Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа
орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде
ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру
қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту
туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы
БАСПАСӚЗ РЕЛИЗІ
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 173 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
"Халықтың кӛші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі
Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1)Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны
белгілеу қағидалары;
2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс
күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңын іске асыру жӛніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19
маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат)
мынадай ӛзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың кӛші-қоны туралы"
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны
белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек жӛніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органы;
2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
2-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында
құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс
істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге
асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған
филиалдарына, еншілес ұйымдарына, ӛкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш
жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
3) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе ӛзге де табиғат жағдайларына байланысты
белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық
жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын кӛшіп келуші;
4) уәкiлеттi орган – ӛңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және
жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бӛлiмшесi;
5) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа ӛз бетінше
орналасатын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін
жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар;
6) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
7) шетелдік қызметкерлер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін келген немесе жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру
шеңберінде тартатын кӛшіп келушілер;
8) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында
еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.
Ескерту. 2-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№ 1065
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу
тәртібі
3. Алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгіленеді және (немесе) еңбек нарығындағы
сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және
(немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын экономика секторларында корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын
шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота олардың іске
асырылу кезеңіне белгіленеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№ 1065
қаулысымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі).