Негізгі орналасу есептері
Орналасу есептері деп әртүрлі геометриялық мүсіндердің өзара орналасуларын анықтайтын есептерді атайды. Мысалы нүктелердің, түзулердің және жазықтықтардың бір − бірімен орналасуларын анықтау. Негізгі орналасу есептері небәрі алты есептен тұрады.
Олар: нүктелердің өзара орналасуы; нүкте мен түзудің өзара орналасуы; түзулердің өзара орналасуы; нүкте мен жазықтықтың өзара орналасуы; түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы; жазықтықтардың өзара орналасуы.
Енді осы аталған негізгі есептерді жеке талдайық.
Нүктелердің өзара орналасуы
Екі нүкте бір − бірімен сәйкес не сәйкессіз орналасуы мүмкін. Егер нүктелер сәйкес орналасса, онда олардың бір аттас проекциялары сәйкес болады (85- сурет). А және В нүктелері өзара сәйкес орналасқан, себебі А1≡В1 және А2≡В2. Егер нүктелер өзара сәйкес орналаспаса онда олардың не фронталь не горизонталь проекциялары сәйкес орналаспайды. Сондықтан олар қалай орналасқан? - деген сұрақ туады. С және D нүктелерінің фронталь проекциялары С2≡D2, ал горизонталь проекциялары ажырап орналасқан. Бұндай нүктелерді фронталь бәсекелес нүктелер дейді. Фронталь проекциялар жазықтығында D нүктесі көрінеді, себебі оның горизонталь проекциясы D1 C1-ден төмен жатыр. M және N нүктелердің горизонталь проекциялары М1≡N1, ал фронталь проекциялары ажырап орналасқан. Бұндай нүктелерді горизонталь бәсекелес нүктелер дейді. Горизонталь проекциялар жазықтығында М нүктесі көрінеді, себебі оның фронталь проекциясы М2 N2−ден жоғары орналасқан.
Сызбада сызықтардың көрінетіндігі бәсекелес нүктелер арқылы осы жолмен анықталады.
Нүкте мен түзудің өзара орналасуы
Нүкте түзуде жатуы не жатпауы мүмкін. Егер нүкте түзуде жатса, онда оның бір аттас проекциялары түзудің бір аттас проекцияларында жатады. 86− суретте А нүктесі ℓ түзуінде жатыр, себебі А1⸦ℓ1 және А2⸦ℓ2. Егер нүкте түзуде жатпаса, оның проекцияларының біреуі түзудің бір аттас проекциясында жатпас еді. В нүктесі ℓ түзуінен төмен орналасқан, себебі В1⸦ ℓ2, ал В2 проекциясы ℓ2 проекциясынан төмен. С нүктесі ℓ түзуінен бері орналасқан, себебі С2⸦ℓ2, ал С1 проекциясы ℓ1 проекциясынан төмен.
85- сурет 86- сурет
Достарыңызбен бөлісу: |