55
ерекшеліктеріне байланысты. Нерв әрекетінің жеке көріністерінде сигнал
жүйелерінің бір – бірінен басым келуін И.П.Павлов адамға тән нерв қызметінің
үш түрлі типі болады деп тұжырымдады.
И.П.Павлов қабілетті 3 типке бөлді.
1. Орта тип – егер адамның нерв әрекетінде бірінші және екінші сигнал
жүйелері әлсіз байқалса. Бұған дәрігерлер, мұғалімдер жатады.
2. Ойшыл тип – егер адамның нерв әрекетінде екінші сигнал жүйесінің
жұмысы басым болса. Сигнал жүйесінде қиялдың басымдылығымен
сипатталады. Бұларға философтар, математиктер, экономистер жатады.
3. Суретші тип – егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал
жүйесінің жұмысы басым болса. Сигнал жүйесінде қабылдау мен есту
образдылығы, бұларға суретшілер мен музыканттар жатады.
И.П.Павлов сигнал жүйесінің типтік ерекшеліктері психологиялық
әрекеттердің кез-келген жүйелерінің типтік ерекшеліктерінде, психологиялық
әрекеттердің кез-келген түрінде байқалады және олар өмірде бір–бірімен
ауысып, өзгеріп отырады. Осы типтердің кез-келгенінің негізінде қабілет жан –
жақты дамып отырады деген [93].
Қазақ психологиясында өзіндік орны бар, танымал ғалым Қ.Жарықбаев
қабілетті төмендегідей үш түрге бөліп қарастырады:
1) Арнаулы қабілет – белгілі іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп,
оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суреткердің,
музыканттың, артистердің, спортшылардың, математик ғалымдардың, ақын –
жазушылардың қабілеттерін жатқызуға болады.
2) Жалпы қабілет – адамның ақыл – ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттері
кез-келген адамда табылатын қабілет. Ақылдық орамдылығы мен
сыншылдығы, материалды іске тез келтіре алуы, зейінділігі мен байқағыштығы,
зеректілігі мен тапқырлығы т.б. Осы секілді ақыл – ой әрекеттерінде көрінетін
өзгешеліктерді айтады.
3) Практикалық қабілет – бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық,іс-
әрекеттік, конструктивті, техникалық қабілеттер жатады [94].
Қабілеттің осы аталған түрлері іс - әрекеттің басты салаларында (ғылым,
өнер) орайлас көрініп отырады.
Психолог ғалым С.Л.Рубинштейн: «Қабілеттің шығу тегі психологиялық
үдерістерден пайда болады» - дегендей қабілет адамның тума бойындағы
психологиялық үдерістердің әсерінен және адамға ұрпақтан–ұрпаққа берілетін
табиғи жеке дара қасиет. Шындығына келгенде, қандай да бір іс - әрекеттің
дұрыс және нәтижелі орындалуы бұл адамның қабілеттілігіне байланысты.
Сондықтан да, барлық психологтарымыз бен ғалымдарымыз осы пікір,
тұжырым төңірегінде қаншама істер атқарды [95].
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін
қалтықсыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен
бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының
табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың
56
анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын
мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан
дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет
дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы
осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес.
Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума
берілген нәзік есту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу- болашақ
суреткер болудың алғы шарты. Нышандар дамуы әлеуметтік үдерістерге
тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке сай нышандық белгісі болса
(музыкантқа қажет нәзік есіту қабілеті), онда оның нақты еңбекке араласуға
болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Кез келген адам бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге жетуді
армандайды. Кейбіреулерінде ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке
қабілеттілік байқатады (би билейді, сурет салады, өлең айтады, белгілі бір
музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады), ал басқа біреулерінде қандай да
бір әрекетке бейімділігі байқалмай қалады. Бірақ, бұл қабілеттілікті
қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте –
бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт –
бағдар бере алмайды.Сондықтан ғалымдар адам бойындағы қандай бір қасиетті
дамытып отырудың қажеттігін айтады. Сондай қажеттіліктің бірі-сөз өнерін,
көркем әдебиетті дұрыс түсініп, әдеби білім мазмұныын меңгеруге деген
шығармашылық қабілетттілік.
Әрбір адамның өзіне тән даралық қабілеттері де болады. Оқушының
шығармашылық әрекеті педагогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-
жақты зерттелген. Қоғамдық тәжірибеде шығармашылық жетістік тұлғалық
емес, ол алдымен әлеуметтік мағынаға ие болады, өйткені, әр адам өзі өмір
сүретін қоғамның мүшесі және сол қоғамға қызмет етеді. Шығармашылық
қабілет туралы көптеген ғалымдар өз ойларын жазып қалдырған. Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн т.б. қазақ ойшылдарының еңбектерінде шығармашыл тұлға
бойындағы сапалық белгілер: ерекше қабілеттілік, белсенділік, батылдық,
қайсарлық, табандылық, қайраттылық, еріктілік және т.б. аталып, олардың бала
дамуындағы орны ашып көрсетілген. Д.Кішібеков, Р.Н. Нұрғалиев тұлғаның
дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген филосфиялық тұжырым
жасаған.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский,
Ы.Алтынсарин шығармаларында қабілетті дамытудың жолдары қарастырылса,
оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді алғаш рет білім мазмұнына
енгізген белгілі педагог М.Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог
ғалымдар
Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин,
С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков және отандық танымал ғалымдар Т.Т.Тәжібаев,
С.Қ.Қалиев,К.Ж.Қожахметова өз еңбектерінде тұлғаны дамыту мәселесіне
теориялық және практикалық талдаулар жасаған. Оқыта отырып баланың
қабілеттерін дамыту мәселесі Ш.А.Амонашвили, Б.М.Теплов, К.К.Платонов,
Достарыңызбен бөлісу: |