Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет24/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77

49 
 
ұсынды. Блумның айтуынша, қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік 
және арнайы оқыту әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге 
ұшырайды.  Шетел  психологиясында  жалпы  және  арнаулы  қабілеттіліктердің 
бөлінуі  факторлық  талдаудың  көмегімен  алынған  әртүрлі  факторларға 
негізделді.  Бұл  зерттеулерді  Ч.Спирмен,  Дж.  Гилфорд,  Л.Терстоун, 
Э.П.Торренс,  Р.Б.Кэттел  т.б.  жүргізіп,  эксперимент  нәтижесінен  алынған 
мәліметтермен дәлелдеді [87, 158 б].
 
Көркем  әдебиеттің  табиғатын  бейнелі  қабылдау  құрылымында  елестету 
негізгі рөлді  атқарады. Осыған байланысты психологтар елестетудің мынадай 
түрлерін  бөліп  көрсетеді:  шығармашылық  елестету  (М.Г.  Качурин,  Л.С. 
Выготский,  В.А.  Крутецкий),  эмоционалды  елестету  (Б.М.  Теплов),  көркем 
елестету  (С.Л.  Рубинштейн),  әдеби  жаңғыру  (С.И.  Никифорова,  М.Н.  Седых); 
оқырман  елестетуі  (В.  Л.  Дранков,  Л.Г.  Жабицкая,  Л.Я.  Гришина,  Е.А. 
Корсунский).  Көркем  әдебиетті  қабылдауда    оқырман  елестетуі  шашыраңқы 
түрде  болмауы  керек,  ол  әрдайым  автордың  әлем  картинасымен  сәйкес 
орындалуы  қажет.  Осы  ретте  туындының  идеялық  мәнін  қабылдау  үшін 
оқырман  бейнесі  соған  сәйкес  болуы  керек.  Демек,  оқырманның  қабылдауы, 
әрдайым  автордың  бейнелі  мазмұнына  сәйкес  келуі  керек,  яғни,  көркем 
туындыны  толық  қабылдауға  мүмкіндік  бермейтін  нақты, өмірлік  елестетуден 
ерекшелейтін  эстетикалық  мәнде  бола  білу  қажет.  Оқырманның  эстетикалық 
елестетулерімен  қатар  оның  тағыда  бір  сипатын  айтып  өткен  дұрыс,  ол- 
белсенділік.  Л.Г.Жабицкаяның пікірінше, елестетудің белсенділігі толыққанды 
қабылдаудың  маңызды  шарты  болып  табылады.  Елестетудің  белсенділігі 
оқырман  елестетуінің  суреттеп  бітіретін  іс  әрекетімен  қызметімен  тығыз 
байланысты. 
Бұл 
қызмет 
Л.Г.Жабицкая 
мен 
О.И.Никифорованың 
жұмыстарында  толығырақ  сипаттаған.  Авторлық  бейнелерді  жаңғырту 
елестетуінің  шығармашылық  үдерісіндегі,  оқырман  жазушымен  бірге 
шығармашылыққа берілген кездегі оқырман жұмысын сипаттайды. Сондықтан, 
көптеген 
авторлар 
В.Л.Дранков, 
С.Л.Рубинштейн, 
Л.И.Коновалов, 
Л.С.Выготский 
және 
т.б. 
оқырман 
елестетуінің 
шығармашылық 
мүмкіндіктеріне  назар  аударған.  Жеке  алғанда  В.Л.Дранковтың  айтуынша, 
оқырман  елестетуі  жазушымен  жасалған  әдеби  бейнелерді  жаңғыртудың 
пассивті формасы емес, адамның шығармашылық қызметінің күрделі формасы. 
Бұл ойды біз әдебиет сабақтарында оқырмандық қабілетті дамыту мақсатында 
қолданатын  отандық  ғалым  Т.Қ.Ақшолақовтың  шығарманың  көркем 
айшықтарын  таныту  сияқты  тұжырымымен  сабақтастыра  аламыз.  Ғалым 
«оқушы  шығарманы  көркем  қабылдау  үшін  кейіпкердің  жан  дүниесіне,  ой 
сезіміне,  қиял  арманына  тереңдеп,соған  ортақтаса  білуі    керек  және  өзін  сол 
әлемде  елестете  алуы  тиіс»  деген  ойы  дәлел  бола  алады.  Елестету  оқырманға 
туындының  көркем  әлеміне,  оның  бейне  әлеміне  енуіне  көмектеседі. 
Е.А.Корсунскидің 
пікірінше, 
оқырман 
елестетуінің 
спецификалық 
ерекшеліктеріне  оның  психологизмі,  ойлап  табу  қабілеттіліктері,  әдеби 
персонаждардың  ішкі  әлемін,  мінезін,  ойы  мен  сезімін  жаңғыртуы  жатады. 
Оқырманның  елестетуінің  психологизмі  автордың  пікірінше,  оқырманға  өзін 


50 
 
белгілі-бір  персонаждың  орнына  қойып  көруге,  оның  жағдайына  үйренуге 
мүмкіндік  бере  отырып,  оқырман  елестетуі  оқырман  қабілеттілігінің 
құрылымында маңызды орынды алады [42, 192 б]. 
Кейбір  ғалымдар  (М.А.Рыбникова,  А.М.Левидов,  П.Русев  және  т.б), 
сөздік-бейнелі  ойлаумен  қатар,  оқырман  қабілеттілігінің  жеке  компоненті 
ретінде  ұғымдық  ойлауды  бөліп  көрсетуді  ұсынды.  Бұл  ғалымдардың 
пікірінше,  ұғымдық  ойлаусыз  көркем  әдебиетті  қабылдау  элементарлы, 
қарапайым, шалағай болып қалады. Ұғымдық ойлау көркемөнер шығармаларын 
қабылдау  кезіндегі  барлық  психикалық  үдерістердің  қызметін  бағыттап 
бақылайды.    Мысалы,  оқырман  талантының  құрылымын  анықтау  барысында, 
А.Г.Жабицкая келесі компоненттерді атап өтеді:  
-  жаңғыртылған  елестетудің  дамуы,  жеке  көркем  бөлшектер  негізінде 
көркем туындының адекватты құрылымы мен тұтас бейнені толық салып шығу 
қабілеттіліктері; 
-  өнердің  метафоралық  тілін  қабылдау  қабілеттіліктері,  көркем 
бөлшектердің идеялық-мағыналы маңыздылығын түсінуі, бейнелерді қабылдау 
барысындағы ассоциациялардың қозғалғыштығы және бай болуы.  
- ерекше «көруді» эмоционалды сезіне алу қабілеттілігі, туындыда көрініс 
табатын жазушының дүниені тануы; 
- әдеби тәсіл туралы түсініктің қалыптасуы және осы түсінікті қолдануда 
тасымалдауды жүзеге асыру қабілеттілігі
- жақсы эстетикалық талғам критерилерінің қалыптасқандығы [14, 58 б]. 
Көркем әдебиетті қабылдау құрылымындағы эмоционалды компоненттің 
рөліне жоғары баға беру бекер емес, өйткені ол  эмоционалдылық, бейнелікпен 
қатар кез-келген жоғары көркемді өнер туындысының ерекшелігі болып келеді. 
Әр түрлі авторлар, көркем әдебиетті оқырманның қабылдауының эмоционалды 
жағы  туралы  сөз  болғанда  эмоционалды  қабылдағыштық,  эмоционалды 
әсерленгіштік  сияқты    әр  түрлі  терминдерді  қолданылады,  Барлық  терминдер 
бір-біріне  синоном  ретінде  де  қолданылады.  Дегенмен,  көркем  мәтінді 
оқырмандық    сезіммен  қабылдау  үдерісінде  туындаған  ерекшеліктің  бірі  
«оқырман уайымы» терминін қолдану да  орынды болып келеді.  
Оқырман  уайымының  мәні  мен  табиғатын  түсіну  үшін,  ең  алдымен, 
оқырман 
уайымы 
қабылдау 
жүйесіндегі  компонентте  негізге  рөл 
атқаратындығын, олардың ерекшеліктерін айқындап алу қажет. Л.Г.Выготский 
оқырман  уайымының  өмірлік  уайымнан  айырмашылығын  асқан  әділдікпен  
көрсеткен.  Олардың айырмашылығы, оқырман уайымы шынайы өмірден емес, 
ойдағы  өмірден,  оның  жазушылық  бейнесінен,  әдеби  образдардан  туындайды 
және  оқырман  оның  шынайы  емес  екендігін  біледі.  Дегенмен,  жазушының 
өмірді  сипаттауы  шынайы  емес  екендігін  біле  тұра  «автормен  көрсетілген 
өмірдің бір бөлігі тікелей өмірге байланысты екендігін» саналы түрде түсінеді, 
сондай-ақ    оқырман  оқылып  отырған  туындыға  ойдан  шығарылған  дүние 
ретінде емес, өзіндік шындық ретінде қарайды [63, 519 б]. Бұл ретте оқырман 
уайымының тағы да бір ерекшелігін айтып кету керек: оқырман оқу үдерісінде 
бұрын соңды өмірде де, оқырман тәжірибесінде де сезініп көрмеген сезімдерді 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау