Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет38/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77

79 
 
асатынын  сипаттайды.  Оқу    қызметінің  саралануында    тұлғалық-бағдарлы 
технологиялар  оқушының  бірегей  қабілеттіліктерін  дамытуға  жүзеге  асыруға 
көмектеседі.  Диагностикалық  –  нәтижелік  компонент  қабілеттіліктің 
дамуының нәтижелілігін сипаттайды. Аталып өтілген модельдің компоненттері 
зерттелетін  үрдістердің  динамикалық  өзгерістерін  бақылауға,  түзетулер 
енгізуге,  болжамдау  мен  нәтижелерді  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Модельді 
жүйемен жүзеге асырған жағдайда ол объекттің болмысы туралы жаңа білімдер 
мен ақпараттар береді, сәйкесінше бұл қандай да бір инновациялық қызметтің 
негізін  құрайды.  Осылайша,  модельдеу  педагогикалық  түрлендірулерді жүзеге 
асырудың әрекеттік механизмі ретінде көрініс табады. 
Педагогикалық  зеpттеулеpдегi  модельдi  құpу  еpежелеpi  оның  жұмыс 
iстеуi және нәтижеге жетуi ескеpiлетiн белгiлi «шекаpалық» шаpттаpды қамтуы 
кеpек. Н.Рубцов модельдеудi бipтұтас педагогикалық үдеpiстi жүзеге асыpудың 
маңызды  бөлiгi  деп  есептейдi:  «яғни,  зеpттеушi  мұғалім  үшiн  моделдеу 
зеpттелiнетiн  құбылыстың  идеалдық  моделiн  қайта  жасаудың  тәсiлi  болады. 
Пpактик  мұғалім  үшiн  модельдеу  iс-әpекетiнiң  мақсатына  сәйкес  оның 
жағдайын ұстаз өзгеpткiсi келетiн белгiлi бip педагогикалық құбылысты немесе 
үдеpiстi  тұтасымен  ойша  (алдын-ала)  қайта  құpу  тәсiлi  болады.  Басқаша 
айтқанда,  моделдеу  мұғалім  үшiн  педагогикалық  теоpия  мен  нақтылы 
пpактикалық iс-әpекет аpасындағы бөлiк болады» [109].  
Модельдеу  ғылыми  зерттеудің  әдісі  ретінде  қарапайым  және  күрделі, 
схемалы және толық болуы мүмкін. Қарапайым модельдеу  – арнайы зерттеуді 
талап  етпейтін,  дәлелдік  аппарат  қолданылмайтын,  тек  қана  заттарды 
салыстыру  жолымен  жүзеге  асып,  схема,  макет,  кестелер  мен  графиктер 
арқылы берілетін моделдеудің бір түрі. 
Модельдік  зерттеуді  жүргізудің  маңызды  шарты  –  модельдеудің 
ұстанымдары болып табылады. Бұл ұстанымдарға келесілер жатады: 
- көрнекілік 
ұстанымы  (яғни  модельдің  анық  айқындылығы  – 
конструктивтілігі,  бейнелілігі,  таңбалылығы,  анықтылығы,  демек,  зерттеу 
объектісін нақты анықтау); 
- объективтілігі 
(зерттеудің  жеке  сенімінен,  зерттеу  жүргізудің 
тәуелсіздігі) және т.б. 
Модельдеудің  осы    ұстанымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  біз  зерттеу 
жұмысымызда  әдебиет  сабақтарында    оқырмандық  қабілетті  дамытуға  ықпал 
ететін  оқыту  іс-әрекеттерінің  бірі  ретінде  эпикалық  шығарманы  талдау  
жұмыстарына назар аудардық.  Шығарманы көркем талдау  жұмысын бастарда 
талдауға қажетті көркемдік-құрылымдық материалдарды (тараулар, көріністер, 
әрқилы  ситуациялық  жағдайлар  т.б.)  іріктеп  алу  жұмыстары  орындалады.  Бұл 
жұмысқа оқушылардың өздері тікелей қатыстырылады.  
 
 
 
 
 


80 
 
 
11 сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту моделі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3 – Оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытудың құрылымдық-
мазмұндық моделі
 
Тұғырлары  
Жүйелілік-бірізділік; тұлғалық-бағдарлық; когнитивті-
мотивациялық;  іс-әрекеттік; құзыреттілік; мақсаттылық
 
Ұстанымдары 
Шығармашылық белсенділік, еркін әрекет, көркем қабылдау
эмоционалды толығу, креативті ойлау, практикаға бағыттылық  
Компонент 
тері 
Мазмұндық  
Мотивациялық  
құндылықты  
Іс-әрекеттік -
нәтижелік 
 
эпикалық туындыны  іріктеп, мазмұндық талдауды 
анықтауы, шығарманы 
 оқуды  басты бағдар деп түсінуі, 
тиімді тәсілдермен меңгеруі 
 
Кең көлемді эпикалық шығарма оқуға 
жағымды көзқарас, жаңаны білуге деген ынта, 
құлшыныс,  оқырмандық мәдениет
 
Әдіс-тәсілдер  
Сауалнама, топтық, жұптық, сұрақ- жауап, талдау, кітап таңдау,  
эпикалық шығармаларды сұрыптау, өздігінен кітап оқуды 
ұйымдастыру, салыстыру, ой -тoлғay, пiкip қopғay
 
Оқырмандық қабілетті дамыту формалары  
Әдебиет   сабақтары    
Сынытан тыс оқу  
 Өздігінен оқу  
 
Нәтиже  
Эпикалық шығармаларды оқу негізінде оқырмандық қабілеті дамыған оқушы  
 Оқырмандық қабілетті дамыту  үшін  өзіндік 
ізденіске түсу,  оқу әрекетін болжамдау,  оқу 
белсенділігін бағалау және  оқырмандыққа  
дағдылану, нәтижесін тексеру  
 
Мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың оқырмандық 
қабілетін дамыту жолдарын анықтау 
Міндеттері: 
-  оқырман қабілетін дамытудың  тиімді әдістерін анықтау;   
-  эпикалық шығармаларды  оқуға білім, білік, дағдысын дамыту
-  оқушылардың  әдеби кітап оқуға  қызығушылығын тудыру,  
 


81 
 
Өйткені, осындай дайындық жұмыстары арқылы оқушылардың бойында 
талдау түрін алдын ала білу, соған орай, көркемдік материалдарды іріктей білу 
қабілеті  меңгеріледі.  Мұғалім  оқушыны  оқырмандыққа  тәрбиелеу  үшін 
шығарма  талдаудың  ең  ұтымды  үлгісін  таңдайды.  Мұндайда  көбінесе  оқушы-
оқырмандардың  автор  ойының  даму  логикасын,  шығарма  мазмұнының 
эволюциясын көре білулеріне  ерекше назар аударылады. Көркем шығарманың 
өн бойына желідей тартылған авторлық ойды оқушының қаншалықты дәрежеде 
түсінгендігі сұрақ-жауап әдісі арқылы байқалады, бақыланады.  
Оқушылардың  әдеби  шығармадан  алған  алғашқы  әсерлерін  байқау 
жөнінде  жүргізілген  сұрақ-жауаптар,  шығарма  материалдарын  іріктеу  мен 
жіктеудің  маңызы  қаншалықты  зор  болғанымен,  оқушы-оқырмандардың 
шығарманы  жан-жақты  қабылдауы,  ол  жөнінде  ойлануы,  ой  қорыта  білуі, 
туындының  эстетикалық  мәнін  түсінуі  ең  бастысы  –  оқырмандық  қабылдау 
қабілетінің  артуына  әлі  де  жеткіліксіз  болады.  Сол  себепті  де  зерттеу 
барысында  оқушылардың  оқырмандық  қабілетін  дамытудың  сандық  және 
сапалық  жақтарын  анықтайтын  құрылымдық-мазмұндық  моделін,  оның 
компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін жасауға мүмкіндік берді. 
 
Бірінші бөлім бойынша тұжырым 
Қазіргі 
мектеп 
оқушыларының 
көркем 
әдебиетке 
деген 
қызығушылығының  төмендеуі  қоғамдағы  ең  күрделі  мәселелердің  бірі  деп 
саналады.    Бұл  мәселе  тек  бізде  ғана  емес,  шет  мемлекеттердің  көбінде,  тіпті 
кітап өркениеті дамыған Батыс Еуропа елдерінде де кең етек алып отыр. Кітап 
адамды  өмір  сүруге  құлшындырады,  ақыл-ойын  дамытады.  Қай  жағдайда 
болмасын  адамның  ішкі  сезіміне  әсер  ететін  қозғаушы  күштің  бірі  ретінде 
көркем  шығармалардың  орны  бөлек.  Сондықтан  қазақ  әдебиеті  сабақтарында 
эпикалық  шығармаларды  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  оқырмандық 
қабілетін  дамыту  мәселелері  жөніндегі  зерттеу  еңбектің  алғашқы  тарауы 
оқырмандық  қабілет  дамытудың  педагогикалық  психология  мен  оқыту 
әдістемесі ғылымдары бойынша зерттелу жайын, бұл мәселенің педагогикалық-
психологиялық 
негіздерін, 
оқырмандыққа 
тәрбиелеудің 
жоғарғы 
сыныптықтарға әдеби білім берудегі маңызды мәселе екендігін, сонымен бірге, 
әдебиет  сабақтарындағы  сыныптан  тыс  оқу,  тіл  дамыту  жұмыстарының  да 
шәкірттің  оқырмандық  қабілетін  дамытуда  елеулі  рөл  атқаратындығын 
ғылыми-теориялық тұрғыда қарастыруға арналды.  
Жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамыту 
мәселесінің  зерттелу  жайына  арналған  тақырыпта  аталған  мәселенің  алғаш 
зерттеле  бастаған  кезеңінен  бастап  қазіргі  кезеңге  дейінгі  ғылыми-теориялық, 
ғылыми-әдістемелік  бағыттағы  зерттеу  еңбектерге  талдау  жасалып,  олардың 
негізгілеріне  сипаттама  берілді.  Осы  тақырыпты  зерттеу  нысанына 
айналдырған  зерттеушілердің  мақсатына,  қол  жеткізген  нәтижелерінің  мән-
маңызына  баға  беріліп,  оқырмандық  қабілетті  дамыту  мәселесінің 
педагогикалық  психология  мен  оқыту  әдістемесі  ғылымдары  бойынша 
зерттелуінің  қазіргі  бағыттары  мен  оның  бүгінгі  күнгі  жайы  әңгіме  өзегіне 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау