Шешімімен 2015/2016 оқу жылынан бастап Қолданысқа енгізілген



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата20.11.2018
өлшемі1,03 Mb.
#21863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Іс-тәжірибе бағдарламасын орындамаған, сынақ тапсыру барысында қанағаттанарлық 

баға алмаған немесе есептік құжаттарды қорғауға келмеген студент/магистрант  академиялық 

қарызы бар болып саналады және іс-тәжірибеге қайта жіберіледі. Бұл ретте оқу жоспарымен 

қарастырылған іс-тәжірибе ұзақтығы сақталады. Іс-тәжірибе бойынша академиялық 

қарыздарды жою арнайы жасалған кесте бойынша ақылы негізде іске асады. 

Диплом алды іс-тәжірибе бойынша сынақты тапсыру барысында қанағаттанарлық емес 

баға алған студент, мемлекеттік емтихандарға жіберілмейді. 

Іс-тәжірибеден өтудің нәтижелері іс-тәжірибеден кейін 1 апта көлемінде кафедрадан іс-

тәжірибе жетекшісімен, кәсіби іс-тәжірибенің жетекшінің есебі түрінде, рәсімделеді 

(Қосымша 2 ). Есептерді сақтау мерзімі бекітілген істер Номерклатурасына сәйкес 

анықталады. 

Студенттердің іс-тәжірибесінің қорытындысы кафедра отырысында талқыланады және 

университеттің Ректоратында қаралады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Бөлім  

ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕПТЕРДІ САҚТАУ ТӘРТІБІ 

 

Іс-тәжірибе бойынша студенттердің/магистранттардың есептері кафедрада ағымдағы 



оқу жылының соңына дейін сақталады. 

Іс-тәжірибе бойынша күнделіктер және іс-тәжірибе бойынша студенттердің есептерінің 

қорғалу хаттамасы кафедрада 3 жыл сақталады. 

Университеттен іс-тәжірибе жетекшілерінің есептері кафедрада 5 жыл сақталады. 

Жоғарыда аталған мерзімдер аяқталған соң қабылдау-беру акты бойынша 

Университеттің архивіне жіберіледі, осы 3 жыл мерзімі өткен соң университеттің ректорының 

бұйрығымен жасалған комиссия акты бойынша іс-тәжірибе бойынша күнделіктер және іс-

тәжірибе бойынша есептерді жою жүргізіледі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Бөлім  

ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ КҮНДЕЛІГІ МЕН ЕСЕБІН БЕЗЕНДІРУГЕ 

ТАЛАПТАР 

 

Студент іс-тәжірибеден өту барысында орнатылған формадағы күнделікті толтырады. 



Іс-тәжірибе бойынша күнделікте студенттің/магистранттың ұйымда немесе кәсіпорында 

болған кезеңіндегі іс-әрекетінің түбегейлі хронологиялық сипаттамасы беріледі. 

Күнделіктің ақпараттық бетінде студент, Оқу орны және кәсіпорын басшылығының 

тегі, оқу орнынан және кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшілерінің тектері жазылады, іс-

тәжірибенің түрі мен базасы, іс-тәжірибеден өту мерзімдері, студенттің тапсырмасы 

жазылады. 

Іс-тәжірибеде орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұнын, іс-тәжірибе міндеттерін 

сәйкес келесі беттерге жазады. 

Іс-тәжірибе аяқталған соң, қорытынды жасалады, кәсіпорыннан жетекшілер студентке 

сипаттама береді, қажетті беттерге қол қояды және мөр басады. 

Іс-тәжірибе бойынша студенттің/магистранттың есебі компьютерді және баспа құралын 

қолдану арқылы, А4 форматты ақ қағаздың бір шетінде бір интервал арқылы орындалуы 

керек. Қаріп – қарапайым, кегль 14. 

 Жұмыстың мәтінін келесі өріс мөлшерлерін ұстана отырып басу керек: сол жақ тұсы – 

30 мм, жоғарғы – 20 мм, оң – 10 мм, төменгі – 25 мм. 

Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға, түрлі қаріптің формаларының 

гарнитурасын қолданып компьютерлік мүмкіндіктерге назарды аударуға рұқсат етіледі. 

Іс-тәжірибе бойынша есептің мәтініндегі жаңа жолдар тең 12,5 мм шегініспен 

басталады. 

Баспаланған мәтін және суреттердің, кестелердің, шығармалардың сапасы талаптарға 

сай болуы керек. 

Барлық жұмыс бойынша суреттердің тең тығыздығын, нақтылығын және тазалығын 

сақтау керек. Есепте қисық сызықтар, әріптер, сандар және белгілер болмауы керек. 

Есепті бөлімдерге бөлу керек. Әрбір бөлім біткен ақпараттан тұруы керек. Бөлімдер 

мен бөлімшелердің атауын соңына нүкте қоймай бас әріппен және жаңа жолдан бастау керек. 

Есептің әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек. 

Студенттің/магистранттың іс-тәжірибе бойынша есебінің беттерін араб әріптермен 

нөмерлеу керек, барлық мәтін бойынша кезектілікті сақтау керек. Беттердің нөмері қағаздың 

төменгі тұсының ортасында нүктесіз қойылады. 

Есепте орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, суреттер Құрастырма 

құжаттардың Бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы керек. 

Оларды кезектік нөмерлеу арқылы немесе бөлімшелер шеңберінде нөмерлеу керек. Егер сурет 

нөмер бір болса, онда ол «Сурет 1» деп жазылады, «Сурет» сөзі және оның атауы қатардың 

ортасында орналасады. 

Кестелер көрсеткіштерді салыстырудың әдемілігі және ыңғайлылығы үшін 

қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнынан тұруы керек, және нақты әрі қысқа болуы 

керек. Кестенің атауы кестенің үстінде «Кесте 1» сөзінен кейін келесі қатарда жаңа жолда 

орналасады. Кестені мәтіннен кейін тікелей орналастыру керек немесе келесі бетте 

орналастыру керек. Кестеде, мәтінге қарағанда,  қаріп мөлшерін кішірейтуге рұқсат етіледі. 



Есепте формулаларды барлық жұмыс көлемі шеңберінде кезектік нөмермен нөмерлеу 

керек, араб әріптерімен жақша ішіне алып, қатардың оң жақ шеткі тұсында. Формулаларды 

бөлімдер шеңберінде нөмерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмері бөлім 

номерінен және формуланың кезектілік нөмерінен тұрады, оларды нүктемен бөліп жазу керек, 

мысалы, (3.1). 

Қосымшалар осы аталған жұмыстың жалғасы ретінде оның соңғы беттерінде 

рәсімделеді. Есептің мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер жасалуы керек. Қосымшалар 

мәтіндегі оларға берілетін сілтеме тәртібі бойынша орналасады. Қосымша есептің басқа 

беттерімен бірге кезектік нөмерленуі керек. 

Есеп қолданылған әдебиеттер тізімімен және автордың қолымен аяқталады. 

Негізгі әдебиеттер: (оқулықтар, оқу қосымшалары, әдістемелік нұсқаулықтар, 

әдістемелік ұсыныстар; соңғы 5 жылға әлеуметтік және гуманитарлық бейін пәндері 

бойынша негізгі оқу әдебиетінің баспасы көрсетіледі; жаратылыстану, техникалық, 

ауылшаруашылық және басқа да пәндер бойынша – соңғы 10 жылға). 

Қосымша әдебиеттер: (нормативтік-құқықтық актілер, нормативтік құқықтық 



құжаттар және кодекстер, энциклопедиялар, салалық анықтамалар, ғаламтор-

ресурстары). 

Толтырылған күнделікті, іс-тәжірибеден кейін студент, іс-тәжірибе бойынша есебімен 

бірге, өзінің іс-тәжірибе бойынша жетекшісіне ұсынады. 

Іс-тәжірибе жетекшісі білім алушының күнделігін және есебін талаптарға сәйкестігіне 

тексереді: 

 



есепті рәсімдеу (қаріп, қаріп мөлшері, беттердің өрісі, қатар аралық интервал, 

беттердің нөмерленуі); 

 

күнделіктің рәсімделуі (барлық көрсетілген мәліметтердің толтырылуы, 



орындалған жұмыс түрлері туралы күнделікті жазбалар); 

 



мәтіндік мазмұны (құрылымы, есептің барлық қажет бөліктерінің болуы, 

ақпараттардық көлемі, қосымшалардың болуы); 

 

плагиаттың жоқтығы (есептің, күнделіктің мәтіндік бөлігі, эскиздер, 



қосымшалардың барлығы индивидуалды болуы керек). Бірнеше студенттердің 

бір іс-тәжірибеден өтуі, бірыңғай қолданылған әдебиеттер 

есептердің/күнделіктердің/берілетін материалдардың бірдей болуының негізі 

болып табылмайды. Іс-тәжірибеден өту барысында бір ұйымда, бір бөлімде 

әрбір студентте индивидуалды тапсырма болуы керек, сондықтан күнделіктер 

мен есептердің мазмұны әртүрлі болуы керек. 

 

Күнделікті студенттің өзі толтыруы керек (екі немесе одан көп күнделіктерде 



жазу мәнері бірдей болмауы керек); 

 



Мөрлердің болуы, түпнұсқалығы – 1) бұйрық бойынша  іс-тәжірибе базасының 

атауына сәйкестігіне тексеру, күнделікте қойылған нұсқа мен мөрдің өзіндегі 

мекеме атауы; 2) мөр түпнұсқа болуы керек, ескі, қолданыстағы емес мөрлерді, 

сонымен қатар түрлі-түсті баспа құралы арқылы баспаланған мөрлер болмайды; 

3) міндетті түрде елтаңбалық мөр немесе студент іс-тәжірибеден өткен бөлімнің 

мөрі қойылады. Сәйкесінше, «кірген құжаттар үшін», «Құжаттар үшін», 

«Пакеттер үшін» және т.б. сол сияқты форматтағы мөрлерді қою рұқсат 

етілмейді. Егер бөлімнің мөрі қойылатын болса, онда студент өзінің есебінде 

міндетті түрде бөлімді, оның құрылымын, бөлімнің орындайтын жұмыстарын 



жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау