Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет31/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77

63 
 
жұмысында  қарастырылған,  онда  оқырман  туралы  ғылымның  маңызды 
ұғымдары ашылған.  
 
Сурет 1 – Оқырман құрылымының құрамдас бөлігі 
 
Ал,  педагог-психолог  ғалымдар  психологиялық  даму  сияқты  күрделі 
үдерісті  алдыңғы  кезекте  адамның  ақыл-ой  қабілетінің  дамуына  әсер  ететін 
факторларды,  оның  даму  барысында  жетекші  және  қосымша  сипатқа  ие 
болатын  психикалық  бөлшектерді  зерттеу  арқылы  жүзеге  асатынын  атап 
айтады.  Сондықтан  оқырмандық  қабілетте  оқуға  деген  қызығушылық  секілді 
танымдық үдерістердің негізінде адам психикасына қатысты екендігі сөзсіз.  
 
Орта  мектеп  оқушыларының  оқырман  ретінде  қалыптасуы  бағытындағы 
психологиялық үдерістерді ғылым негіздеріне сүйене отырып тану жалпы адам 
психикасының  дамуы  мәселесімен  тығыз  байланыста  зерделенеді.  Әдебиетші-
әдіскер  ғалым,  профессор  Н.Д.Молдавская  адам  психикасының  дамуы 
мәселесін  теориялық  тұрғыда  қарастыруда  ішкі  және  сыртқы  жағдайлардың 
тығыз  байланыстылығы  мен  өзара  әрекеттестігінің  мәнін  түсіну  ең  маңызды 
назар  аударарлық  мәселе  екендігін  көрсете  отырып,  сыртқы  жағдайлардың 
барлық көрінісі ішкі жағдайлар арқылы жүзеге асады деген тұжырымға келеді 
[100]. 
Ал,  психолог  ғалымдар  психологиялық  даму  сияқты  күрделі  үдерісті 
алдыңғы  кезекте  адамның  ақыл-ой  қабілетінің  дамуына  әсер  ететін 
факторларды,  оның  даму  барысында  жетекші  және  қосымша  сипатқа  ие 
болатын  психикалық  бөлшектерді  зерттеу  арқылы  жүзеге  асатынын  атап 
айтады.  Сондықтан  оқырмандық  қабілетте  оқуға  деген  қызығушылық  секілді 
танымдық  үдерістердің  негізінде  адам  психикасына  қатысты  бөлшек  ретінде 
оның ақыл-ой белсенділігінің нәтижелілігіне ықпал жасайды. 


64 
 
Адамның  ақыл-ой  қабілеті  саналы  түрде  танымдық  іс-әрекеттерге 
тартылған  жағдайда  ғана  өз  жемісін  береді,  сол  себепті  саналы  іс-әрекет  жоқ 
жерде айқын мағыналы ақыл-ой қабілеті болмайтыны айдан анық мәселе. Олай, 
дейтініміз,  бұдан  мектептегі  әдеби  білім  беру  ісінің  дұрыс  ұйымдастырылуы, 
сабақтың  шығармашылық  сипатын  арттыру,  ең  бастысы  оқушыларды  оқу 
әрекетіне  араластыру  олардың  ақыл-ой  белсенділігін  дамытуда  ерекше 
маңызды  орын  алатындығын  байқатады.  Адамның  ақыл-ой  қабілетін 
зерттегенде, бірінші – ақыл-ой қабілетінің нәтижелілік себептері, екінші – оны 
оқу  ісіндегі  әрекетке  араластыру  ұстанымдары  басшылыққа  алынады.  Мектеп 
шәкірттерінің  жалпы  танымдық  қызығушылықтарының  барлық  түрлері  осы 
ақыл-ой әрекетінің белсенділігіне қарай жүзеге асып отыратынын аңғартады.  
Ойлау  үдерісі  –  адам  ақыл-ойы  дамуының  өн  бойында  жетекші  сипат 
алып,  оның  жан-жақты  танымдық  көзқарасын  кеңейтуге  қызмет  ететін  негізгі 
психикалық  құбылыс.  Профессор  С.Л.Рубинштейн  ойлау  процесіндегі  негізгі 
екі бөлшекті ерекше атайды [101].  
Оның бірі – жеке адамның өзіне ғана тән ойлау үдерісінің механизмдері. 
Бұған табиғат, қоғам құбылыстарына, дәстүрлі мәдениет мұраларына адамның 
өз танымы, парасат-пайымы, сыртқы, ішкі дүниені қабылдау ерекшелігі арқылы 
келуі,  оны  талдауы,  жинақтап  белгілі  бір  дәрежеде  қорытынды  шығаруы 
жатады.  Ал  екінші  бөлшекке  ойдың  әрекет  белсенділігімен  қабілеттілігі 
аталады. Мұнда белгілі бір нақтылы әрекетке арқау болатын, соны басқаратын, 
бағыт беретін, қалыптастыратын ұғымдар /әдебиет-теориялық, грамматикалық, 
математикалық  т.б./  рөл  атқарады.  Мәселен,  орта  мектептегі  әдебиет  пәнінің 
негізгі  мақсаты  –  оқушыларға  әдеби  білім  беру  десек,  оқу  бағдарламасына 
енгізілген 
әдеби 
шығармаларды 
шығармашылықпен 
оқып-үйренуге 
байланысты теориялық мәселелерді, қалыптасқан қағидаларды, заңдылықтарды 
басшылыққа  алып,  оларды  берік  бойға  сіңірген  жағдайда  ғана  пәнді  игеру 
жеңілдей  түседі,  шәкірттерде  шығармашылық  туралы  түсінік  қалыптасуына 
жағдай жасалады.  
 
Мектеп  оқушысының  әдебиет  пәнін  оқып-үйрену  үстінде  –  әдебиетке, 
тарих пәнін оқуда – тарихқа секілді т.б. пәндерге мамандана бастайтындығы да 
ойдың  әрекет  белсенділігінің  белгілі  бір  салаға  бейімделуі  арқылы  жүзеге 
асатын  психикалық  құбылыс.  Профессор  С.Л.Рубинштейн  қабілеттің  негізгі 
өзегі  адамның  өзі  қалап  алған  саласының  заңдылықтары  арқылы  оның  іс-
әрекетін басқаратын психикалық үдерістерден тұратынын ескертеді. 
 
Мектеп  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  қалыптастыру  мәселесін 
әдістемелік  тұрғыда  қарастыру  алдынғы  кезекте  оқушының  қызығушылығы 
арқылы  туындап  отыратын  психологиялық  негіздерді  зерттеумен  тығыз 
байланысты.  Көрнекті  ғалым  С.Л.Рубинштейн  атап  көрсеткен  психикалық 
үдерістерде  дербес  қарағанда  қабілетті  дамытуға  негіз  болатын,  оның  ішкі 
құрылымын  құрайтын  құрамдас  бөлшектер.  Н.Д.Молдавская,  Б.Г.Ананьев, 
К.Жарықбаев тағы басқа ғалымдар қабілетті адам өмірінің өн бойында дамып, 
толығып  отыратын,  оқу  үдерісінде  шешуші  рөль  атқаратын  психикалық  негіз 
ретінде атай отырып, оны жалпы қабілет және арнаулы қабілет деп екіге бөліп 


65 
 
зерттейді. 
 
Орта  мектептегі  оқу  үдерісінде  оқушыларға  әдеби  білім  беру  арқылы 
олардың  оқырмандық  қызығушылығын  дамыту  ісінде  қабілеттілік  мәселесінің 
қандай  орын  алатындығы  жеткілікті  дәрежеде  зерттелмесе  де,  бұл  тараптағы 
алғашқы ізденістер баршылық. Орта мектептегі физика, химия, география тағы 
басқа  пәндерді  жаратылыстанудың  шешімін  тапқан  заңдылықтарына,  дайын 
теорияларға,  ережелерге  сүйене  отырып,  оқып-үйренудің  қалыптасқан 
ұстанымдары 
жасалған. 
Ал 
әдебиет 
пәнін 
оқып-үйренуге 
бұл 
ұстанымдардыпайдалануға болмайды. Өйткені, сабақ үстінде оқушы қатардағы 
шығармамен  емес,  өзі  үшін  тың,  жаңа  құбылыспен,  жаңа  әлеммен  алғаш  рет 
бетпе-бет  кездеседі.  Сондықтан  әрбір  көркем  шығарма  қоғамдық  дамудың 
белгілі  бір  кезеңдерінің  үні  болуымен  қатар,  сол  кезеңдегі  кейіпкерлер 
дүниесінің  тағдыр-талайымен,  табиғат  көріністерінің  ғажайып  сырларымен, 
тағы  басқа  да  сапалық  қасиеттерімен  таныстыратын  қайталанбас  құбылыс 
болып  табылады.  Педагогикалық  психологияда  жиі  қолданылатын  теориялық 
тұрғыдағы  арнаулы  қабілет  ұғымы  әдеби  білім  беруде,  оқырмандықты 
дамытуда,  оған  оқушының  психикалық  іс-әрекеттерін  бағыттауда,  көркем 
шығарманың  барлық  қасиет-құнарын  толыққанды  түрде  танып-білуіне,  оны 
шығармашылықпен  қабылдауына  бірден-бір  негіз  болуға  жеткіліксіз  болуы 
ықтимал.  Өйткені,  шәкірт  қабілетінің  әдеби  білім  берумен  психологиялық 
үйлесімділігін  зерттеген  ғалым  В.П.Ягункова  арнаулы  қабілеттің  құрамдас 
бөлігі  ретінде  шығармашылық  қабілет  болуы  қажет  деген  тоқтам  айтады. 
Шығармашылық  қабілет  –  оқушы  дүниетанымының  кеңеюіне,  рухани  күш-
қуатының  жан-жақты  ашылуына,  ойлау  қабілетінің  дамуына  айрықша  ықпал 
ететін  күрделі  психикалық  мүмкіндік.  Шығармашылық  қабілетке  баға  беру 
үшін,  ең  алдымен,«шығармашылық»  ұғымының  психологиялық  аспектілері 
біртұтас  психологиялық  үдеріс  ретінде  қандай  сатылардан  тұратындығын 
білудің мәні мен маңызы ерекше [102]. 
 
Шығармашылық  жұмыс  –  жеке  адамның  рухани  іс-әрекетінің  жемісі 
болғандықтан,    одан  асқан  қабілеттілікті,  дәлелді  негіздерді,  білімділікті, 
іскерлікті  қажет  етеді.  Ағылшын  ғалымы  Г.Уоллес  «шығармашылық»  ұғымы 
құрылымы  жағынан  мынадай  сатылардан  тұратындығын  атайды:  1.Дайындық 
сатысы  (адамның  белгілі  бір  шығармашылық  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  өзін-
өзі  дайындауы);  2.Пісіп-жетілу  сатысы  (дайындық  кезеңінің  аяқталып,  іске 
кірісер алдындағы сәті); 3.Шабытты сәт (шығармашылық іс-әрекет); 4.Тексеру 
(аяқталған 
істің  нәтижесін  бағалау).  Шығармашылық  үдерістің  осы 
сатыларының  ішіндегі  негізгі  жүк  арқалайтын  орталық  кезең  –  шабытты  сәт. 
Өйткені, интуиция арқылы қажетті нәтижені ұстап қала білу осы сатыда жүзеге 
асады.  Әдеби  шығарманы  оқып-үйрену  үдерісінде  әрбір  оқырман  осы 
сатыларды бастан кешіреді. Туындыны образды қабылдау дағдыларын игереді. 
Көркем туындыдан шәкірттің жас ерекшелігіне, оқырмандық тәжірибесінеорай 
ой түюге, ең бастысы – оқырман ретінде даралануға бетбұрыс жасалады. Бұл – 
оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыруына жағдай жасайды.   
 
Мектеп  оқушыларының  әдеби  қабілеті  мен  қызығушылық  мәселесі  әлі 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау