бойынша студенттермен/магистранттармен кеңес беру жұмыстарына жауапты тәжірибелі
оқытушы;
Кәсіпорыннан іс-тәжірибенің жетекшісі – кәсіби іс-тәжірибеге жетекшілікті іске
асыратын және аталған кәсіпорында студенттермен/магистранттардың іс-тәжірибеден өту
процесіне жауап беретін білікті маман.
Бөлім Ⅰ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Кәсіби іс-тәжірибе білім алушының теориялық дайындығын бекітуге және тереңдетуге
және олардың кәсіби қызмет саласында практикалық дағды мен құзіреттерді меңгеруіне,
сонымен қатар өзіндік кәсіби қызмет тәжірибесін меңгеруге бағытталған. Іс-тәжірибенің
мақсаты – білім алушылардың кәсіби қызметтің барлық түрлерін кешенді меңгеруі, жалпы
және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру, сонымен қатар мамандық бойынша қажет
практикалық жұмыстың білімі мен тәжірибесін меңгеру болып табылады.
Білім алушылардың оқу кезеңдерінің әртүрлі кезеңдерінде іс-тәжірибенің мақсаты мен
міндеттері бір-бірінен ерекшеленеді, дегенмен олар басқа оқу формаларымен өзара
органикалық байланысты.
«Мирас» университеті студенттерінің іс-тәжірибесі жоғары кәсіби білімнің оқыту
бағдарламаларының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Іс-тәжірибелердің түрлері мен мерзімдері мамандықтардың оқыту стандарттарымен,
оқу жоспарларымен, академиялық күнтізбемен орнатылады, ал мазмұны – кафедралар
жасайтын іс-тәжірибенің жұмыс бағдарламаларымен орнатылады.
Іс-тәжірибеге бөлінетін кредиттер саны 6 кредиттен кем болмауы керек («білім» тобы
мамандықтары бойынша кәсіби іс-тәжірибенің көлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін құрайды,
«техникалық ғылымдар және технологиялар» тобы мамандықтары бойынша - 6-дан 15
кредитке дейін болады). Бұл ретте, жоғары арнайы білімнің барлық мамандықтары үшін, оқу
іс-тәжірибесі жоспарланады, оның көлемі 2 кредит, сонымен қатар жалпы көлемі 6 кредиттен
кем емес өндірістік іс-тәжірибе жоспарланады.
Магистрлерді дайындау бойынша оқыту процесінің аяқталуының негізгі кредиті болып
магистранттың келесілерді меңгеруі табылады:
1) Ғылыми және педагогикалық дайындық барысында – іс-тәжірибенің 6 кредиттен
кем емесі;
2) Бейіндік дайындық барысында: 1 жыл оқу мерзімімен – іс-тәжірибенің кем
дегенде 2 кредиті, және 1,5 жыл оқу мерзімімен – іс-тәжірибенің кем дегенде 4
кредиті.
Іс-тәжірибенің ұзақтылығы білім алушының іс-тәжірибеде апта бойынша нормативтік
жұмыс уақытынан шыға аптада анықталады, ол 30 сағатқа тең (аптасына 5 күндік жұмыс
барысында күніне 6 сағаттан). Аптаның санын есептеу үшін іс-тәжірибе көлемінің кредиті
сәйкес іс-тәжірибенің түрінің оқу сағатындағы еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім
алушының апта бойындағы жұмыс ұзақтылығына бөлінеді, яғни 30 сағатқа.
Іс-тәжірибенің оқу іс-тәжірибесі үшін 1 кредит еңбек сыйымдылығы 15 сағатқа тең (50
минуттан), педагогикалық іс-тәжірибе үшін 30 сағатқа (50 минуттан), өндірістік іс-тәжірибе
үшін 75 сағатқа (50 минуттан), зерттеу іс-тәжірибесі үшін 120 сағатқа (50 минуттан) тең
болғандықтан, сәйкесінше, 1 кредитке іс-тәжірибенің аптадағы ұзақтылығы құрайды: оқу іс-
тәжірибесі үшін 0,5 апта, педагогикалық іс-тәжірибе үшін 1 апта, өндірістік іс-тәжірибесі үшін
2,5 апта, және зерттеу іс-тәжірибесі үшін 4 апта.
Мамандықтың ТОЖ-на болмаған жағдайда, диплом алды іс-тәжірибесі демалыстық
уақыт есебінен қажет болған жағдайда оқу орнымен өзіндік түрде жоспарланады.
Бөлім Ⅱ
ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Кәсіби іс-тәжірибе жоғарғы білімнің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып
табылады. Ол келесідей түрлерге бөлінеді:
Оқу (танысу) іс-тәжірибесі;
Оқу (тілдік) іс-тәжірибесі;
Педагогикалық іс-тәжірибесі;
Өндірістік іс-тәжірибесі;
Диплом алды іс-тәжірибесі.
Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) іс-тәжірибесінің мақсаты –
оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдетуді қосатын, бастапқы кәсіби
құзіреттерді меңгеру, зерттеу қызметінің бірінші дағдыларын алу, іскерлік келіссөздер жүргізу
қабілетін алу, оқудың мамандығына сәйкес практикалық қабілет пен жұмыс дағдыларын
меңгеруі болып табылады.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері болып табылады:
1) Жоғары оқу орнының қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
2) Мамандықпен танысу және оның оқыту бағдарламаларымен танысу;
3) Болашақ мамандықтың объектілері болып табылатын ұйымның басқару
жүйесімен, ұйымдастыру-құқықтық формасымен, құрылымен жалпы танысу;
4) Болашақ кәсіби қызметтің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу;
5) Іскерлік корреспонденцияға және іс жүргізуге кіріспені зерттеу;
6) Еңбек ұжымында жұмыс дағдыларын алу.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесі білім алушылар үшін барлық мамандықтарда өткізіледі
және 1 курста ұйымдастырылады.
Болашақ маманның нақты пәндік саласының бағыты және кәсіби құзіреттеріне
байланысты оқу іс-тәжірибесінің танысу, өрістік, экскурсиялық, маршруттық, мектептік,
есептік, пленэр және басқа түрлері болады.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесін аталған мамандық бойынша мамандарды дайындауды іске
асыратын арнайы кафедра бекітеді.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесінің бағдарламасы оқыту бағдарламалары және мамандықтың
бағытының талаптарына сәйкес жасалынады.
Тілдік іс-тәжірибенің мақсаты білім алушыларда ауызша және жазбаша аудару
дағдысын, сонымен қатар іскерлік және достық қарым-қатынас, оның ішінде оқылатын тіл
мамандарымен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Тілдік іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:
1) Білім алушыларды ауызша және жазбаша аударудың теориялық және
практикалық негізімен таныстыру;
2) Теориялық және практикалық білім мен қабілеттерді бекіту және дамыту;
3) Тілдік коммуникациялар саласындағы практикалық дағдылар мен қабілеттерді
алу;
4) Арнайы лексиканы аудару дағдыларын дамыту және бекіту;
5) Сәйкес мамандық бойынша сөздік қорды кеңейту;
6) Шет ел тіліндегі ауыз-екі сөйлеу тілін, қарым-қатынастың диалогтық формасын
дамыту және бекіту.