Диплом алды іс-тәжірибесінің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның)
тақырыбымен анықталады.
Диплом алды іс-тәжірибесінің қорытындысы, арнайы кафедрамен ұйымдастырылатын
дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауында шығарылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау кафедра отырысында өткізіледі және
хаттамамен рәсімделеді.
Магистранттардың іс-тәжірибесі:
Ғылыми және педагогикалық магистратураның оқыту бағдарламасы екі іс-тәжірибеден
тұрады:
1) педагогикалық – білім беру ұйымдарында;
2) Зерттеу – диссертацияны орындау орны бойынша.
Педагогикалық іс-тәжірибе практикалық дағдыларды және сабақ беру әдістемесін
қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Педагогикалық іс-тәжірибе оқу процесінен үзіліссіз теориялық оқу кезеңінде де
өткізіле береді. Бұл ретте магистранттар бакалаврда сабақ беруге тартылады.
Магистранттың зерттеу іс-тәжірибесі отандық және шетелдік ғылымның жаңа
теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, эксперименттік мәліметтерді
ғылыми зерттеу, өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістерімен таныстыру
мақсатында өткізіледі.
Бейіндік магистратураның оқыту бағдарламасы өндірістік іс-тәжірибеден тұруы керек.
Магистранттың өндірістік іс-тәжірибесі оқу процесінде алынған теориялық білімді
бекіту, оқылатын мамандық бойынша практикалық дағдыны, құзіреттерді және тәжірибені
алу, сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибені алу мақсатында өткізіледі.
Зерттеу/өндірістік іс-тәжірибелерінің мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен
анықталады.
Іс-тәжірибелердің барлық кезеңдерінің көлемі және нақты мазмұны іс-тәжірибе
бағдарламасымен анықталады.
Іс-тәжірибенің бағдарламасы, білім алушылардың практикалық дайындығын
ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен ерекшеліктерін анықтайтын,
дайындық (мамандық) бағытының оқу-әдістемелік кешенінің міндетті элементі болып
табылады.
Іс-тәжірибе басталғанға дейін, кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы
Ереженің негізінде, іс-тәжірибенің аталған түрі бойынша, бекітілген кафедра іс-тәжірибенің
Бағдарламасын жасайды.
Оқу орнымен жасалынатын бағдарламаның мазмұны және кәсіби іс-тәжірибенің базасы
мамандықтың бейініне (оқыту бағдарламасына) сәйкес келуі керек.
Іс-тәжірибенің бағдарламасы іс-тәжірибе базасынан іс-тәжірибе жетекшісімен
келісіледі, кафедра меңгерушісімен, факультеттің әдістемелік комиссиясымен, факультет
деканымен қаралады, және университеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітіледі.
Қажеттілігін қарай іс-тәжірибенің бағдарламасында міндетті және қосымша әдебиет,
жалпы және индивидуалды тапсырмалар өзектендіріле алады, басқа да бөлімдер жаңара
алады: түсіндірме хаты, іс-тәжірибенің күнтізбелік жоспары және т.б.
Бағдарлама кафедрада жаңа нормативтік құжаттар қолданысқа енгізілгенше сақталады.
Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы Бағдарламаның негізінде
кафедра іс-тәжірибеден өту бойынша Әдістемелік нұсқаулар жасалады, онда іс-тәжірибе
бойынша тапсырмаларды орындауға, студенттердің есептік құжаттармаларын дайындау және
рәсімдеуге нұсқаулар беріледі. Әдістемелік нұсқаулар алдыңғы оқу жылының соңына қарай
жасалады (38-40 апта) және жаңасымен алмастырғанға дейін кафедрада сақталады (жаңа
нормативтік ішкі немесе сыртқы құжаттар шыққанға дейін).
Іс-тәжірибенің бағдарламасы келесі беттерден және бөлімдерден тұрады:
Бастапқы бет (Қосымша 1);
Түсіндірме жазба;
Ұсынылатын әдебиеттер тізім.
Түсіндірме жазба келесі мәліметтерден тұрады:
Іс-тәжірибе түрі;
Іс-тәжірибенің аталған түрінің мақсаты, міндеттері мен ерекшеліктері;
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқыту бағдарламасының
құрылымында іс-тәжірибенің орны – пәндер, оқу курстары көрсетіледі, оларды
меңгеру үшін аталған іс-тәжірибе базаланады, сонымен қатар аталған іс-
тәжірибеде алынатын білім, дағды және қабілеттер керек болатын қорытынды
аттестация, пәндер, оқы курстары;
Іс-тәжірибе барысында алынуы және бекітілуі керек білім, дағды және
қабілеттерге талаптар, яғни, іс-тәжірибені өту барысында қалыптасатын
құзіреттерге талаптар;
Іс-тәжірибе кезеңінде студенттердің/магистранттардың қызметін реттейтін
жалпы талаптар, практикалық тапсырмаларды орындауға талаптар (жұмыстар
кестесі, қауіпсіздік техникасы);
Күнтізбелік жоспар;
Студенттердің кәсіби-практикалық қызметін және олардың есептік
құжаттамаларын бағалауға талаптар;
Іс-тәжірибе өту кезеңіне тапсырмалар;
Бақылау түрі (дифференциалдық сынақ);
Іс-тәжірибе бойынша ұсынылатын оқу материалы және әдебиеті.
Бағдарлама іс-тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулардан, қажет құжаттар
тізімінен, іс-тәжірибе мерзімінде экскурсиядан, және оқу процесінде алынған білімді бекітуге
бағытталған басқа да іс-шаралардан тұруы мүмкін.
Студентке іс-тәжірибе кезеңіне, кафедрадан іс-тәжірибенің жетекшісі жасаған
индивидуалды тапсырма берілуі мүмкін. Индивидуалды тапсырманың мазмұны өндірістің
нақты шарттары мен мүмкіндіктерін есепке ала жасалуы керек, өндірістің қажеттіліктеріне
жауап беруі керек және бір кезеңде оқу процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы
керек. Индивидуалды тапсырма студенттің қабілеттеріне және теориялық дайындығына
сәйкес болуы керек.