Сызбаларды түрлендіру


Түзулердің өзара орналасуы



жүктеу 0,86 Mb.
бет5/7
Дата22.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#43516
1   2   3   4   5   6   7
2-апта

Түзулердің өзара орналасуы

Екі түзу өзара үш жағдайда орналасуы мүмкін: өзара параллель, өзара қиылысып және өзара айқас (87- сурет).


Кеңістікте екі түзу өзара параллель болса, онда олардың бір аттас проекциялары параллель болады. (Егер түзулер профиль түзулері болмаса).
87,а суретте а және b түзулері кеңістікте параллель орналасқан, себебі а1||b1 және а2||b2.
Екі түзудің ортақ нүктесі болса, онда олар өзара сол нүктеде қиылысады (87,б сурет). с және d түзулерінің ортақ К нүктесі бар, себебі с1d1=К1 және с2d2=К2, К1К2 байланыс түзуі сызбаның абсцисса осіне перпендикуляр орналасқан.
8
7-сурет

Кеңістікте екі түзу не параллель, не қиылыспаса, онда олар айқас орналасады (87,в сурет). m және n түзулерінің проекцияларында 1,2 нүктелерінің фронталь, 3,4 нүктелерінің горизонталь проекцияларында қиылысулары байқалады. Бірақ 1,2 нүктелердің горизонталь проекциялары, 3,4 нүктелердің фронталь проекциялары сәйкес емес. m және n түзулерінің бұл жерлерде ортақ нүктелері жоқ, сондықтан олар өзара айқас орналасқан.




Нүкте мен жазықтықтың өзара орналасуы

Нүкте екі жағдайда: жазықтықта жатуы не жатпауы мүмкін. Егер нүкте жазықтықта жатса, онда ол сол жазықтықтың кез келген түзуінің бойында жатады (88- сурет). Осы қасиетті қолданып жазықтықта орналасқан нүктенің проекциясы тұрғызылады. Не болмаса нүктенің жазықтықта жатпайтыны не жататыны дәлелденеді.



88-сурет 89-сурет

88− суретте А,В,С жазықтығы және , M нүктелері берілген. және M нүктелерінің жазықтығымен өзара орналасуын анықтау керек.


жазықтығынан d түзуі алынып, оның фронталь проекциясы N2 арқылы жүргізілген. С және 1 нүктелердің көмегімен тұрғызылған d1 проекциясы N1 арқылы өткен. нүктесінің бір аттас проекциялары d түзуінің бір аттас проекцияларында орналасқан. Олай болса Nd. Ал d түзуі жазықтығының түзуі немесе d. Сондықтан нүктесі жазықтығында орналасқан. М нүктесі де жазықтықтың е түзуі арқылы анықталған. е, е2 А2 22М2, А121 е1, М1е1. Олай болса М нүктесі  жазықтығынан тыс орналасқан.
Бұл есептің жауабын сызбаны түрлендіру арқылы да табуға болады 89-сурет. Жалпы жағдайда орналасқан А,В,С жазықтығынан проекциялаушы жазықтық жасалса, қарастырылып отырған және M нүктелердің жазықтықпен орналасулары бірден анықталады. жазықтығының горизонталь түзуінің горизонталь проекциясына перпендикуляр жаңа ось жүргізілген. Нүктелердің горизонталь проекцияларынан жаңа оське перпендикуляр байланыс түзулері жүргізіліп, олардың бойына жаңа осьтен сол нүктелердің аппликаталары салынып А4, В4, С4 және N4, 4 проекциялары тұрғызылған. π4 проекциялар жазықтығында  жазықтығы перпендикуляр орналасқан. N4 проекциясы жазықтығының проекциясында жатыр, ал М4 одан тыс. Сондықтан N нүктесі жазықтығында орналасқан, ал М нүктесі жазықтығынан тыс орналасқан.



жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау