Сабақ жоспары
Пән: Информатика
Күні: 15.02.2016
Сыныбы: 8 "А"
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары.
Білімділік: Оқушыларды электрондық кестелермен (MS Excel-мен), кестелік редактордың негізгі ұғымдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты болуға, тереңнен ойлауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық тапсырма орындау, сөзжұмбақ шешу, өз ойын жеткізу
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, А1 қағазы, ноутбуктер, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақтың тақырыбын ашу
4. Сабақтың мақсатын ашу
5. Жаңа сабақ
6. Сабақты бекіту
7. Сабақты қорытындылау
8. Үй тапсырмасын беру
9. Бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестікті тап:
Р/с
|
Сұрақтары
|
Дұрыс жауабы
|
1
|
MS EXCEL қалай қосылады?
|
Office батырмасы - Құру
|
2
|
MS EXCEL-дің жұмыс парағы дегеніміз не?
|
Office батырмасы - Сақтау
|
3
|
MS EXCEL-дің жұмыс кітабы дегеніміз не?
|
Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағында аттары таңбаша арқылы берілген
|
4
|
MS EXCEL-де жаңа құжатты қалай құрады?
|
Бастау – MS Office – MS Excel
|
5
|
MS EXCEL-де құжатты қалай сақтайды?
|
Бағдарламаны жүктегеннен кейін экранда бос құжаттың терезесі
|
3. І кезең. Жаңа сабақ.
Кесте ұғымы күнделікті өмірде кездеседі, міне, олардың бірнеше мысалы: көбейту кестесі, сынып журналы, үлгерім күнделігі. Оны толтыру барысында сендер қажет бағанды табасыңдар, содан кейін тиісті жолға тапсырма жазасыңдар, осылайша, дайын кестені толтырғандарыңды байқамай да қаласыңдар. Бірақ бұл кестелерде ешқандай есептеу орындалмайды. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.
Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.
Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.
Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.
Ұяшық – дерек сақталатын орын.
Ұяшықтарда алғашқы немесе 1-ші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы тиіс.
Ехсеl электрондық кестесінде бағаналар саны - 256, ал қатарлар саны – 65 536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тік төртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.
Бағаналары
Жолдары
Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |