47
дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл
атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп
көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарды тең жаратты деген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі
басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты
ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология)
пайда болды. Қабілет мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде -
ағылшын
ғалымы
Ф.Гальтон
ұсынған
адамдағы
ерекшеліктердің
эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады.
Ф.Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан
бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті
адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым
қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді [85].
ХХ ғасырда неміс психологы У.Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп,
жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл-
ойын анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» ұсынды, әрі ақыл-ой
қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын
саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір
жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл - ой қабілеттілігі». Қабілет теориясы
бойынша
ресейлік
психолог
ғалымдар
А.Выготский,
Л.В.Занков,
С.Л.Рубинштейн, В.Крутецский, Б.М.Теплов, А.Леонтьев, А.Люблинская,
В.Мухина, қазақстандық ғалымдардан Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев
т.б. еңбектерін атауға болады.
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М.Тепловтың пікірінше,
қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның
дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір
ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың
бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі
адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша
өзара өзгешеленеді.
Б.М.Теплов қабілеттің мынадай үш түрін ашып көрсетті: қабілет – бір
адамды екінші адамнан айыратын жеке психологиялық ерекшеліктер; қабілет -
қандай да бір іс-әрекетті табысты орындау ерекшеліктері [86]. Оның пікірінше
адам бойындағы қабілетті дамытпай, көрсете білмеу, яғни, өз бойындағы
қабілеттен біртіндеп айырылу деген сөз.
Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық
үрдістерден пайда болады деген. Ол қабілеттің құрамының, құрылымының
анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды
ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары
немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс-әрекет жүзеге асады. Қабілет
адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте
байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір бірімен тығыз байланыстағы туыс
ұғымдар. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бір нәрсеге
48
бейімділігіне орай қалыптасып, дамып отырады. Бейімділік адамның белгілі бір
әрекетпен айналысуға деген құлшынысы оянып келе жатқан қабілеттің
алғашқы белгісі. С.А.Изюмова мнемикалық қабілеттерді және оның табиғи
алғы шарттарын комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі
нәтижелілігімен салыстыру мәселесін көрсетті. Э.А.Голубеваның зерттеулері
көрсеткеніндей таным функцияларының жеке даралық типтік ерекшеліктерінде
өте айқын көрінетін дихотомия – вербалды және вербалды емес болып
табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі психологиялық
сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық деңгейде түсіндіріледі: олардың
қалыптасуының «релевантты» табиғи негізі болып жоғары жүйке әрекеттерінің
арнайы адамға тән типі болып табылады. Е.П.Гусеваның зерттеулері
көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде
және үйренудің нәтижесінде көрінетін жалпы қабілеттің компоненті ретінде
естің мәні туралы айтады. Мәліметті мағыналы көшірумен байланысты
мнемикалық қабілеттер барлық мектеп пәндерін меңгеруде көрінеді.
Танымдық
қабілетті
зерттеуде
балалардың
дамуындағы
жас
ерекшеліктерге көп көңіл бөлінді. Н.С.Лейтес жеке балалар жас
ерекшеліктеріне тән қабілеттердің дамуының алғы шарттары – жеке даралық
қабілеттердің дамып өсуінің негізі, - деп, жан-жақты негізделген тезис
жасайды. Бұл ереже Е.П.Гусеваның зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар
балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін салыстыруға байланысты
жүргізілген
экспериментпен
дәлелдене
түсті.Жалпы
және
еңбек
психологиясындағы білімдарлық - қабілеттілікті анықтаудың бірден бір
параметрі Н.А.Мечинскаяның пайымдауынша, білімді игеруге деген
қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі. Қабілетті анықтаудың
біршама сенімді, дұрыс жолы – бұл іс-әрекет барысында оның нәтижелік
динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына
қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән
қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады.
Қабілет – бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы
бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік
және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез
меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал
нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық –
физиологиялық ерекшелік [85, 65 б]. Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және
жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де,
потенциалды мүмкіншіліктері бар. Жеке адамның психологиялық қасиеті
ретінде адамның қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің
өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Әрбір адам негізінде жеке
даралық
сипат
болады:
конституциялы
ерекшеліктері,
мидың
нейродинамикалық
қасиеті,
ми
жарты
шарлардың
функционалды
ассиметриялық өзгешеліктері т.б. Американдық ғалым Блум әйгілі адамдарға
зерттеу тәжірибесін жүргізіп, оның нәтиже көрсеткішінен, осы адамдардың
қабілеттерінің толық дамуының тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін
Достарыңызбен бөлісу: |