Шешімімен 2015/2016 оқу жылынан бастап Қолданысқа енгізілген



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата20.11.2018
өлшемі1,03 Mb.
#21863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тілдік іс-тәжірибе тілдерді білетін және политілді білімі бар кадрлерді дайындауды іске 

асыратын мамандықтардың білім алушылары үшін өткізіледі, ол 2 курстан бастап 

ұйымдастырылады және білім алушылардың бітіргенге дейінгі мамандығына байланысты 

болады. 


Тілдік іс-тәжірибе аталған мамандық бойынша мамандарды дайындауды іске асыратын 

арнайы кафедрамен бекітіледі. 

Тілдік іс-тәжірибенің бағдарламасы деңгейлік оқу  моделінің талаптарын және шетел 

тілдерін меңгеруді және политілдік білім принциптерінің талаптарын есепке алуы керек.   

Бұл іс-тәжірибелердің мақсаты білім алушыларда кәсіби функциялардың дамуына 

қосымша болатын және көмектесетін құзіреттерді қалыптастыру болып табылады. 

Кәсіби іс-тәжірибелердің басқа түрлерінің бағдарламалары аталған мамандық бойынша 

кадрлерді дайындауды іске асыратын арнайы кафедралармен жасалады. 



Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттану, 

психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және 

тереңдету, сонымен қатар педагогикалық қабілет, дағды және құзіреттерді теориялық білімі 

негізінде қалыптастыру болып табылады. 

Педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады: 

1)  Педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін алу

2)  Оқыту және оқу әдістемесін меңгеру; 

3)  Педагогикалық шеберліктің негіздерін білу; 

4)  Оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өзіндік жүргізу қабілеті мен дағдысын 

шыңдау; 


5)  Ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеулердің дағдысын меңгеру; 

6)  Тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру; 

7)  Оқудың инновациялық технологияларын білу; 

8)  Оқу және тәрбие жұмысы барысында оқушыларға, олардың даму ерекшеліктерін 

ескере отырып индивидуалды қарым-қатынасты жүргізу; 

Педагогикалық іс-тәжірибе білім алушылардың оқуының барлық кезеңінде әрбір 

курста өткізіледі және мыналардан тұрады: 

1)  1 курс білім алушыларының педагогикалық іс-тәжірибесі; 

2)  1 курс білім алушыларының психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесі; 

3)  1 курс білім алушыларының оқу-тәрбие педагогикалық іс-тәжірибесі; 

4)  4 курс білім алушыларының өндірістік педагогикалық іс-тәжірибесі. 

Педагогикалық іс-тәжірибе үзіліссіз болып табылады және теориялық оқытумен қатар 

жүргізіледі. 

Педагогикалық іс-тәжірибенің базасы болып табылады: 

1)  Мектепке дейінгі білім; 

2)  Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); 

3)  Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары. 

Педагогикалық іс-тәжірибе арнайы кафедрамен, педагогика кафедрасының бірлесуімен 

бекітіледі. 

Педагогикалық іс-тәжірибенің бағдарламасы мамандықтың оқыту бағдарламаларының 

талаптарына сәйкес жасалынады және білім алушыларда кәсіби маңызды білім және мұғалім 

және педагогтың педагогикалық құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған. 



Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты – кәсіби құзіреттерді бекіту, кәсіби қызметтің 

практикалық дағдысын және тәжірибесін меңгеру болып табылады. 




Өндірістік іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:  

1)  Мамандық бойынша кәсіби қызметтің түрлерін, олардың функцияларын және 

міндеттерін зерттеу; 

2)  Теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби қабілеттерді, дағдыларды 

және құзіреттерді қалыптастыру; 

3)  Инновациялық технологияларды, еңбектің және өндірістің алдыңғы қатарлы 

әдістерін меңгеру; 

4)  Ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибені алу; 

5)  Ұжымдық жұмыс дағдыларын алу, басқарудың ұжымдық принциптерінің 

құзіретін алу; 

6)  Өз қызметін өзіндік жоспарлау қабілетін меңгеру, ұжыммен пайдалы қарым-

қатынас орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін 

қалыптастыру. 

Өндірістік іс-тәжірибе барлық мамандықтың (педагогикалық және тілдік 

мамандықтардан басқа) білім алушылары үшін өткізіледі, және 2 курстан бастап білім 

алушылар бітіргенге дейін ұйымдастырылады. 

Өндірістік іс-тәжірибе оның мазмұнына байланысты арнайы кафедрамен немесе 

теориялық оқу жүргізетін кафедрамен бекітіледі, оның нәтижелері өндірістік іс-тәжірибенің 

аталған түрінің нысаны болып табылады. 

Өндірістік іс-тәжірибенің бағдарламасы мамандықтардың оқыту бағдарламаларының 

талаптарына сәйкес жасалынады және ол білім алушыларда кәсіби стандарттардың 

талаптарына сәйкес арнайы құзіреттерді қалыптастыруға және кәсіби маңызды қабілеттерді 

шыңдауға бағытталуы керек. 

Диплом алды іс-тәжірибесі дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім 

алушылар үшін ұйымдастырылады. 

Диплом алды іс-тәжірибенің мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау 

болып табылады. 

Диплом алды іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері болып табылады: 

1)  дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалды 

және статистикалық мәліметтерді талдау; 

2)  дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалды 

жинау, өңдеу және жалпылау; 

3)  дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша қорытындыларды

заңдылықтарды, ұсыныстарды қалыптастыру; 

4)  дипломдық жұмысты (жобаны) орнатылған талаптарға сәйкес безендіру. 

Диплом алды іс-тәжірибесі индивидуалдық оқу жоспарына сәйкес дипломдық 

жұмысты (жобаны) орындайтын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін бітіруші 

курста жүргізіледі. 

Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және жазу үшін оқыту бағдарламасымен 

диплом алды іс-тәжірибесі қарастырылады. 

Диплом алды іс-тәжірибесіне басшылықты, ереже бойынша, дипломдық жұмыстың 

(жобаның) жетекшісі іске асырады. 

Диплом алды іс-тәжірибесінің ұзақтылығы, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім 

стандартына сәйкес,  дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға бөлінген кредиттер санымен 

анықталады. 




жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау