Лекимова Ш
15-семинар сабақтың тақырыбы: Одағай және модаль сөздер
Жаттығу блогі
1-жаттығу. Одағайларды мағынасына қарай топтап, олардың құрамын анықтаңыз.
Жүрегім, ойбай, соқпа енді, көңіл-күй
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі. (Абай).
Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш,
Жалғыз-ақ «Қап! Қап! Болып айтқан сөзі.(І. Жанс.). көңіл-күй
Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңізде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ неткен жолаушысыңдар? – дейді Сырым. Жекіру
Опыр-ай, неге мұндай тынымсыз, сотанақ болып тудым! (Б.Соқп.). көңіл-күй
Әй, дарылдақ-ау, қойсаңдаршы, мына кісі сөйлеймін деп тұр,-дейді Ырысты. (Б.М). шақыру Апырмай, мына Иіс шешем алғысы қандай жақсы еді! Әмин !- деші, Әйгерім, осыған. (М.Ә.). көңіл-күй
2-жаттығу. Мысалдардағы бір фонемалы одағайлардың мағыналарын түсіндіріңіз.
-Е, есептейік, менікі бес күнге айналып барады. Сенікі қанша? (Ғ.Мұст.). Сонда Жиренше:
- Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! – депті.
Е, бақсы болсаң, қайтейін. Е, ауырмай ма екен? Е-е. Мен оны сендерге айтуды ұмытып кетіппін ғой. Е, олар неғыпты? Тыңдап отыр ғой.
- Е, Алдар көсе, жол болсын! Бұл тоқтың не?
- Е, әлей болсын, бай! Тоқтының несін сұрайсың...
Е, Жаманның не білгені бар екен? Е, онда жөн басқа,-деді.
Сөйлемде шақыру мағынада қолданылып тұр
3-жаттығу. Одағайды түріне қарай ажыратыңыздар.
– Ойпыр-ай, өзімдікі болса игі еді... – дедім сасқанымнан (М. Ә.). көңіл-күй
– Уа, қариялар, дедім, бұ дүние пәни кімге опа қылған! (Ә. О.). шақыру
– Охой, деген-ай десеңізші, – деп күрсініп қойды Зәкең, шелпектен көмейіне бір тығып жіберіп (Ә. О.). көңіл-күй
– Қап, мұныңызды білгенде, басқа бірдеңе болмағанда, қаймақ қайнатып жіберетін едім ғой, – деді келіншек (Ә. О.). көңіл-күй
– Әттең, не керегі бар (Ә. О.). көңіл-күй
– Апыр-ай, Күлпаш-ай, о не дегеніңіз (Ә. О.). көңіл-күй
– Опырм-ау, мына сабаздар кім? – деді Рахым күліп (Б. Т.). көңіл-күй
– Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма? (М. Ә.). шақыру
– Пәлі, пәлі сөзіне!.. жақыру
– Бәрекелді, абзал сөз!.. көңіл-күй
– Уа, сөз төресі осы да!.. – деп даурығып, мақтау айтқан Алшынбай
(М. Ә.). көңіл-күй
– Ойпырмай, қалқам, Абай-ай, қиын болмаса игі еді (М. Ә.). көңіл-күй
– Мәссаған, сол да сөз боп па? (С. М.). көңіл-күй
4-жаттығу. Модаль сөздер арқылы модальдылык мағына берілген сөйлемдерге талдау жасаңыз. Модаль сөздердің мағынасын анықтаңыз.
Қатені келешекте қайталамайтын боп түсіні керек. Мүмкін, анада ауырардан бір күн бұрын келгенде, айтпақшы болған шығар (З.Ш.). Гүлсімге Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты.(З.Ш). Әжім пайда болған тәрізді (З.Ш). Қаны ұйып қалса керек.(З.Ш). Екі күн болды аспанды бұлт басқалы, жауып кетуі мүмкін.(З.Ш). Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де шығармыз.(З.Ш.). Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап кеткен тәрізді.(З.Ш.). Хатшы тосып отырған болар.(З.Ш.).
Осылар кетіп қалған білем (С.М.). Бұл дауды менің бітіретінім рас (Ғ.Мұст.).Тіпті, өзінің дүниеден өтіп, мәңгі жоғалатын жылы мен күнін, уақытын білу қасиеті де дарыпты («Қ.Ә.»).
тексеру блогі
Тест- карточка: Одағай
1. Көңіл-күй одағайы қатысқан сөйлемді белгіле
|
А) АҺ, бір өкініш, бір үміт.
|
2. Одағай сөз табының мағыналық топтары
|
В) көңіл-күй, императив, тұрмыс-салт
|
3. Бұйрық типтес (императив одағайлар
|
С) әлди-әлди, жә
|
4. Тұрмыс салт одағайлары
|
В) сәлем, сау бол
|
5. Көп мағыналы одағайлар
|
Д) Бәрекелді, әй
|
Достарыңызбен бөлісу: |