51
сезінуі мүмкін. Уайымдаудың арқасында оқырман үшін жаңа сезімдер оның
тұлғалық сезіміне трансформацияланады және эмоционалды естің арқасында
олар оның жеке меншігіне айналады. Осыдан көркем әдебиеттің ұлы
қабілеттілігі және эмоционалды әлемді әсемдеу тәжірибесі туындайды.
Оқырман уайымына мысал ретінде 11сыныпта оқытылатын Ж.Аймауытовтың
«Ақбілек» романныдағы Ақбілек бейнесін алуымызға болады. Әдебиет
сабақтарында оқушылар, әсіресе қыз балалар бас кейіпкердің тағдырына
уайыммен қарап, оған жанашырлық танытады. Бұл да оқушылардың
оқырмандық қабілетінің дамуына ықпал ететін факторлардың бірі деп
саналады.
Оқырман эмоциясының интеллектуалды сипаты оны жалпылау кезінде
пайда болады. Жалпыланған өмір бейнесін көркем туындыда қабылдау
үдерісінде, жазушы тәжірибесінде «сезім - Л.Г.Выготскийдің сөзі бойынша –
бастапқыда жеке, ал туынды арқылы қоғамдық немесе жалпылыққа айналады...
Өнер созылмалы «қоғамдық сезім» болып табылады [63, 434 б]. Оқырман сезімі
өзінің
жалпылалығымен
бірге
әлеуметтік
сезімде
болып
келеді.
Л.С.Выготскийдан кейін кеңес эстетикасында және психологиясында оқырман
сезімі мен көркем сезім сипатындағы әлеуметтік және жалпылама ойды
көпшілік
мақұлдады.
Әсіресе
оқырман
сезімінің
интеллектуалды
сипаты,көркем туындыны қабылдау үдерісінде оқырман уайымына қосылып,
оқырман бағалауында көрініс табады. Оқырман эмоциясын бағалау сипаты
заманауи ғылымда танымалдылыққа ие болды.
Оқырман уайымының тағы да бір спецификалық ерекшелігі оның
екіжақтылығы, оған ең бірінші болып Л.С.Выготский мән берген. Оның
көзқарасы бойынша, оқырман әдебиеттік туындыны қабылдау үдерісінде
«форманың эмоциясын» және «мазмұнның эмоциясын» сезінеді. «Мазмұнның
эмоциясы» туындының мазмұндық жағынан туындайды: «күнделікті қарым-
қатынас, оқиғалар , жағдаяттар,тұрмыстық жағдайлар, мінездер». «Форманың
эмоциясы – көркем құрылыс заңдары бойынша материалдың орналасуынан
туындайды» [63, 191 б]. «Материал эмоциясына» келетін болсақ, оқушылар
оқырман уайымында доминантты рөл атқарады және күрделі эмоция болып
табылады: олардың құрылымында эстетикалық эмоциялармен қатар
адамгершілік эмоциялар да көрініс табады. Белгілі болғандай, эстетикалық
эмоциялар
көркем
әдебиеттің
эстетикалық
сипатымен
шартталған,
аладамгершілік эмоциялардың пайда болуының психологиялық механизімі
оқырман уайымы, «кейіпкермен бірге өмір сүруі» болып табылады, әр түрлі
адамгершілік коллизияны ойша бастан кешуге мүмкіндік береді.
Эмпатикалық қабілеттіліктер құрылымында эмоционалды компоненттің
негізгі
ролі
оқырман
елестетуі
тек
қана
оқырман
уайымымен
белсендендірілмейді, сонымен қатар оқырманның ойлауы, зейіні, есі, яғни
оқырманның барлық психикасы оның тұтас жағдайымен анықталынады.
Нәтижесінде көркем әдебиет оқырманына тәрбиелік әсер ету оның
эмпатикалық қабілеттіліктер құрылымында көп жағдайда эмоционалды
компонент анықталынады. Егер оқырманның эмоционалды қабылдауы
52
дамымамаған жағдайда ол туындының идеялық мазмұнының бейнелік-
эмоционалды мәнін түсіне алмайды. Белгілі болғандай, оқырман тұлғасының
ерекшеліктеріне, оның оқырмандық тәжірибесіне байланысты оқу үдерісінде
қайта кодтау, меңгеру және ақпаратты сақтау сияқты іс- әрекеттер орын алады.
Сондықтан көркем мәтінді қабылдау кезінде, эмпатикалық қабілеттіліктер
құрылымының барлық басқа компоненттерінің сәтті қызмет етуін қамтамасыз
ететін «мнемикалық қабілеттілік» үлкен рөл атқарады. Көркем әдебиетті
қабылдау үдерісінде оқырман есінде бейнелерді қалыптастыратын оқырман
елестетуінің бейнелік көріністері және сезілген эмоциялары сақталады.
Мысалы, белгілі-бір кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы әлпетін қайта жасау
үшін, ес оқырман елестетуіне туындының шашыраған жеке көркем бөл
шектерін береді.
Көркем әдебиет оқырманының мнемикалық қабілеттерінің спецификалық
ерекшеліктері оның сөздік-логикалық, бейнелік және эмоционалды есі болып
табылады. Естің бір-бірімен ажырамайтын бұл үш түрі оқырман қызметінің
сөздік-логикалық және бейнелі-эмоционалды сипатымен шартталған. Әрине,
көркем әдебиеттің бейнелік табиғаты оқырманнан біріншіден, жақсы дамыған
бейнелік есті – көрініс есін талап етеді. Бейнелік ес арқылы оқырман өзінің
санасында оқылып отырған туындының мазмұнындағы әр түрлі бейнелерді
ұстап қалады: пейзаж, кейіпкерлердің әр түрлі сыртқы сипаты, мазмұндалып
отырған жағдайды «көреді», кейіпкерлердің сөздерін «естиді». Оқырман
қызметінде және эмоционалды есінде – уайымдау есі үлкен рөл атқарады.
Оқырманның эмпатиялық қабілеті эмоционалды ес негізінде туындап дамиды.
Осы арқылы көркем әдебиеттің тәрбиелік потенциалы жүзеге асады. Оқырман
қызметінде көркем әдебиет сөз өнері болып табылатындықтан, сөздік-
логикалық естің рөлі өте маңызды. Дегенмен атап өтетін жайт, эмоционалды
және бейнелік естің жоғарғы даму деңгейі жағдайында естің бұл түрі бағалы
болып келеді. Егер оның деңгейі төмен болған жағдайда және сөздік-логикалық
естің басымдылық көрсеткені жағдайында оқырман көркем әдебиеттен
эмоционалды бастамасы мен бейнеден айырылған негізгі ақпаратты ғана алады.
Көркем бейненің психологиясын түсіну туралы сөз қозғалғанда,
психологиялық көргіштік, психологиялық зеректік, психологиялық сергектік
және психологиялық қабылдау сияқты үш терминді синоним ретінде қолдануға
болады, себебі оларда акцент персонаждың ішкі әлемін тануға жасалынған. Ал
егер сөз оқырманның көркем персонаждарды уайымдау қабілеттіліктері болса,
онда мағынасы бойынша бір-біріне жақын «психологиялық сергектік»,
«психологиялық қабылдағыштық» және «оқырман эмпатиясы» терминдері
қолданылады. Сабақта «Ақбілек» романын талдау барысында кейіпкердің
психологиясын ашуға көп көңіл бөлінді. Әсіресе оқу бағдарламасының
вариативті бөлігі бойынша құрастырылған таңдау курсындағы сабақтарда бұл
мәселе кеңінен қарастырылды.
Әдеби кейіпкердің психологиясын түсіну, біріншіден, персонаждың
психологиялық қатарын, оның ішкі әлемін елестетудің көмегімен жаңғырту
арқылы, екіншіден персонаждың психологиялық саласына интуитивті ену
Достарыңызбен бөлісу: |