67
есептеледі.
Мектеп қабырғасындағы әдеби білім беру барысында қандай да болмасын
жетілдірілген әдіс-тәсіл қолданылса да, білім беру үдерісін оқушылардың
қызығушылығын жетелеумен қатар алып жүрмеген жағдайда шығарма құнарын
оқушы бойына дарытудың нәтижелілігі, жалпы шәкірттің оқырмандық
қабілетін қалыптастыру жұмысы тиісті дәрежеде болмайды.
Мектеп шәкірттерінің оқуға қызығушылығын жетелеу – оның ойын
жетелеу, оқырмандық қабілетті дамытудағы аса қажетті баспалдақ іспетті.Орта
мектептегі әдебиет сабақтарының көпшілік жағдайда шығармашылық сипат ала
алмай жатуы оқушы ойын оңайдан-қиынға, қарапайымнан-күрделіге қарай
бірте-бірте күрделендіріп, жүйелі түрде жетелей алмаудың салдарынан да
болып жатады. Оқушы ойын жүйелі түрде жетелеу үшін сабақтың өзі де жүйелі
болғаны мақұл. Сондықтан, шәкірттердің кітап оқуға қызығушылығы мен
оқырмандық қабілетін қалыптастыру, ойын дамыту үшін сабақ мазмұнындағы
жүйелілік ұстанымын сақтамай тиянақты білім бере алмаймыз. Оқырмандық
қызығушылық пен оқырмандық қабілет бірінен-бірі туындайтын, бірінсіз-бірі
болмайтын жүйелі құбылыс іспетті. Өйткені, сабақ үдерісіндегі барлық
шығармашылық жұмыс түрлері бірін-бірі толықтыра отырып, біртұтас үйлесім
құрайтын үдеріс. Сол себепті де мұғалім бір жұмыс түрінен, келесі жұмыс
түріне көшкенде пайда болатын аралық байланысты, аралық жікті байқатпауға
әрекеттенеді. Сонда қызығушылық та бір сатыдан келесі сатыға үзіліссіз дамып
отырады, жүйелілік қасиет сақталып, оқырмандық қабілет те қалыптаса
бастайды.
Орта мектептегі әдебиет сабақтарын шығармашылық жұмыс деп
түсінетін мұғалімдердің қай-қайсысы болсын өз ісін ұйымдастыруды оқушы
қызығушылығын оятудан бастайтындығы жайдан-жай болмауы керек. Өйткені,
ондай ұстаздар оқушы қызығушылығы өз бетімен оянбаған жағдайдың өзінде,
соған мәжбүр ететін әдістемелік
жолдарды тынымсыз ойластырып, еңбектенеді.
Бұл ретте мәскеулік мектеп мұғалімі Е.Н.Ильин оқушының шығармаға
қызығушылық танытып, ықыласын аудару үшін қолданатын көп әдістерінің
бірі ретінде өз тәжірибесін ортаға салды. Онда ол: «...Кітапты оқып шығуға
мәжбүр ететін бетті іздеймін. Бірақ оны табумен іс бітпейді. Оған қоса
қызықты
өтіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл кітапқа қарай жетелеу керек.
Өзімнің оқу өнеріммен таңдандыруға тырысамын; жай мәтіннің негізінде емес,
керісінше мәтіннің өзімен шешілуі мүмкін проблемалар қоямын; бүгінгі
балаларға айрықша қиын соғатындары ұғынықты, «қарапайым» нәрсемен
қызықтырып әкету үшін ауырлауынан, күрделіден бастамаймын. Менің сырым
кітапты тезірек ашып, бәрін соған бағындыру. Осы! Сыныппен тілдесу –
кітапты «сөйлетпейінше», қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, әсілі кітаптытүгел
қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Оқушының
кітапқа сенуі, оқығысы келуі және кейіннен оған қайтадан оралуы үшін ол өз
парақтарын да табуы керек. Сөйтіп, қызықтыра отырып, баурап әкету
ұстанымын қалыптастырамын!» – дейді [102]. Айтылған жайттан тәжірибелі
жаңашыл мұғалім Е.И.Ильин оқушының оқырмандық қызығушылығын