Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7


Күдіктіні және оның қорғаушысын



жүктеу 2,84 Mb.
бет11/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Күдіктіні және оның қорғаушысын

қылмыстық іс материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ


«__» ақпан 2015 жыл __________ қаласы

«__» сағат «__» мин басталды

«__» сағат «__» мин аяқталды
­­­­­­­­____Орган атауы____ ПБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты __ФИО___ ҚР ҚПК-нің 113, 294, 296-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 294-бабының 3-бөлігінің, 296-бабының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі «1,3» тармақтарымен көзделген қылмыс туралы № 155112031000672 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысу үшін күдікті __ФИО__ және оның қорғаушысы Т.Бекеновке тігілген және нөмірленген күйінде _____ парақтан тұратын ___ - томдық барлық материалдарды және іске қоса тіркелген заттай дәлелдемелерді ұсынды.

Танысуды бастар алдында күдіктіге және оның қорғаушысына ҚР ҚПК-нің 64, 296-баптарында көзделген құқықтары, соның ішінде кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Күдікті __ФИО__ және оның Т.Бекенов жеке өзі оқу арқылы іс материалдарымен бірге танысты.

Іс материалдарымен танысу 2015 жылғы «___» ақпан ___ cағ. ___ минутта басталды, 2015 жылы «___» ақпан ___ cағ. ___ минутта аяқталды.

Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін, олардың нақты не туралы өтінішхат мәлімдегісі келеді және қандай мәлімдеме жасағысы келеді деген сұраққа күдікті __ФИО__ былай деп мәлімдеді:

«Арыздар мен өтінішхаттар жоқ».

Қорғаушы Т.Бекенов мәлімдеді: _______________________________

___________________________________________________________


Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылған, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.
Күдікті: ФИО ______________________ (қолы)
Адвокат: Т.Бекенов ________________________ (қолы)

___Оргна атауы____

ПБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты ____ФИО____

Бланк №19



Күдіктінің әрекетін саралау туралы

ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 жыл _______________ қаласы
___орган атауы____ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ___ФИО___ №14511203106488 санды қылмыстық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:


__ФИО__, 25.11.1990 жылы туылған, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тумасы, пайдакүнемдік ниетпен, материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды шешкен.

Атап айтқанда, 12.11.2014 жылы сағат 17:00 шамасында өзімен бірге «Самал» базарында әйелдер киімін сататын өзінің жақын танысы А.К. Тауасарова оған өзінің Шымкент қаласы, Қарасу м/а, 82 үй, 15- пәтер мекен-жайындағы үйін, зал бөлмесіндегі шифоньерде тұрған қоңыр түсті сөмкесін, ішінде болған өзінің кәмелетке толмаған ұлы - 2004 жылы туылған Мухамбетжанов Елнұрға 25.11.2015 жылы сүндет тойын жасап беру үшін жинап жүрген ақшаларын және базарда сауда жасап жүріп тапқан ақшаларын тапсырып, өзі әдеттегідей Түркияға тауар алу үшін жолға шығатын заттарын жинап, үйден шығып кеткен кезде, Л.К. Шапулатова бір сағаттай уақыт пәтерде жалғыз өзі қалған. Содан ол пәтердің зал бөлмесінде тұрған шифоньердің ішінде тұрған соңғының қоңыр түсті сөмкені ашып, ішінде А.К. Тауасарованың өзінің ұлына сүндет тойын жасап беру үшін жинап жүрген 1 479 400 теңге ақшасының және оның қасында 1 000 АҚШ долларының тұрғандығын анықтаған. Сөйтіп ол пәтерде жалғыз өзі болғандықтан, зал бөлмесінде шифоньер ішінде тұрған А.К. Тауасароваға тиесілі қоңыр түсті сөмкесінің ішіндегі ақшаларын, яғни, бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын түрде ұрлап, өз пайдасына жарату қылмыстық ойы туындаған. Содан ол оңай олжа табу мақсатында ойлаған қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін, жоғарыда аталған пәтерде оны ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, қоңыр түсті сөмкенің ішінде тұрған 1 479 000 теңге ақшасын және 1 000 АҚШ долларын, жалпы сомасы - 1 667 270 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сонымен, жәбірленуші ____ФИО____ жалпы 1 667 270 тенге материалдық шығын келтірген.

Сонымен, ____ФИО____, ұрлық жасаған, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ірі мөлшерде ұрлаған, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс жасаған.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 204, 206-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:


Күдікті ____ФИО____ әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша саралансын.

Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

Қаулының көшірмесі ____________ аудан прокурорына жіберілсін.
____орган атауы________

ПБ-нің ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты _____ФИО_____
Осы қаулы маған қорғаушының қатысуымен 17.01.2015 ж. сағат ______ жария етілді_________________________ ФИО
Қорғаушы ____________________________ Буркулов Б.

Бланк №20



Ұстап алынған азаматтың құқықтарын түсіндіру
_____ФИО____ ханым, Сіз ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни, ұрлық жасады деген күдікпен ҚР ҚПК-нің 131 бабына сәйкес ұстап алынасыз. Сіз қорғаушы шақыруға, үнсіздік сақтауға құқығыңыз бар және Сіздің айтқандарыңыз сотта Сізге қарсы қолданылуы мүмкін. Сізге құқықтарыңыз түсінікті ме?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құқықтарын түсіндірген:
__орган атауы____

ПБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты _____ФИО_____

Бланк №21

«К Е Л І С Е М І Н »

___________ қаласы

___________ прокуроры

аға әділет кеңесшісі

_____________ФИО

«___»________ 2015 жыл



Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы

ҚАУЛЫ
"___" _______ 2015 жыл ______________ қаласы

____орган атауы____ ПБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты ___ФИО___ №155112031000672 қылмыстық іс материалдарын қарай отырып,

АНЫҚТАҒАНЫ:
02.02.2015 жылы ___орган атауы____ қаласы, Бейбітшілік көшесі, 24 «А» үй, 23-пәтер тұрғыны, 08.01.1979 ж.т. ____ФИО___ мен ____мекен-жайы____, тұрғыны, 12.01.1993 ж.т. ____ФИО____арызданды. Олар өз арыздарында 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 мен 07:00 уақыт аралығында Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубынан сол жерде жұмыс істеп жүрген Мафтуна және Муаззам есімді қыздар Ж.Н. Аманжоловаға тиесілі 150 000 теңге ақша мен Д.А. Бигеловаға тиесілі жалпы құны 60 000 теңге болатын екі сөмкеде болған әйелдер киімдерін жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Осы факт бойынша 03.02.2015 ж. №15511203100672 санды қылмыстық іс қозғалған.

___орган атауы___ ПБ-нің УПИ қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-щараларының нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматшалары ___мекен-жайы____ тұрғындары, 23.07.1993 ж.т. ____ФИО___ мен 30.07.1993 ж.т. ___ФИО___ анықталып ұсталды.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде жауап берген Ж.Н. Аманжолова төмендегідей жауап берген: 2013 жылдың шамамен сәуір айынан бастап Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен-жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубын жалға алып жұмыс істей бастаған. Ол жерде бильярдтан бөлек компьютер ойынханасы және жуынатын сауна мен монша да бар болатын. Содан 2014 жылдың мамыр айынан бастап оның жоғарыда аталған жұмыс орнына Мафтуна және Муаззам есімді Өзбекстан Республикасының қыздары келіп, оның қолында жұмыс істегілері келетінін айтып, бос жұмыс орындары бар болса, өздерін жұмысқа алуларын өтінген. Оған сол кезде еден жуушы мен киім жуушы қыздар керек болғандықтан, оларды күніге 2 000 теңге ақшаға жұмысқа алған. Сол кезден бастап ол екі қыз оның қол астында жұмыс істей бастаған, күніге сол жерде қонып жұмыс істейтін болған. Ол екі қыз шамамен екі ай сайын Өзбекстанға барып келіп жүретін болған. Ол ол қыздардың еңбекақыларын күндегісін күніге қолма қол беріп отыратын болған. Ол күнделікті түскен табыстың белгілі бір бөлігін «Сенатор» клубындағы асхана бөлмесінің ішіндегі шкафтың полкасының артқы жағына, астыңғы бұрышына, ешкім көрмейтін жерге жасырып тығып қойып жүретін, сол жерді 01.02.2015 жылы өзінің жасырып жүрген жерін тексергенінде, ол жерде 150 000 теңге ақша тұрған еді. Оның ол жерге оның ақша жасыратындығын одан басқа ешкім білмейтін. 01.02.2015 жылы сағат 18:00 шамасында ол «Сенатор» бильярд клубына барлық жағдайды көріп, жұмыс қалай жүріп жатқандығын көріп қайту үшін келген. Ол «Сенаторда» біраз болып, сағат 20:00 шамасында ол жерден үйіне қайтқан, ол жерден кетерде барлығы жақсы болған. Содан 02.02.2015 жылы аталған «Сенатор» бильярд клубында оның қол астында компьютер ойынханасында администратор болып жұмыс істейтін Динара есімді қыз оның ұялы телефоныма қоңырау шалып, маған «әпше, мен жұмысқа қазір келдім, келсем, «Сенатордың» сыртқы есіктері ашық тұр екен, Мафтуна мен Муаззам жұмыс орындарында жоқ екен, олар менің ішіне өзімнің жаңадан сатып алған киімдерім салынған сөмкелерімді алып кетіпті» деп айтқан. Ол содан тез арада «Сенатор» бильярд клубына келсе, шынымен Мафтуна мен Муаззам қашып кеткен, асхана бөлмесінің ішіндегі шкафтың полкасының артқы жағына, астыңғы бұрышына, ешкім көрмейтін жерге жасырып, тығып қойып жүрген 150 000 теңге ақшасын да алып кеткен. Екеуінің де ұялы телефондарына қоңырау шалса, сөндірулі болған. Содан ол Әл-Фараби полиция бөліміне келіп арызданған.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде жауап берген Д.А. Бигелова төмендегідей жауап берген: 2014 жылдың шамамен сәуір айынан бастап Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен-жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубында компьютер ойынханасының администраторы болып жұмыс істей бастаған. Ол жерде компьютер ойынханасынан бөлек, бильярд және жуынатын сауна мен монша да бар болатын. Ал «Сенатор» бильярд клубының жалпы иесі Жулдуз әпше болатын. Содан 2014 жылдың мамыр айынан бастап оның жоғарыда аталған жұмыс орнына Мафтуна және Муаззам есімді Өзбекстан Республикасының қыздары келіп, Жулдуз әпшенің қолында жұмыс істегілері келетінін айтып, бос жұмыс орындары бар болса, өздерін жұмысқа алуларын өтінген. Жулдуз әпшеге сол кезде еден жуушы мен киім жуушы қыздар керек болғандықтан, оларды күніге 2 000 теңге ақшаға жұмысқа алған. Сол кезден бастап ол екі қыз Жулдуз әпшенің қол астында жұмыс істей бастаған, олар күніге сол жерде қонып жұмыс істейтін болатын. Ол екі қыз шамамен екі ай сайын Өзбекстанға барып келіп жүретін болған. Содан 01.02.2015 жылы ол таңертең «Самал» базарына барып, өзіне біраз киімдер сатып алған. Сөйтіп, сағат 11:00 шамасында базардан бірден жұмысқа, «Сенатор» бильярд клубына келген. Сөйтіп жұмысқа өзімен бірге жаңадан сатып алған әйелдер киімдерін, яғни, құны 9 000 теңге болатын ақ түсті желеткі, құны 6 000 теңге болатын қоңыр түсті костюм, құны 6 000 теңге болатын қоңыр түсті көйлек, құны 5 000 теңге болатын қызыл түсті көйлек, құны 7 000 теңге болатын қара түсті гүлді суреті бар көйлек, құны 5 000 теңге болатын ақ түсті көйлек, құны 3 000 теңге болатын сұр түсті тоқылған туника көйлек, құны 4 000 теңге болатын қоңыр түсті жүн желеткі, құны 15 000 теңге болатын көк түсті пальтоны алып келген. Сосын ол 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында компьютер ойынханасын жауып, өзі үйіне қайтып кеткен, ал жаңадан сатып алған киімдері өзінің жұмыс орнында есінен шығып қалып кеткен. Содан ол 02.02.2015 жылы сағат 10:00 шамасында «Сенатор» бильярд клубына жұмысқа келген. Жұмысқа келсе, бильярд клубының сыртқы есіктері ашық тұрған. Клубтың ішіне кірсе, түнде есінен шығып қалдырып кеткен, жаңадан сатып алған киімдері өз орнында жоқ екендігін көрген. Содан ол бірден Жулдуз әпшесінің ұялы телефонына қоңырау шалып, оған «әпше, мен жұмысқа қазір келдім, келсем, «Сенатордың» сыртқы есіктері ашық тұр екен, Мафтуна мен Муаззам жұмыс орындарында жоқ екен, олар менің ішіне өзімнің киімдерім салынған екі дана сөмкелерімді алып кетіпті» деп айтқан. Содан Жулдуз әпшесі тез арада «Сенатор» бильярд клубына келген. Сол кезде, оған Жулдуз әпшесі Муаззам мен Мафтунаның өзінің жасырып, тығып жүрген 150 000 теңге ақшасын да алып кеткенін айтқан. Екі қыздың да ұялы телефондарына қоңырау шалса, сөндірулі болған. Содан ол Әл-Фараби полиция бөліміне келіп арызданған.

Қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде жауап берген М.З. Исахогова төмендегідей жауап берген: Мен 1993 жылы Өзбекстан Республикасы, Узун туманиде дүниеге келген. Олардың отбасының жағдайы өте нашар, кедей тұратын болған. Оның туысқан ағалары Қазақстанға барып жұмыс істеп келіп жүретін болған. Олар көп ақша алып келетін болған. Содан нақты күні дәл есімде жоқ, шамамен 2013 жылдан бері ол Қазақстанға, Шымкентке келіп, әркімге жалданып, жұмыс істеп жүрген. Келген кезінде әр түрлі кафелерде официантка болып, моншаларда еден жуушы болып жұмыс істеп, тапқан еңбекақысын өзінің үйіне кейде пошта арқылы, кейде жолай кетіп бара жатқан адамдардан салып жіберіп отыратын болған. Шамамен 2014 жылдың мамыр айынан бастап ол, Мафтуна деген қызбен бірге Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үйде орналасқан «Сенатор» бильярд клубына еден жуушы, әрі киім жуушы болып жұмысқа орналасқан. Еңбекақысына клуб иесі - Жулдуз әпшелері күніге 2 000 теңге ақша беретін. Жұмысы өзіне ұнайтын, тез үйреніп кеткен. Ақшасын жинап-жинап, өзінің үйіне жіберіп тұратын болған. Содан 01.02.2015 жылы таңертең аталған клубтың компьютер ойынханасының администраторы Динара есімді қыз өзінің базардан жаңадан әйелдер киімдерін сатып алып келіп, «Сенатор» бильярд клубына, өзінің ойынханасына жұмыс үстелінің қасына қойып қойған. Оған оның базардан жаңадан сатып алып келген киімдері ұнаған, бірақ ол ешқандай сыр білдірмеген. Содан 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында Динара ойынхананы жауып, өзінің киімдері салынған екі сөмкесін ойынханаға үстелдің ұмытып қалдырып, өзі үйіне қайтып кеткен. Содан 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 шамасында олар Мафтуна екеуі алдын өздері білетін асхана бөлмесінің ішіндегі шкатың полкасының артқы жағына, астыңғы бұрышына тығып қоятын жерде, Жулдуз әпшелері жасырып қойған, 26 000 теңге ақшаны және ойынхананың бөлмесінде үстел жанында еденде тұрған екі сөмкедегі Динараның жаңадан сатып алған әйелдер киімдерін өздерімен бірге алып, оларға ешкім қарап тұрмағандығын пайдаланып, Мафтуна екеуі өздерінің жеке заттарын тез-тез жинап алып, бильярд клубынан жасырын шығып кетіп қалған, клубтың есіктері ашық қалған. Сөйтіп, Байтұрсынов көшесінен белгісіз маркалы такси автокөлігін тоқтатып, Республика даңғылы бойынан белгісіз көпқабатты үйден бір белгісіз апайдан жалға пәтер алып, ақысын беріп, сол жерде тығылып жатқан. Сол жерде Жулдуз әпшеден ұрлап алған, 26 000 теңге ақшаны өз пайдаларына жаратқан. Сол жерден оларды полиция қызметкерлері ұстап, олардан Динарадан ұрлап кеткен әйелдер киімдерін, ақ түсті желеткі, қоңыр түсті костюм, қоңыр түсті көйлек, қызыл түсті көйлек, қара түсті гүлді суреті бар көйлек, ақ түсті көйлек, сұр түсті тоқылған туника көйлек, қоңыр түсті жүн желеткі, көк түсті пальтоны яғни айғақты зат ретінде тәркілеп алғандығын көрсеткен.

Қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде жауап берген М.З. Исахогова төмендегідей жауап берген: Мен 1993 жылы Өзбекстан Республикасы, Узун туманиде дүниеге келген. Олардың отбасының жағдайы өте нашар, кедей тұратын болған. Оның туысқан ағалары Қазақстанға барып жұмыс істеп келіп жүретін болған. Олар көп ақша алып келетін болған. Содан нақты күні дәл есімде жоқ, шамамен 2013 жылдан бері ол Қазақстанға, Шымкентке келіп, әркімге жалданып, жұмыс істеп жүрген. Келген кезінде әр түрлі кафелерде официантка болып, моншаларда еден жуушы болып жұмыс істеп, тапқан еңбекақысын өзінің үйіне кейде пошта арқылы, кейде жолай кетіп бара жатқан адамдардан салып жіберіп отыратын болған. Шамамен 2014 жылдың мамыр айынан бастап ол, Муаззам деген қызбен бірге Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үйде орналасқан «Сенатор» бильярд клубына еден жуушы, әрі киім жуушы болып жұмысқа орналасқан. Еңбекақысына клуб иесі - Жулдуз әпшелері күніге 2 000 теңге ақша беретін. Жұмысы өзіне ұнайтын, тез үйреніп кеткен. Ақшасын жинап-жинап, өзінің үйіне жіберіп тұратын болған. Содан 01.02.2015 жылы таңертең аталған клубтың компьютер ойынханасының администраторы Динара есімді қыз өзінің базардан жаңадан әйелдер киімдерін сатып алып келіп, «Сенатор» бильярд клубына, өзінің ойынханасына жұмыс үстелінің қасына қойып қойған. Оған оның базардан жаңадан сатып алып келген киімдері ұнаған, бірақ ол ешқандай сыр білдірмеген. Содан 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында Динара ойынхананы жауып, өзінің киімдері салынған екі сөмкесін ойынханаға үстелдің ұмытып қалдырып, өзі үйіне қайтып кеткен. Содан 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 шамасында олар Мафтуна екеуі алдын өздері білетін асхана бөлмесінің ішіндегі шкатың полкасының артқы жағына, астыңғы бұрышына тығып қоятын жерде, Жулдуз әпшелері жасырып қойған, 26 000 теңге ақшаны және ойынхананың бөлмесінде үстел жанында еденде тұрған екі сөмкедегі Динараның жаңадан сатып алған әйелдер киімдерін өздерімен бірге алып, оларға ешкім қарап тұрмағандығын пайдаланып, Муаззам екеуі өздерінің жеке заттарын тез-тез жинап алып, бильярд клубынан жасырын шығып кетіп қалған, клубтың есіктері ашық қалған. Сөйтіп, Байтұрсынов көшесінен белгісіз маркалы такси автокөлігін тоқтатып, Республика даңғылы бойынан белгісіз көпқабатты үйден бір белгісіз апайдан жалға пәтер алып, ақысын беріп, сол жерде тығылып жатқан. Сол жерде Жулдуз әпшеден ұрлап алған, 26 000 теңге ақшаны өз пайдаларына жаратқан. Сол жерден оларды полиция қызметкерлері ұстап, олардан Динарадан ұрлап кеткен әйелдер киімдерін, ақ түсті желеткі, қоңыр түсті костюм, қоңыр түсті көйлек, қызыл түсті көйлек, қара түсті гүлді суреті бар көйлек, ақ түсті көйлек, сұр түсті тоқылған туника көйлек, қоңыр түсті жүн желеткі, көк түсті пальтоны яғни айғақты зат ретінде тәркілеп алғандығын көрсеткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілер Ж.Н. Аманжолова мен Д.А. Бигеловалардан күдіктілер М.З. Исахогованың және М.Д. Султонмуродоваларға қатысты қозғалған қылмыстық істі өзара ымыраға келіп татуласуына және де оларға келтірілген материалдық, моральдық шығындарын толығымен өтегендеріне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуды сұранғандығы жайлы қарсы арыз түсті, бұл бойынша М.З. Исахоговадан және М.Д. Султонмуродовадан да арыз түсіп, онда Ж.Н. Аманжолова мен Д.А. Бигеловалардың жазған арыздары бойынша қылмыстық істі бір ымыраға келіп татуласқандарына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға келіскендерін көрсеткен.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 35, 198, 288-баптары мен ҚР ҚК-нің 68 бабының 1-бөлімін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
ҚР ҚК-нің 188 бабы 2-бөлігінің «1,3» тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша №155112031000672 санды қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың бір ымыраға, өзара келісімге келіп татуласуына байланысты тоқтатылсын.

Осы қаулының көшірмесі ________ қаласы ________ аудан прокурорына жіберілсін.

Қылмыстық істің көшірмесі ________ ҚІІБ _______ ПБ Көші-қон полициясы бөлімшесіне ____ФИО___ мен ____ФИО____ әкімшілік шара көру үшін жолдансын.

Қабылданған шешім туралы мүдделі жақтарға хабарлансын.



_____орган атауы_____ҚІІБ ______ ПБ

ТБ тергеушісі полиция лейтенанты _____ФИО____

Бланк №22

БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ

ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. ______________ қаласы
_______орган атауы_______ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты _____ФИО____ №15511203100054 санды қылмыстық іс материалдарын қарап,
Тегі, аты, әкесінің аты: ___ФИО___

Туған күні, айы және жылы: 09.03.1967 ж.т.

Туған жері: ОҚО, Шымкент қаласы

Тұратын жері: ______________мекен-жайы___________

Тел.: ________________________

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі: орта

Партияда тұруы: партияда тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді

Отбасы жағдайы: жанұялы

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланған ба: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: жеке куәлігі №________________ жылы берілген, ИИН ________________

Қорғаушыны қажет ете ме: қамтамасыз етілді

Қай тілде жауап беруді қалайсыз: қазақ тілінде

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті

Соттылығы: бұрын сотталған


АНЫҚТАДЫ:
19.12.2014 жылы сағат 20:30 уақыт шамасында ___ФИО___ Шымкент қаласы, Сәуле м/а орналасқан аты белгісіз көшеде Файзуллаев Аширхан Уалихановичтің денсаулығы мен өміріне қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, соңғыны ұрып-соғып, меншігіндегі маркасы құны 7 000 теңге тұратын маркасы «Нокия» ұялы телефонын, жеке куәлігін және 75 000 теңге ақшасын ашық тартып алып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

ҚР ҚПК-нің 136-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға ҚР ҚПК-нiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.

А.А.Тагаевтың қылмыс жасауға бейімделгенін ескеріліп, оған қатысты бұлтартпай шарасын қолдану қажеттілігі туындады.

Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК-нің 136, 140, 141-баптарын басшылыққа отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 09.03.1967 жылы туылған _______ФИО______ «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылсын, ол жөнінде оған осы қаулы қолы қойдырылып, хабарлансын.

2. Осы қаулының көшірмесі _____________ қаласы, ____________ аудан прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

____орган атауы________

ПБ-нің ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты _____ФИО______
Қаулымен таныстым: ________________ ФИО

Бланк №23



Жәбірленуші деп тану туралы

ҚАУЛЫ
«__» ақпан 2015 ж. ­­­__________________ қаласы
___________Орган атауы_______ ІІБ-нің ________ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ______ФИО_____ және _____ФИО_____ арыздары бойынша қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне 03.02.2015 жылы тіркелген №155112031000672 санды қылмыстық істі қарап,

АНЫҚТАДЫМ:


02.02.2015 жылы ____орган атауы____ ПБ-не ___мекен-жайы___ тұрғыны, 08.01.1979 ж.т. ___ФИО___ мен ____мекен-жайы____ тұрғыны, 12.01.1993 ж.т. ___ФИО____ арызданды. Олар өз арыздарында 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 мен 07:00 уақыт аралығында Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубынан сол жерде жұмыс істеп жүрген Мафтуна және Муаззам есімді қыздар Ж.Н. Аманжоловаға тиесілі 150 000 теңге ақша мен Д.А. Бигеловаға тиесілі жалпы құны 60 000 теңге болатын екі сөмкеде болған әйелдер киімдерін жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Осы факт бойынша 03.02.2015 ж. №15511203100672 санды қылмыстық іс қозғалған.

Аталған әрекеттердің нәтижесінде азаматша Ж.Н. Аманжоловаға жалпы 150 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.

Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 71-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,


ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Азаматша ____ФИО____ осы іс бойынша жәбірленуші болып танылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі ________ қаласы ________ аудан прокурорына жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

_____орган атауы_______

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты _____ФИО______

Осы қаулы маған 2014 жылғы «___» қаңтарда сағ. ______-те жарияланды _______________



(қолы)

Бір мезгілде маған ҚР ҚПК-нің 71-бабының 6-бөлігінде көзделген құқықтар, менің:  1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдемелерді ұсынуға; 4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;


5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілімнің болуына;
7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағваы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; 21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығым бар екені түсіндірілді.

Қылмыстық процесте азаматтық талап қою және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянның, сондай-ақ өкілге шығыстарды қоса есептегенде, қылмыстық процеске қатысуына байланысты көтерген шығыстардың өтелуін ҚПК-нің 76-бабына сәйкес қамтамасыз ету.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-нің 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚПК-нің  160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау