Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет29/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77

59 
 
(этимологиясы)  -  «шығару»,  «ойлап  табу»,  «іздену»  дегенге  келіп  саяды. 
Демек,  бұрын  тәжірибеде  болмаған  жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  жетістікке  қол 
жеткізу  деген  сөз.  Көрнекті  психолог  Л.Выготский:  «Шығармашылық» 
деп  –  жаңалықашатын  әрекетті  атаған.  Ал  Я.Пономарев  оны  «даму» 
ұғымымен  қатар  қояды.  Өйткені,  әрбір  жаңалық,  әсіресе,  парасаттылық 
тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. 
Шығармашылық  қабілеттің  жалпыдан  айырмашылығы  белгілі  бір  іс-
әрекетті  жүзеге  асыру  үшін  пайлаланылады.  Орыс  психологтары  көркемөнер, 
музыкалық  және  математикалық  деген  түрлерге  бөлсе,  батыс  зерттеулері  оны 
сенсорлық,  моторлык,  техникалык,  сондай-ақ,  кәсіптік  деп  тарқатады. 
Оқушылардың  өзіне  ғана  тән  жеке  ерекшеліктері  оқу,  еңбек,  өзге  де  үрдіс 
үстінде жарқырай көрінеді. Осыған орай зерттеушілер оларды әр түрлі топтарға 
бөліп  қарастырады.  Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда,  дарынды,  талантты 
балалардың  биохимиялық,  электрлік  белсенділігі  жоғары  келеді.  Олардың 
миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті болады. 
Демек,  шығармашылық  қабілет  —  бала  бойында  тәрбие  мен  алған 
біліміне  байланысты  қалыптасқан  қасиет.  Ол  отбасы,  жолдастары, 
айналасына  байланысты  әрқилы  калыптасады.  Осы  орайда  балалардың  да 
ынтасы,  іскерлігі,  ізденгіштігі  қоғам  негізінде  игерілетінін  естен 
шығармаған  жөн.Оқушының  шығармашылық  тұлға  болып  қалыптасуын 
В.В.Давыдов  өзінің  «Дамыта  оқыту  теориясы»  еңбегінде  көрсеткен.  Бұл 
еңбекте  В.В.Давыдов  тұлғаны  «еркін  шығармашылық  әрекеттің  субъектісі, 
ал адамның дамуының өзі -оның еркіндікке деген қозғалысы»,-деп есептейді. 
Бұл жағдайда оқушының әрекет үстіңде жеке тұлға болып қалыптасуы  оның 
шығармашылықты,  жасампаздықты  қажет  етуіне  байланысты  екендігі 
түсінікті [97]. 
Көптеген  мұғалімдер  оқушы  бойындағы  қабілеттіліктерді  оның  оқу 
материалын  тез  ұға  алушылығымен  ғана  байланыстырады.  Бұл,әрине  дұрыс 
емес.  Бұл  жерде  аса  сезімталдылығы  қажет.  Өйткені,  нерв  жүйесінің  тума 
қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) 
болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар 
қабілетсіздер  қатарына  қосылатын  болса,  бұл  педагогикалық  тұрғыдан  өте 
өрескел  қате  болып  есептелінетені  сөзсіз.  Әрекеттің  біркелкі,  сыңаржақты 
қайталана 
берілуі 
шығармашылық 
әрекет 
деп 
айта 
алмаймыз. 
Шығармашылық  пен  эмоция  бір-бірімен  ұштаса,  үйлесе  отырып,  баланың 
әрекетін  ынталандырады.  Әрекеттің  нәтижелі  болуы-шығармашылықтың 
дамуы үшін қажетті шарттардың бірі.  
Оқу-тәрбие  үдерісінде  «шығармашылық»  термині  интеллект,  қабілет, 
даму,  дарындылық  сияқты  терминдермен  тығыз  байланысты.  Балаларды 
мектеп  жасында  дарынды,  дарынсыз  деп  бөлу  педагогиканың  адамгершілік 
негізіне қайшы келеді. Оның үстіне  педагогика мен психология ғылымында 
әрбір баланың дарындылығын анықтайтын дәл өлшем әлі табылған жоқ. 
Бала  бойындағы  шығармашылық  қабілетті  анықтап,  оны тәрбиелеу  үшін 
жүргізілетін  жұмыстардың  мазмұны  мен  түрлері  сан  алуан  болып  келеді. 


60 
 
Бұларды  нақтылы  жағдайларға  байланысты  баланың  жас  және  дара 
ерекшеліктерін,  психологиялық  ерекшелігін,  тұрған  жері,  отбасы  жағдайына 
т.б.  ерекшеліктер  бойынша  дұрыс  жүргізе  білу  мұғалімнің  жеке 
шығармашылық  іс-әрекетіне  байланысты.  Мысалы:  мұғалім  жүргізетін 
жұмыстардың  бірі  –  оқушылардың  оқу  әрекетін  тартымды  да,  мазмұнды, 
қызықты да, әсерлі етіп ұйымдастыруы.  
Әсіресе, 
төменгі 
сынып 
оқушыларының 
бейімділіктері 
мен 
қызығушылықтарын  көре  білумен  қатар,  оларды  барынша  көтермелеп, 
белсенділіктерін  үнемі  арттырып  отырған  жөн.  Мәселен:  жақсы  үлгеретін 
оқушыға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, орташа 
қабілеті бар балаларды да  бақылаудан тыс қалдырмаған дұрыс.  
Кей  жағдайларда  шығармашылық  қабілеті  бар  оқушылардың  табиғи 
мүмкіншіліктері  жеткілікті  болғанмен,  мұғалімнің  көзқарасынан  тыс  қалып 
қояды  да  «орташа»  оқушы  болып  қоя  береді.  Сондықтан  да  оқушының  
келешегіне  зор  үмітпен    қарауымыз  керек.  Тәрбиеші,  не  мұғалім  баланың 
шығармашылық қабілеттерін, қабілет нышандарын айқындай отырып, одан әрі 
дамытып  отыруда  осыны  ұмытпаулары  тиіс.  Бұл  үшін  балаға  жеке  қоғамдық 
тапсырма  беріледі,  содан  кейін  оның  осы  тапсырманы  орындауының  сапасын 
тексереді, сондай-ақ баланың ыждағаттылығын қадағалап,  қабілетінің одан әрі 
дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады . 
Баланың  шығармашылық  қабілетін  айқындап  дамытуда  мектептегі 
қоғамдық  ұйымдардың  жұмыстары,  еңбек,  дене  шынықтыру,  айтыс,  пікір  – 
талас,  яғни  диспут,әдебиет,    ән-күй  сабақтары  таптырмайтын  шаралар  болып 
табылады.  Сондай  іс-шараларға  балаларды  қатыстыру  барысында  әрбір 
баланың қай іс - әрекетке бейімділігі айдан анық байқалады.    
Бала бойындағы қабілетті дамыту ерекшеліктері: 
-  Баланың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарының дамуына өзіне 
қызығушылықтарымен, бейімділіктерін іске қосу. 
-  Жеке адамның сенімділіктерін қалыптастыру. 
-  Баланың еркін шығармашылықпен ойлауын дамыту. 
-  Баланың барлық қабілеттірінің нышандарын дамытуға ат салыса отырып, 
өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасау керек. 
Ендеше,  балалардың    шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  -  қазақ  
педагогикасының  да   алға   қойғанмақсаттарының қазығы болуға тиіс. Ол 
үшін  оқытудың  мазмұны  мен  әдістемесін  оқушылардың  жас  ерекшелігін, 
қызығушылығын,  бейімділігін  ескере  отырып  түбірлі    өзгерту,  оқытудың   
шығармашылық  сипатын  күшейту.  Сөйтіп,  баланың  жеке  қабілеті  мен 
әлеуметтік  белсенділігінің  дамуына  жол  ашу,  шығармашылық  тұлға    
қалыптастыру міндеті туындайды.   
Осындай  психологиялық  тұжырымдарға  сүйене  отырып,  біз  зерттеу 
жұмысымызда  жоғары  сынып  оқушыларының  әдебиет  сабақтарындағы 
эпикалық  шығармаларды  оқып-үйрену,  оларға  көркем  талдау  жасай  алу, 
шығарманы  қабылдау,  түйсіну  сияқты  іс-әрекеттердің  нәтижесінде  олардың 
оқырмандық қабілеттіліктеріне негіз болатын төмендегідей оқыту міндеттерін  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау