Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет10/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Беттестіруді өткізген:

Тараз қалалық ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Оралов

Баланк №13



Жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

«___» ақпан 2015 ж. Алматы қаласы

басталды: «__» сағат «__»минут

аяқталды: «__» сағат «__»минут

Алматы қалалық ІІБ-нің Алмалы ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.С.Куралов, ҚР ҚПК-нің 199, 209, 210, 212, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші ретінде келесі адамнан жауап алды:

Тегі, аты, әкесінің аты: Аманжолова Жулдуз Нурадинкызы

Туған күні, айы және жылы: 08.01.1979 ж.т.

Туған жері: ОҚО, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы

Тұратын жері: Шымкент қаласы, Бекет батыр көшесі, 224 үй

Ұялы телефоны: 8-777-508-70-00, 8-(7252)-54-62-24

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі: жоғары

Партияда тұруы: тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: жеке кәсіпкер

Отбасы жағдайы: жанұялы

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланды ма: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: №017892941 24.06.2005 ж., ҚР ІІМ берген, ИИН 790108406687

Қай тілде жауап беруді қалайды: қазақ

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

ҚПК-нің 210-бабының 2-бөлігіне сәйкес азаматша Ж.Н. Аманжоловаға оның жәбірленуші ретінде жауап алуға шақырылғаны түсіндірілді ____________ Ж.Н. Аманжолова

(қолы)

Жәбірленуші Ж.Н. Аманжоловаға ҚПК-нің 71-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді ________________Ж.Н. Аманжолова (қолы)

Бұдан басқа, жәбірленуші міндетті: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi _______________ Ж.Н. Аманжолова

(қолы)

Сондай-ақ жәбірленуші Ж.Н. Аманжоловаға ҚК-нің 419-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін және ҚК-нің 418-бабына сәйкес көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. Бұл ретте, ол өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы _______ Ж.Н. Аманжолова.

Құқықтар мен міндеттер түсінікті, жауапты қазақ тілінде беруді қалаймын ________________ Ж.Н. Аманжолова.

Жәбірленуші Ж.Н. Аманжоловаға істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы айтып беру ұсынылды, оған ол 2013 жылдың шамамен сәуір айынан бастап Алматы қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен-жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубын жалға алып жұмыс істей бастадым. Ол жерде бильярдтан бөлек компьютер ойынханасы және жуынатын сауна мен монша да бар болатын. Содан 2014 жылдың мамыр айынан бастап менің жоғарыда аталған жұмыс орныма Мафтуна және Муаззам есімді Өзбекстан Республикасының қыздары келіп, менің қолымда жұмыс істегілері келетінін айтып, бос жұмыс орындары бар болса, өздерін жұмысқа алуларын өтінді. Маған сол кезде еден жуушы мен киім жуушы қыздар керек болғандықтан, оларды күніге 2 000 теңге ақшаға жұмысқа алдым. Сол кезден бастап ол екі қыз менің қол астымда жұмыс істей бастады, күніге сол жерде қонып жұмыс істейтін болатын. Ол екі қыз шамамен үш ай сайын Өзбекстанға барып келіп жүретін. Мен олардың еңбекақыларын күндегісін күніге қолма қол беріп отыратын едім. Ол екі қыз жұмыстарын жақсы істейтін, сол себепті менің сеніміме әбден кіріп алды. Оларға мен тіпті «Сенатор» билярд клубының ай сайынғы коммуналдық төлем ақыларын төлеп келулерін де тапсырып қойған болатынмын. Мен күнделікті түскен табыстың белгілі бір бөлігін бильярд клубындағы бардың полкасының астыңғы жағына, картон қорапқа салып, жасырып тығып қойып жүретінмін, ол жерге менің ақша жасыратындығымды менен басқа ешкім білмейтін. Содан 02.02.2015 жылы аталған «Сенатор» бильярд клубында менің қол астымда компьютер ойынханасында администратор болып жұмыс істейтін Динара есімді қыз менің ұялы телефоныма қоңырау шалып, маған «әпше, мен жұмысқа қазір келдім, келсем, «Сенатордың» сыртқы есіктері ашық тұр екен, Мафтуна мен Муаззам жұмыс орындарында жоқ екен, олар менің ішіне өзімнің киімдерім салынған екі дана сөмкелерімді алып кетіпті» деп айтты. Мен содан тез арада «Сенатор» бильярд клубына келсем, шынымен Мафтуна мен Муаззам қашып кетіпті, менің жасырып картон қорапқа салып, бильярд клубының бардың полкасының астыңғы жағына қойып, тығып жүрген картон қорапқа салынған 150 000 теңге ақшамды да алып кетіпті. Екеуінің де ұялы телефондарына қоңырау шалсам, сөндірулі болды. Содан мен Әл-Фараби полиция бөліміне келіп арыздандым.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сізде осындай сомадағы ақша қалай пайда болды?
Жауап: Өйткені, бұл ақша менің қаңтар айында бильярд клубынан және компьютер ойынханасынан тапқан өз пайдам болатын.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіз не себепті ақшаңыздың ұрланғандығын бірден Муаззам мен Мафтунадан көрдіңіз?
Жауап: Өйткені, олар сол күні ешкімге айтпай қашып кеткен болатын және екеуінің де ұялы телефондары сөндірулі болған.
Сұрақ. Айтыңызшы, Сіздің «Сенатор» бильярд клубыңызда қалған өзге құнды, бағалы заттарыңыздың барлығы өз орнында ма, толық тексеріп шықтыңыз ба?
Жауап: Ия, менің маған тиесілі қалған құнды заттарымның барлығы өз орнында тұр. Тек қана менде администратор болып істейтін Динара есімді қыздың ішіне өзінің киімдері салынған екі дана сөмкелерін алып кетіпті.

Жауап алу хаттамасы менің сөзімнен дұрыс басылды, мәтінді өзім оқыдым. Өтінішім, арызым, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарым жоқ.

Жәбірленуші _________________________________ Ж.Н. Аманжолова

Жауап алған:



Алматы қалалық ІІБ

Алмалы ПБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.С. Куралов
бланк №14

Жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

«___» ақпан 2015 ж. _________________ қаласы

басталды: «__» сағат «__»минут

аяқталды: «__» сағат «__»минут

___________________________ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А._________, ҚР ҚПК-нің 199, 209, 210, 212, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші ретінде келесі адамнан жауап алды:

Тегі, аты, әкесінің аты: _________________________

Туған күні, айы және жылы: 12.01.1993 ж.т.

Туған жері: ОҚО, Шардара ауданы

Тұратын жері: ___________________________________________________________

Ұялы телефоны: _______________________________________________

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР

Білімі: орта

Партияда тұруы: тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: жеке кәсіпкер

Отбасы жағдайы: тұрмыста емес

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланды ма: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: ____________________________________________

Қай тілде жауап беруді қалайды: қазақ

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

ҚПК-нің 210-бабының 2-бөлігіне сәйкес азаматша Д.А. Бигеловаға оның жәбірленуші ретінде жауап алуға шақырылғаны түсіндірілді ____________ Д.А. Бигелова

(қолы)

Жәбірленуші Д.А. Бигеловаға ҚПК-нің 71-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді ________________Д.А. Бигелова (қолы)

Бұдан басқа, жәбірленуші міндетті: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi _______________ Д.А. Бигелова

(қолы)

Сондай-ақ жәбірленуші Д.А. Бигеловаға ҚК-нің 419-бабына сәйкес жауап беруден бас тартқаны үшін және ҚК-нің 418-бабына сәйкес көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді. Бұл ретте, ол өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы _______ Д.А. Бигелова.

Құқықтар мен міндеттер түсінікті, жауапты қазақ тілінде беруді қалаймын ________________ Д.А. Бигелова.

Жәбірленуші Д.А. Бигеловаға істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы айтып беру ұсынылды, оған ол 2014 жылдың шамамен сәуір айынан бастап Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үй мекен-жайында орналасқан «Сенатор» бильярд клубында компьютер ойынханасының администраторы болып жұмыс істей бастадым. Ол жерде компьютер ойынханасынан бөлек, бильярд және жуынатын сауна мен монша да бар болатын. Ал «Сенатор» бильярд клубының жалпы иесі Жулдуз әпше болатын. Содан 2014 жылдың мамыр айынан бастап менің жоғарыда аталған жұмыс орныма Мафтуна және Муаззам есімді Өзбекстан Республикасының қыздары келіп, Жулдуз әпшенің қолында жұмыс істегілері келетінін айтып, бос жұмыс орындары бар болса, өздерін жұмысқа алуларын өтінген. Жулдуз әпшеге сол кезде еден жуушы мен киім жуушы қыздар керек болғандықтан, оларды күніге 2 000 теңге ақшаға жұмысқа алдым. Сол кезден бастап ол екі қыз Жулдуз әпшенің қол астында жұмыс істей бастады, күніге сол жерде қонып жұмыс істейтін болатын. Ол екі қыз шамамен үш ай сайын Өзбекстанға барып келіп жүретін. Ол екі қыз жұмыстарын жақсы істейтін, сол себепті Жулдуз әпшенің сеніміне әбден кіріп алған. Жулдуз әпше оларға тіпті «Сенатор» билярд клубының ай сайынғы коммуналдық төлем ақыларын төлеп келулерін де тапсырып қойған болатын. Мен 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында компьютер ойынханамды екінші администратор Олег есімді жігітке тапсырып, өзімнің киімдерім салынған екі сөмкемді ойынханаға үстелдің жанына еденге қойып, өзім үйге қайтып кеттім. Содан 02.02.2015 жылы сағат 10:00 шамасында «Сенатор» бильярд клубына жұмысқа келіп, Жулдуз әпшенің ұялы телефонына қоңырау шалып, оған «әпше, мен жұмысқа қазір келдім, келсем, «Сенатордың» сыртқы есіктері ашық тұр екен, Мафтуна мен Муаззам жұмыс орындарында жоқ екен, олар менің ішіне өзімнің киімдерім салынған екі дана сөмкелерімді алып кетіпті» деп айттым. Содан Жулдуз әпше тез арада «Сенатор» бильярд клубына келіп, шынымен Мафтуна мен Муаззам қашып кеткенін көрді. Сол кезде, маған Жулдуз әпше ол екеуінің картон қорапқа салып, бильярд клубындағы бардың полкасының астыңғы жағына жасырып қойып, тығып жүрген 150 000 теңге ақшасын да алып кеткенін айтты. Екі қыздың да ұялы телефондарына қоңырау шалсақ, олар сөндірулі болды. Содан мен Әл-Фараби полиция бөліміне келіп арыздандым.

Сұрақ: Айтыңызшы, Сіз не үшін өзіңіздің киім салынған сөмкеңізді жұмыс орныңызға алып келдіңіз?

Жауап: 01.02.2015 жылы таңертең мен өзімнің жаңадан сатып алған киімдерімді Мафтуна мен Муаззамға сату үшін екі сөмкеге салып, өзімнің жұмыс орныма алып келдім, мен киімдерімді жалпы 60 000 теңгеге бағалаған болатынмын. Екі қыз менің киімдерімді көріп ұнатып, алайда қазіргі уақытта ақшалары болмағандықтан, жақын арада, яғни, бір-екі күнде төлеп құтылатындықтарын айтқан болатын. Сол себепті мен киімдерім салынған сөмкемді компьютер ойынханасына қалдырып кеттім.

Сұрақ: Айтыңызшы, Сіз не себепті киімдеріңіздің ұрланғандығын бірден сол екі қыздан көрдіңіз?

Жауап: Өйткені, мен 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында киімдерімді компьютер ойынхасында қалдырып кеткен болатынмын. Ол менің киімдерімді ешкімні алуға рұқсаты жоқ болатын. Мен оларды әді ешкімге сатпаған болатынмын.

Сұрақ. Айтыңызшы, Сіздің «Сенатор» бильярд клубыңызда қалған құнды, бағалы заттарыңыздың барлығы өз орнында ма, толық тексеріп шықтыңыз ба?

Жауап: Ия, менің маған тиесілі қалған құнды заттарымның барлығы өз орнында тұр. Тек қана «Сенатор» клубы иесі Жулдуз есімді әпшенің картон қорапқа салып, бильярд клубындағы бардың полкасының астыңғы жағына қойып, жасырып жүрген 150 000 теңге ақшасын да ұрлап кеткен екен.

Жауап алу хаттамасы менің сөзімнен дұрыс басылды, мәтінді өзім оқыдым. Өтінішім, арызым, сондай-ақ ескертулер мен ұсыныстарым жоқ.


Жәбірленуші _________________________________ Д.А. Бигелова
Жауап алған:

_орган атауы__________

полиция лейтенанты ___А.Ф.Т.___________

бланк №15



Жәбірленушіні қылмыстық іс материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ
«__» ақпан 2015 жыл ___________ қаласы
«___» сағат «___» мин басталды

«___» сағат «___» мин аяқталды


________________________ ПБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты ______ФИО___ _____хаттама жасалған мекеме___________ ПБ ғимаратының №420 бөлмесінде, ҚР ҚПК-нің 113, 294, 296-баптарының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚПК-нің 294-бабының 3-бөлігінің, 296-бабының талаптарын сақтай отырып, ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі «1,3» тармақтарымен көзделген қылмыс туралы № 155112031000672 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барлық материалдарымен танысу үшін жәбірленуші __ФИО__ тігілген және нөмірленген күйінде ___ парақтан тұратын __- томдық барлық материалдарды және іске қоса тіркелген заттай дәлелдемелерді ұсынды.

Танысуды бастар алдында жәбірленушіге ҚР ҚПК-нің 64, 296-баптарында көзделген құқықтары, соның ішінде кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Жәбірленуші жеке өзі оқу арқылы іс материалдарымен танысты.

Іс материалдарымен танысу 2015 жылғы «___» ақпан ___ cағ. ___ минутта басталды, 2015 жылғы «___» ақпан ___ cағ. ___ минутта аяқталды.

Жәбірленуші іс материалдарымен танысып болғаннан кейін, олардың нақты не туралы өтінішхат мәлімдегісі келеді және қандай мәлімдеме жасағысы келеді деген сұраққа былай деп мәлімдеді:

«Арыздар мен өтінішхаттар жоқ».



Жәбірленуші ___________________


__________________

ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты ____ФИО_____

Бланк №16



Адамды күдікті деп тану туралы

ҚАУЛЫ

«__» қаңтар 2015 ж. ___________________ қаласы


________оган атауы ______ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты __ФИО___ ______ФИО_____ арызы бойынша №14511203106488 санды қылмыстық істің материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
18.11.2014 жылы ___орган атауы______ПБ-не, ___мекен-жайы_____ тұрғыны, 19.09.1982 жылы туылған ___ФИО___ арызданды. Ол өз арызында 12.11.2014 жыл мен 17.11.2014 жыл уақыт аралығында оның жоғарыда аталған мекен-жайдағы үйін өзінің сатушысы «Ляззат» есімді азаматша сеніп қалдырып, өзі Түркияға демалысқа кеткендігін, 17.11.2014 жылы үйіне келіп, заттарын түгендеген кезінде аталған «Ляззат» есімді азаматша оның жалпы 1 479 400 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткендігін анықтағанын көрсеткен.

Осы факт бойынша 21.11.2015 ж. №14511203106488 санды қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында _____мекн-жайы_____ тұрғыны, 25.11.1990 жылы туылған _____ФИО____ анықталды.

А.К. Тауасароваға қатысты қылмысты нақты осы Л.К. Шапулатованың жасағанын көрсететін жеткілікті деректердің болуын ескере келе, ҚПК-нің 202-бабына сәйкес соңғыны ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес күдікті деп тану қажет.

Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 202-бабын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:


1. _____мекн-жайы____ тұрғыны 25.11.1990 жылы туылған ____ФИО___ №14511203106488 қылмыстық іс бойыша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті болып танылсын.

2. Осы қаулының көшірмесі _________аудан прокурорына жолдансын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
____орган атауы_______

ПБ-нің ТБ тергеушісі ______ФИО_______


Осы қаулы маған 2014 жылы « __» қаңтарда сағат _____ жарияланды

_______________ Л.К. Шапулатова



Бір мезгілде маған ҚР ҚПК-нің 64-бабымен көзделген құқықтарым түсіндірілді, ол бойынша менің: 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы ҚР ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға; 10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде ҚР ҚПК-нің 274286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін ҚР ҚПК-де белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқығым бар.

Бұдан басқа, күдіктіге ҚР ҚПК-нің 6-бөлігіне сәйкес бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оған өзінің айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен ол осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы түсіндірілді.


Осы қаулының көшірмесін алдым.
Күдікті _______________________________ ФИО

Қаулыны жариялаған және құқықтарды түсіндірген:


____орган атаы______

ПБ-нің ТБ тергеушісі ____ФИО____

Бланк №17



Күдіктіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ
«__» ақпан 2015 ж. ___________ қаласы
басталды: «___» сағат «____»мин аяқталды: «___ »сағат «__»мин
______орган атауы______ ПБ-нің ТБ тергеушісі полиция лейтенанты __ФИО___, ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 216-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті ретінде келесі адамнан жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты: _____ФИО_____

Туған күні, айы және жылы: 30.07.1993 ж.т.

Туған жері: Өзбекстан Республикасы, Піскент туманы

Тұратын жері: ____мекен-жайы____

Ұлты: өзбек

Азаматтығы: Өзбекстан Республикасы

Білімі: орта

Партияда тұруы: партияда тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: «Сенатор» бильярд клубында, еден жуушы

Отбасы жағдайы: тұрмыста емес

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланған ба: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: паспорт №АА0639330, 08.01.2013 жылы берілген

Қорғаушыны қажет ете ме: қамтамасыз етілді

Қай тілде жауап беруді қалайсыз: қазақ тілінде

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

Жауап алудың алдында М.Султонмуродоваға оның ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі «1,3» тармақтарымен көзделген қылмысты, яғни ұрлық жасағаны үшін күдікті екені хабарланды және ҚПК-нің 64-бабымен көзделген құқықтары түсіндірілді, ол туралы бұрын хаттама жасалды. _____________________ М.Султонмуродова


Тергеушінің сұрағы: Сіз өзіңіздің қылмыстық құқық бұзушылық жасағаныңызды мойындайсыз ба немесе кінәңізді мойындамайсыз ба?

Жауап: Мен өз кінәмді толық мойындаймын.

Тергеуші оған қойылған күдікке қатысты және іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық басқа да мән-жайларды айту ұсынылды.

Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша жалғыз өзім тұрамын. Психоневрологиялық диспансерде және наркологиялық диспансерде есепте тұрған жоқпын. Осыдан бұрын сотты болмағанмын.



Мен 1993 жылы Өзбекстан Республикасы, Піскент туманиде дүниеге келгенмін. Біздің отбасының жағдайы өте нашар, кедей тұратын едік. Менің туысқан ағаларым Қазақстанға барып жұмыс істеп келіп жүретін. Олар көп ақша алып келетін. Содан нақты күні дәл есімде жоқ, шамамен 2013 жылдан бері мен Қазақстанға, Шымкентке келіп, әркімге жалданып жұмыс істеп жүрдім. Келген кезімде әр түрлі кафелерде официантка болып, моншаларда еден жуушы болып жұмыс істеп, тапқан еңбекақымды өзімнің үйіме кейде пошта арқылы, кейде жолай кетіп бара жатқан адамдардан салып жіберіп отыратын едім. Шамамен 2014 жылдың мамыр айынан бастап мен Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Спорт м/а, н/з үйде орналасқан «Сенатор» бильярд клубына еден жуушы әрі киім жуушы болып жұмысқа орналастым. Еңбекақыма клуб иесі Жулдуз әпше күніге 2 000 теңге ақша беретін. Жұмысым өзіме ұнайтын, тез үйреніп кеттім. Ақшамды жинап-жинап, өзімнің үйіме жіберіп тұратын едім. Содан 01.02.2015 жылы таңертең аталған клубтың компьютер ойынханасының администраторы Динара есімді қыз өзінің жаңадан сатып алған әйелдер киімдерін бізге сату үшін, «Сенатор» клубына алып келіп, маған көрсетті. Маған оның көрсеткен киімдері ұнады, біз ол киімдерді ортақ бағаға келісіп, 60 000 теңгеге бағаладық. Сөйтіп, мен Динараға «мен сенің киімдеріңнің ақшасын жақын арада беремін, киімдерің маған ұнады» деп айттым. Содан 02.02.2015 жылы сағат 02:00 шамасында Динара екінші администратор Олег есімді жігітке ойынхананы тапсырып, өзінің киімдері салынған екі сөмкесін ойынханаға үстелдің жанына еденге қойып, өзі үйіне қайтып кетті Содан 02.02.2015 жылы таңғы сағат 06:00 шамасында біз Мафтуна екеуіміз Олегтың «Сенатор» бильярд клубының сыртқы есіктерін жауып, өзі демалу бөлмесінде ұйықтап қалғандығын пайдаланып, Муаззам екеуіміз алдын өзіміз білетін бильярд клубындағы бардың полкасының астыңғы жағында ақша жасырып қоятын жерде, Жулдуз әпше жасырып қойған, картон қорапта тұрған 150 000 теңге ақшаны және ойынхананың бөлмесінде үстел жанында еденде тұрған екі сөмкедегі Динараның әйелдер киімін алып, бізге ешкім қарап тұрмағандығын пайдаланып, Мафтуна екеуіміз өздеріміздің жеке заттарымызды тез-тез жинап алып, бильярд клубынан шығып кетіп қалдық. Сөйтіп, Байтұрсынов көшесінен белгісіз маркалы такси автокөлігін тоқтатып, Республика даңғылы, «Рахат» аялдамасынан бір белгісіз апайдан жалға пәтер алып, ақысын беріп, сол жерде жаттық. Сол жерде Жулдуз әпшеден ұрлап алған, 150 000 теңге ақшаны өз пайдамызға жараттық. Сол жерден бізді полиция қызметкерлері ұстап алды және бізден Динарадан ұрлап кеткен әйелдер киімдерін айғақты зат ретінде тәркілеп алды.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіздер Аманжолова Жулдуздың бильярд клубындағы бардың полкасының астыңғы жағында ақша жасырып қоятын жерін және онда көп ақша болатынын қайдан білдіңіздер, Сіздерге ол жерден ақша алуға рұқсаттарыңыз бар ма еді?
Жауап: Мен Жулдуз әпшенің бардың полкасының астыңғы жағына өзінің жинаған ақшаларын тығып жүретінін сырттай біліп жүретінмін, бірақ оның ақша жасыратын жерді білетіндігімнен хабарсыз болатын, Муаззам екеуімізден басқа ешкім білмейтін. Ал менің аталған жерден ақша алуға ешқандай рұқсатым жоқ болатын.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіздердің Аманжолова Жулдуз әпшеңіздің 150 000 теңге ақшасын және Динараның әйелдер киімдері салынған сөмкесін ұрлап алып кеткендеріңізді кім көрді?
Жауап: Жоқ, ол 150 000 теңге ақшаны және киімдер салынған сөмкені алып қойғанымызды ешкім көрген жоқ.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіздер Аманжолова Жулдуз әпшеңіздің 150 000 теңге ақшасын және Динараның әйелдер киімдері салынған сөмкесін не себепті ұрлап алдыңыздар?
Жауап: Себебі, біз ақшаға қызықтық, сол себепті солай жасадық. Біз Өзбекстанға қашып кетеміз деп ойладық. Қазір осы ісіме қатты өкініп отырмын.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіз Аманжолова Жулдузға қатысты не үшін бұлай істедіңіз, ол Сіздерді қинап қорлады ма, әлде Сіздерге зорлық көрсетті ме?
Жауап: Жоқ, Аманжолова Жулдуз бізге тек қана жақсылық жасайтын еді, ол біздің бар жағдайымызды жасап тұратын, Мафтуна екеуімізді Шымкент қаласының әдемі жерлеріне жиі қыдыртып тұратын еді. Ол бізді өзінің қызындай көретін еді. Ол бізге ешқандай қиянат көрсеткен жоқ.
Сұрақ: Айтыңызшы, Сіз Аманжолова Жулдузға тиесілі 150 000 теңге ақшасын және Бегилова Динараның киімдерін қайда жібердіңіз, ол ақшалар қазір қай жерде, оларды не істедіңіз?
Жауап: Біз Мафтуна екеуіміз Жулдуз әпшеден ұрлап алып кеткен 150 000 теңге ақшаны өз бас пайдамызға жараттық, жалға пәтер алдық, азық-түлік алып, өз керегімізге жараттық.
Мен Аманжолова Жулдуздың ақшаларын және Бегилова Динараның киімдерін жасырын түрде ұрлап алғандығым үшін қатты өкінемін, жасағаным үшін кінәмді толығымен мойындаймын, оған келтірілген зиянды өтеуге тырысамын.
Жауап алу хаттамасы менің сөзімнен дұрыс жазылды және мен оны оқыдым, ешқандай талап-тілегім жоқ.
Күдікті ________________________ М.Султонмуродова

Бланк №18



жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау