ҰСЫНЫС
ҚЫЛМЫС ЖАСАУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
_____ ІІД ______ қалалық ІІБ ______ ПБ Тергеу бөлімшесінің өндірісімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 2 бөлігі «3» тармағында көзделген қылмысқа күдікті ___ФИО___ мен ___ФИО___ қатысты қозғалған №155112031000672 санды қылмыстық іс аяқталды.
02.02.2015 жылы _____ІІД ______ қалалық ІІБ ______ ПБ-не _______ қаласы, Бейбітшілік көшесі, 24 «А» үй, 23-пәтер тұрғыны, 08.01.1979 ж.т. ___ФИО___ мен _____ қаласы, ______ көшесі, Студенттер қалашығы, №67 «А» үй, 7-пәтер тұрғыны, 12.01.1993 ж.т. _____ФИО_____ арызданды. Олар өз арыздарында 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 мен 07:00 уақыт аралығында _______ қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубынан сол жерде жұмыс істеп жүрген Мафтуна және Муаззам есімді қыздар Ж.Н. тиесілі 150 000 теңге ақша мен Д.А. жалпы құны 60 000 теңге болатын екі сөмкеде болған әйелдер киімдерін жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Осы факт бойынша 03.02.2015 ж. №15511203100672 санды қылмыстық іс қозғалған. Аталған әрекеттердің нәтижесінде азаматша Ж.Н. 150 000 теңге, ал Д.А. 60 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.
____ ІІД _____ ҚІІБ _______ ПБ-нің УПИ қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматшалары _____, ____ қаласы, Спорт м/а, н/з үй тұрғындары, 23.07.1993 ж.т. ____ФИО____ мен 30.07.1993 ж.т. ____ФИО____ анықталып ұсталды. Сонымен, __ФИО__ мен __ФИО__ ұрлық, бөтеннің мүлкін жасырын түрде қоймаға немесе бөлмеге ену арқылы жымқырған, осы іс-әрекеттерімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі «3» тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдар қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен жағдайлардың болуына ___ ІІД ____ қалалық ІІБ ____ ПБ КПБ және ПБ ӘПБ аумақтық инспекторларының өздерінің функционалдық міндеттерін көрсетілген жағдайда орындамауы деп болжайды.
Көрсетілгендердің негізінде осы тәріздес құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және жою мақсатында ҚР ҚПК-нің 200 бабын басшылыққа ала отырып,
ҰСЫНАМЫН
Осы ұсынысты ______ қаласы ______ ПБ КПБ, ПБ ҚҚБ қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен жағдайларды жою үшін шаралар қолдану.
Қабылданған шаралар жөнінде ______ қалалық ______ ПБ ТБ заңда бекітілген мерзімде, жазбаша түрде хабарлауларыңызды сұраймын.
_____ ІІД ______ қалалық ІІБ
______ ПБ-нің ТБ-нің тергеушісі
полиция лейтенанты _____ФИО_____
Бланк№40
________________ қаласы
_______ аудан прокуроры
_____ФИО_____
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы
ХАБАРЛАУ
"_06_" қаңтар 2015ж. ________ қаласы
2015 жылғы «06» қаңтарда мен ________ қалалық ІІБ-нің ________ ПБ бастығы полиция полковнигі __ФИО__ тапсырмасы бойынша ___ФИО___ №15511203100054 санды арызы бойынша қылмыстық процесте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанымды хабарлаймын. «Абдухали» есімді ер адам _______ қаласы, Сәуле мөлтек ауданындағы аты белгісіз көшеде арызданушының өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, оның 75 000 теңге ақшасын, «Нокия» маркалы ұялы телефоны мен жеке куәлігін ашық түрде ұрлап кеткен.
Бұрын ішкі істер органдарына жүгінбеген ___ФИО___ 2014 жылғы 19 желтоқсанда оған қатысты жасалған тонау фактісіне қатысты берген арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы Сізге хабарлаймыз.
ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚР ҚПК 179-бабының талаптарына сәйкес ____ФИО____ арызы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 2015 жылы 06 қаңтарда сағ. 01.14-те №15511203100054 санымен тіркелген.
ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-бөлігінің тәртібінде хабарланды.
Қосымша: қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы қаулы - 1 парақ.
_________ қалалық ІІБ-нің
_______ ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты _____ФИО____
Бланк №41
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті адамды ұстап алу
ХАТТАМАСЫ
«___» _____ 2015 жыл Шымкент қаласы
Басталу: "__" сағат "__" минут
Аяқталуы: "__" сағат "__" минут
_____________ қалалық ІІБ ________ ауданы ПБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты __ФИО__ ________ қалалық ІІБ _______ ауданы ПБ әкімшілік ғимаратының №420 қызметтік бөлмесінде Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 128-132, 134, 197, 199-баптарының талаптарын сақтай отырып, осы ұстап алу туралы хаттаманы жасады:
Т.А.Ә. А.: ______ФИО_____
Туған кезі: 12.02.1977 ж.т.
Туған жері: __________ қаласы
Жеке басты куәландыратын құжат: жеке куәлігі №022274050, 12.05.2008 жылы берілген, ИИН 770212302414
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР
Білімі: орта
Жұмыс орны, лауазымы (оқу орны): жұмыс істемейді
Тіркелген жері: Тұратын жері (нақты тұратын жері): _______________ тұрғыны
Отбасылық жағдайы: бойдақ
Әскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті емес
Соттылығы: бұрын сотталған
ҚР ҚК 188 бабы 2-бөлігі «3» тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті.
Жеткізілген уақыты: __ сағат __ минут,
Нақты ұстап алынған уақыты: __ сағат __ минут.
__________ қаласы
(ұстап алынған жері)
Ұстап алуға негіз:
1) адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасалғаннан кейін ұсталса,
2) көзімен көргендер (куәлар),оның ішінде жәбірленуші осы адамды қылмыс жасаған адам ретінде көрсетсе не бұл адам ҚПК 130-бабында көзделген тәртіппен ұсталса,
3) оның бетінде немесе киімінде, оның бойында немесе оның тұрғынжайында қылмыстың анық іздері табылса;
4) шұғыл-іздестіру қызметінің және (немесе) жасырын тергеу әрекеттерінің заңға сәйкес алынған материалдарында аталған адамға қатысты жасалған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болса.
Сондай-ақ ҚР ҚПК 128-бабы 4-бөлігіне сәйкес адамға қылмыстыққұқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ұстап алынуы мүмкін.
Ұстап алу себептері:
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруден және соттан жасырыну мүмкіндігі.
2. Бостандықта жүрген кезде қылмыстық істік объективті тергеп-тексерілуіне кедергі жасау мүмкіндігі.
Ұстап алынған: ___ФИО___ ҚР ҚПК 131-бабы 1-бөлігіне сәйкес қандай құқық бұзушылық жасауға күдікті екені ауызша хабарланды, сондай-ақ қорғаушыны шақырту құқығы, үнсіздік сақтау құқығы және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылу мүмкіндігі түсіндірілді.
ФИО _______________________
(ұстап алынушының қолы)
ҚР ҚПК 64-бабы 9-бөлігіне сәйкес ұстап алынған: ФИО
күдіктінің мынадай құқықтары түсіндірілді:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білу;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу;
8) айғақ беруден бас тарту;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу;
10) дәлелдемелерді ұсыну;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалану;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасу;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.
Ұстап алынған: __ФИО__, ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігіне сәйкес ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруынан өту туралы тиісті өтініш-хатты мәлімдеу құқығы түсіндірілді.
ФИО ______________________________
(ұстап алынушының қолы)
Дені сау, дене жарақаттары жоқ
(ұстап алынушының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді көрсеті, медициналық куәландыру өткізілген жағдайда оның қорытындысы қоса беріледі)
ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес жеке тінту нәтижелерін көрсету:
тінту кезінде ештеңе табылған жоқ және ештеңе алынған жоқ
Хаттаманы жасаған :
__________ қалалық ІІБ
__________ ПБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ____ФИО____
Хаттама көшірмесін алдым:
ФИО ____________________________________________________
(қолы) (ұстап алынған адамның тегі, аты-жөні)
Ұстап алу туралы хабарлама прокурорға
20___ жылғы " " наурыздағы шығыс № _______________нөмірімен 2015 жылғы " " наурызда жіберілді.
___________ қалалық ІІБ
___________ ПБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ___ФИО___ Омаров
Бланк №42
Фотосурет бойынша тану үшін көрсету
ХАТТАМАСЫ
«__»_____ 2015 жыл Шымкент қаласы
Тану ___ сағ. ___ мин. басталды
Тану ___ сағ. ___ мин. аяқталды
____ ІІД ________ ҚІІБ _______ ПБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты __ФИО__ ҚР ҚПК-нің 199, 229, 230-баптарын басшылыққа алып, мына куәгерлердің қатысуымен:
_________________________________________ФИО________________________________
_________________________________________ФИО________________________________
_________________________________________ФИО________________________________
_____ ІІД _______ ҚІІБ _______ ПБ үй-жайында №420 кабинетте жасанды электр жарығы болған кезде №155112031001376 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ___ФИО___ тану үшін __ФИО__, бір мезгілде онымен бірге тағы басқа адамдардың фотосуреттерін көрсетті.
Фотосуреттер фотокесте бір қатарға жапсырылған және олардың солдан оңға қарай 1, 2, 3 деген реттік нөмірлері болды, олар ___ ІІД ______ҚІІБ _______ ПБ «ПАКЕТТЕР ҮШІН» мөрімен бекітілді.
№ 1 № 2 № 3
Тануға көрсетудің басында барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі мен фотосуреттер бойынша адамды тануды жүргізу тәртібі түсiндiрiлдi.
Танушы адам: ___ФИО___
Куәгерлер: 1) ______________
2) ______________
Бұдан кейін тану үшін көрсету жүргізіліп жатқан бөлмеге жәбірленуші __ФИО__ шақырылды, оған ҚР ҚК-нің 420-бабына сәйкес көрiнеу жалған жауап бергені үшін және ҚР ҚК-нің 421-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
______ФИО______
Тану үшін көрсетуге қатысып отырған адамдарға олардың тергеу әрекеттеріне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау құқықтары түсіндірілді.
Куәгерлерге ҚР ҚПК-нің 82-бабында көзделген олардың құқықтары түсіндірілді: 1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; 3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; 4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру; 5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алу; 6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеу.
Сонымен бірге, куәгерлерге олардың міндеттері де түсіндірілді:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; 2) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; 3) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; 4) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау.
1)__________________ 2)___________________
Танушы адам ___ФИО___ өзіне тану үшін көрсетілген фотосуреттерді қарап, № 1 фотосуреттегі адамды танығаны туралы мәлімдеді: _____________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |