45
отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие
үдерісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқыту барысында қолайлы ықпал
етеміз, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген
қызығушылығы артады.
Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру
оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі , шығармашылық
қабілеті т.б. Көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына біліктіліктері
шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты
қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы, яғни психикалық
үдерістері де қарастырылады) [82].
Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқыту барысында
мектеп оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту олардың әдеби
шығарманы көркемдікпен қабылдауын жан-жақты дамыту бағытында жүзеге
асырылатын күрделі үдеріс. Оқушы-оқырмандардың оқырмандық қабілетін
дамыту, көркемдік қабылдауын дамыту ісі әдебиет сабақтарында орындалатын
мұғалімнің негізгі міндеті болуы керек. Кез келген өнер туындысын
көркемдікпен қабылдау шығармашылық үдеріс. Оны әр қырынан қарастыруға
болады. Бұл ретте аталған мәселені философиялық, эстетикалық,
әдебиеттанушылық, өнертанушылық, психологиялық, әдістемелік, әлеуметтік,
тағы басқа ғылымдар тұрғысынан қарастыруға болады.
Орыс ғалымдары Б.С.Мейлах, Н.Д.Молдавская т.б. бұл мәселеге осы
тұрғыда келу шығармашылық көркем ойлаудың заңдылықтары мен өнер
туындысын көркемдікпен қабылдау заңдылықтарының арақатынасын жан-
жақты зерттеуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсетеді [71,231б]. Зерттеу
мақсаты – аталған мәселені оқыту әдістемесі тұрғысында қарастыра отырып,
мектеп оқушыларының оқырмандық қабілетін қалыптастыру, әдебиет
сабақтарында жүзеге асырылатын жұмыс түрлерінің тиімділігін арттыру үшін
теориялық, тәжірибелік тұрғыда нақты бағыт-бағдар беру болып табылады.
Орта мектептің жоғарғы сыныптарында өтілетін әдебиет курсы тарихи-
әдебиеттік ұстанымға құрылған. Мұнда қандай жанрдағы шығарма болмасын
тарихтың белгілі бір кезеңіне тән қоғамдық дамудың нақтылы сыр-сипатынан,
халықтың дәстүрлі мәдениетінің бай құнарынан бастау ала отырып, сол
дәуірдің көркем картинасын көрсететіні белгілі. Осы ретте, жоғарғы сынып
оқушылары әдеби білім арқылы халық тарихының шежірелі беттерін қоғамдық-
әлеуметтік, көркем-философиялық, мәдени-эстетикалық болмыс-бітімімен
көркем шығармалар арқылы танысуға мүмкіндік алады. Сондықтан осы
мәселеге жету үшін әдебиет сабақтарында оқушы ойын бір жүйеге салу, оны
жан-жақты оқыту мақсат етіледі.
Жоғарғы сыныптардағы әдебиет пәнінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде
академик С.Қирабаев: «Әдебиет сабағы арқылы бала әдеби шығарманы оқып
қана қоймайды, ол жөнінде ойлануға, оны түсінудің ғылыми принципімен
танысуға мүмкіндік алады. Әдебиет пәні бойынша жасалған соңғы
өзгерістердің өзі жеке шығарманы оқыту мен әдеби үдерістің дамуы
жайындағы оқушы түсінігін ғылыми жүйеге салу болып табылады», – деп
46
оқушының ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастырмай тұрып, әдеби
туындыны ғылыми-танымдық, көркемдік-эстетикалық тұрғыда қабылдай
алмайтынымызды ескертеді [83].
Сондай-ақжалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының оқырмандық
қабілетін дамыту мәселесін ғылыми-теориялық, педагогикалық-психологиялық,
оқу-әдістемелік тұрғыда зерттеген еңбектерінен түйгеніміз оқушылардың
көркем шығармаға деген қызығушылығын, әдебиетті оқуға деген ынтасын
дамыту үшін алдымен олардың жеке даралық ерекшеліктерін, психикалық
әрекеттерін, әдеби бейімділік қабілеттерін жүйелі түрде дамыту керек, сонда
ғана оқушыларды шығармашыл оқырман ретінде дамытуға болады деген ортақ
тұжырым жасауға болады.
1.2 Көркем шығармаларды оқытуда жоғары сынып оқушыларының
оқырмандық қабілетін дамытудың философиялық және психологиялық
аспектілері
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын көркем шығармаларды оқуға
қызықтыру өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Жалпы кітап оқу және
әдебиет сабақтарында эпикалық шығармаларды оқуға қызықтыру, олардың
оқырмандық қабілеттерін шыңдау үшін алдымен баланың психологиялық
ерекшеліктері, мүмкіндіктері, оқуға деген ынтасы, зейіні, қабылдауы сияқты
психологиялық категорияларды дәйектеп алған дұрыс. Сол себепті зерттеу
жұмысымыздың бұл бөлігінде «қабілет» ұғымының психологиялық негіздеріне
талдау жасап олардың оқушының зияткерлік әлеуетін, шығармашылық
оқырмандық қабілетін, ой еңбегін дамытушылық мүмкіндіктерін ашуға
ұмтылыс жасаймыз.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде
қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде,
қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы
педагог ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
Философияда «қабілеттілік» тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері деп түсіндіріледі. Адам қабілетінің
табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызу пікірталас туғызуда.
Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда
болуы тұқым қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары
қарай даму үрдісін жылдамдатады [84]. Платонның айтуынша, адамдар
өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін,
біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске
шығаруға әрекет жасағандар да болды. Қабілеттілік туралы ой-пікірлерді
дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен
байланысты.
Ватиканның
қарсылығына
қарамастан
«Исследование
способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық еуропалық
тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке
басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда
ескеру болып табылады. Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи
Достарыңызбен бөлісу: |