Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет35/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77

73 
 
оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жүзеге асырылады. 
Орта  мектеп  шәкіртінің  тілдік  дамуы  жоғарғы  сыныпқа  жеткенше 
бірнеше  сатылардан  өтеді.  Э.Клапаред,  Ж.Пиаже,  Л.Выготский  тағы  басқа 
ғалымдар  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  және  кіші  мектеп  жасындағылардың 
психикалық, 
тілдік 
дамуында 
ойлаудың 
логикалық 
сапаларының 
жетілмегендігіне байланысты синкреттік сипат басым болатындығын, сонымен 
бірге, қоршаған ортаны ой көзімен танып-білуге алғашқы талпыныстар таныта 
бастайтындығын  айтады.  Бірақ,  мұнда  қоршаған  ортаны  себеп-салдарларына 
үңіле  отырып,  танушылықтан  гөрі,  өзіндік  кішігірім  өмірлік  тәжірибесі 
деңгейіндегі  талпыныс  әрекеті  болатыны  белгілі.  Бұл  жастағы  балалардың 
психикалық  дамуындағы  синкреттік  сипат  олардың  тілдік  дамуына  да  әсер 
етеді. 
Орта  буындағы  сыныптарда  оқушылардың  өзіндік  түсініктері  қалыптаса 
бастайды,  нысанның  ішкі  және  сыртқы  сапаларына  көңіл  аударып,  олардың 
өзара  байланыстылығы  жөнінде  ой  қорытады.  Өздері  байқаған  өмірлік 
құбылыстардың,  оқыған  шығармаларының  мазмұнын  толық  түсіндіре  алады, 
оларды байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгереді. 
Жоғарғы сынып – оқушының әдеби білім алуындағы шешуші саты. Жоғарғы 
сатыда  жоғарғы  сыныптардың  теориялық  жинақтау  қабілеті,  ғылыми  ойлауы 
қалыптаса  бастайды.  Сонымен  қатар,  олардың  тіл  байлығы  да  анағұрлым 
молайып, бейнелі сөйлеу дағдыларын үйренеді.  
Жоғарғы  сыныптықтардың  тілдік  дамуына  қандай  типтік  көріністер  тән 
екендігі жөнінде профессор Н.Д.Молдавская: «Жоғарғы сынып оқушыларының 
өз тілі, тілді қолдана білу әрекеті образды көркем тілді түсінуіне тікелей тәуелді 
болады.  Атап  айтқанда,  әдебиет  тілін  толыққанды  қабылдауы  арқылы  жас 
оқырмандардың  өзіндік  тілінің    образдық  және  мәнерлілік  сияқты  сапалары 
қалыптасады.  Оқушылардың  сөйлеу  тілінде  образды  салыстырулар, 
метафоралар,  метафоралық  эпитеттер  және  көркем  мәтіннің  әсерімен  пайда 
болып,  бекитін  басқа  да  сапалар  пайда  болады»,  –  деген  қорытындыға  келеді 
[71, 235 б].  
 
1.3 Жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларының 
оқырмандық қабілетін дамытудың мазмұндық-құрылымдық  моделі 
Қазіргі  заманғы  мектептің  негізгі  міндеттерінің  бірі  оқушылардың 
біліктілігін,  құзыреттілігін  анықтайтын  білімін,  дағдыларын  қалыптастыру 
болып  табылады.  Сондықтан  әдебиет  сабақтарында    кең  көлемді  эпикалық 
шығармаларды  жоғары  сыныптарда  оқыту  арқылы  оқырманды  сауатты  оқуға 
тәрбиелеу  қажеттілігі  туындауда.  Бұл  мәселе  оқушының  эпикалық  көркем 
шығармаларды  талдау  жұмысын  жетік  меңгергенде  жүзеге  асады.  Әдебиет 
сабағында  эпикалық  шығармаларды  талдаудағы  ең  басты  мақсат  – 
оқушылардың  бойында  оқырмандық  қабілетті  дамыту,  оны  ұдайы  дамытып 
отыру, жан-жақты толықтыру. Әдеби шығарманы, әсіресе эпикалық туындыны 
талдауды  игеру  оқушы  бойында  мәтінмен  жұмыс  істей  білу  қабілетін 
қалыптастыруға  жетелейді.  Тәжірибелі  әдіскер,  жаңашыл  мұғалімдердің, 


74 
 
педагог  және  психолог  ғалымдардың  осы  орайдағы  ұсыныстарын,  оқушы 
қабілетін  дамытуға  байланысты  күнделікті  мектеп  тәжірибесінде  жиі 
қолданылып  жүрген  әрқилы  әдіс-тәсілдерді,  өз  байқауларымызды  бағамдай 
келе,  көркем  мәтінмен  жұмыс  жүргізу  арқылы  оқушы-оқырман  қабілетін 
дамытудың көбіне мына тұрғыда жүзеге асырылатынын аңғардық:  
–  Бұрын  дағдыландырылған  қабілеттің  оқушы  алдына  қойылған  жаңа 
міндетке сай болуы; 
–  Әдеби  мәтінді  талдау  мақсатында  таңдалып  алған  жұмыс  түрінің 
оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі; 
Әдеби  шығарманы  эмоциялық  сезіммен,  бар  қасиет-құнарымен  терең 
қабылдау оның барлық бөлшектерін өзара тығыз бірлікте алып қарастырғанда 
ғана  нәтижелі  болатыны  белгілі.  Мұның  күнделікті  сабақта  шығарманы  жан-
жақты  талдау  және  оны  жинақтау  арқылы  жүзеге  асырылатын  күрделі  үдеріс 
екені даусыз мәселе.  
Әдеби  туындының  көркемдік  болмыс-бітімін  барынша  кеңінен  қамти 
отырып талдаудың түрлері аз емес. Соған қарамай талдау түрлерінің барлығын 
бірдей  оқырмандардың  қызығушылығын,  әдеби-эстетикалық  даму  деңгейін, 
жеке  психологиялық  ерекшеліктерін  жетік  білмей  тұрып,  түпкі  нәтижені 
көздейтін белгілі бір мақсатқа бағындырмай, талғаусыз пайдалану мүмкін емес.  
Айталық,  жоғарғы  сыныптардағы  әдебиет  курсы  тарихи-әдебиеттік 
ұстанымға  құрылғандықтан,  көркем  туындыны  суреттеліп  отырған  кезеңнің 
тарихымен  тығыз  байланыста  алып  қарастыру  керек.  Онсыз  жазушының 
тарихқа  көзқарасын,  өзі  суреттеп  отырған  қоғамнан  түйген  әлеуметтік-
философиялық  ой-пікірлерін,  қоғам  жөніндегі  қаламгерлік  тұжырымын  айқын 
ажырата алмайды, сонымен бірге, жазушы стиліне терең бойлай алмайды. Сол 
үшін  жазушының  адамтанушылық  тұжырымдамасын,  қоғамдық  көзқарасын, 
шығарма  идеясын,  тарихи  сипатын  анықтауда  талдаудың  өзге  түрлеріне 
қарағанда 
образды-тұжырымдамалық, 
не 
проблемалық 
талдаудың 
ұтымдылығын пайдаланған орынды. 
Мектепте  әдеби  шығарманы  талдаудағы  басты  мақсат  –  оқырмандыққа 
тәрбиелеу  болғандықтан,  бұл  үдеріс  те  талданатын  шығарманы  алуан  түрлі 
әдістер аясында қарастыруды қажет етеді. Талдау түрлерінің көптігі де осыдан 
туындайды. Әйтсе де, әдебиеттанушылардың, педагог-психологтардың, әдіскер 
ғалымдардың, мектеп мұғалімдерінің эпикалық шығарманы талдау барысында 
жиірек жүгінетін бірнеше талдау әдістері бар. Бұған образдар бойынша талдау, 
проблемалы  талдау,  тұтастай  талдау,  тақырыптық  талдау    және  т.б.  дәстүрлі 
әдістер  мысал  бола  алады.  Бұл  әдістер  оқырмандық  қабілеті  дамыған  тұлға 
моделін құрауға да  негіз бола алады.  
Пән  мұғалімі  таңдап  алған  мақсатына  орай  осы  әдістер  ішінен  өзі 
қолайлы  деп  тапқанын  оқушылардың  көркемдік  қабылдауын  тереңдету, 
оқырмандық  қабілетін  дамыту  үшін  кәдеге  жаратады.  Жоғарыда  аталған 
әдістердің  әрқайсысының  өзіне  тән  ерекшеліктері,  артықшылықтары  мен 
ұтымды  жақтары  бар.  Мұғалім  сабақ үстінде  бұл  әдістердің  қайсысы оңтайлы 
екендігін қалай анықтайды? Бұл жерде пән мұғалімі оқушы-оқырманның сабақ 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау