Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет9/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ақтау қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты (қолы) М. Асылов

Заттай дәлелдеме деп тану және Бланк №8

қылмыстық іске қоса тіркеу туралы

ҚАУЛЫ
«___» ______ 2015 жыл Кентау қаласы
Кентау қалалық ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.С. Шамаров №15511203100054 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
18.11.2014 жылы ОҚО ІІД Кентау қалалық ПБ-не, Кентау қаласы, Қарасу м/а, №82 үй, 15-пәтер тұрғыны, 19.09.1982 жылы туылған Тауасарова Асель арызданды. Ол өз арызында 12.11.2014 жыл мен 17.11.2014 жыл уақыт аралығында оның жоғарыда аталған мекен-жайдағы үйін өзінің сатушысы «Ляззат» есімді азаматша сеніп қалдырып, өзі Түркияға демалысқа кеткендігін, 17.11.2014 жылы үйіне келіп, заттарын түгендеген кезінде аталған «Ляззат» есімді азаматша оның жалпы 1 479 400 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткендігін анықтағанын көрсеткен.

Осы факт бойынша 21.11.2014 ж. №14511203106488 санды қылмыстық іс қозғалған.

ОҚО ІІД Кентау ПБ-нің КПБ қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ОҚО, Шымкент қаласы, Шаймерденов көшесі, 85-үй тұрғыны, 25.11.1990 жылы туылған Шапулатова Ляззат Кайратовна анықталып ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында жәбірленуші А.К. Тауасарова қылмыстық іске қатысы бар қоңыр түсті әйелдер сөмкесін және қызыл түсті әйелдер әмиянын өз еркімен ұсынды. Сонымен қатар, куә А.Адильбеков қылмыстық іске қатысы бар қоңыр түсті ерлер бас киімі мен қою көк түсті ерлер джинсы шалбарын өз еркімен ұсынды.

Жоғарыда көрсетілген нәрселердің осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша маңызы бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 118, 198, 221-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қоңыр түсті әйелдер сөмкесі, қызыл түсті әйелдер әмияны, қоңыр түсті ерлер бас киімі мен қою көк түсті ерлер джинсы шалбары заттай дәлелдемелер ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелсін.

Қоңыр түсті әйелдер сөмкесі мен қызыл түсті әйелдер әмияны жәбірленуші А.К. Тауасароваға, ал қоңыр түсті ерлер бас киімі мен қою көк түсті ерлер джинсы шалбары куә А. Адильбековке сақтау қолхаты алынып, қайтарылсын.

Осы қаулының көшірмесі Кентау қаласының прокурорына жіберілсін.

Кентау қалалық ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.С. Шамаров

бланк №9

«Б Е К І Т Е М І Н»

Актау қаласының прокуроры

аға әділет кеңесшісі

______________Х.Р. Қаратаев

«___» _______ 20 жыл

АЙЫПТАУ АКТІСІ
Актау қаласы «___» _______ 2015 жыл
Актау қалалық ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.С. Комаров ҚР ҚПК-нің 298, 299-баптарына сәйкес 25.11.1990 жылы туған Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тумасы, ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасауға күдік келтірілген Шапулатова Ляззат Кайратовнаға қатысты № 14511203106488 қылмыстық іс бойынша осы айыптау актісін жасады.

Осы қылмыстық іс бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен мыналар анықталды:

Шапулатова Ляззат Кайратовна, 25.11.1990 жылы туылған, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласының тумасы, пайдакүнемдік ниетпен, материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды шешкен.

Атап айтқанда, 12.11.2014 жылы сағат 17:00 шамасында өзімен бірге «Самал» базарында әйелдер киімін сататын өзінің жақын танысы А.К. Тауасарова оған өзінің Шымкент қаласы, Қарасу м/а, 82 үй, 15- пәтер мекен-жайындағы үйін, зал бөлмесіндегі шифоньерде тұрған қоңыр түсті сөмкесін, ішінде болған өзінің кәмелетке толмаған ұлы - 2004 жылы туылған Мухамбетжанов Елнұрға 25.11.2015 жылы сүндет тойын жасап беру үшін жинап жүрген ақшаларын және базарда сауда жасап жүріп тапқан ақшаларын тапсырып, өзі әдеттегідей Түркияға тауар алу үшін жолға шығатын заттарын жинап, үйден шығып кеткен кезде, Л.К. Шапулатова бір сағаттай уақыт пәтерде жалғыз өзі қалған. Содан ол пәтердің зал бөлмесінде тұрған шифоньердің ішінде тұрған соңғының қоңыр түсті сөмкені ашып, ішінде А.К. Тауасарованың өзінің ұлына сүндет тойын жасап беру үшін жинап жүрген 1 479 400 теңге ақшасының және оның қасында 1 000 АҚШ долларының тұрғандығын анықтаған. Сөйтіп ол пәтерде жалғыз өзі болғандықтан, зал бөлмесінде шифоньер ішінде тұрған А.К. Тауасароваға тиесілі қоңыр түсті сөмкесінің ішіндегі ақшаларын, яғни, бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын түрде ұрлап, өз пайдасына жарату қылмыстық ойы туындаған. Содан ол оңай олжа табу мақсатында ойлаған қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін, жоғарыда аталған пәтерде оны ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, қоңыр түсті сөмкенің ішінде тұрған 1 479 000 теңге ақшасын және 1 000 АҚШ долларын, жалпы сомасы - 1 667 270 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сонымен, жәбірленуші А.К. Тауасароваға жалпы 1 667 270 тенге материалдық шығын келтірген.

Сонымен, Шапулатова Ляззат Кайратовна, ұрлық жасаған, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ірі мөлшерде ұрлаған, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс жасаған.

ҚР ҚК 54-бабына сәйкес Л.К. Шапулатованың қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларына: бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын түрде жымқырғаны;

ҚР ҚК 53-бабына сәйкес А.А. Тагаевтың қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларына: ҚР ҚК 53-бабының 1-бөлігінің 11-тармағы – қылмыс жасағаны үшін шын ниетпен өкінуді жатқызуға болады Шапулатова Ляззат Кайратовна, 25.11.1990 ж.т. ОҚО, Шымкент қаласы, Шаймерденов көшесі, №85 үй мекен-жайы бойынша тұратын, ұлты бойынша: қазақ, азаматтығы Қазақстан Республикасы, білімі: орта, уақытша жұмыс істемейді, жанұялы, бірақ отбасынан бөлек тұрады, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, қазіргі уақытта оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Л.К. Шапулатованың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен: жәбірленушіден, жауап алу хаттамасымен, беттестіру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді өз еркімен ұсыну және оларды қарау хаттамаларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа жиналған материалдарымен толық расталады.

Актау қалалық наркологиялық диспансердің анықтамасына сәйкес күдікті Л.К. Шапулатова аталған диспансерде есепте тұрмайды.

_______ і.б.

Актау қалалық аурулар диспансерінің анықтамасына сәйкес, күдікті Л.К. Шапулатова аталған диспансерде есепте тұрмайды.

_______ і.б.

Актау қалалық бойынша ҚР Бас прокуратура жанындағы КСжАЕАЖКБ талабына сәйкес күдікті Л.К. Шапулатова бұрын соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған

_______ і.б.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші А.К. Тауасарованың жауабы

_______ і.б.

Қылмыстық іс бойынша күдікті Л.К. Шапулатованың жауабы

_______ і.б.

Осылайша, Шапулатова Ляззат Кайратовна ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деп айыпталады.

Осы қылмыстық іс зерттеу және тиісті бағыт беру үшін Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан прокурорына жіберіледі.



Актау қалалық ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.С. Комаров

Бланк №10



15511203100054 қылмыстық істің қозғалысы туралы

АНЫҚТАМА
1. Қылмыстық іс 21.11.2014 жылы қозғалған, 26.01.2015 жылы аяқталды

2. 16.01.2015 жылы сағат 11:30 шамасында Шапулатова Ляззат Кайратовна ҚР ҚПК-нің 131 бабының талаптарына сай, ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен күдікті ретінде уақытша ұстау абақтысында ұсталған.

3. 17.01.2015 жылы күдікті Шапулатова Ляззат Кайратовнаның әрекетін саралау қаулысы қабылданған.

4. 18.01.2015 жылы сот алдында күдікті Шапулатова Ляззат Кайратовнаны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы Әл-Фараби аудан прокурорымен келісілген.

5. 19.01.2015 жылы Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен күдікті Шапулатова Ляззат Кайратовнаға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

6. 26.01.2015 жылы айыптау актісі түзілді.



Актау қалалық ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.С. Комаров

Тараз қ., ПБ бастығы бланк №11

полиция полковнигі

___________________

БАЯНАТ
Баянат бойынша Сізге 2014 жылы 19 желтоқсанда шамамен 20:00-де белгісіз біреу Шымкент қаласы, Сәуле м/а орналасқан аты белгісіз көшеде күш қолданып, ұрып-соғып, азамат А.У.Файзуллаевтың көк түсті джинсы шалбарының қалтасынан 75 000 теңге ақшасын, құны 7 000 теңге тұратын «Нокия» маркалы ұялы телефонын және өзінің атына берілген жеке куәлігін ашық түрде тартып әкеткенін хабарлаймын.

ҚР ҚК 191-бабы «2» бөлігі, 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісін меңзейтін жеткілікті деректер бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 179, 184-баптарына сәйкес бұл баянат БСТТ тіркелуге жатады.

Баянатқа қылмыстық құқық бұзушылық туралы алынған мәліметтерді растайтын материалдарды қоса беріп отырмын:

___________________________________ ___ парақ.

(барлық заттар мен құжаттардың толық тізбесі көрсетіледі)
______________________________ _______________

(лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
Баянатқа қоса беріледі: материалдар ___ парақ.
Тараз қ. ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А. Тарасов

Бланк №12



Беттестіру

ХАТТАМАСЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Тараз қаласы

Басталды: «___» сағ. «___» мин. Аяқталды: «___» сағ. «___» мин.


Тараз қалалық ІІБ, ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Оралов ҚР ҚПК-нің 199 және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Шымкент қаласы, Желтоқсан көш., 3-үй мекен-жайы бойынша орналасқан Тараз қалалық ІІБ ғимаратында №420 қызметтік кабинетте адвокат Б.Буркуловтың қатысуымен, осыдан бұрын жауап алынған куә Адильбеков Аязхан Муханович пен күдікті Шапулатова Ляззат Кайратовнаның арасында беттестіруді жүргізгені туралы осы хаттаманы жасады.

ҚР ҚПК-нің 218-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленушіге айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге – тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.


Куә: А.М. Адильбеков
Күдікті Л.К. Шапулатоваға ________________ ҚР ҚПК-нің 65-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді, оның:

1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;

2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;

3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚР қылмыстық процестік кодексінің  67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;

5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;

6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;

7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;

8) айғақ беруден бас тартуға;

9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;

10) дәлелдемелерді ұсынуға;

11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;

15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;

16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;

17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;

18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;

19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;

20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚР қылмыстық процестік кодексінің 274286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;

21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін ҚР қылмыстық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;

22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;

23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;

24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

Күдіктінің қорғаушысының немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын алып тастау немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.


Күдікті:______________ Л.К. Шапулатова

Бір-бірін біле ме, және бір-бірімен қандай қатынаста екені туралы сұраққа жауап алынып отырған адамдар былай көрсетті:


А.М. Адильбековтың жауабы: "Менің алдымда отырған адамды бұрын білмегенмін, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".
Л.К. Шапулатованың жауабы: "Менің алдымда отырған адамды бұрын білмегенмін, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".
А.М. Адильбековке сұрақ: Л.К. Шапулатовамен бірінші рет қандай жағдайда кездестіңіз?
А.М. Адильбековтің жауабы: мен Шапулатова Ляззатпен 2014 жылдың шамамен күз айында нақты күні есімде жоқ таныстым. Мені онымен Гүлшат есімді таныс қыз таныстырды. Содан бері біз Ляззат екеуіміз жақын араласып дос болып кеттік. Танысқаннан кейін шамамен 15-20 күн өткен соң, біз қыз-жігіт болып кездесіп жүре бастадық, екеуіміз оңаша жерде, кейде оның пәтерінде , кейде жалдамалы пәтерлерде кездесіп көңіл қосып жүретін едік. Содан шамамен 2014 жылдың қараша айының 12 күні кешкі сағат 19:00 шамасында Ляззат маған ұялы телефоны арқылы қоңырау шалып, өзімен бірге сауда жасайтын Асель деген әйелдің үйінде екендігін және маған сол жерге келіп, оны алып кетуімді сұрады. Содан мен өзімнің Мерседес маркалы машинаммен Шымкент қаласы, Қарасу м/а, орналасқан Асельдің үйіне барып, ол жерден Ляззатты алып кеттім. Сөйтіп машинаға мінген соң, ол маған өзін Тәуке хан даңғылының бойындағы валюта ай ырбастау пунктіне алып баруымды сұрады. Содан соң мен оны аталған көшедегі валюта айырбастау пунктіне алып бардым. Сол жерде Ляззат қолындағы сөмкесімен бірге машинадан түсіп, валюта айырбастау пунктінен сөмкесінен АҚШ долларын шығарып, оны теңгеге айырбастап алды. Ол кезде нақты қанша доллар айырбастағанын көрген жоқпын. Содан соң біз Ляззаттың Шымкент қаласы, Қарасу м/а тұратын Жанар есімді таныс қызының үйіне бардық. Мен үй ауласында машинада отырдым, ал Ляззат болса, Жанардың қарыз ақшасын беруім керек, қазір тез шығамын деп көп қабатты тұрғын үйдің подъездерінің біріне кіріп кетіп, арада шамамен 5-10 минуттай уақыт өткен соң шықты. Содан соң біз Север м/а барып. Сол жердегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында бір қызбен 10-15 минуттай уақыт сөйлесіп тұрды. Сосын мен Ляззатты үйіне апарып тастадым. Содан екеуіміз ертесіне, яғни, 13.11.2014 жылы қайтадан жолығып, Самал базарына бардық. Сол жердегі валюта айырбастау пунктінен қолындағы сөмкесінен 500 АҚШ долларын шығарып, оны сол жерде теңгеге айырбастап жіберді. Сөйтіп, сол айырбастаған ақшаға маған сол базардан бір джинсы шалбар мен бір қоңыр түсті кепка бас киімін сатып алып берді. Сосын «мен осы базарда қаламын, бір әйелдерге 52 000 теңгедей қарыз ақшам бар, соны құтылуым керек» деп айтып, өзі сол базарда қалып қойды, мен сол жерден үйге қайтып кеттім. Содан ертесіне қайтадан Самал базарға барып, Ляззатпен жолықтым. Ол базарда өзі сауда істейтін жерде қасындағы бірнеше қыздармен сөйлесіп тұр екен. Сол кезде Ляззат қасындағы қыздарға «қыздар, егер менің артық кеткен жерім болса, мені кешіріңдер» деп бір жаққа кететін немесе өлетін адамға ұқсап сөйледі. Сол кезде қасындағы бір құрбысы Ляззатқа «ей, сен не, өлуге дайындалып жатырсың ба, әлде бір жаққа кетіп қалайын деп тұрсың ба?» деп сұрады. Ал оған Ляззат үндемеді. Сөйтіп мен Ляззатпен шамамен 16 немесе 17 қараша күні кешке жолығып, мен оны қайтарда үйіне апарып тастадым. Мен Ляззатты содан кейін көрген жоқпын, ал сол күннің ертесіне маған Тауасарова Асель хабарласып, Ляззатты таппай жүргендігін, ұялы телефоны сөндірулі тұрғанын және Ляззаттың оның ақшасын ұрлап, қашып кеткендігін айтты. Ляззаттың ұялы телефонына қоңырау шалған кезімізде, телефоны сөндірулі болды. Содан екеуіміз жолығып, Ляззаттың бір-екі құрбысына барып іздедік, алайда оны еш жерден таппадық. Нәтижесінде, А.Тауасарова полиция бөліміне келіп арызданды, 15.01.2015 жылы маған полиция қызметкерлері келіп, мені Әл-Фараби полиция бөліміне алып келді.
Күдіктіге сұрақ:
Сізге А.М. Адильбековтың жауаптары түсінікті ме, Сіз оларды растайсыз ба?
Л.К. Шапулатованың жауабы: иә, маған оның жауаптары толық түсінікті, мен оның жауаптарын толық мойындаймын, 2013 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін мен «Жамалбек» қажы базарында сауда жасадым. Алайда ол жерде сауда болмаған соң, базардан шығып кеттім. 2013 жылдың шамамен желтоқсан айының соңында құрбым Утеулинова Жанар менің үйіме келіп, әңгімелесіп отырып, менің қолым бос, үйде отырғандығымнан, мен одан маған жұмыс тауып беруін сұрандым. Содан Жанар маған өзінің бұрыннан араласатын Тауасарова Асель есімді таныс құрбысы бар екендігін және мені онымен таныстыруға дайын екендігін айтты. Содан аталған күннің ертеңіне екеуіміз Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан «Самал» базарына барып, сол жерде сауда жасайтын, әйелдер киімін сататын Асельмен мені таныстырып, мені өзіне жұмысқа алуын сұранды. Содан Асель менің ұялы телефонымның номерін жазып алып, өзінің Жаңа Жылдан кейін хабарласатынын айтып, шамамен екі-үш күн өткен соң, яғни, 2014 жылдың қаңтар айының 03 күні маған хабарласып, қаңтар айының 04 күні «Самал» базарына келуімді айтты. Содан аталған күні мен «Самал» базарына барып, сол жерде Тауасарова Асельдің қолында сауда жасап жұмыс істеп жүрдім. Содан мен Асельмен жақын араласып кеттім. Шамамен 2014 жылдың сәуір айында күйеуіммен ұрысып, үйден кетіп қалған соң, Тауасарова Асельдің Шымкент қаласы, Қарасу м/а, №82 үй, 15 пәтерде орналасқан үйінде тұра бастадым. Содан Асельдің үйінде шамамен мамыр айының соңына дейін тұрдым, кейін Байтурсынов көшесінің бойындағы номері белгісіз бір үйден пәтер жалдап тұратынмын. Бірақ, Асельдің үйіне жиі келіп, қонақ болып, кейде үш-төрт күндеп қонып қалатын едім. Содан 2014 жылдың қазан айынан бастап Асельдің үйінде біржолата тұра бастадым, өйткені, ол сүндет той істеу үшін дайындалуға мені өз үйіне шақырып алып, үйінде тұра беруімді айтты. Сөйтіп, мен Тауасарова Асельдің үйінде тұрып жаттым. Асель айына бір-екі рет Түркияға 5-6 күнге самолетпен ұшып барып, саудасына керекті тауарларды, әйелдер киімдерін арзандау бағаға алып келіп, олардың үстіне ақша қосып сататын. Сол кезде оның Қарасу м/а орналасқан үйіне мен қарап қалатынмын. Содан 12.11.2014 жылы Тауасарова Асель әдеттегідей Түркияға тауар алу үшін сағат 17:00 шамасында маған өзінің үйін тапсырып, үйден шығып кетті, мен үйде бір сағаттай уақыт жалғыз өзім қалдым. Содан арада шамамен бір сағаттай уақыт өткен соң үйге Тауасарова Асельдің туысқан сіңлісі Назерке есімді қыз келді. Ол келген соң, мен тамақ істедім. Содан арада шамамен 15-20 минуттай уақыт өткен соң, үйге Асельмен бірге сауда жасайтын Фариза есімді қыз келіп, маған Асельдің сауда жасап, бір күндік түскен табысының бір бөлігін – 23 700 теңге ақшаны маған алып келді. Мен ол ақшаны Назерке мен Фаризаның көзінше санап алдым. Содан соң Фариза маған ақшаны беріп, өзі сол жерден қайтып кетті. Содан соң аталған 23 700 теңге ақшаны алып, зал бөлмесіне кіріп кеттім, Назерке ас бөлмесіне шай ішу үшін кіріп кетті. Мен зал бөлмесіне барып, 23 700 теңге ақшаны Асельдің әмиянына салып, әмиянды сөмкесіне салып жатқан кезімде, сол сөмкеде 1 479 000 теңге ақшасы және 1 000 АҚШ доллары бар екендігін көрдім. Сөйтіп мен өзім қиналып, ақшаға қатты мұқтаж болып жүргендіктен сол жерде жаңағы ақшаға қатты қызығып, жан-жағыма қарап, маған ешкімнің қарап тұрмағанын көріп, сөмкенің ішінен 1 479 000 теңге ақшасын және 1 000 АҚШ долларын тез алып, өзімнің сөмкеме салып қойдым, ол жерде көбісі 10 000 теңгелік купюралар болатын. Сөйтіп, Асельдің сөмкесін шифоньерге тығып қойдым. Бұл кезде менің қасымда ешкім болған жоқ. Содан соң сағат 18:30 шамасында таныс Аяз есімді жігітіме қоңырау шалып, мені Асельдің үйінен алып кетуін өтіндім. Содан Аяз өзінің автокөлігімен жақын маңда жүргендіктен, арада 5-10 минут уақыт өткен соң, Асельдің үйіне келіп, мені алып кетті. Үйден шығарда мен өзіммен бірге Асельден ұрлап алған 1 479 000 теңге мен 1 000 АҚШ доллары салынған сөмкемді бірге ала шықтым. Сөйтіп жолда Тәуке хан даңғылының бойында орналасқан валюта айырбастау пунктінен 500 АҚШ долларын теңгеге ауыстырып алып, Аяз екеуіміз танысым Жанардың Шымкент қаласы, Қарасу м/а орналасқан нақты мекен жайын білмеймін, үйіне барып, менің одан алған 10 000 теңге қарыз ақшасын апарып бердік. Содан соң Аяз мені Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, №79 үй, 9-пәтердегі өзімнің жалдап тұрып жатқан үйіме алып кеп тастады, өзі қайтып кетті. Сөйтіп мен Байтұрсынов көшесіндегі өзім жалға алған пәтерде тұрып жүрдім, Тауасарова Асельдің үйіне қайтып барған жоқпын. Содан шамамен 2014 жылдың қараша айының 16-күні менің ұялы телефоныма Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында тұратын әкем Шапулатов Кайрат СМС жазып, анам Шапулатова Анардың жүрегі ауырып, ауруханаға түсіп қалғандығын айтты. Сөйтіп мен сол күні, яғни, 16.11.2014 жылы Тауасарова Асельдің «Самал» базарындағы сауда қатарындағы кассадан 111 000 теңге ақшасын ешкімге білдірмей жасырын ұрлап алдым. Содан соң мен 17.11.2014 жылы үйден барлық ұрлап алған ақшаларымды алып шығып, оларды үстімдегі қою көк түсті курткамның сыртқы қалталарына бөліп салып алдым, содан сағат 08:00 шамасында Бекжан базарында орналасқан «Бекжан» автовокзалынан жол ақысына 500 теңге беріп, «Старикс» шетелдік автокөлігімен Арыс қаласына келдім, құжаттарымды алған жоқпын, жеке куәлігім Асельдің үйінде қалып қойған болатын. Сөйтіп Арысқа келіп, Темір жол вокзалында тұрған сатушы әйелдерден «менің қазір жеке куәлігім жоқ еді, мені Ақтөбе қаласына жүретін пойызға мінгізіп жібере аласыздар ма, көмектесе аласыздар ма?» деп сұрадым. Сөйтіп сол жердегі сатушы әйел маған бір ер кісіні көрсетіп, «осы кісіге бар» деп сілтеп жіберді. Сөйтіп ол ер кісі өзін «Маке» деп таныстырып, маған «мен танысыммен сөйлесіп берейін, күт онда» деп айтты. Сөйтіп 17.11.2014 жылы сағат 11:00 шамасында аталған «Маке» есімді ер кісі менен 15 000 теңге алып, мені Ақтөбе қаласына жүретін пойызға отырғызып жіберді. Содан пойыз Қызылорда қаласынан өтіп бара жатқан кезде, сағат шамамен 17:00-де менің ұйқым келіп, үстімдегі курткамды шешіп, аяқ жағыма бүктеп қойып, ұйқыға жаттым. Содан ұйықтап ертесіне, 18.11.2014 жылы таңертең тұрған соң, куркамның сыртқы қалтасындағы ақшаны ұстап, шығарып алып түгендесем, куркамның қалтасындағы барлық ақшам жоқ екен, жоғалтып алдым ба, әлде біреу ұрлап алды ма, нақты білмеймін, тек шалбарымның қалтасындағы 15-20 мың теңге ғана қалыпты. Бірақ, бұл жөнінде ешкімге ештеңе айтқан жоқпын. Сөйтіп Ақтөбе қаласына келіп, анамның амандығын көріп, сол жерде ата-анамның үйінде тұрып жаттым. Мені ешкім іздеп таба алмасын деп, өзімнің ұялы телефонымды әдейі өшіріп қойдым, Тауасарова Асельге де өзімнің қайда жүргенімді және қайда кеткенімді айтып ескерткен жоқпын. Содан жақын арада Шымкент қаласына қайта оралу да ойымда болған жоқ, қайта оралғым келмеді. Сөйтіп, 09.01.2015 жылы Ақтөбе қаласындағы ЦОН-ға барып, өзіме қайтадан жаңадан жеке куәлік істетуге тапсырыс беріп қойдым. Сөйтіп, 14.01.2015 жылы мені Ақтөбе қаласындағы ЦОН-нан Шымкент қаласы, Әл-Фараби полиция бөлімінің полиция қызметкерлері келіп, маған Шымкент қаласында, Тауасарова Асельдің ақшасы мен заттарын ұрлап кеткендігімді айтып, мені өздерімен бірге Шымкент қаласына алып кететіндіктерін айтып түсіндіріп, мені Әл-Фараби полиция бөліміне алып келді. Мен Тауасарова Асельдің 1 479 000 теңге ақшасын, 1 000 АҚШ долларын және базар кассасынан 111 000 теңге ақшасын алып қойғандығымды мойындаймын және жасаған ісіме шын өкінемін. Мен ол ақшалардың бір бөлігін өзімнің бас пайдама жараттым, ал қалған біраз бөлігін ұрлатып алдым.
А.М. Адильбековке сұрақ: Өзіңіздің осыдан кейінгі әрекеттеріңіз қандай болды?
А.М. Адильбековтың жауабы: Мен Ляззатты содан кейін көрген жоқпын, ал сол күннің ертесіне маған Тауасарова Асель хабарласып, Ляззаты таппай жүргендігін, ұялы телефоны сөндірулі тұрғанын және Ляззаттың оның ақшасын ұрлап, қашып кеткендігін айтты. Содан екеуіміз жолығып, Ляззаттың бір-екі құрбысына барып іздедік, алайда оны еш жерден таппадық. Нәтижесінде, А.Тауасарова полиция бөліміне арызданды, ал 15.01.2015 жылы маған полиция қызметкерлері келіп, мені Әл-Фараби полиция бөліміне куә ретінде алып келді.
Л.К. Шапулатоваға сұрақ: Сіздің Тауасарова Асельден 1 479 000 теңге ақшасын, 1 000 АҚШ долларын және 111 000 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап алғандығыңыз жөнінде біреуге сыр ашып көрдіңіз бе, бұл туралы А.М. Адильбеков білді ме?
Л.К. Шапулатованың жауабы: Жоқ, ол бұл ақшалардың нақты санын да, оларды қайдан алғанымды да білген жоқ. Оның бұл оқиғаға түк қатысы жоқ.
Тергеуші тарапынан басқа сұрақтар болмады.
Бір-біріне сұрақтарың бар ма деген тергеушінің сұрағына А.М. Адильбеков пен Л.К. Шапулатова жоқ деп жауап берді.
А.М. Адильбеков
Л.К. Шапулатова

Адвокат _____________ сұрақтар түскен жоқ.

Беттестіру хаттамасы дауыстап оқылды, дұрыс жазылды, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.
Куә: А.М. Адильбеков
Күдікті: Л.К. Шапулатова

Адвокат: Буркулов Б.




жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау