68
мәтіннің ішіне ену үдерісіндегі ең басты ұстаным ретінде қарастыратындығын
байқаймыз. Сабақ барысындағы, шығарманы талдау үстіндегі
ой
операцияларының өн бойында қызығушылық та, оқырмандық қабілет те егіз
қатар жүзеге асады. Оқушыларды әдебиетке
қызықтыру, олардың оқырмандық
қабілеттерін ұштау Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары
академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесіндегі елеулі еңбегі деп білеміз. Ұстаздың «Ой тастау, ойланту,
ойлау» технологиясы әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема
шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен
ізденуіне, шығармашылық зерттеу жұмысына негізделеді. Ұстаздың әдебиетті
оқытудағы басты ұстанымы– көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі,
оқушының білімді өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете
беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеуге бағытталып, оқыту үдерісі ойлау
іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту
ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой
салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы
жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан,
бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Ұстаз тәжірибесінің тағы
бір ерекшелігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды
ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–
субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс әрекеті
түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады.
Бұл туралы атақты педагог «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру:
сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз
еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру.
Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген
өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол
себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды, шығармашылыққа
баулуды әдебиетке қызықтыру», - дейді [103]. Әдебиет сабағында бос
отыратын, сабаққа селқос, тек орындаушы, тек дайынды қайталап айтушы
оқушы болмайтыны осыдан байқаймыз. Жаңашыл ұстаздың өз ізденісінен
туған оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу мақсатындағы «Билер
кеңесінің отырысы», «Мен – зерттеушімін», «Пікір қорғау», «Кіші
зертханадағы ғылыми кеңес», «Ұлылар үндестігі», «Жобалар сайысы»,
«Шешендік турнирі», «Консилиум», «Сөз жарысы», «Өнер жарысы», «Есеп
беру сабағы» деген жұмыс түрлері оқушылардың әдеби білімін жетілдірумен
қатар олардың эпикалық туындыларды көркем қабылдауына да көп
көмектесетінін аңғардық.
Мектептік әдеби білім беру ісінде көркем шығармадағы әдеби
қаһарманның жоғарғы сынып оқушыларының өмірдегі өз жолын таңдауына,
азаматтық ұстанымының қалыптасуына, отаншылдық сезімінің тереңдеуіне,
өмір мен өнерге құштарлығының, кітап оқуға қызығушылығының дамуына зор
әсер ететіндігіне ерекше назар аударылады. Мұнда жоғарғы сынып
69
оқушыларының
көркем
шығарманы,
ондағы
әдеби
кейіпкерлерді
қабылдауындағы жас ерекшеліктеріне сай даму мүмкіндіктері оған қажетті
алғышарт болып табылады. Көркем туындыдағы әдеби кейіпкерлердің
қоғамдық құбылыстарға қатысы, мақсаты мен мұраты, өмірге көзқарасы,
қарым-қатынас мәдениеті өзін қоршаған ортадан әлеуметтік-философиялық ой
түюі секілді тағы басқа қасиеттерінің көрінісі ересек оқушы-оқырманның өз
бойындағы осындай қасиеттерді оятуына, дамытуына мүмкіндік береді, өзінше
ойлануына, өмірлік құбылыстардан қорытынды жасауына ықпал етеді. Сөйтіп
шәкірт ойына қозғау салады, қиялына қанат бітіреді. Әдеби туындының
оқырман алдындағы негізгі міндеті де осы болып табылады.
Біз жоғарыда сабақ үдерісінде бір шығарманы сыныптағы оқушылардың
барлығы бір деңгейде қабылдай алмайтынын, себебі, қабылдау жекелік сипатқа
ие,сонымен бірге, оқушы қабілеттілігін айқындайтын шығармашылық үдеріс
екеніне тоқталдық. Осы орайда, әдебиет сабақтарында оқушылардың көркем
шығарманы қабылдауының үш түрі жиі байқалатынын айтамыз:
Сурет 2 – Жоғары сынып оқушыларының эпикалық
шығармаларды оқырман
ретінде қабылдау түрлері
Үшінші
топтағы
оқушы-оқырмандарда
көркем
шығарманы
шығармашылықпен қабылдаудың ерекше белгілері көбірек екендігі көзге
түседі. Олардытуындыдағы қоғамдық ойлар, табиғат көріністері, кейіпкерлер
арасындағы қарым-қатынас, тартыс шындық өмірдегідей ерекше сезімге
бөлейді. Соған орай шәкірт шығарма кейіпкерлері бастан кешкен қуаныш-
қайғысына қоса-қабат оқиғалардың да себеп-салдарына ой көзімен назар
аударады. Ол басты кейіпкердің немесе қосалқы кейіпкерлердің кейбір іс-
әрекеттері көңілден шықпай қалған тұстарда оны ойша өзінше «өңдейді», оны
өзінше «қайта жазуға» әрекет етеді