Шымкент 2016 Әож 343(075. 8) Кбж 67. 408 я7



жүктеу 2,84 Mb.
бет6/14
Дата20.05.2018
өлшемі2,84 Mb.
#14545
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

9 -есеп

Азаматша Саитова мүлігін ұрлап мүліктік зиян келтіру оқиғасы бойынша айыпты Громовтың қылмыстық ici сотта қаралды. Сот талқылауы нәтижесінде сот ici бойынша сотталушының кінәсін көрсететіндей қажетті дәлелдемелердің жоқтығы салдарынан ақтау үкімін шығарды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Сотталушыға қатысты талап арыз бойынша не icтey керек?

2. Қандай жағдайларда сот ici бойынша арыздың қанағаттандыруынан бас тартуға құқылы?



Іс жүргізушілік құжаттардың түсінігі мен түрлері

1. Қылмыстық істі қозғау тәртібі мен оның қаулысы.

2. Прокурорға қылмыстық істі қозғаны туралы хабарлама жасау тәртібі.

3. Сотқа дейін тергеп-тексеру барысында жүргізілетін құжаттар.

4. Сарапшылардың қорытындылары.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы—тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Аталған логикаға осы оқулықта баяндалатын курстың құрылымы да бағынышты.

Сонымен бірге бұл - дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын дәйекті түрде (Кодекстің басынан аяғына дейінгі баптарының түгін қалдырмастан оқып үйрену арқылы қол жеткізілуі мүмкін) қылмыстық іс жүргізу құқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының оқу курсының түзілімі үшін саланың ішкі логикасы айқындауыш болып табылады. Ал айталық ҚПК-іне берілетін түсініктерді құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар Кодексте қалай орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының құрылымына тән және қылмыстық іс жүргізу құқығы академиялық курсының мақсаттары мен міндеттеріне анағұрлым толық жауап береді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мұның өзі қылмыстык іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік түрғыдан орынды.

Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды жөне елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді қүрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кіліті болып табылады.
1 - есеп

Бұзақылық оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша айыпталушы Керімовке қатысты әскери бөлімдер қомандованиесінің әскери қызметшілерді байқауы түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, өйткені айыпта­лушы жедел әскери қызметінің солдаты болды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Мұндай бұлтартпау шарасын таңдаудың негіздері қандай? Бұл шешім заңды ма?

2. Осы бұлтартпау шарасын таңдаудың про­цессуалдық тәртібі қандай?


2 -есеп

Азаматша Сералиеваға қатысты жасалған қарақшылық оқиғасына байланысты қылмыстық ic бойынша айыпталушы Есеновке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Сот өндірісі барысында дәлелдемелердің жеткіліксіздігінен және сотталушының тұрғылықты жері болғандығын ескере отырып, Есеновтен бұлтарпау шарасы алынып тасталды да, сот ici әpi қарай жүргізілді.


3 -есеп

Алаяқтық оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық ic бойынша айыпталушы Садықовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шара­сы қолданылды. Алдын ала тергеу барысында айыпталушы емделмейтін аурумен ауырып қалды, мұны дәрігерлік қомиссияның қорытындысы растады. Айыпталушының қорғаушысы қорғауындағы бұрын сотталған, шын өкінуіне байланысты, келтірілген материалдық залалды толығымен өтегендігін, сонымен қатар ауыр аурумен ауырып кейін аурухананың онкологиялық бөлімінде емделуге байланысты бұлтартпау шарасын алып тастап, қылмыстық icтің қысқартылуын өтініп, прокурорға шағымданды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Таңдалған бұлтартпау шарасын алып тастауға негіздер бар ма?

2. Мұндай шешімді қабылдаудың тәртібі қандай және қорғаушысы прокурорға шағымдануы дұрыс па?


4 - есеп

Айыпталушы Есеновқе қатысты қылмыстық ic бойынша 2014 жылдың 10-тамызында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалады. Тергеу изоляторында ол 2014 жылы 1-қазанда прокурорға шағымданады. Ол өз шағымында: өзінің 13-тамыз күні ұсталғандығын, 16-тамыз күні оған қатысты қамау түрінде бұлтартпау ша­расын қолданылғандығын, алдын ала тергеудің мерзімі біткендігін және екі айдан аса уақыт тергеу изоляторында отырғандығын көрсетеді.

Прокурордьщ шағымды тексеру барысында, алдын ала тергеудің ұзартылғандығын, бipaқ, қамаудың ұзартылмағандығын көрсетеді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Шағым негізді ме?

2. Прокурордьң ic-әрекеті қандай?


5 -есеп

Мүлікті ұрлау оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша Асановқа қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Бірақ алдын ала тергеу барысында, бұл бұлтарпау шарасы өзін-өзі дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасымен алмастырылады. Асанов дәлелдемелердің жоқтығы салдарынан қылмыстық icтi қысқартуды талап ете отырып, прокурорға шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Өзіне қатысты бұлтартпау шарасын қолдануда сезікті қандай құқықтарға ие?

2. Өзін-өзі дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шара­сын тандау туралы қаулыньң құрылымы мен мазмұнын түсіндіріңіз.


6 -есеп

Тонау жасады деген сезікпен ұсталған Есеновтың қылмыстық ici бойынша айыпталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шара­сы таңдалады. Екі ай өткен соң, тергеу изоляторыньң бастығы қамауда ұстау мерзімі аяқталғандығына және тергеушінің қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы қаулысының жоқтығына байланысты айыпталушыньң босатылуы туралы қаулы шығарылды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Тергеу изоляторы бастығының әрекеттері заңды ма? Берілген жағдайда ол қандай құқықтар мен міндеттерге ие?

2. Ic бойынша тергеуші не icтeyi керек?


7 -есеп

Жеке меншік құқығындағы Ханның мүлкіне қарсы бағытталған ұрлық оқиғасы бойынша ЖІШ кезінде жедел уәкіл Исаев бұл қылмысты жасады деген сезікпен азамат Қилыбаевты ұстады. Оны Елек ПБ-не әкелген соң, сол куні кезекші тергеуші ретінде жұмыс істеді дегенді негізге ала отырып, процессуалдық ұстау хаттамасын толтыруды өтінді.

1. Жағдайды бағалаңыз. Исаевтың әрекеттері заңды ма?

2. Tepгеуші Ырысбековтың атынан процес­суалдық ұстау мүмкін бе, мүмкін болса, қандай жағдайларда?


8 - есеп

Ceзікті Олжасов 2014 жылдың 7-мамырында сағат 17.00-де Қр ҚПК-нің 132, 134-баптары тәртібімен ұсталынды. Тергеуші Олжасовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шара­сын қолдану туралы қаулы шығарып, 72 сағат өткен соң ,проқурорға санкция алуға барады. Аудан прокуроры тергеушіні ҚР ҚПК нормаларын бұзғанына және сезіктіні қамауға алу мәселесін шешу үшін өтініш мерзімінің кеш екендігін айтып айыптады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Прокурордың әрекеті дұрыс па?

2. ҚР ҚПК-де анықталған нормалар тәртібінде ұсталған және тұлғаның қамауға алу мэселесінің процессуалдық тәртібі қандай?


9 -есеп

Айыпталушы Исаев Ақтөбе қаласыныц Елек ПБ тергеушінің қаулысы бойынша 2014 жылдыц 10-ақпанында ҚР ҚПК 150-бабының тәртібімен алдын ала тергеу барысы­нда қамауға алынды. Қылмыстық icті тергеудің күрделілігі салдарынан тергеу және қамауда ұстау мерзімдері бірнеше рет ұзартылды. Тергеу аяқталғаннан соң, 2014 жылдың 5-ақпанында ic Алға ауданының сотына сот талқылау үшін жіберілді. Сол жылдың 6-ақпанында сотқа ic түсіп, 2014 жылдың 10-ақпанында қарастырылуға тағайындалды. Исаевтың қорғаушысы Исаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімінің өтуіне байланысты бұлтартпау шара­сын өзгертуді талап етті.

1. Жағдайды бағалаңыз. Қорғаушының шағымы заңды ма?

2. Исаевтың қамауда ұсталуының мерзімін сот ұзартуға құқылы ма?


10 -есеп

Қылмыстық ic бойынша тергеу барысында тергеуші Арманов куә Кимнен тергеуші шақырған мезетте уақтылы келуді жазбаша түрде жазып беруді талап eтті. Ким өзінің сотталушы eместігін негізге ала отырып, талаптан бас тартты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Tepгеуші әрекеттері заңды ма?

2. Мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздерін түсіндіріңіз.


11 - есеп

Кәмелетқе толмаған Махмудовтың бұзақылық әрекеттеріне байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша ceзіктігe қатысты жеке кепілдік беру түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соны­мен бipгe кепілдік берушіден, оның анасының қатысуымен тергеуші шақыруы бойынша уақтылы келуге ауызша міндеттеме алынды. Кейін Махмудовты телефонмен шақырған қезде, ол үйде ауырып жатқандығы салдарынан келе алмайтындығын түсіндірді. Tергеуші өз кезігінде ceзіктінің тұрғын жайы бойынша шақыру қағазын жіберіп, онда сезіктінің анасының да келуін көрсетті.Бірнеше күннен кейін тергеуші сезіктіні азық-түлік дүкені жанынан ұстап алып, ІІБ-не әкелді. Кейін Махмудовқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына ауыстыру туралы қаулы шығарып, аумақтық прокурордан санкция беруді сұрайды. Қорғаушы тергеушінің әрекеттерін біліп, кепілдік беруші ешқандай шақыру қағазын алмады деп бұлтартпау шарасын өзгертпеуге прокурорға шағымданады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Tергеушінің әрекеттері заңды ма?

2. Қорғаушы әрекеттері заңды ма? Tepгеуші мен прокурор не iстеуі керек?


12 -есеп

Tepгеуші әмбебап базасының бастығы Жанаевқа, өз өкілеттіліктерін асыра пайдалана отырып, мүліктерді ұрлады деп айып тағады. Оған қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау ша­расын таңдап, ол Жанаевты қызметтен уақытша шеттету туралы қаулы шығарады. Бірақ,Жанаев мұндай әрекет тек прокурордың санкциясымен ғанa және сот үкімінің заңды күшіне енгеннен бастап қолданылуы тиіс деп, өз қызметін босатудан бас тартады.

1. Жағдайды бағалаңыз. Тергеушінің әрекеттері заңды ма?

2. Бұл процессуалдық мәжбурлеу шарасын қолдану тәртібімен негіздерін түсіндіріңіз.


13 -есеп

Сот отырысы барысында сот Исмаилова айыптау жағының куәсі Сапаровқа бірнеше рет ескерту жасап, сот отырысы залында тәртіпті бұзбауын ұсынды. Сапаров сот талаптарына назар аудармауына байланысты, сот оған қатысты ақшаны өндіріп алу жөнінде шешім шығарды.

1. Жағдайды бағалаңыз. Сот әрекеті заңды ма?

2. Бұл процессуалды мәжбүрлеу шарасын қолдану тәртібі мен негіздерін түсіндіріңіз.


14 -есеп

Айыпталушы Саттаровқа қатысты қылмыстық ic бойынша прокурор қамауға алу туріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция береді. Осыдан кейін оған Саттаровтың әйелі зайыбына қатысты бұлтартпау шарасын өзінің көзі көрмейтіндіктен, жұмыс істей алмайтынын және қазіргі уақытта ауруханада емделуіне байла­нысты ауыстыруды өтінді. Үйде көршілерге тап-сырған оның кәмелетке толмаған қызы бар екендігін айтты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Мұндай жағдайларда тергеушң не icтeyi керек?

2. Қылмыстық icтi жүргізетін органға айыпта­лушы белгілі бip талаптарымен жүгінуге құқығы бар ма?


15 - есеп

Tepгеуші айыпталушы Самаловқа, азамат Оспановқа қатысты қарақшылық шабуыл жасау оқиғасына байланысты айып тақты. Оспанов тергеушіге оған келтірілген мүліктің залалды өтеуі бойынша арызын берді. Бірақ тергеуші айыпталушының қамауда болғандығын, көптен бepi ешқайда жұмыс iстемегендігін ақшасы жоқ екендігін, сондықтан да жәбірленушіге егер мүлік сақтандырылған болса, сақтандыру компаниясына баруы керек екендігін айтты.

1. Жағдайды бағалаңыз. Tepгеуші әрекеті заңды ма?

2. Mүлікке тыйым салу мәжбурлеу шарасының негіздері қандай? Оны қолданудың процес­суалдық тәртібін түсіндіріңіз.



Айыпталушы мен сезіктіге қатысты қолданылатын бұлтартпау шараларының процессуалдық актілері.

1. Бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.

2. Бұлтартпау шараларын қолдану негіздері мен колдану тәртібі.

     


Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға ҚР ҚПК-нің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299(төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың бір ғана ауырлығы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.

     Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер

     1. Мыналар:
      1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;
      2) жеке кепiлгерлік;
      3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;
      4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;
      5) кепiл;
      6) үйқамақ;
      7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.
      Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін.
      Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.
      Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және олардың жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.
      Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар

      Бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттiлігi туралы мәселені шешкен кезде ҚР ҚПК-нің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 137-бабында екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеген кезде жасалған қылмыстың ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы, айналысатын ісі, мүлiктiк жағдайы, тұрақты тұрғылықты жерiнiң бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерiлуге тиiс.
      ҚР ҚПК-нің 136-бабында санамаланған негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды.

      Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi

     Күдіктіге, айыпталушыға бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
     Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады, онда адамға күдік келтіріліп, ол айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көрсету және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері қамтылады. Қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға табыс етіледі және сонымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген, бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағым жасау тәртiбi түсiндiрiледi.
1 - есеп

Бақаевтың пәтерінде болған ұрлық оқиғасына қатысты куә ретінде жауап алынған Естаев, автобуста кетіп бара жатқанда одан бөлек екі ер адамның арасындағы әңгіменің болғандығын және оның бipі Есімов Бақаевтың пәтерінен заттарды қалай алып шыққандығын естігендігін айтады. Бipaқ, ол азаматтардың түрлерін көрсете алмаған, ceбeбi автобуста адам өте көп болған, сондықтан да бұрылып қарай алмаған.

1. Естаевтың жауабының дұрыстығын тексеру.

2. Олар дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылады ма?


2 -есеп

Тану жүргізу алдында тергеуші танушы Иманбаевқа, танылушы күдікті ретінде ұсталған Қайратовтың суретін көрсетеді. Содан кейінгі кезекте тану барысында Иманбаев Қайратовты бірден көрсетеді.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Жүргізілген тергеу ic-әрекетінің дәлелдемелік күші қандай?


3 -есеп

Teргеуші Орынбаев қылмысқа күдікті ретінде тартылған Абзаловтың болмағандығынан, оның ағасы Абзалов Оспаннан алдын ала тергеу мерзімі бітетін болғандықтан, сонымен қатар оқиғаның мән-жайын білетін болғандықтан, күдікті ретінде жауап алады.

1. Тергеушінің ic-әpeкеті дұрыс па?

2. Алынған мәліметтердің дәлелдемелік күші қандай?


4 - есеп

Ақтөбе облысы Арқалы асуында жол көлік оқиғасы болады. Автокөліктің бipi терең шатқалға құлайды. Teргеуші шатқалда қарау жүргізудің қауіпті екендігін ескере отырып, куәгерлерді қатыстырмайды, тек бейнекамераны және маманды пайдаланады.

Басты сот талқылауында күдітінің адвокаты қараудың куәгерлерсіз жүргізілгендігін, оның заңсыз екендігін алдыға тартады.Сот адвокаттың өтінішін қанағттандыра отырып, оқиға болған жерді қарау хаттамасын дәлелдеме ретінде пайдаланбайды

1.Жағдайды бағалаңыз

2.Соттың шешімі заңды ма?

3.Дәлелдемеге баға бріңіз?


5-есеп

27 мамыр күні № 15 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әбдіровтен спортзалдан зат ұрланды деген арыз түсті.Оқиға болған жерді қарау барысында құлыптың ашылатын жерінің бүлінбегендігі және жерде ешқандай да темір ұнтақтары табылмайды.Оқиға болған жерді қарау барысында қолданылған иісшіл ит топты тікелей Әбдіровтің үйіне әкеледі.

Әбдіровтің үйін тінту барысында металл кесетін ара, темір ұнтақтары және көп мөлшерде ақша алынып тәркіленеді.Басқа да жедел іздестіру шаралары барысында ұрлықты Әбдіровтің өзі жасағандығы анықталады.

Осыдан кейінгі кезекте спортзалда тексеру жүргізу барысында 30 000тг.көлемінде бағаланатын спорттық құралдары жоқ екендігі анықталды. Жауап алу барысында Әбдіров өзінің ұрлық жасағандығын мойындамайды, бірақ темір ұнтақтарының өз үйіне қалай келгендігін білмейтін болып шықты.

1.Қандай заттар дәлелдеме болып саналуы қажет?

2.Қызмет іздестіру иті көрсетілген хаттамада дәлелдеме болып саналады ма?


6-есеп

Полиция патруль автокөлігімен Саматов деген азамат ұсталады.Оның сөмкесінде: бейнемагнитофон,сахна микрофоны,темір ара және қолғап табылған. Тексеру барысында Саматовтың бұрын да сотталғандығы, заттарды белгісіз оқу орнынан құлыпты аралау жолымен ішке кіру арқылы ұрлап алғандығы анықталады.Жауап алу барысында Саматов ұрлық жасағандығын мойындайды,сөмкені ұсталған орынға жақын жердегі Сейфуллин көшесінің бойындағы училищеден ұрлағандығын, сонымен қатар онымен бірге белгісіз әйелдің болғандығын атап өтеді.Ол әйелдің аты –жөні және мекенжайын білмейді, яғни онымен көше бойында танысқан.Сезікті әйелді табуды өтінеді.

Тергеуші белгісіз әйелді ұстаудан бас тартады, яғни сезіктінің қылмысы дәлелденіп отыр, ал әйелді іздестіруге уақыт жоқ болғандықтан, алдын ала тергеу мерзімі бітіп қалғандығымен байланыстырады.

1.Жағдайды саралаңыз

2.Тергеушінің іс-әрекеті дұрыс па?

3.Дәлелдемелерге баға беріңіз


7- есеп

«Дәулет» ААҚ-нда жасалған ұрлық фактісі юойынша, Елек ПБ тергеушілері арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылады. Тергеуші арқылы қылмысты қойманың меңгерушісі Басаровтың өзі әдейі істеген деген шешім жасалады.Оны әшкерлеу үшін тергеуші ұрланған заттарға ұқсас заттарды табады.

1.Жағдайды саралаңыз

2.Тергеушінің іс әрекеті заңды ма?


8 -есеп

Теміртау ҚІІБ қриминалдық, полициясының 2 жеке өкілі жауап алу барысында ток күшін өлшеу үшін қолданылатын мектеп құралын пайдалана-ды. Сезіктілерден жауап алу барысында бұл заттың "детектор лжи" екендігін және ол жалған жауап берген жағдайда анықтайтындығын түсіндіреді.

1. Полиция қызметқері ic-әрекетін бағалаңыз.

2. Осы жағдайда алынған мәліметтер дәлелдеме болып табылады ма?


9-есеп

Полиция учаскелік жедел yәкілі Саржанов азамат Артықбаевтың заңсыз спирттік ішімдігін дайындауы туралы ақпаратқа ие бола тұра, жа­уап алуға оны басқа ic бойынша, яғни азамат Қайратовтың бұзақылық фактісі бойынша шақырады. Жауап алу барысында oл Артықбаевқа оның кәсіптік қызметі туралы сұрақ қояды.

1. Қызметқердің ic-әpекетін бағалацыз.

2. Учаскелік жедел уәкілі қылмыстық ic бойынша ic жүргізуу барысында басқа тергеу әрекетерін жүргізуіне болады ма?

3. Артықбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде басқа ic бойынша алынған жауапты қолдануға бола ма?
10 -есеп

Дүкенде болған ұрлық оқиғасына қатысты қылмысты тергеу кезінде полиция қызметкері Оқпанов, сезікті Хановтан егер oл өз кінәсін мойындамаса, онда оны бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып шыққан Мамедовтың қасындағы камераға отырғызатындығын атап өтті. Бұдан кейінгі кезекте, Ханов барлық жасалған қылмысты өз мойнына алады.

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Хановтың қылмысты жасағандығын толық мойындауы, ic бойынша дэлелдеме болып та­былады ма?


11 -есеп

Ақтөбе облысы Алға ІІБ тергеушісі өзінің ұлын көрші ауылдың балаларының ұрып кеткендігін ecтіп, өз жеке көлігімен оқиға болған жерге барып кінәлілерді ұстайды. Содан кейінгі кезекте оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жүзеге асырылды, бұзақылардан жауап алады.

1. Ұсталғандар берген жауаптың дәлелдемелік күші қандай?

2. Өзін - өзі жалалау дегенге түсінік беріңіз.

3. Tepгеуші дұрыс жасады ма?
12 -есеп

Тергеу барысында Хамитовты өлтірді деген күдікпен Ақанов тұтқындалды. Ақанов өз кінәсін мойындамайды. Сондықтан да тергеуші жауап алу барысында, психотерапевті шақыртады. Психотерапевтің гипнозы әсерінен Ақанов болған қылмысты толық өз мойнына алады, со­нымен қатар одан басқа бірнеше адамның қылмысқа қатыстылығын атап өтеді. Осы алынған мәліметтерді негізге ала отырып, поли­ция қызметқерлері қылмысқа сезікті ретінде Қожанов пен Садыровты ұстайды. Олар қылмыс жасағандықтарын мойындайды, сонымен қатар оқиға болған жерді көрсетеді.

1. Тергеушінің ic-әрекетін бағалаңыз.

2. Ақановтың берген айғағының дәлелдемелік күші қандай?


13 -есеп

Айыпталушы ретінде жауап алынған Ырысбеков кінәсін өз мойнына алады, сонымен қатар тергеуші жауап алу барысында бейнекамераны қолданады.

1. Айыпталушы Ырысбеков жауап алу бары­сында қолданылған бейнекамераның таспасын дәлелдеме ретінде қолдана алады ма?

2. Жауап алу кезіндегі қолданылған бейне және аудиожазбалары жауап алу хаттамасында көрсетілуі міндетті ме?


14 -есеп

Ұрлық жасағаны үшін сезікті pетінде жауап алынған Исаев, өз алибиін зайыбы растайтындығын айтты. Исаевтың зайыбынан куә ретінде жауап алынды. Ол өзінің куә ретінде пайдаланатын артықшылығынан бас тарта отырып, жұбайының алибиі растайды. Бірақ та тергеу барысында Исаевтың айғақтарында қарама-қайшылықтар болды. Ол осы жөнінде жалған айғақ бергенін жазбаша мәлімдемеді..

1. Жағдайды бағалаңыз.

2. Исаевтың берген айғақтарының дәлелдемелік маңызы қандай?



Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері кезіндегі мамандар және ғылыми-техникалық құралдар арқылы жасалатын процессуалдық актілері.

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері кезіндегі мамандар арқылы жасалатын процессуалдық актілері.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері кезіндегі ғылыми-техникалық құралдар арқылы жасалатын процессуалдық актілері.
ҚР ҚПК-нің 213-бабына сәйкес ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері берілген.

      1. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу оны олар аумағында болған не тұратын ауданның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан тікелей қабылдайды.


     Қашықтықтан жауап алу:
      1) адамның денсаулық жағдайы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру (қарау) жеріндегі қылмыстық процесті жүргізетін органға тікелей келуі мүмкін болмайтын;
     2) адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын;
     3) жас немесе кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу жүргізілген;
     4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің сақталуын, істің сотта қаралуын қамтамасыз ету үшін қажет болған;
     5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.
     2. Қашықтықтан жауап алуды жүргізу туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өз бастамасымен немесе тараптың немесе қылмыстық процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе прокурордың нұсқауы бойынша ҚР ҚПК-нің 188 бабында көзделген тәртіппен тапсырма жібере отырып, қабылдайды.
      Қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
      3. Бейнебайланыс режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері
ҚР ҚПК-нің 199 бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу хаттамасында көмегі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін ғылыми-техникалық бейнежазба құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
      Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
      4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамнан оның өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.

жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау