетті қалыптастыру, оны ұдайы дамытып отыру, жан-жақты
толықтыру. Әдеби шығарманы, әсіресе эпикалық туындыны талдауды игеру
секілді күрделі мәселе – оқушы бойында мәтінмен жұмыс істей білу қабілетін
қалыптастыруға жетелейді.
Оқу бағдарламасындағы әрбір эпикалық шығарманы өткен сайын
оқушылардың оқырмандық қабылдауында ілгерлеушілік бар ма, бар болса
қандай дәрежеде, сол оқырмандық қабілетті дамыту мақсатында сабақта
жүргізіліп жүрген жұмыс түрлері жеткілікті ме, оның нәтижелілігі қаншалықты
деңгейде деген сұрақтарға әрқашан назар аударып отыру қажет.
116
Оған қоса кез келген қаламгердің шығармасын өтіп болысымен, келесі
шығармаға көшпей тұрып, оқушының осы шығармадан нені игеріп, нені
игермегендігін, оның себеп-салдарын анықтап отыруды мұғалім әрқашан
жадында ұстауы тиіс. Белгілі бір шығарманы өтіп болған соң оқушылардың
көркемдік қабылдауында ілгерілеу бар-жоғын анықтау келесі шығарманың
әдеби-әдістемелік жоспарын жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.
Өйткені, әдеби білім беру келген жерден әрі қарай жалғап әкетуді қажет ететін,
оқушы бойындағы психикалық әрекеттерді, олардың білім дәрежесін айқындап
алып қана сатылап жүзеге асыруды қажет ететін жүйелі жұмыс.
Пән мұғалімі сабақ үдерісінде оқырмандық қабілетті қалыптастыру
бағытында жүргізілген әрбір әрекеттерінің, әдістемелік амалдарының
нәтижелілігін анықтау үшін әрекет етеді. Ол үшін көбіне сұрақ-жауап әдісі
кеңінен пайдаланылады. Егер қазіргі әдебиетті оқыту әдістемесінде
салыстырмалы түрде алғанда тереңірек зерттелген тұстар болса, ол бірыңғай
көркем шығарманы талдай білу және сол арқылы оқушының ғылыми ойлауын
қалай қалыптастыруға болатындығы төңірегінде ғана жүргізілуде. Белгілі бір
көркем шығарманы талдауды, сол арқылы оқушының ғылыми ойлау қабілетін
қалыптастыруды әдеби білім берудің жалпы ұстанымдары деңгейінен гөрі
кеңірек таратып, педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің бірлігі
шеңберінде қарастыру бізде әлі жеткіліксіз.
Ал әдіскер ғалым А.Тамаев: «Жоғарғы сынып оқушысын образды
сөйлеуге тәрбиелеу – олардың көркемдік қабылдауын байытудың ең басты
шарты. Бұл міндет негізінен әдебиет сабақтарында ғана жүзеге асырылады.
Осы орайда әдеби білім берудің өзге де формаларымен қатар тіл дамыту
жұмыстарының нәтижелілігі де мұғалімнің шығармашылық тұлға ретінде
қаншалықты қалыптасқандығына тікелей қатысты болады», [37,179б] – деп
тұжырымдайды. Ғалымның бұл пікірі сабақ үдерісіндегі мұғалімнің сөйлеу
тілінің байлығы, сөзді қолдана білу мәдениеті оқушы үшін сөйлей білудің, тілді
қолдана білудің шынайы үлгісі ретінде әсер етеді.
Әрбір әдеби туынды белгілі бір тарихи кезеңнің көркем шежіресі, сол
дәуір тынысын сездіретін, оны көз алдына әкелетін өмірдің жанды суреті.
Мұғалімнің шығармада бейнеленетін дәуірдің, тарихи кезеңнің шындығын,
қоғамдық құбылыстардың сыр-сипатын шығармашылықпен ой жіберіп, айқын
түсіне алуы шәкірттің тарихқа көзқарасын дұрыс қалыптастырады, шығарманы
тарихтың төлтумасы, дәстүрлі мәдениет мұрасы ретінде қабылдауына
көмектеседі. Әдеби туындының мұғалім-оқырманның жанына терең із
қалдыруы, тебірентуі оның шығарма рухын терең сезінуіне мүмкіндік береді.
Осылайша мұғалімнің көркем туындыны ең алдымен өзі жүрекпен сезіне алған
жағдайда ғана шығарманың көркемдік құнын оқушы жүрегіне жеткізе алады,
соның нәтижесінде шығарма өз тілінде сөйлейді.
Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқып-үйренуде тіл
дамыту жұмыстарын жүргізгенде мұғалім тарапынан жиі кездесетін
кемшіліктердің дені оқушы тілін дамытудың ішкі табиғатынан туындайтын
қажеттіліктерді шығармашылықпен түсінбеуден, осыдан туатын жүйесіздіктен,
Достарыңызбен бөлісу: |