____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тану нәтижесі: ________________________________________танылды.
Тану үшін көрсету алдында және оның барысында не ол аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан: танушы мен куәгерлер тарапынан мәлімдемелер түскен жоқ.
Танушы адам: ФИО
Куәгерлер: ______________
______________
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер жоқ.
Танушы адам: ФИО
Куәгерлер: ______________
______________
____ ІІД _________ ҚІІБ
________ ПБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ____ФИО____
Бланк №43
Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін таңдау туралы
ҚАУЛЫ
«__»________ 2015 жыл Шымкент қаласы
__________ қалалық ІІБ-нің ________ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ___ФИО___ __ФИО__тың арызы бойынша №155112031001376 санды қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
04.03.2015 жылы ____ ІІД _______ ҚІІБ _______ ПБ-не «102» телефоны арқылы ____, _______ қаласы, Алимкулов көшесі, №4 үй, 13-пәтер тұрғыны, 23.12.1978 жылы туылған ____ФИО____ арызданды. Ол өз арызында 04.03.2015 жылы сағат 15:00 шамасында белгісіз тұлға оның жоғарыда көрсетілген мекен-жайдағы үйінің жанындағы ақылы автотұрақта тұрған «SAMSUNG SM5» маркалы м/б X 036 WZН санды автокөлігінің жүргізуші жақтағы есігінің жартылай ашық тұрғандығын пайдаланып, сол жақ есігі арқылы автокөлік салонында оң жақ алдыңғы орындықта тұрған қайта қалпына келтіру құны 800 АҚШ доллары тұратын автокөлікті дистанциондық басқаруға арналған электрондық пультін және құны 30 000 теңге тұратын «SAMSUNG GT-F 6712 Duos» маркалы, абоненттік номерлері 8-705-186-59-14, 8-775-026-45-45 санды ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында ____, ________ қаласы, Белинский көшесі, №115 үй тұрғыны, 12.02.1977 жылы туылған ___ФИО___ анықталып ұсталды.
_______ қалалық ІІБ-нің ______ ПБ-не арызды берген кезде __ФИО__ қылмыстық қудалау органына жүгіну тілін таңдау құқығы түсіндірілген, нәтижесінде __ФИО__ қылмыстық сот ісін жүргізу тілі ретінде қазақ тілін таңдаған.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 30, 64, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. №155112031001376 санды қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі қазақ тілі болып таңдалсын.
Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптар хабардар етілсін, ол жөнінде осы қаулыға қолдары қойдырылып хабарлансын.
Қаулының көшірмесі _______ аудан прокурорына мәлімет үшін жолдансын.
_______ қалалық ІІБ
_______ ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ____ФИО____
Қаулымен таныстым: _____________________
«___»__________ 2015 ж.
Бланк №44
өтінішхатты қанағаттандыру туралы
ҚАУЛЫ
«__»_____ 2015 ж. _________ қаласы
_________ қалалық ІІБ-нің _______ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ___ФИО___ __ФИО__ арызы бойынша №155112031001376 санды қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
04.03.2015 жылы ___ ІІД ______ ҚІІБ _______ ПБ-не «102» телефоны арқылы ___, ________ қаласы, ________ көшесі, №4 үй, 13-пәтер тұрғыны, 23.12.1978 жылы туылған __ФИО__ арызданды. Ол өз арызында 04.03.2015 жылы сағат 15:00 шамасында белгісіз тұлға оның жоғарыда көрсетілген мекен-жайдағы үйінің жанындағы ақылы автотұрақта тұрған «SAMSUNG SM5» маркалы м/б X 036 WZN санды автокөлігінің жүргізуші жақтағы есігінің жартылай ашық тұрғандығын пайдаланып, сол жақ есігі арқылы автокөлік салонында оң жақ алдыңғы орындықта тұрған қайта қалпына келтіру құны 800 АҚШ доллары тұратын автокөлікті дистанциондық басқаруға арналған электрондық пультін және құны 30 000 теңге тұратын «SAMSUNG GT-F 6712 Duos» маркалы, абоненттік номерлері 8-705-646-39-19, 8-775-126-05-50 санды ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында ____, ________ қаласы, Белинский көшесі, №115 үй тұрғыны, 12.02.1977 жылы туылған ___ФИО___ ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ___ФИО___ қазақ тілін білетіндіктен, аудармашыны қажет етпейтіндіктен, барлық айғақтарын қазақ тілінде бергісі келетіндіктен, қылмыстық сот ісін қазақ тілінде жүргізу туралы арыз келіп түсті. Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 30, 198-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі қазақ тілімен жүргізілсін.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
3. Осы қаулының көшірмесі 24 сағат ішінде ______ қаласының ______ аудан прокурорына жіберілсін.
________ қалалық ІІБ
________ ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ____ФИО____
Бланк №45
Сот-наркологиялық сараптаманы
тағайындау туралы қаулымен танысу
ХАТТАМАСЫ
«__» наурыз 2015 жыл ____________ қаласы
________ қалалық ІІБ _______ ПБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ___ФИО___ 272-баптың 4-бөлігі талаптарын сақтай отырып, №155112031001376 қылмыстық іс материалдарын қарап, ҚР ҚПК-нің 198, 199 және 274-баптарын басшылыққа алып, жәбірленушіні 2015 жылғы ___ қаңтарда сот-наркологиялық сараптама тағайындау туралы қаулымен таныстырғаны туралы осы хаттаманы жасады, сондай-ақ оған оның құқықтарын, атап айтқанда: 1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады; 2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге; 3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге; 4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге; 5) сараптама жүргізілген кезде тергеушінің рұқсатымен қатысуға, сарапшыға түсініктемелер беруге; 6) сарапшының қорытындысымен не ол тергеушіге келіп түскеннен кейін қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға, өз ескертулерін беруге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, сондай-ақ жаңа сараптамалар жүргізу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы түсіндірілді.
Сараптама тағайындау туралы қаулымен танысқан соң, төмендегілерді мәлімдеді: _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Жәбірленуші ___ФИО___
_________ қалалық ІІБ
_________ ПБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ____ФИО____
Бланк №46
Беттестіру
ХАТТАМАСЫ
«__» ақпан 2015 ж. _________ қаласы
Басталды: «___» сағ. «___» мин. Аяқталды: «___» сағ. «___» мин.
_________ қалалық ІІБ _______ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты _____ ҚР ҚП-нің 199 және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, _____ қаласы, Желтоқсан көшесі, 3-үй мекен-жайы бойынша орналасқан ________ қалалық ІІБ ________ ПБ ғимаратында №420 қызметтік кабинетте адвокат __ФИО__ қатысуымен, осыдан бұрын жауап алынған жәбірленуші __ФИО__ мен күдікті __ФИО__ арасында беттестіруді жүргізгені туралы осы хаттаманы жасады.
ҚР ҚПК-нің 218-бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленушіге айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге – тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
Жәбірленуші: __ФИО__
Күдікті ФИО ________________ ҚР ҚПК-нің 65-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді, оның:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Күдіктінің қорғаушысының немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын алып тастау немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.
Күдікті:______________ ФИО
Бір-бірін біле ме, және бір-бірімен қандай қатынаста екені туралы сұраққа жауап алынып отырған адамдар былай көрсетті:
__ФИО__ жауабы: "Менің алдымда отырған адамды бұрыннан танимын, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".
__ФИО__ жауабы: " Менің алдымда отырған адамды бұрыннан танимын, оған ешқандай теріс қатынасым жоқ".
___ФИО___ сұрақ: Б.Ү. Ботабаймен бірінші рет қандай жағдайда кездестіңіз?
__ФИО__ жауабы: 2014 жылдың қараша айында өзімнің әке-шешемнің үйіне қыдырып, ________ қаласы, ______ ауылы, Рысқұлбеков көшесі, №30 үйге келдім. Анам ___ФИО___ _______ қаласы, _______ көшесі мен ________ көшелерінің қиылысында орналасқан «Жаренная рыба» кафесін жалға алып жұмыс істеп жүрген болатын. Содан мен өзімнің анама көмектесейін деген оймен осы кафеде администратор болып жұмыс істеп жүрдім. 2014 жылы 31 желтоқсанда сағат 01:20 шамасында аталған кафеге жиі келіп жүретін Ляззат деген келіншек, қасында маған бұрын соңды бейтаныс бес жігітпен бірге келді. Сөйтіп, олар кафедегі үстелдердің біріне отырып, арақ, пиво, түрлі салаттарға тапсырыс берді. Мен олардың берген тапсырыстарын апарып бердім, біршама уақыттан соң, олар мені тағы да шақырып, шашлыкке тапсырыс берді, мен сол кезде олардың барлығы ішіп алғандығын байқадым. Содан мен шашлыкты пісіру үшін от қойған кезде, менің қасыма Ляззатпен бірге келген, арасындағы жастау бір жігіт, кейін тергеу барысында білген Бекзат есімді жігіт келіп, шашлык қашан піседі – деп сұрап кетті, мен оған «қазір, от төмендеген соң қоямын, күте тұрыңыздар» деп айттым. Сол жерде Бекзат маған «апа, қай жылғы боласыз?» деп тиісті. Мен оған «1990 жылғы боламын, сен ше?» деп сұрадым, сол кезде ол маған «мен 1993 жылғы боламын» деп жауап берді, сөйтіп өзі кетіп қалды. Тапсырыс берген шашлыктері піскенге дейін, әлгі Бекзат деген жігіт маған үш рет келіп кетті. Содан соң, сағат 02:30 шамасында менің қасыма Ляззат келіп, өздерінің кафеде отырғандарының шот-есебі қанша болғандығын сұрады, мен сол жерде Ляззатың көзінше есептеп, 7 000 теңге болғандығын айттым. Сол аралықта менің қасыма Ляззатпен бірге келген орта бойлы, қаралау келген, қазақ ьала келіп, есептесу үшін, қалтасынан 10 000 теңге алып берді де, маған «анау үстелде отырған менің жерлесім «зёмам» болады, солардың есеп-шотын да ала сал менен» деп айтты. Себебі, олардан бөлек басқа үстелде тағы да клиенттер болып бір жігіт пен бір қыз отырған болатын. Мен ақшасын алмай тұрып, әлгі үстелге барып, «сіздердің шоттарыңызды бір жігіт төлемекші» деген едім, ол маған «ия, ол жігіт менің жерлесім «зёмам» ғой, төлей берсін» деп айтты. Мен осы бір жігіт пен бір қыз отырған үстелдің шотын есептегенімде, олардың шоты 2 600 теңге болды. Содан Ляззатпен бірге келген жігіттен алған 10 000 теңгенің 9 600 теңгесін алып, ол жігіттің қолына 400 теңге қайтардым. Осы кезде әлгі Бекзат деген жігіт біздің қасымызға келіп, «олар өздерінің шотын өздері төлесін» деп ашуланып, мені боқтап кетті, оның артынан көзі бақырайған, жас шамасы 25-30 аралығындағы қазақ бала келді. Мен сол кезде Бекзатқа болған жағдайды түсіндіріп берейін деген оймен «тыңдасай сен бірінші» деп айта бергенімде, ол менімен бетпе-бет тақалысып тұрып, мені ұрсып, маған «пошла ты на .....» деп балағаттады, мен оған өзіне қайтарып, «сам иди туда» деп айттым. Сол кезде менің шалбарымның оң жақ қалтасында тұрған құны 60 000 теңге тұратын «Самсунг Нод 3» маркалы ұялы телефоныма қоңырау келді, мен телефонымды алып, қоңырауға енді жауап бергелі құлағыма тақаған кезімде, Бекзат менің жағамнан алып, соң бетімнен өзінің оң қолының жұдырығымен бір рет ұрды, сол соққыдан менің оң жақ құлағыма тақап тосып тұрған ұялы телефоным қолымнан ұшып, жерге түсті. Сонда Бекзат артынша тоқтамай әлгі қолымен бір рет ұрды, ол мені екінші рет ұрған кезінде мен жерге құлап түстім. Мен жерде құлап жатқан кезімде, әлгі көзі бақырайған жігітпен, Бекзат екеуі менің арқамнан және ішімнен өздерінің аяқтарымен тебе бастады, олардың қайсысы қай жерімнен тепкенін айта алмаймын, себебі мені тебе бастаған кезде, мен бетімді жауып жатып, тек олардың аяқтарын ғана көрдім. Шотты төлеуге келген жігіт қолындағы бір кружка сырасын ішіп, бізге қарап тұрды. Сол аралықта мен қашып орнымнан тұрып бара жатқан кезімде, үстіне көк түсті куртка киген жігіт менің қалтамнан түсіп қалған, құны 60 000 теңге тұратын «Самсунг Нод 3» маркалы ұялы телефонымды алып, өзінің қалтасына салып алғанын мен нақты көрдім. Содан соң мен әлгі қыз бен жігіт болып отырған клиенттердің кабинкасына қасына бардым да, «неге отырсыңдар, сендердің 2 600 теңге шоттарың үшін, бекерге мен таяқ жеп жатырмын ғой» деп айттым. Сол кезде менің артымнан кабинкаға әлгі үш жігіт кірді, яғни, Бекзат, көк түсті курткасы бар көзі бақырайып қалған жігіт және шотты төлеуге келген жігіт. Сөйтіп, сол жерде отырған қыз «ей, сен өзің шотты төлеймін деп айттың ғо» деген кезде, шотты төлеген жігіт маған «я мало тебе тогда отпиз....» деп балағаттап, менің оң құлағымнан өзінің жұдырығымен бір рет соққы берді, артынан көзі бақырайған бала мені өзінің оң қолының жұдырығымен сол жақ бетімнен бір рет ұрды, мен өзімді қорғай бастадым. Сол кезде кабинкада отырған қыз өзінің жігітіне «неге отырсың, тұрсай, бұл да қарындастарың болады ғой» деп айтты. Содан соң отырған жігіт орнынан тұрып, үшінші болып тұрған Бекзатпен алысып төбелесе бастады, мен ол кезде қалған екеуімен алысып жатқанмын. Сол кезде кабинкада отырған қыз айқайлап, «полиция шақырыңдар» деп айтты. Мен оның сөзін есітіп, өзімнің ұялы телефоным есіме түсіп, қалтамды қарай бастадым, алайда ұялы телефоным менде ол кезде жоқ еді. Содан әлгі кабинкада отырған бейтаныс қыз өзінің ұялы телефоны арқылы полиция шақыра бастады, сол аралықта үш жігітте, қызбен бірге келген жігітке жабылып кетіп, төртеуі кабинкадан залға шықты. Сол жерде үшеуі жабылып, бір жігітті ұрып жатқанын көрдім, алайда олардың қайсысы, қай жерінен ұрғанын анық байқаған жоқпын. Бірақ, ол бейтаныс жігіттің ауызы қанап жатқандығын көрдім. Мен оған «ұстап қал олардың біреуін болса да» деп айқайлай бастадым, аталған мені ұрған үш жігіт бір-біріне «қазір, полиция келеді» деп қашты. Сөйтіп, кафенің сыртында, есік алдында тұрған өздері келген, ақ түсті «фольксваген» маркалы автокөлігіне отырып алып қашып кетті, содан соң полиция қызметкерлері келді. Осы оқиғаның салдарынан менің оң құлағымның сырғасы түсіп, оң құлағымның сырға ілініп тұратын жері жыртылып кетіпті, артымның бәрі көгеріп, бүкіл денем ауырып қалған. Мені әлгі үш жігіт ұрып, тепкілеп жатқан кезде, сол құлағымның да сырғасы түсіп қалыпты, оның нақты қай жерде түсіп қалғанын білмеймін. Содан бөлек, мені ұрып соғып жатқан кезде, жерге құлап түскен құны 60 000 теңге тұратын «Самсунг Нод 3» маркалы ұялы телефонымды үстіне көк куртка киген бейтаныс жігіт жерден алып, өзінің қалтасына салып алды. Басқа бұл факті бойынша алып қосарым жоқ.
Күдіктіге сұрақ:
Сізге __ФИО__ жауаптары түсінікті ме, Сіз оларды растайсыз ба?
__ФИО__ жауабы: иә, мен оның жауаптарын толық растаймын, толық мойындаймын, 2014 жылы желтоқсан айының 31 күні сағат 20:00 шамасында мен өзімнің ___, ____ ауданы, Даубаба ауылынан _____ қаласына қыдырып қайту үшін шықтым. Сөйтіп, сағат 21:00 шамасында _______ қаласына кіріп келген кезде, менің қасымда менімен бірге келе жатқан ауылдас жігіттердің біріне менің ауылдас ағам Л қоңырау шалып, өздерінің екі-үш жігітпен бірге ______ қаласы, «Восток» мөлтек ауданында бір кафеде отырғандарын айтып, бізге сол жерге келуімізді айтып шақырды. Сөйтіп біз аталған мекен жайдағы кафеге бардық, ол кафенің нақты тұрған жері мен қалай аталатындығын тура білмеймін. Ол жерге келсек, Л деген ауылдас ағам Т, Е деген ауылдас ағаларыммен бірге кафеде отырып, арақ ішіп отыр екен. Сол жерде Л деген ағам «сендер маған керексіңдер, біреуің менің машинамды айдап жүресіңдер» деп, бізді, Т екеуімізді өзімен бірге алып, қасымдағы өзге балаларды қайтарып жіберді. Сөйтіп, кафеде біраз отырып, сағат 22:30 шамасында аталған кафеден сыртқа шығып, кафенің алдында біраз сөйлесіп тұрып қалдық. Содан сағат 23:30 шамасында мен, Т, Е, А, Л ақ түсті «Фольксван Гольф» маркалы автокөлігіне отырып, көлікті Т айдап, ______ қаласы, Республика даңғылы, «Колос» аялдамасында күтіп тұрған Л таныс қызы С барып, оны алып, ________ қаласы, ________ көшесінің бойында орналасқан, «Жаренная рыба» деген кафеге келдік. Біз кафеге келген кезімізде сағат 01:15 болып қалған болатын. Сөйтіп, мен, Л, Т, Е, А, С барлығымыз аталған кафеге кіріп, үлкен залынан бір столды алып, жайғасып отырып, нан, шашлык, түрлі салаттарға тапсырыс беріп отырдық. Тапсырыс қабылдап жүрген тергеу барысында аты-жөні толық анықталған Өмірбек Мөлдір Ауезбекқызы болатын. Содан столда отырған кезде тапсырысқа берген шашлык кешігіп кеткен соң, Нұржігіт маған «е, шашлыктің келуі кешігіп кетті ғой, бар көріп кел» деп мені жұмсап жіберді. Сөйтіп, мен М.Өмірбекке барып, «шашлык қашан піседі?» деп сұрадым. Содан М.Өмірбек «қазір, аз қалды, дайын болып қалады» деп жауап берді. Сол жерде мен оған «қай жылғы боласыз?» деп сұрадым. Ол «мен 1990 жылғымын, өзің ше?» деп айтты. Мен «1993 жылғы боламын» деп жауап беріп, екеуіміз сол жерде танысып, қыздың аты Мөлдір екенін білдім. Сөйтіп біз шашлык жеп, арақ-сыра ішіп отырдық. Мен арақ ішкен жоқпын, тек қана сыра іштім. Сөйтіп, мас болып қалдым. Содан сағат 02:30 шамасында біз барлығымыз орнымыздан тұрып, есеп-шотымызды төлеу үшін, М.Өмірбековаға барный стойка жаққа бардық. Ал Дулат өзінің таныс қызы Ляззат екеуі кафеден сыртқа қарай шығып кетті. Сол кезде Нұржігіт маған «мен есеп шотқа 10 000 теңге берсем, мына қыз маған 400 теңге ғана қайтарып беріп тұр, бізге басқа кабинканың да шотын қосып қойыпты» деп айтты. Сол кезде бізбен көршілес кабинкада бір қыз бен бір жігіт отырған. Сөйтіп мен ашуланып, Мөлдірге «пошла ты на....» деп балағаттадым. Мөлдір маған «сам иди на....» деп жауап қайтарды. Сол кезде Мөлдірдің қалтасындағы ұялы телефоны шылдырлады, ол телефонын құлағына тақап, жауап беріп тұрған кезінде, Ғалымжан деген жігіт Мөлдірдің оң жақ бетінен өзінің сол жақ қолының шапалағымен бір рет ұрды. Содан мен оң қолымның жұдырығымен Мөлдірдің сол жақ бетінен қатты бір рет ұрдым, алған соққыдан Мөлдірдің қолындағы ұялы телефоны жерге, еденге құлап түсті, содан Мөлдірдің өзі де жерге құлады. Қыздың жерге құлаған, дәрменсіз кезін пайдаланып, мен оның ішінен, кеуде және арқа тұсынан аяғыммен аяусыз қатты-қатты тебе бастадым. Мөлдірдің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмай, тек қана ыңырсып жата берді. Содан мен жаңағы бір жігіт пен бір қыз отырған кабинкаға барып, сол жердегі жігітке «ей, өздеріңнің шоттарыңды өздерің төлесеңдерші» деп айттым. Сол кезде кабинкаға Мөлдір де кіріп келді. Сөйтіп, Мөлдірді көрген соң, мен қайтадан ашуланып, оның бетінен қайтадан ұрдым, Нұржігітте оны жұдырығымен бетінен бір рет ұрды. Бір кезде кабинкада қызбен отырған бейтаныс жігіт бізді ажыратып, Нұржігітпен ерегісіп, кабинкадан сыртқа шығып кетті. Сөйтіп, ол жігіт Нұржігіттің көк түсті курткасын тартып жыртып жіберді. Бір кезде көрші кабинкада отырған қыз, «мен қазір, полиция шақыртамын» деген соң, біз Нұржігіт, Нұрбақыт, Ғалымжан төртеуіміз кафенің сыртына жүгіріп қашып шақсақ, Дулат өзінің «Фольксваген Гольф 3» маркалы автокөлігіне Ляззат деген таныс қызын отырғызып, ол жерден кетіп қалыпты. Содан Нұржігіт Дулаттың телефон номеріне қоңырау шалған кезінде, ол «мен қазір ол жерден кетіп қалдым, мен бір жерде автотұрақта тұрмын, сендер өздерің қайтыңдар» деп айтты. Содан біз Нұржігіт, Нұрбақыт, Ғалымжан төртеуіміз Байтұрсынов көшесінің бойынан бір мемлекеттік белгісі белгісіз «Ауди» маркалы автокөлікті такси ретінде тоқтатып, Жібек Жолы көшесі «Кабиско» аялдамасына дейін жетіп, ол жерден ары қарай «Ақсукентке» жетіп, одан ары қарай өзіміздің ауылымызға, «Дәубаба» ауылына жетіп алдық. Содан 31.12.2014 жылы Нұржігіттің бір туысқан атасы қайтыс болған еді. Сол жерде Нұржігітпен жолыққан кезімде, оның қолынан ақшыл түсті, «Самсунг Нод 3» маркалы бір басқа ұялы телефонды ұстап, қолданып жүргенін көрдім. Одан «бұл телефонды қайдан алдың?» деп сұрағанымда, ол маған «мен бұл телефонды, кеше түнде Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан «Жаренная рыба» кафесінен алдым, ол бізден есеп шот сұрап жүрген Мөлдір деген қыздың телефоны деп жауап берді. Бірақ, аталған қаралы үйде абыр сабыр болып жатқан соң, мен оған ешнарсе деп жауап бере алмай қалдым. Содан арада екі күн өткен соң, мен құрылыс жұмыстарын істеу үшін Ақтау қаласына жұмысқа кетіп қалдым. Ақтау қаласында мен шамамен бір айдай уақыт жұмыс істеп жүрдім. Сосын _____ қаласына келдім. Сөйтіп мені полиция қызметкерлері ұстап, _______ полиция бөліміне алып келді. Мен өзімнің кінәмді толық мойындаймын және жасаған ісіме қатты өкінемін. Полиция қызметкерлері тарапынан маған ешқандай физикалық немесе психологиялық қысым көрсетілген жоқ.
М.К. Өмірбекке сұрақ: Айтыңызшы, Сіз «Самсунг Нод 3» маркалы ұялы телефоныңызды алып, қалтасына салып алған жігітті көрсеңіз тани аласыз ба?
М.К. Өмірбектің жауабы: Ия, мен ол жігітті көрсем тани аламын, мен оның түрін жақсылап көріп алғанмын.
Б.Ү. Ботабайға сұрақ: Сіз өз кінәңізді мойындайсыз ба, тағы да не айтарыңыз бар?
Б.Ү. Ботабайдың жауабы: Мен өз кінәмдә толық мойындаймын, мен М.А. Өмірбек жасаған ісіме шын өкініп, кешірім сұраймын.
Тергеуші тарапынан басқа сұрақтар болмады.
Бір-біріне басқа сұрақтарың бар ма деген тергеушінің сұрағына М.К. Өмірбекова пен Б.Ү. Ботабай жоқ деп жауап берді.
М.К. Өмірбек
Б.Ү. Ботабай
Адвокат _____________ сұрақтар түскен жоқ.
Беттестіру хаттамасы дауыстап оқылды, дұрыс жазылды, өзгерістер мен толықтырулар жоқ.
Жәбірленуші: М.К. Өмірбек
Күдікті: Б.Ү. Ботабай
Адвокат: Бекенов Т.
Беттестіруді өткізген:
________ қалалық ІІБ
________ ПБ-нің ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты ___ФИО___
Бланк №47
_______қаласы, ______ аудандық
сотының төрағасы ___ФИО____
Талапкер: ___ФИО____, тұратын мекенжайы: ________ қаласы, Самал-3 м/а, Жаңақұрылыс көшесі, н/з үй
Жауапкер: __ФИО__, тұратын мекенжайы: ____, ______ қаласы, ____елді мекені, Жаңақұрылыс көшесі, 7-үй.
Талап арыз
2014 жылы 19 желтоқсанда шамамен 20:30-да өзін «Абдухали» деп таныстырған азамат _______ қаласы, Сәуле м/а орналасқан аты белгісіз көшеде күш қолданып, ұрып-соғып, азамат ______ қаласы, Самал-3 м/а, Жаңақұрылыс көшесі, н/з үй тұрғыны, 12.04.1984 ж.т. ___ФИО___ көк түсті джинсы шалбарының қалтасынан 75 000 теңге ақшасын, құны 7 000 теңге тұратын «Нокия» маркалы ұялы телефонын және өзінің атына берілген жеке куәлігін ашық түрде тартып алып кеткен.
______ ҚІІБ ______ ПБ КПБ қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ОҚО, ______ қаласы, Ақтас елді мекені, Жаңақұрылыс көшесі, 7-үй тұрғыны, 09.03.1967 ж.т. __ФИО__ анықталып ұсталды.
Осылай маған оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 82 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 38-42, 167-баптарын, АІЖК-нің 150-бабын басшылыққа ала отырып,
1. __ФИО__ менің пайдама 82 000 теңге сомасында материалдық зиянды өтеуді.
2. Осы талапты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды сұраймын.
Азаматтық талапкер: ФИО
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж (өзгертулермен толықтырулар 7.10.1998 ж)
2. ҚР Қылмыстық процестік кодексі 04.07.2014 ж
3. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының жарлықтары.
4. Нурмышев Ү.ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы.Оқу құралы. Жалпы және ерекше бөлімдер. Алматы: Жеті-Жарғы, 2008.
5.Төлеубекова Б.Қ . ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлімі: Оқулық.- Алматы, «Жеті жарғы», 2000.
6.Сулейменова Г.Ж. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі.Жобалар альбомы. Алматы 2007.
7. Нурмышев Ү. ҚР Қылмыстық процестік кодексіне түсінік Алматы, 2015 ж.
8. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралың 25.12.00 ж. ҚР конституциялық заңы //ҚР Парламентінің ведомостілері 2000.№ 23.Ст.410.
9. “Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралың 21.12.95 ж. заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы // ҚР Жоғарғы Кеңесінің ведомостілері.1995. № 24. Ст.156.
10. 12.97 жылғы “Адвокаттық қызмет туралың Қазақстан Республикасының заңы // Казахстанская правда. 1997. 31 дек. 6. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. –Алматы: Жеті жарғы, 1998 ж.
11. Викторский С.И .Русский уголовный процесс. М., 1997.
12. Когамов М. Ч. Краткий научно-практический комментарий к главам нового уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. – Алматы, 1998.
13. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Казахской ССР /Под ред. Е.Я.Лопушного, А.Я.Гинзбурга. – Алматы: Концерн “Баспагерң, 1995.
14. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право РК. – Алматы: Баспа, 1998.
15. Уголовно-процессуальное право РК.Академический курс. Часть Общая. Книга первая.Под ред. Толеубековой Б.Х.Алматы,2004
16. Уголовно-процессуальное право РК.Академический курс. Часть Общая. Книга вторая. Под ред. Толеубековой Б.Х.Алматы,2004
17. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан. Общая характеристика (В сравнении с УПК Казахской ССР). Алматы: Баспа, 1998.
18. Уголовный процесс Казахской ССР: Часть 1. Общая / Под ред. А. М. Мамутова, Ю. Д. Лившица. – Алма-Ата, 1989.
19. Уголовный процесс Казахской ССР: Часть 2. Особенная. Движение уголовного дела / Под ред. А.М. Мамутова, Ю.Д. Лившица. – Алма-Ата, 1991.
20. Адвокат в уголовном процессе. Уч.пособие / Под ред.П.А.Лупинской. – М.,1997.
21. Айтмухамбетов Т.К. Дополнительные материалы в кассационном и надзорном производстве по советскому уголовному процессу: Автореф.дис…канд. юрид.наук. М.,1976.
22. Александров С.А. Правовое положение гражданского ответчика в уголовном процессе: Уч.пособие. Горький, 1977.
23. Алексеев И.С., Даев В.Г., Кокорев Л.Д. Очерки развития науки советского уголовного процесса. Воронеж: Воронежский ун-т, 1980.
24. Анашкин Г.З.. Перлов И.Д. Возобновление дел по вновь открывшимся обстоятельствам. М., 1982.
25. Арсеньев В.Д. Вопросы общей теории судебных доказательств в советском уголовном процессе. М.: Юрид.лит.,1964.
26. Аубакирова А. Фиксация доказательств в криминалистике и судопроизводстве: Учеб.пособие.Алматы: ВШП “Адилетң, 2000.
27. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. Алматы: Жеті жаргы, 1997.
28. Алексеев В.Д. Оценка доказательств в стадии надзорного производства. М., 1971
МАЗМҰНЫ
Кіріспe.................................................................................................................................................3
1 - тақырып. Қылмыстық іс жүргізу практикумының түсінігі, мәні және міндеттері. Қылмыстық процестің қағидатары........................................................................................................4
2-тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі іс жүргізу тәртібі...............................................8
3- тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі іс жүргізу құжаттарын құрастыру.................13
4-тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық істі қозғаудағы жазылатын процессуалдық актілер....................................................................................................................20
5-тақырып. Анықтау және алдын ала тергеу кезіндегі процессуалдық актілер......................29
6-тақырып. Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер..............................................33
7 - тақырып. Анықтау және алдын ала тергеуді аяқтаудың процессуалдық актілері.............38
8 - тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі жеңілдетілген іс жүргізудің процессуалдық актілері...............................................................................................................................................42
9 - тақырып. Басты сот талқылауын жүргізудің тәртібі.............................................................46
10 - тақырып. Басты сот талқылауындағы процессуалдық актілер..........................................52
11 - тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі және соттағы процессуалдық актілерге қойылатын талаптар.........................................................................................................................56
12 - тақырып. Іс жүргізушілік құжаттардың түсінігі мен түрлері............................................60
13 - тақырып. Айыпталушы мен сезіктіге қатысты қолданылатын бұлтартпау шараларының процессуалдық актілері...................................................................................................................65
14 - тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері кезіндегі мамандар және ғылыми-техникалық құралдар арқылы жасалатын процессуалдық актілер.............................................70
15 - тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу...............................................................................................................................................74
Сотқа дейін тергеп-тексеруде қолданылатын құжаттардың үлгілері.........................................79
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар екендігі туралы рапорт. Бланк 1........................81
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды ауызша қабылдау хаттамасы. Бланк 2.......82
Қылмыстық құқық бұзушылық мойындап келу хаттамасы. Бланк 3......................................84
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті адамды ұстап алу хаттамасы. Бланк 4..........86
Алу хаттамасы. Бланк 5...............................................................................................................89
Жүргізілген санкция берілмеген мәжбүрлеп алу туралы хабарландыру. Бланк 6.................90
Нәрселер мен құжаттарды қарап-тексеру хаттамасы. Бланк №7................................................91
Заттай дәлелдеме деп тану және қылмыстық іске қоса тіркеу туралы қаулы. Бланк 8.........93
Айыптау актісі. Бланк 9...............................................................................................................94
15511203100054 қылмыстық істің қозғалысы туралы анықтама. Бланк 10..........................96
Қылмыстық құқық бұзушылық орыналғаны туралы БАЯНАТ. Бланк 11.............................97
Беттестіру хаттамасы. Бланк 12................................................................................................98
Жәбірленушіден жауап алу хаттамасы. Бланк 13..................................................................104
Жәбірленушіден жауап алу хаттамасы. Бланк 14........................................................................106
Жәбірленушіні қылмыстық іс материалдарымен таныстыру хаттамасы. Бланк 15................108
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы. Бланк 16......................................................................109
Күдіктіден жауап алу хаттамасы. Бланк 17.................................................................................111
Күдіктіні және оның қорғаушысын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру хаттамасы. Бланк 18.......................................................................................................................114
Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы. Бланк 19................................................................115
Ұстап алынған азаматтың құқықтарын түсіндіру. Бланк 20.....................................................116
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы. Бланк 21.............................................117
Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы. Бланк 22..............................................................121
Жәбірленуші деп тану туралы қаулысы. Бланк 23......................................................................123
Қылмыстық іс бойынша қорғаушыны тағайындау және қылмыс жасаған адамды адвокат қызметі үшін төлеуден босату туралы қаулы. Бланк 24.............................................................125
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жаңартып, өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы қаулы. Бланк 25...............................................................................................................................126
Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін таңдау туралы қаулы. Бланк 26..........................................127
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы ескерту қохаты. Бланк 27.............................................................................................................................128
Мәлімет ескі делоны сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестіріне (ЕРДР) тіркеу. Бланк 28...............................................................................................................................129
Приемникке кіруге өтініш. Бланк 29............................................................................................130
Сот алдында күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы. Бланк 30...............................................................................131
Оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасы . Бланк 31.....................................................................133
Прокурорға қылмыстық істі жолдау хаты. Бланк 32..................................................................135
Сот психолого-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысу хаттамасы. (жәбірленушіні) Бланк 33..............................................................................................................136
Сот психолого-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысу хаттамасы. (күдіктіні) Бланк 34........................................................................................................................137
Сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулы. Бланк 35.................................138
Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлама. Бланк 36.................................139
Қылмыстық істің титул беті. Бланк 37.........................................................................................140
Түсініктеме. Бланк 38.....................................................................................................................141
Ұсыныс қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдау туралы. Бланк 39............................................................................................................142
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы хабарлау. Бланк 40...................................144
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдікті адамды ұстап алу хаттамасы. Бланк 41......145
Фотосурет бойынша тану үшін көрсету хаттамасы. Бланк 42...................................................148
Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін таңдау туралы қаулы. Бланк 43..........................................150
Өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы. Бланк 44..............................................................151
Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысу хаттамасы. Бланк 45......................................................................................................................................................152
Беттестіру хаттамасы. Бланк 46...................................................................................................153
Талап арыз. Бланк 47......................................................................................................................158
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................................159
Достарыңызбен бөлісу: |