Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет28/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77

57 
 
А.Н.Лук,  Б.Т.Ананьев,  Н.С.Лейтес,  Г.А.Давыдова  және  т.б.  еңбектерінде 
қарастырылған.    Қазақстанда  бұл  мәселеге  М.Ә.  Құдайқұлов,  Г.Қ.Нұрғалиева, 
Б.А.Тұрғынбаева,  А.Б.Мырзабаева,  Л.Г.Дирксен,  К.К.Жумадирова  сияқты 
ғалымдар назар аударған. Алайда бұл ғалымдар да оқушы қабілеттілігін арнайы 
қарастырмаған,  олардың  еңбектерінде  аталған  мәселе  тек  шығармашылық 
қабілет түрінде көрініс тапқан. 
Зият (интеллект; лат. Intellectus- тану, түсіну, талқы) – адамның ойлауға, 
тануға  рационалды  қабілеттілігі.  Жалпылама  алғанда,  бұл  ұғым  тұлғаның 
ақылы  мен  ойын  дамытуға  қатысты  қолданылады.  Қазіргі  заманғы 
психологияда  зият  ұғымы  көбінесе  тұлғаның  дара  типологиялық  даму 
ерекшеліктерін  зерттейтін  теорияда  қолданылады.  Адамның  зияттылығын 
айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффиценті (ағылш. Intellectual quotent, 
қысқаша- IQ) делінеді. Көпшілік психологтердің пайымдауынша, негізінен, IQ 
жеке  адамның  өзі  жинақтаған  білім  деңгейінің  көрсеткіші  болып  табылады. 
Шығармашылық қабілеттер  бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. 
Өйткені  адам  қабілеттері  мәселесі  барлық  уақытта  да  адамдардың  үлкен 
қызығушылығын  тудырып  келді.  «Шығармашылық  қабілеттер»  ұғымы 
«шығармашылық», «шығармашылық әрекет» ұғымдарымен тығыз байланысты. 
Шығармашылық жөніндегі ғалымдардың пікірлері әр түрлі. Шығармашылық – 
нәтижесі  жаңа  материалдық  және  рухани  құндылықтар  болатын  әрекет; 
психикалық  белсенділіктің  жоғары  формасы,  жаңа  бір  нәрсе  жасауға 
қабілеттілік.  Шығармашылық  әрекет  нәтижесінде  шығармашылық  қабілеттер 
дамиды және қалыптасады. 
«Шығармашылық» 
ұғымының 
жалпы 
теориясын 
зерттеген 
С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде 
мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің 
нәтижесі,  баланың  өзі  үшін  жаңалық  болса  жеткілікті  екендігін  айтады  яғни, 
баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады.  
Оқушылардың 
шығармашылығын 
танымдық 
белсенділігін 
арттыруда 
шығармашылық  сабақтарды  өткізудің,  оқушының  өз  бетімен  ізденіп, 
шығармашыл ой – өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  ашылу  үшін  белсенді 
формалар  мен  әдістерді  қолдану  керек:  әңгімелесу,  пікірталас,  ойындар, 
тартыстар,  жорықтар  мен  сайыстар,  сұхбат,  байқаулар,  олимпиадалар, 
бақылаулар,  шығармашылық  еңбек,  жобалар,  дербес  сабақтар.   Оқушылардың 
қабілеттеріне  қарай  әрбір  баланың  ойын  оятып,  ойландыруға,  талдау  жасауға, 
салыстыруға  жетелейтін  жеке  шығармашылық  тапсырма  береміз.  Осындай 
әдістерді  жиі  пайдаланып  оқушылардың  шығармашылыққа  баулуына,  шәкірт 
бойындағы  талант  көзін  ашуға,  тілін  байытып,  қиялын  ұштаумен  өз  бетінше 
ізденуге зор әсерін тигізеді. 
Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  мынадай  шарттар  
орындалуы тиіс: 

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; 

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; 


58 
 

Ойлау  мүмкіндігінің  ең  жоғарғы  деңгейіне  жету; 

Оқушының  шығармашылық  іс - әрекетіне  жағдай  туғызу.   
Оқушының шығармашылық әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз оқушыны 
ойлай  білуге  үйрету  екені  сөзсіз.  Осы  ретте  мектептегі  әдебиет  сабақтарының 
ықпалы  ерекше.  Эпикалық  шығармаларды    оқытуда    оқушының  зейінін,  есін, 
қиялын,  интеллектісін  дамыта  отырып,  ойлау  қабілетін,  шығармашылық  іс – 
әрекетін  жоғары  деңгейге  көтеруге  болады.  Өйткені  әр  оқушының  қабылдау 
деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы дерлік шығармашылықпен жұмыс істейді деу 
де  артықтық  етеді.  Әр  оқушының  бейімділігі  әр  түрлі.  Логикалық  ойлау 
жылдамдығы  да  ұшқыр  балалар  болады.  Әр  баланың  икемділігіне  қарай 
тапсырмалар  беру  арқылы  шығармашылық  деңгейін  арттырып  отыруы  тиіс.  
Оны  ұстаз  әр  пәнде  байқап  отыруы  тиіс.  Мұнда  ұстаздың  байқағыштығы 
жоғары  болуы  тиіс.  Оқушы  бойындағы  бейімділікті  байқай  салысымен  соған 
сәйкес  тапсырмалар  беріп  дереу  қолға  алуы  керек.  Ол  бейімділікке  деген 
қызығушылықты  солып  қалмай  тұрғанда  алға  жетелеу  қажет.  Сонда  ғана 
оқушы  қызығушылығын  арттырып  отырады.  Шығармашылық  тұлға  бойында 
батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше 
ой 
қызметтері, 
қайшылықтарды 
түсіну, 
заңдылықтарды 
анықтау, 
шығармашылыққа   деген  құштарлық  болуы  керек.  Әдебиет  сабақтарында 
жүргізілетін 
жұмыстардың 
көпшілігі 
оқушының 
жеке 
даралық 
қабілетттіліктеріне  орай  дұрыс  нәтиже  береді.  Оқырмандық    тек  әдебиетке, 
соның  ішінде  эпикалық  шығармаларды  оқуда  ғана  қалыптаспайды,  баланың 
танымдық  белсенділіктері,  қоршаған  орта,  табиғатпен  үндестік,  адамдармен 
ізгілікті  қарым-қатынас,  ішкі  жан  дүниедегі  сезім,  ақыл-ой  интеллектісі,  іс-
әрекеттік  қабілеттіліктер  барлығы  тұтасып,  оқушының  жалпы  дамуының 
көрсеткіші болуы тиіс. 
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын 
анықтау  психология  мен  педагогикада  ертеден  зерттеліп  келеді.   Көрнекі 
педагогтар 
К.Д.Ушинский, 
Ы.Алтынсарин, 
А.С.Макаренконың 
шығармаларында  қабілеттерді  дамытудың  жолдары  қарастырылса,  оқушы 
шығармашылығына  бағыт-бағдар  беруді  ең  алғаш  білім  мазмұнына  енгізген 
М.Жұмабаев  болатын. Шығармашылық  –  адам  ісі,  әрекеттерінің  бір  түрі. 
Мұндай  әрекеттің  ерекшелігі  даму  деңгейі  тек  әлеуметтік  факторларға  да 
байланысты. Тек шығармашыл ғана адамға мәнін түсінуге, бақытын  сезінуге 
мүмкіндік  береді.  Шығармашылық  қабілет  -  бұл  адамның  өмір  шындығында 
өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, 
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Бұл әрине, 
мектептен басталады. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие үдерісі  
адам  бойындағы  қабілеттерді  дамытып,  оның  рухани  күшін  нығайтуға 
көмектеседі.  «Адамның  өз  болмысын  тануға  ұмтылысына  көмектесіп, 
тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толыққанды 
өмір сүру үшін рухани күш беру - білімнің басты мақсатыболып табылады», - 
деп  Қазақстан  Республикасы  Орта  білімді  дамыту  Тұжырымдамасы 
жобасында 
айтылған 
[96]. 
«Шығармашылық» 
сөзінің 
төркіні 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау